Қалалық МƏдениет



жүктеу 5.76 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата31.01.2017
өлшемі5.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ 

Отырар кітапханасы

Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде Ұлы Жібек жолының 

бойында орналасқан. Айналасы – ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе басында хан 

сарайы, жан-жағында қару-жарақ, теңге соғатын ұстаханалар, шəкірттер дəріс алатын 

бірнеше медреселер болған.

Батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, Шығыстан – моңғол, қытай кезбелері 

кіретін. Түстіктен – Шаш, Бұхара қалаларынан шыққан араб саудагерлерін, терістіктен 

– башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен тізбегін көруге болар еді. Сол керуендер 

арқылы қалаға əр түрлі əшекей бұйымдар, маталар, тең-тең кітаптар келеді екен.

Саудагерлер тұс-тұстан алып келіп жатқан кітаптар Отырар қаласының үлкен 

кітапханасына жиналған. Осы кітапхана түкпір-түкпірден жиналған сирек кездесетін 

кітаптарымен аты шыққан. Отырарда жұлдыз санаған сəуегейлер, ойшылдар, ғалымдар, 

дүниенің сырын болжаған көріпкелдер өмір сүрген. Олар дүние жүзіне аты мəлім Отырар 

кітапханасынан сол кездегі бар кітаптарды алып оқып, ғажайып дастан, бəйіттер жазған. 

Қолжазба бетіндегі ой теңізіне малтыған, əлемге аты шыққан ғалымдардың басым 

көпшілігі осы Отырар кітапханасында болған. Білімге ұмтылған қаншама зерек шəкірт 

осынау кітапхана шырағданы астынан ғұлама атанды. Кейінгіге тірі сөз қалдырды.

Соның бірі Қожа Ахмет Иасауи ақынның «Сөйлеп кетсем тілімдесің, тебіренгенде 

ділімдесің» деген хикметі, «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй бауырым деп 

жаннан тəтті», «Адамдар бірін-бірі мейірлене сүйсе, ізгіліктен жүрегіне шам жаға білсе 

– сонда ғана бақытты. Жарық дүниеге бекер келмегені», – деп түсіндіреді.

Отырар медресесін бітірген шəкірттерден қалған қағазға, тасқа, сақтиянға, қамысқа 

жазылған қолжазбалар Қазақстанның əр жерлерінен табылып жатыр.

Көне заман кітаптары тек қана қолмен, қауырсын қаламмен жазылған. Тіпті есте жоқ 

ескі заманда бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа арнаған сөзін қышқа, тасқа 

ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп келтірген сөз, сөйлемдер қаншама.

Қағаз жасалмай тұрғанда кітапты неге жазды деген сауал тууы мүмкін.

Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңына кілең ақ ешкі өсіріпті. Оларды 

терісі үшін өсіреді екен. Күзде сойып, терісін сыпырып, иге салады. Майы кетіп, тұз 

сіңіп, сірескен жарғақты көлеңкеге кептіреді. Қағаздай жұқа етіп иін қандырады. Содан 

соң қаттап, орап, түйеге тиеп, шартарапқа жөнелтіп жатады.

Тараз ешкісінің терісіне түскен əріп өшпейді. Жүздеген жылдарға еркін жетеді.

Отырар кітапханасының сөресінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан қаншама 

кітап көз жауын алатын болған. Мұның үстіне күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, 

тасқа, ағашқа қашап келтірген бабалар қолтаңбасы мол-ақ. Аңыз бойынша, əлемге аты 

шыққан кітапхананы Шыңғыс хан түмені өртеп, біраз кітапты қала қорғаушылары 

құмыраға салып жер астына тығып сақтап қалған деседі. Қазіргі уақытта сол кітаптарды 

іздеу жұмыстары жүріп жатыр.



▲ Қожа Ахмет Иасауи

▲ Отырар қаласы

375


БІЛІМ ОРДАЛАРЫ

Қазақ елі тəуелсіздік алды. Өз алдына егемен мемлекет болды. Елбасы Н.Ə. Назарбаев 

Отырар кітапханасын Сарыарқаның төсінен, Астананың төрінен қайта салу керек 

деп шешім шығарды. И.Н. Тасмағамбетов халықтың рухани қазынасын қайта тірілту 

мəселесін қолға алып отыр. Ол «Юнеско» мəжілісінде сөйлеген сөзінде: «Отырар 

кітапханасын қалпына келтіреміз. Жоғалып, өртеніп, қолды болған бабалар рухын 

қайта тірілтеміз!» – деген.

Қазіргі кезде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Астанада 

«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба деректерді жинақтап 

жатыр. Көп ұзамай, мың жылдық тарихы бар білім ордасы Отырар кітапханасы екінші 

өмірін бастамақ.


376

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті – Қазақстандағы тұңғыш 

мемлекеттік жоғары оқу орны. 1928 жылы Қазақ мемлекеттік университеті болып 

ашылған. Алғашқыда тіл-мəдениет, жаратылыстану, физика-математика факультеттері 

ұйымдастырылды. Оқу орнының бірінші ректоры көрнекті қоғам қайраткері, профессор 

С.Ж. Аспандияров болды. 1930 жылы Қазақ педагогикалық институты болып өзгерді. 

1935 жылы оған Абай есімі берілді. Тұңғыш жоғары оқу орнының қалыптасуына А. 

Байтұрсынов, С. Сейфуллин, С. Аспандияров, М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов 

сияқты көрнекті қоғам жəне мəдениет қайраткерлері үлес қосты.

1990 жылы оқу орны Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып аталды. 

1992 жылы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгеріп, «классикалық университет» 

дəрежесін алды. 2006 жылы университетке ұлттық мəртебе берілді. Университетте 

жаратылыстану, география-экология, тарих, қазақ филологиясы, орыс филологиясы, 

халықаралық қатынастар, бейнелеу-қолданбалы өнер, əлеуметтік адаптация жəне 

емдік-педагогикалық коррекция, физика, информатика-математика, заң, қаржы-

экономика, бастауыш мектеп педагогикасы мен əдістемесі факультеттері, сырттай оқу 

бөлімі, магистратура, аспирантура, докторантура бар. Университетте кандидаттық 

жəне докторлық диссертация қорғайтын 11 ғылыми кеңес жұмыс істейді. Университет 

дəрежесін алғаннан кейінгі кезенде əлемнің 36 оқу орнымен халықаралық байланыс 

жасады. Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Египет, т.б. елдер оқу орындарымен 

мамандар мен студенттер алмасып тұрады. 

1998 жылдан бастап «Университет хабаршысы» шығарылады. Университетте 7 оқу 

ғимараты, 8 жатақхана, спорт кешені, Абай мұражайы, 640 мың қоры бар кітапхана 

жұмыс істейді. 

Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, О.Жəутіков, Н.С. Смирнова, С.Аманжолов, М.Қаратаев, 

С.Толыбеков, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Ə.Тəжібаев сияқты 

республикаға белгілі ғалымдар мен жазушылар – осы университеттің түлектері.


377

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ Ұлттық университеті

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

университеті – жоғары оқу орны. 1934 жылы 

ол С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 

университеті болып құрылған. Университетке 

1991 жылы əл-Фараби есімі берілді. 1993 

жылы 9 қаңтардан өзін-өзі басқаратын авто-

номиялы мемлекеттік ұлттық жоғары оқу 

орны мəртебесіне ие болды. Университеттің 14 

факультеті бар. 70-ке тарта мамандық бойынша 

30-ға жуық докторлық жəне кандидаттық диссертациялық кеңес жұмыс істейді. 

Университетте Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, спорт кешені, əскери 

кафедра, «Қазақ университеті» баспасы мен газеті, «Сана» телерадио студиясы жұмыс 

істейді. Студенттердің жалпы саны 12 мыңнан асады. Қытайдың Ланьчжоу, Чженчжоу, 

Қытай Халық университетімен, Анкара (Түркия), Тегеран (Иран), Каир (Мысыр), Токио 

(Жапония), Триполи (Ливия), Сеул, Чанкама (Оңтүстік Корея), Дели, Джавахарлал Неру 

(Үндістан) университеттерімен, т.б. жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстар 

орнатқан.



Қазақ Ұлттық медицина университеті

1931 жылы Қазақстандағы 

алғашқы медициналық жоғары 

білім беретін жоғары оқу орны 

– Қазақ Ұлттық медицина 

университеті құрылған. Тұңғыш 

директоры Санжар Аспандияров 

болды. 1931 жылы бұл жоғары оқу 

орнында жалғыз емдеу факультеті 

ғана болған. Одан кейін 1938 

жылы педиатрия, 1943 жылы 

санитарлық-гигиеналық, 1951 жылы фармацевтік, 1959 жылы тіс емдеу факультеттері 

ашылды. 1986 жылы С.Ж. Аспандияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық 

институты болып аталды. 1996 жылы 7 тамызда институт С.Ж. Аспандияров атындағы 

Қазақ мемлекеттік медициналық университеті болып қайта құрылды. 2001 жылы 

университетке ұлттық мəртебе берілді. Бүгінде университетте болашақ дəрігерлер мен 

провизорлар 7 медициналық мамандық бойынша дайындалады. 


378

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

театр техникасы жəне спектакльді көркемдеуші мамандарын даярлайтын театр жəне 

көркемсурет факультеттері жұмыс істеді. 1993 жылы Республика көркемсурет колледжі 

мен Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының көркемсурет факультеті 

қосылып, Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясы болды. Ал Алматы мемлекеттік 

театр-көркемсурет институты Қазақ мемлекеттік театр жəне кино институты болып қайта 

құрылды. 2000 жылы осы институт пен Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясы 

бірігіп, Қазақ мемлекеттік өнер академиясы болды. Жоғары оқу орны 2001 жылы 5 

шілдеде Қазақ Ұлттық өнер академиясы болып аталды.

Құрамында 6 факультет бар. Академия отандық театр мен кино, хореография жəне 

өнертану, музыкалық комедия мен эстрада өнері, мүсін мен дизайн, бейнелеу жəне 

декоративті өнер салалары бойынша мамандар даярлайды. 



Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Алматыдағы жоғары оқу 

орындарының бірі – Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ Ұлттық өнер 

академиясы. 1978 жылы 

Құрманғазы атындағы Алматы 

мемлекеттік консерваторияның 

театр факультетінің бөлініп шығуы 

негізінде ашылған. Алғашында 

Алматы мемлекеттік театр-

көркемсурет институты деп аталды. 

Институтта музыкалық комедия, 

драма театры жəне кино актерлерін, 

режиссерлерін, сəндік жəне қосалқы 

өнер, интерьер жəне жабдықтаушы, 

Қазақ Ұлттық техникалық университеті

Қазақстанда техника салалары бойынша мамандар даярлайтын техникалық жоғары оқу 

орыны Қазақ Ұлттық техникалық университеті болып табылады. 1934 жылы құрылған 

Қазақ тау-кен жəне металлургия институты 1960 жылы Қазақ политехникалық институты 

(ҚазПТИ) болып қайта құрылды. 1994 жылы қаңтарда ҚазПТИ Қазақ ұлттық техникалық 

университеті болып қайта құрылды. 1999 жылы 22 қыркүйекте оған Қ.Сəтбаев есімі 

берілді. Университет түлектері 70-тен астам мамандық алып шығады. Олардың ішінде 

қолданбалы математика, информатика, геология, тау-кен, металлургия, мұнай жəне газ, 



379

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 

Қазақстанда ауыл шаруашы-

лығының жоғары білімді ма ман-

дары Қазақ Ұлттық аграрлық уни -

вер 

ситетінде даярланады. Бұл 



жоғары оқу орны 1929 жылы 

шаңырақ көтерген Алматы зо-

отех никалық-малдəрігерлік  инсти-

туты мен 1930 жылы ашылған 

Қазақ ауыл шаруашылығы ин-

ститутының қосылуынан 1996 

жылы сəуірде құрылды. 2001 жылы 

11 шілдеде оған ұлттық мəртебе 

берілді. Ол агроөндірістік кешен 

үшін білікті мамандар, аграрлық жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар 

даярлайды. 5 мамандық бойынша (агробиология жəне экономика, ветеринария жəне 

мал шаруашылығы, ауыл, орман жəне су шаруашылығы инженерлері, гуманитарлық 

білім беру, біліктілікті көтеру) күндізгі жəне сырттай оқыту бөлімінде 6 мыңнан астам 

студент оқиды. Фермерлердің Жоғары мектебі жұмыс істейді. 

стандарттау мен сертификаттау, 

метрология, гидрология, 

сейсмология, электрондық жүйелер 

мен технологиялар, су қорлары мен 

суды пайдалану, жер кадастры жəне 

жылжымайтын мүлікті бағалау, 

ядро-химиялық технология, марке-

тинг, менеджмент, т.б. мамандықтар 

бар. Университетте колледж, əскери 

кафедра жұмыс істейді. Жекелеген 

мамандықтар бойынша кадрлар 

шет тілдерде оқытылады, сондай-

ақ орта кəсіби білімді кадрлар да-

ярланады. Университеттің 10 ин-

сти тутында 51 кафедра бар.


380

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогика университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика 

университеті – Қазақстандағы жоғары 

оқу орны. 1944 жылы 15 тамызда 

ашылған. Институтта алғаш үш фа-

культет: физика-математика, тарих, тіл 

жəне əдебиет факультеттері болды. 1945 

жылы жаратылыстану-географиялық, 

1961 жылы кітапхана, 1968 жылы 

музыка жəне əн, 1971 жылы филология 

факультеті мен тарих-педагогика 

факультеттері қосылды. Соңғысы 1984 

жылы тарих жəне мектепке дейінгі 

Еуразия университеті

Жоғары білікті мамандар даярлайтын 

мемлекеттік жоғары оқу орындарының 

бірі – Астана қаласында ашылған 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия уни-

верситеті. Ол 1996 жылы мамырда бұ-

рынғы Ақмола университетінің негі-

зінде құрылды. Еуразия университеті 

құ 

рамында Дипломатиялық академия 



жəне Жаратылыстану-техникалық, Гума-

нитарлық, Құқық, Экономика, Білім 

беру институттары бар. «Еуразия» гу-

манитарлық ғылыми-зерттеу орталығы, 

Жоғары мектеп проблемаларының ғы-

лыми-зерттеу орталығы, Дүниежүзілік экономика жəне конъюнктура ғылыми-зерттеу 

институты, Геотехникалық ғылыми-зерттеу институты, ҚР Ұлттық ядролық орталық, 

ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. 

Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдерінің ғылыми орталықтарымен тығыз 

байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық бойынша, сырттай бөлімде 25 

мамандық бойынша білім беріледі. 


381

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

тəрбие факультетіне бөлінді. 2000 жылы тарих-филология, мектепке дейінгі, бастауыш 

жəне музыкалық білім, жаратылыстану, экономика жəне білімдегі сервис факультеттері 

құрылды. Институттың Шымкент, Екібастұз, Павлодар қалаларында бөлімшелері 

бар. Институттың даярлық бөлімінде Моңғолия мен ҚХР, т.б. мемлекеттерден келген 

қазақ диаспорасы жастары білім алады. 2000 жылы жетім балаларға арналған даярлық 

бөлімі ашылды. Институттың 3 оқу ғимараты, 7 жатақханасы, кітапханасы, 2 асханасы, 

медпункті бар. Студент қыздар жатақханамен қамтамасыз етілген, 3 мезгіл тегін 

тамақтанады. 

Қазақстан менеджмент, 

экономика жəне болжау институты 

Қазақстан Республикасы Президенті 

жанындағы Қазақстан Менеджмент, 

экономика жəне болжау институты 

– жоғары оқу орны. Ол 1992 жылы 1 

қаңтарда құрылған. Алғашқы кезде тек 

магистрлер даярлады. 1999 жылдан 

бакалаврлар бөліміне студенттер 

қабылдай бастады. Бакалаврлар 

даярлау мен магистратура бөлімдері: 

«Іскерлік əкімшілік жəне бухгалтерлік 

есеп», «Экономика», «Мемлекеттік 

басқару», «Саясаттану», «Халықаралық 

қатынастар», «Журналистика жəне 

БАҚ» салаларының мамандарын 

даярлайды. Өндірістен қол үзбей 

оқу үшін үздіксіз білім беру (кешкі) 

департаменті құрылған. Сабақтар 

ағылшын тілінде жүргізіледі. Өткен 

он бір жыл ішінде ҚМЭБИ-ді бір 

жарым мың түлек бітіріп шықты. Олар 

үкімет пен парламент аппараттарында, 

министрліктер мен түрлі деңгейдегі əкімшіліктерде, шет елдердегі елшіліктер мен 

халықаралық ұйымдарда, отандық жəне шетелдік компаниялар мен банктерде қызмет 

атқарып жүр. Мұнда ТМД елдерінен жəне алыс шет елдерден де студенттер қабылданады. 

Еуропадан, АҚШ-тан, Канададан, Азия елдерінен шақырылған көрнекті профессорлар 

мен Қазақстанның ғалым-ұстаздары сабақ береді.


382

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ халықаралық қатынастар жəне 

əлем тілдері университеті

1940 жылы құрылған Алматы педагогикалық шет тілдер институты 1998 жылдан 

Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар жəне əлем 

тілдері университеті деп аталды. Университет жоғары оқу орындары мен мектептер 

үшін шет тілдері оқытушылары мен мұғалімдерін жəне халықаралық қатынастар 

саласының маман да рын даярлайды. Құрамында (күндізгі жəне сырттай-кешкі бө -

лім дерде) 18 тіл бойынша ма мандар даярлайтын 10 факультет, сондай-ақ лингвис-

тикалық кол 

ледж, халықаралық туризм менеджментінің колледж-лицейі, білім 

беру орталықтары, мұғалімдер біліктілігін көтеру институты, төрт ғылыми-зерттеу 

орталық жəне бір ғылыми-зерттеу институты, диссертациялық кеңестер, магистратура, 

аспирантура жұмыс істейді. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде АҚШ, Франция, 

Германия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Жапония, Корея, Түркия, Ирак, Қытай т.б. 

елдер елшіліктерімен тікелей байланыс орнатылған, шет елдердің 16 университетімен 

жəне білім беру орталықтарымен студенттер мен оқытушылар алмасып, жыл сайын 

тағылымдама өткізу ісі жолға қойылған. Университет түлектері маман дипломын 

алып шыққан соң екі жылдық магистратурада оқуын жалғастыра алады. Күндізгі оқу 

бөлімінің студенттері екі немесе үш шет тілін меңгеріп шығады.



383

ДƏСТҮРЛІ ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Қазақ мемлекеттік 

спорт жəне туризм академиясы

1945 жылы ашылған Қазақ физкультура институты негізінде 1998 жылы Қазақ 

мемлекеттік спорт жəне туризм академиясы құрылған. Академия құрамында 4 факультет 

бар. Мұнда ҚР-ның еңбегі сіңген спорт шеберлері мен еңбегі сіңген жаттықтырушылары 

жұмыс істейді. 2 стадион, спорт ойындарына, гимнастикаға, жеңіл атлетикаға, күреске, 

бокске, ауыр атлетикаға арналған 7 спорт залы, жүзу айдыны, 3 жатақхана бар. Спорт 

жəне дене тəрбиесі факультеті жеңіл атлетика, ауыр атлетика, шаңғы спорты, конькимен 

сырғанау, мəнерлеп сырғанау, гимнастика, жүзу, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, 

хоккей, семсерлесу, күрес (еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзю-до, қазақша 

күрес), теннис, вело-спорт, армрестлинг, спорт психологиясы, спорт режиссурасы, дене 

тəрбиесі мен спорт менеджменті, спорт журналисі мамандықтары бойынша кадрлар 

даярлайды. Валеология факультеті мектептер мен арнаулы жəне жоғары оқу орындары 

үшін ұстаздар даярлайды. Туризм жəне сервис факультетінде туризмнің спорттық 

жəне белсенді түрлері, сервис, рекреациялық-танымдық саяхат, коммерциялық туризм, 

ішкі туризм, қонақ үй ісінің менеджменті тармақтары бойынша болашақ менеджерлер 

оқиды. 2000 жылы жауынгерлік өнер жəне жекпе-жек күрес факультеті ашылды, онда 

бокс, шығыс жекпе-жегі, жеке меншікті қорғаушы мамандықтары бар. Академия 

студенттері спорттың əр түрінен ұлттық құрама команда сапында əлем, Еуропа, Азия, 

Олимпиадалық ойындар чемпиондары мен жүлдегерлері болды.

Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы 

Республиканың көлік-коммуникация кешеніне жоғары білімді мамандар даярлайтын 

жоғары оқу орны М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы 

болып табылады. Академия 1976 жылы құрылған Алматы темір жол-көлік инженерлері 

институты мен 1990 жылы құрылған Алматы автомобиль-жол институтының біріктірілуі 

негізінде 1996 жылы 7 мамырда құрылған. 

Академияда көлік техникасы мен құрылысы, өндірісті ұйымдастыру жəне экономика 

институттары, магистратура, аспирантура, докторантура, біліктілікті арттыру, 

компьютерлік-ақпараттық технологиялар, тілдерді дамыту, мемлекеттік тілде іс жүргізу, 

ғылыми-зерттеу инновациялық орталықтары бар. Оларда студенттер автомобиль, темір 

жол, су, теңіз жəне құбыр көліктері инженерлері мамандықтары бойынша білім алады. 

Академия құрамында 23 кафедра мен 100-ден астам зертхана бар. Докторлық жəне 

кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша 4 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. 

Академияның Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларында бөлімшелері жұмыс 

істейді.


384

РУХАНИ МҰРА 

385

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

АУЫЗЕКІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

МИФТЕР 

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, 

əфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақ 

сипаттары көп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен ажыратып, өзгешелеп тұратын бірқатар 

ерекшеліктері де бар. Сіздердің əрқайсыларыңыз таңғажайып сиқырға толы ертегілерді 

оқыдыңыздар. Ертегілер – тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша сөйлейді, 

батырлар жау əскерімен ғана емес, айдаһармен, жын-перілермен жəне басқа да халық 

қиялы тудырған жалмауыз, құбыжықтармен шайқасады.

Аңыздар, əфсаналар нақты тарихи оқиғаларға негізделеді. Мысалы, біздің байырғы 

баба жұртымызға соғыс сала келген қаһарлы парсы патшасы Кирді тас-талқан етіп 

жеңген сақ патшайымы Томирис туралы аңыз – соның мысалы.

Ал ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы – мифтердің 

мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми жəне тарихи таным-

түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаралуы жайлы немесе 

барлық тіршілік атаулының «əлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы, жер жүзін 

топан су басуы туралы мифтерді келтіруге болады.

Алғашқы мифтер бағзы замандарда пайда болған. Олай болса, мифтер – ежелгі 

адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің 

пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп 

отыр. Олар неліктен күндізді – түн, жазды – қыс алмастыратынын, неге күн күркіреп, 

бұршақ жауатынын, найзағай жарқылдап, су тасқыны мен басқа да табиғат зілзалалары 

болатынын бейнелі түрде түсіндіреді, құдайлар жайында баяндайды.

Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындағы өзара қарым-

қатынастар да көрініс тапқан. Ертедегі көшпелілер өздерінің төрт түлік малын отарлап, 

үйірлеп, табындап, өрістен-өріске айдағанда ұлан-ғайыр түнгі аспанның жұлдыздарына 

көз тігіп, осынау ұшы-қиырсыз кеңістікте бағыт-бағдар алған. Сонымен бірге сол 

жұлдыздарға өздерінше ат қойып, айдар таққан: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, 

Есекқырған... Осылайша əлемнің сыр-сипатын, құрылымын мифологиялық тұрғыдан 

түсіндіре отырып, адамдардың өмір сүруіне, мал бағуына көмектескен.


386

ЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ МИФТЕР  

Жетіқарақшы мен Үркер жайында

Түнгі аспанда шөміш тəрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталады. Ол бір 

тəулікте Темірқазықты бір айналып шығады. 

Аңыз бойынша, қырық ұры – қырық қарақшы өмір сүріпті. Қырық қарақшының 

қолбасшысы Қыранқара Үркердің қызы Үлпілдекті айттырып алмақ болыпты. Бірақ 

Қыранқараның «бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған» баукеспе 

екенін білетін қыз оған қалыңдық болуды қаламапты. Əке-шеше, ағайын-туған, ел-

жұрты да ардақтаған аруларын қанды қол қарақшыға беруді ар көріпті. Бұларды көндіре 

алмаған Қыранқара жасақ жинап келіп, қыздың елін шауыпты. Үлпілдекті олжалап, ат 

артына салмақ болыпты. Қыранқара тұлпар таңдап мініп қуаласа да, сұлу сары атқа 

мінген Үлпілдек жеткізбей қашып құтылыпты.

Үлпілдекті қолға түсіре алмай құса болған Қыранқара аспан əлемін кезіп, сұлу сарыны 

қуып жететін жүйрік іздепті. Мұндай жүйрік ат аспанның солтүстігін қоныстанған Ағай 

мен Сығай деген екі батырдың Ақбозат, Көкбозат деген аттары еді. Осы аттарды ұрлап 

мініп, Үлпілдекті қолға түсірмек болған Қыранқара жеті қарақшыны ертіп, жортуылға 

аттанады. Олар аспанның солтүстік үйегіндегі Темірқазықты айнала қонған ауылдарды 

(шоқжұлдыздарды) ториды. 

Жетіқарақшының бас жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қы-

ранқара қарақшы. Ал оның қасында əлсіреп көрінетіні – тұтқында отырған Үлпілдек қыз. 

Үркер өзінің қызын қайтарып алу үшін түнімен Жетіқарақшыны қуып жүреді екен.

Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір байдың жылқының 

басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге көміп тығып тастаған екен. Сол заманда 

елге атағы шыққан жеті ұры байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ тастай қатты алтынды 

бөле алмайды. Сонда Қыран қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі», – деп 

байға келеді. Бай оны қонақ қылып, барын алдына тосыпты. Ата дəстүр бойынша, ет 


387

ЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ МИФТЕР  

піскенше қонақ үй иесіне əңгіме, ертегі айтуы тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп əңгіме 

бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды 

бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің қазыға алынатын майына орап, 

қайнату керек. Сонда алтын жібиді», – депті.

Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. 

Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты». 

Темірқазық

Темірқазық – аспанның 

солтүстік жиегінде орналасқан, 

«Кіші аю» шоқжұлдызындағы ең 

жарық жұлдыз. 

Қазақ халқы қараңғы түнде 

адасып кетпеу үшін Темірқазыққа 

қарап бағытын анықтап отырған. 

Бүкіл жұлдыздардың ішінде тек 

сол ғана тұрған орнынан ауып кетпейтіндіктен осылай аталған. Ал қалған жұлдыздардың 

барлығы таңға дейін өз орындарынан жылжып, біреуі жоғары көтерілсе, енді біреулері 

төмен түсіп батып кетеді екен.

Темірқазыққа жақын орналасқан екі жұлдыз бар. Олар түнімен Темірқазықты 

төңіректеп кетпейді. Халық бұл жұлдыздарды «Ақбозат» пен «Көкбозат» деп атаған. 

Аңыз бойынша, Ақбозат пен Көкбозат темір қазыққа арқандалып байланған. Олар 

түнімен қазықты айнала оттап, жайылып жүреді екен. Зер сала қараған жанға екеуінің 

шұбатылған арқандары көрінеді дейді. Жеті қарақшы (Жетіқарақшы) осы тұлпарларды 

ұрлап кетпек болып темір қазық (Темірқазық) маңайын үнемі торуылдап жататын 

көрінеді. Ұрылардың ойы – осы аттарды қалайда қолға түсіру. Ал таң атысымен жеті 

қарақшы көзден тайып тасаланады. 



Үркер

Үркер – шығыстан батысқа қарай көтерілетін бір топ жұлдыздар шоғыры. Ертеде 

адамдар осы жұлдызға қарап жылдың қай мезгілі екенін, уақыттың қанша болғанын 

шамалап білген. Ел арасындағы Үркер туралы аңыздардың бірінде бұл бір сұлу қыз 

екен. Оның Ай мен Күн деген екі апасы болыпты. Үркердің ажары апаларынан асып 

түсіпті. Сіңілілерінің сұлулығын көре алмаған Ай мен Күн Үркердің бетін тырнап 

алыпты. Содан бері оның беті қотыр болып қалған екен.


388

ЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ МИФТЕР  

Шолпан

Таң алдында барлық жұлдыз өшіп бара жатқан кезде таң шапағымен жарқырап 

тұратын, ал ақшамда көк жүзіне бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінетін Шолпан 

жұлдызын (ғылым тілінде ол – Венера планетасы, ежелгі гректерде Венера махаббат 

құдайы саналған) байқауға болады. Бұл жұлдыз Бақташы планетасы деп те аталады. 

Шолпан ғашықтарды желеп-жебейді, оларға бір-бірінен хабар жеткізеді. 

Шолпанның қыста тууы қатты суықтың нышанын білдіреді. Соны алдын ала 

ескертерде ол айрықша жарқырап көрінеді екен. Осыған байланысты оның Тұл қатын 

деген тағы бір аты бар.

Ескі наным бойынша, Шолпан жұлдызын əлі тумаған адамдардың жандары 

мекендейді деген ұғым қалыптасқан. Оның құпия жарығына адамдардың құмар болуы 

сондықтан шығар.

Келесі бір аңызда Үркер қазақша 

«үркек» деген сөзден шыққан делінген. 

Баяғы замандарда жер бетінде үнемі 

қыс болып тұрыпты. Осы кезде Үркер 

шоқжұлдызын құрайтын шағын он 

екі жұлдызша жерде ұйықтап жатады 

екен. Бірде бір данышпан суықтан 

əбден қажыған жануарларға: «Егер осы 

жұлдыздарды түгелімен қырып салсаңдар, жайма-шуақ жазға кенелесіңдер» деген 

өсиет айтады. Сонымен түйе, жылқы, сиыр үшеуі жиналып, жұлдыздардың көзін 

жоймақ болып келіседі.

Əуелі жылқы төрт жұлдызшаны, түйе тағы екеуін табанына салып таптапты. Алты 

жұлдызша сиырдың еншісіне тиіпті. Бірақ жұлдызшалар оның аша тұяғының арасынан 

сытылып шығып, Көкке ұшып кетіпті. Содан бері жерде алты ай суық жəне алты ай 

жылы болады екен. 

Жануарлар сиырға өкпелепті. Оларға суықтан қорықпайтын сиыр:

– Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан дымымыз құрып 

қаталағанымыз жетер! – деп жауап беріпті.



389

ЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ МИФТЕР  

Үшарқар

Ертеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға аттанады. Олар із кесіп, ұзақ 

жүреді. Кенет бір алаңқайда алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға келеді. Иттер 

сол арада тап береді. Арқарлар тұра қашады. Соңдарынан аңшылар шаба жөнеледі. 

Ақыры, сиқырлы жануарлар көкке қарғып, жұлдыздардың ара-арасымен заулайды. 

Иттер де қалыспай, ілесе аспанға көтеріледі. Сол кезден бері олар арқарларды қуалап 

жүр деген аңыз сақталған. Халық арасында осы шоқжұлдыз «Үшарқар таразы» деген 

атаумен танымал.



Есекқырған

Есекқырған – күн ұясына батқаннан кейін батыстан туатын жарық жұлдыз. Халық 

арасында Сары жұлдыз, Бақташы жұлдыз деген бірнеше атауы бар.

Аңызда былай айтылады: «Бір күні есектерге жүгін артқан саудагерлер керуені жолай 

бір ауылға жетеді. Шаршап-шалдығып келген олар алыс жол алдында тынығып алмақ 

болып ертерек жатып қалады. Бір мезетте керуенбасы ұйқысынан оянып, далаға шықса, 

айнала жап-жарық. Ол адамдарын оятып: «Жүрер уақыт болды. Шолпан туыпты», – 

деп жолға қамдана бастайды. Есектеріне жүктерін теңдеп, жүріп кетеді.

Олар жүріп келеді, жүріп келеді. Таң ағарудың орнына, қайта қоюланып қараңғылана 

түседі. Таң атып болмайды. Осылай келе жатқанда құмды дауыл басталады. Бүкіл есек 

дауылға шыдамай қырылып қалады. Жандарын əзер сақтап қалған керуеншілер жаяулап-

жалпылап, өздері шыққан ауылға зорға жетеді. Есін жиған жұрт: «Шолпан туды деп 

алып шыққан сенсің», – деп керуенбасыдан қырылған есектері үшін құн талап етеді. 

Керуенбасы ақталып: «Мені алдап соққан жұлдыздың өзі, сенбесеңдер, көрсетейін», 

– деп барлығын сыртқа алып шығады. Жарқырап тұрған жұлдызды көрген адамдар 

«Расында да таң атып қалған ба?» деп жағаларын ұстапты. Сөйтсе, бұл күн батқан соң 

батыстан көтерілетін жұлдыз екен. Содан бері ол «Есекқырған» деп аталып кетіпті».


390

ҰЛЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР    

Мифті аңыздан, ал аңызды шежірелі сырға толы көне мифтерден айыру қиын-

ақ. Аңыздар тарихта шын мəнісінде болған əлдебір оқиғаларға құрылады, əрі осы 

оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырылады. 

Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. 

Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. 

Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жеке батыр, Шайтанкөл, 

Екібастұз, т.с.с. жер-су аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады. 

Аңыздар – халықтың ауызекі шығармашылығының ерекше жанры, оларда халық 

қиялы нақты жадығаттарды емін-еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды. 

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе 

айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина хан-

шайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген уақиғалары 

жатады.


Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын 

паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз əдебиетімізде айрықша орын алады. 

Бұлардың қатарына біз сақ патшайымы Томирис (Тұмар), Отанын қорғау жолына 

өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-əңгімелерді жатқызамыз. 

Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі – сол уақыттан бері талай ықылым заман 

өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дəлелдеп бере 

алмайтындығы.

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп 

жібергендіктен, ақиқаттың өзі уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздары-

ның бір тобы бар. Моңғолдардың атақты əміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы 

хан жəне басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дəлел болып табылады.

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-

шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нəрсе. Олар ойдан шығарылған 

уақиғалар болғандықтан да – аңыз. Бір қызығы, əдеби немесе ғылыми шығармаларда 

мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға, 

оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ əдебиетінде 

Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірде шын болғандығына кейбір 

зерттеушілер күмəнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден 

табылмай отыр... Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дəлелдеу 

қиын.


391

ҰЛЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР  

МАЙҚЫ БИ МЕН ШЫҢҒЫС ХАН

Аңыздың айтуынша, Майқы іштен бір аяғы кем туған да, ақсап жүретін адам 

болған. 

Шыңғыс бір жолы садақ тартып аң аулап жүріп құлап, аяғы мертігеді. Хан 

қызметшілері оны орман ішінен тауып алады да, қол арбаға мінгізіп үйіне жеткізбек 

болады. Солардың ішінде Шыңғыспен жасы құралпы Майқы да болса керек. «Екі ақсақ 

бір отырайық» деп ол да арбаға мінеді. Өзгелері екеуін сүйретіп, Шыңғыстың үлкен 

шешесінің үйіне жақындайды. Есік алдына келгенде əлгілер: «Шыңғыстан кейін үйге 

кім кіреді?» деген сөз шығарады. Біреуі «жасым үлкен» десе, енді бірі «мен бимін, жол 

менікі» деп таласады. Бəрі Шыңғыстың аузына қарайды. Шыңғыс қасында отырған 

Майқыға қарайды. 

Сонда Майқы: 

– Əдетте, арбаға жегілген өгіз есік алдында қалып, оны айдаған адам үйге кірмеуші 

ме еді? – депті. 

Майқы осылай сөз табады, əлгі билер есік алдында қалады. Майқы Шыңғысты 

қолтықтап үйге енеді. Содан былай Майқы жас болса да, бас би болып, Шыңғыстың оң 

жағында отыратын болыпты. 

Майқы би айтулы шешен, ақылгөй бас би болып, ел-жұртына əділдігімен қадірі 

артып, 120 жасқа жетіп дүние салған дейді.

ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Қорқыт VIII ғасырда Сырдария аңғарында өмір кешкен. Ол атақты ақын, күйші, 

сөзіне хандар да құлақ асқан ақылгөй данышпан болған. 

Қорқыттың туған жері – Қараспан таулары. Ол дүниеге келер алдында анасы құлан 

етіне жерік болыпты. Шешесі əр жылда бір рет толғатып, үш жыл тоғыз күн көтереді. 

Осылай үш жыл ішінде үш рет толғақ азабын бастан кешіп, тек үшінші жолы ғана 

босаныпты. Қорқыт туатын күні аспанды қара бұлт басып, күн күркіреп, нажағай 

жарқылдап, сұрапыл қара дауыл соғады, төңірек астан-кестен болады. Ел-жұртты қатты 

қорқыныш билейді. Осы оқиға жайында ел ішінде мынандай өлең сақталыпты:

 

 



 

 

 



    Қорқыт 

туар 


кезінде

 

    Қараспанды 



су 

алған,


 

    Қара 

жерді 

күл 


алған.

 

    Ол 



туарда 

ел 


қорқып,

 

    Туған 



соң 

əбден 


қуанған!

392

ҰЛЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР    

Қорқыт туа салысымен, арқырап соққан жел саябыр тауып, бұлт тарқап, дүние нұр-

шуаққа малынып жүре береді. Табиғатқа жан бітуін жақсы нышанға балаған жұрт: «Бұл 

бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты Қорқыт болсын!» – деп ұйғарып, оның есімін 

Қорқыт қояды. 

Қорқыттың жасы жиырмаға толғанда түсінде ұзын асатаяғы бар, ақ сақалды бір 

қария аян береді. Ол: «Əй, Қорқыт, мына жалған дүниеде саған қырық жыл ғана ғұмыр 

берілген. Одан артық өмір сүрмейсің», – дейді. 

Қорқыт осыдан соң қатты мазасызданып, қатыгез жазмыштан қалай құтылмақтың 

жолын ойлайды.

Бірде Қорқыт сахарада сар желіп салт келе жатса, жер қазып жатқан жұртты көреді. 

«Əй, əлеумет! Мұнда не істеп жатырсыңдар?» – дейді оларға. Сонда жер қазып жатқан 

адамдар: «Біз Қорқыт əулиенің көрін қазып жатырмыз», – деп жауап береді. Мұндай 

суық хабарды естіген Қорқыт желмаясын кері бұрып, желден де жылдам заулап, 

қабірден аулақ қаша жөнеледі. Əбден діңкесі құрып, бір төбенің басына жетіп, енді дем 

алайын десе, тағы да көр қазып жатқандарды көреді. Олар да: «Қорқыттың көрін қазып 

жатырмыз», – деп жауап береді.

Қорқыт одан əрі қашады. Шартарапты түгел кезіп, жарық дүниені жалпағынан 

шарлайды, бірақ қайда барса да алдынан өзінің көрін қазушылар шығады. «Қайда 

барсаң – Қорқыттың көрі!» деген көне мəтел содан қалған. 

Қорқыт та шумерлердің Гильгамеші сияқты адам үшін мəңгілік өмір іздеген. Бірақ 

ол өлімнен қашып қайда барса да, алдынан қазулы көр күтіп тұрған... Адамның ажал 

құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, қайғы кешкен Қорқыт қарағайдан қобыз 

жасап, күй толғайды. Онысы əлі күнге шейін көшпелі халық өнерінің асыл мұрасы 

болып табылады. 

КЕТБҰҒА КҮЙШІ МЕН ЖОШЫ ХАН 

ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер 

серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйіткіген құландарды 

өткір жебемен дəл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген 

аяушылық болмайды. Жабайы құландар үйірінің «Ақсақ құлан» атымен мəшһүр, тіпті 

қасқырдан да тайсалмайтын (оның бір аяғы нақ осы сұр жыртқыштармен шайқаста 

зақымданған екен) өжет əрі күшті айғыры кенет жалт бұрылып, аңшыға қарсы ұмтылады. 

Ақсақ құлан шабуылының жойқын да тегеурінді болғаны сондай, Жошы атынан ұшып 

түсіп, сол бойда мойыны үзіліп, жан тəсілім етеді... Қуғыннан құтылған құлан үйірі 

қыр асып, еркін құйғыта жөнеледі. 

Нөкер серіктерінің Ұлы ханға Жошының өлімін естіртуге жүректері дауаламайды. 

Көне ғұрып бойынша жаман хабар əкелген адамды өлімге бұйыратын. Сол кезде 



393

ҰЛЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР  

даланың Ұлы жыршысы, абыз қарт Кетбұға қайыңнан домбыра шауып, ішек тағып, 

Ұлы ханның сарайына келе, алтын тақтың алдына тізерлей құлайды. Өзіне абыз 

қарттың жақсылықпен келмегенін сезген əмірші түнерген жүзбен: «Уа, Ұлы жырау, 

не датың бар?» деп сұрайды. Бірақ Кетбұға лəм-мим деп тіл қатпастан, домбырасымен 

бір қайғылы əуенді тарта жөнеледі. Бұл күйдің сиқырлы дыбыстарынан Ұлы ханның 

көз алдына жас ханзада Жошының аңға шыққаны, оған көктемгі көк майсада жайылып 

жүрген құлан үйірінің кездескені һəм ханзаданың аң аулап еліккені елестеп, тізіліп 

өткендей болады...

Қарт жыршы зарлы күйін аяқтайды. Бірақ Ұлы хан да, басқалар да күй тілінен болған 

оқиғаның бəрін түсінеді: домбыра шапқан аттардың дүбірін де, əлжуаз жас құлындарды 

аяған құландардың беймаза үрейін де, өз үйірін қорғаған ақсақ құланның ақылы мен 

қайратын да жеткізіп айтты. Əсіресе, ақсақ құланның ханзадаға қарсы шапқан тұсын 

зарлата қайырды...

Хан үн-түнсіз ұзақ отырды. Ақыры, Ұлы хан тіл қатты: «Сен маған ұлымның қазасы 

жайында қаралы хабар əкелдің. Домбыраңның күйін тыңдап, бəрін ұқтым. Мұндай 

хабар үшін өлім жазасына лайықтысың. Бірақ өзің бір ауыз тіл қатпағандықтан, жазаны 

домбыраң тартсын. Оның сағағына қорғасын құйыңдар!»

Осылайша Ұлы жырау – дана Кетбұғаның арқасында моңғолдардың қаһарлы 

əміршісіне жас ханзаданың өлімі естіртіліпті. Бірақ сұмдық ғұрыпқа қарамастан, ешбір 

адам зардап шекпепті. Тек қаралы хабарды жеткізген домбыраның көмейіне балқыған 

ыстық қорғасын құйылады. Сол кезден бері домбыраның шанағында тілік тесік пайда 

болыпты. 

«Ақсақ құлан – Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.



394 АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ЖЕРЛЕР

ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып 

жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда 

алып құс ұясының орны жатыр. Əбден сарғайып, 

көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан жəне 

шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халық 

«Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен 

болғанда, құмайдың өзі қандай болды екен?!» 

деп жұрт таң қалады екен. Ел арасында осы ұя 

туралы мынадай аңыз бар көрінеді.

Ерте заманда Малай деген қойшы болыпты. Бір 

күні оны құмай деген алып құс көтеріп, қалың құз 

жартастың ішіндегі балапанына əкеліп тастапты. 

Енді Малай балапанмен бірге құс əкеліп берген 

аң, мал етін жеп, күн көреді. Шыңыраудан қалай 

шығудың амалын ойластыра бастайды. Аң мен 

малдың тарамысын есіп арқан жасайды.

Күз келіп, балапан өсіп, ер жетеді. Бір күні Малай құстың екі аяғына арқанды 

байлайды. Өзі сол арқанға асылып жатады. Біраздан соң енесі келіп, балапанын ертіп 

жоғары көтеріледі. Арқанға белінен асылып жатқан Малай да бірге ұшады. Екі құмай 

қатар ұшып, Сайхан тауының басына қонады. Малай болса құстың аяғындағы арқанды 

шешіп қала береді. Құмайлар ұшып кетеді.

Осылай бір жаз жоғалып кеткен Малай еліне оралады. Оны көрген жұрт тапқырлығына 

риза болады. «Малай, тасқа түсуің қалай?» деген мəтел осыдан қалған екен.



ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың 

«Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада 

Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры 

суреттеледі.

Құралайдың сүйгеніне қосылған, жаудан қашып 

құтылған, мұратына жеткен шақта ажал тырнағына 

ілінуі кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды. 

Сол Құралай сұлудың бейіті Жамбыл облысы 

Мойынқұм ауданы Қамқалы селосының жанында 

орналасқан. Қазір құлап, бір босағасы ғана қалған. 


395

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ЖЕРЛЕР

Құралай сұлу – қалмақ ханының қызы. Шешесі 

қазақ болыпты. Тұтқынға түскен қазақтың 

Келден батырына ғашық болып, екеуі қашып 

шығады. Қуғыншылардан құтылып, бірнеше 

күн жол жүреді. Ақыры, Бетпақтың шөліне 

келеді. Жағасы толған қамыс, құрақ көлге түсіп 

дем алмақшы болады. Келден аттарды жайғап 

жүргенде, Құралайдың ащы даусы шығады. 

Жүгіріп келген батыр жолбарыс шапқан қыздың 

үстінен түседі. Жолбарысты қанжармен бір-ақ 

жайратқан ол Құралайдың өлі денесін құшақтап 

зар еңіреп жылайды. Қанжарымен көр қазып, 

сүйегін көмеді. Елінен кісі əкеліп, сол көл 

жағасынан бейіт тұрғызады. Сол жер қасиетті 

орынға айналған. Қазіргі кезде көл құрғап, 

суалған. Халық Құралай сұлу бейітін əлі күнге 

дейін ардақтап, құрметтеп келеді.



600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

Шыршық өзенінің жоғары 

ағысында алып шынар ағашы 

бар. Шынардың үлкендігі сонша, 

бірталай адам қол ұстасып тұрып 

құшақтаса да, құшақтары жетпейді 

екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам 

бір мезгілде демалатын көрінеді.

«XVIII ғасырлар ортасында Төле 

би Ташкентті билепті. Жазда ол 

жайлауға шығып, осы шынардың 

түбінде елдің игі жақсыларын 

шақырып, қымыз ішеді екен. Əңгіме-

дүкен құрып, келелі мəселелерді 

шешеді екен», – деген аңыз-əңгіме 

айтылады.

Бірде Төле бидің жылқысын 

жау қуып ала жөнеліпті. Ел «енді 

не істейміз?» деп аңтарылып 

тұрғанда:



396 АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ЖЕРЛЕР

– Ана шынардың түбінде байлаулы тұрған 

қасқа айғырды қыл бұрау салып шыңғыртыңдар, 

сонда жылқы өзі-ақ қайтады, – депті би.

Жігіттер аяғы тасырқап жылқыға ілесе 

алмай қалған қасқа айғырды қыл арқан салып 

шыңғыртады. Айғырдың дауысын Қаржан 

тауын асып бара жатқан қалың жылқы естісімен 

нөпірлетіп қайта кері шауыпты. Ал жылқы 

ұрлаушылар көп жылқы тұяғының астында 

тапталып өлген деседі.

Шынардың саясында алыс жерлерден келген 

адамдар демалып, қуат алады екен. Талай 

оқиғаның куəсі болған, көне тарих көзі – алып 

шынар келіп-кетушілерді күні бүгінге дейін 

саясына алып, мейірін төгетін көрінеді.



ОРАЗ ҰШҚАН

Маңғыстауда Шерқала атты шың бар. «Шер» – түркімен тілінде арыстан деген 

мағынаны білдіреді. Шынында, алыстан қарағанда таудың кескіні жатқан арыстанға 

ұқсайды. Шерқала орта ғасырларда мықты қамал бекінісі болған.

Осыдан 100 жыл бұрын орыс, ағылшын жиһанкездері Маңғыстауды аралап, Ораз 

деген кісінің үйіне түстенеді. Үй иесі келген қонақтарды Шерқаланың үстіне алып 

шығарады. Сонда келгендердің бірі:


397

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ЖЕРЛЕР

– Осы сендер, қазақтар, далада тұрасыңдар, малдың етін жеп, сүтін ішесіңдер, басқа 

қандай өнерлерің бар? – депті.

Ораз біраз ойланып тұрып:

– Біз мына шыңның басынан ұшып кете аламыз, – дейді. Сонда қонақтар:

– Сендер тұрмақ, ғылым мен техникасы дамыған біз де ұша алмаймыз, ұшамын деп 

жерге құлап өлерсің, – дейді.

– Егер қазір ұшар болсам, не істер едіңдер? – деп Ораз келген қонақтармен бəстеседі. 

Ол таудың басына шығып, жан-жақты байқайды. Шапанының етегін ағытып, жел 

енді бір күшейіп соққан кезде шыңнан бір-ақ секіреді. Кең шапаны парашютке ұқсап 

жазылады. Елдің бəрі аң-таң. Ал Ораз біраз ұшып барып, жерге түседі. Аяғын ауырсына 

басып тұрған ол:

– Маған бəстеріңнің қажеті жоқ. «Тауды бағындырған қазақты көрдік» деп елдеріңе 

айтып барсаңдар болды, – депті қонақтарына.

Содан былай Шерқаланы халық «Ораз ұшқан» деп те атайтын көрінеді.


398 ƏФСАНАЛАР__АБЫЛАЙ_МЕН_БОТАҚАН_БИ'>ƏФСАНАЛАР

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығының үлкен бір саласы аса қызғылықты 

əрі өзіндік ерекшелігі мол тарихи əфсаналарға арналған. Əфсаналардың мифтер мен 

аңыздардан ерекшелігі – туған жерін жауларынан қорғап, жанкешті ерліктерімен ежелгі 

Қазақстан жерінің даңқын асырған, тауып айтқан ұтқыр да шешен сөздерімен ғасырлар 

бойы ел жадында жатталған кемеңгер қазақ хандары мен билерінің, батырлары мен 

ақындарының өмірінен алынған тағылымды оқиғаларды баяндайды. 

АБЫЛАЙДЫҢ ТҮСІ

Абылай қартайған шағында қазақтарға Бұхараны қайтармаққа ниеттеніп, үш жүздің 

сайыпқыран батырларын жиып алып, жорыққа жүріп кетеді. Ешкіммен ақылдаспай, 

бəрін өзі шешеді. 

Самарқан қаласының маңында ұйықтап жатқан түнде Абылай түс көреді. Таңертеңіне 

ақылгөй қарт Бұқар жырауды шақырып, түсін жорытады.

– Мен бір түс көрдім, түсімде бір жолбарыс шатырымның алдына келіп жатты. 

Соған қатты таңырқап, түсімде ойланып үлгергенімше, əлгі жолбарыс аюға 

айналды. Жолбарыстың аюға айналғаны қалай деп ойланғанымша, əлгі аю кенет 

қасқыр болып кетті. Бұған аң-таң боп тұрғанымда, қасқыр түлкіге айналды, бұл 

түлкі сосын қоян бола қалды. Осы көрген түсіме таңырқап жатып оянып кеттім, 

– дейді.


Бұқар жырау Абылайдың түсін былай деп жориды: 

«Түсіңде жолбарыс көргенің – саған қауіп төніп тұр, басыңнан бақ құсыңның 

ұшқаны. Бірсыпыра жасқа келіп шау тарттың. Енді Абылай хан Бұхараның 

сартынан өліпті деген сөзге қалғың келмесе, кейін қайтқайсың. Ал жолбарыстың 

аюға айналғаны – сенің балаларыңның заманы бір-бірімен жағаласып жұлысқан 

аюлардай болады екен. Қасқырға айналған аю – сақарада қиян-кескі жорықтарда 

қасқырша жортып жүрген немерелеріңнің заманы. Қасқырдың түлкіге айналуы 

– бұл-дағы түлкіге ұқсаған шөберелеріңнің заманы. Түлкінің қоянға айналғаны 

сенің одан кейінгі ұрпақтарың қорқақ қоян 

сияқты болады дегенді аңғартады».

Абылай Бұқар жыраудың жауабын тыңдаған 

соң, Самарқанды жаулап алу райынан қайтады. 

Қаланың əміріне өз елшісін жіберіп:

– Менің сендермен соғысатын ниетім жоқ, тек 

əулиелерге зиярат етіп, ежелгі Самарқанның 

халқына амандық тілеуге келдім, – деп сəлем 

айтады.


399

ƏФСАНАЛАР

АБЫЛАЙ МЕН БОТАҚАН БИ

Абылай хан керей руынан шыққан Ботақан бимен жанжалдасып, 

оның бет бақтырмайтын өрлігіне қатты ашуланады. Сөйтіп, өз жасауыл-

дарына көр қаздыртып, Ботақанды соған отырғызып қоюға бұйырады. 

Хан үйіне келіп, бəйбішесіне: «Ботақанды тірідей көрге отырғызып 

қойдым», – дейді. Сонда оған əйелі: «Енді сен бізді Орта жүзбен жау-

ластырайын деп пе едің? Көрден дереу алып шық!» – дейді.

Абылай сол арада көрден шықсын деп, Ботақанға кісі жібереді.

Намысқой Ботақан би:

– Шықпаймын! Адам көрге бір-ақ рет түседі, – деп ерегіседі.

Енді көрге Абылайдың өзі барып, Ботақанды қолынан тартады. 

Ботақан сірескенімен, Абылай күштірек еді. Ботақанды көрден жар-

тылай суырып алғанда, сол кезде жүрегі шыдамай, өркеуде би өліп 

кетеді.


Орта жүздің адамдары Абылайға қатты өкпелейді. Өйткені 

олар оны хан ретінде танып, ақ киізге көтерген еді, сөйтіп, барлық 

жорықтары мен шайқастарында қиыншылық пен қуанышты сəттерді 

бірге бөліскен еді. 

Орта жүздің би-батырларының ашу-ызасынан сескенген Абылай 

көше жөнеледі. Қазыбек би бастаған арғындар мен наймандар оның 

соңынан үш күн қуалайды.

Сонда Абылайдың бəйбішесі айтыпты:

– Хан ием, сен не білдің?

– Е, не білуші едім?

– Бізді Қазыбек би қуып келеді. Оның басында үш түрлі ой бар. Ол 

бізді қуып жетіп, сенен мені тартып алса, қуғынды тоқтатады. Бұл – 

бірінші. Немесе ол бізді қуып жетіп, сені өлтіреді. Ондай жағдайда бəрі 

өзінен-өзі бітпек. Бұл – екінші. Үшіншісі – ол бізден сенің тайқазаныңды 

алса, қуғынды сонда тоқтатуы мүмкін.

Абылай əйелінің тілін алып, үлкен қара қазанды жол үстіне қалдырып 

кетеді. Соңына түскен Қазыбек би қазанды көріп, қуғынды тоқтатыпты. 

Сонда ол найзасын жерге шаншып, былай депті:

– Уа, халқым, Абылай жай адам емес. Оның соңынан қуғанда, менің 

үш түрлі ойым бар болатын. Біріншісі – Абылайды қуып жетсем, оны 

өлтіріп, Ботақанның кегін алмақ едім. Екіншісі – егер қуып жетсем, 

Абылайдың өзін болмаса да, əйелін тұтқынға алмақ едім. Үшіншісі 

– оларды қуып жете алмасам да, ошағының құт-берекесі саналған 

тайқазанын алсам деп едім.

Осылайша, Қазыбек қазанды алып, қуғынды тоқтатып, еліне 

қайтыпты.



400 ƏФСАНАЛАР

ƏЗ-ТƏУКЕНІҢ СЫНАҒЫ

Əз-Тəуке хан «Жеті жарғыны» қабылдағаннан кейін атақты үш биді сынамақшы 

болып, қайсысы қандай жауап берер екен деп, мынадай сұрақ қойған екен дейді:

– Дауға билік айтқанда, алдымен, жасы үлкен бастап, жасы кішінің қоштауы жөн бе, 

əлде, жасы кіші бастап, жасы үлкеннің қоштауы жөн бе?

Сонда Ұлы жүз биі Төле:

– Төбеде тұрған кісі төрт жағын түгел көргенде, төменде тұрған екі жағын, беткейде 

тұрған бір жағын əрең көреді. Сондықтан жасы үлкеннің, оңы мен солын, алды-артын 

болжаған ағаның алдымен билік айтқаны дұрыс қой, – депті.

Орта жүз биі Қазыбек тұрып:

– Жасы үлкен аға əділ төреші бола алмайды. Себебі алдында қайырылары жоқ. 

Жасы кіші інің де төреші бола алмайды. Себебі артында қайырылары жоқ. Сондықтан 

алдында айбынды ағасы бар, артында именерлік інісі бар, алды-артына қарайлап, 

билігін абайлап жүргізетін ортаншы бидің төрелік айтуы орынды ғой, – депті.

Ең соңында Кіші жүз биі əрі жасы кіші Əйтеке: 

– Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай, қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай, 

тындырымды інісі болса, қанат-құйрығы сай болып, көңілі жай болып, ағаның алар 

тынысы болса, інінің міндеті – басқару, ағаның реті – бас бағу емес пе? – деген екен.

Осы мəжілісті басқарып отырған Тəуке хан билердің, əсіресе, Əйтекенің берген 

жауабына риза болып, шын ықылас білдіріпті деседі.



ТӨЛЕ БИДІҢ ƏУЛИЕЛІГІ ТУРАЛЫ

Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде Төле үйін жықпай, жұртта 

қалыпты-мыс. Қалмақтың əскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, 

Төле би: «Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүние жүзін топан 

суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам 

баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған жануар еді. Мен өз болашағымды 



қорғап қалған жануардың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым», – дейді. 

Document Outline

  • SEN_BILESIN_BE_301
  • SEN_BILESIN_BE_302
  • SEN_BILESIN_BE_303
  • SEN_BILESIN_BE_304
  • SEN_BILESIN_BE_305
  • SEN_BILESIN_BE_306
  • SEN_BILESIN_BE_307
  • SEN_BILESIN_BE_308
  • SEN_BILESIN_BE_309
  • SEN_BILESIN_BE_310
  • SEN_BILESIN_BE_311
  • SEN_BILESIN_BE_312
  • SEN_BILESIN_BE_313
  • SEN_BILESIN_BE_314
  • SEN_BILESIN_BE_315
  • SEN_BILESIN_BE_316
  • SEN_BILESIN_BE_317
  • SEN_BILESIN_BE_318
  • SEN_BILESIN_BE_319
  • SEN_BILESIN_BE_320
  • SEN_BILESIN_BE_321
  • SEN_BILESIN_BE_322
  • SEN_BILESIN_BE_323
  • SEN_BILESIN_BE_324
  • SEN_BILESIN_BE_325
  • SEN_BILESIN_BE_326
  • SEN_BILESIN_BE_327
  • SEN_BILESIN_BE_328
  • SEN_BILESIN_BE_329
  • SEN_BILESIN_BE_330
  • SEN_BILESIN_BE_331
  • SEN_BILESIN_BE_332
  • SEN_BILESIN_BE_333
  • SEN_BILESIN_BE_334
  • SEN_BILESIN_BE_335
  • SEN_BILESIN_BE_336
  • SEN_BILESIN_BE_337
  • SEN_BILESIN_BE_338
  • SEN_BILESIN_BE_339
  • SEN_BILESIN_BE_340
  • SEN_BILESIN_BE_341
  • SEN_BILESIN_BE_342
  • SEN_BILESIN_BE_343
  • SEN_BILESIN_BE_344
  • SEN_BILESIN_BE_345
  • SEN_BILESIN_BE_346
  • SEN_BILESIN_BE_347
  • SEN_BILESIN_BE_348
  • SEN_BILESIN_BE_349
  • SEN_BILESIN_BE_350
  • SEN_BILESIN_BE_351
  • SEN_BILESIN_BE_352
  • SEN_BILESIN_BE_353
  • SEN_BILESIN_BE_354
  • SEN_BILESIN_BE_355
  • SEN_BILESIN_BE_356
  • SEN_BILESIN_BE_357
  • SEN_BILESIN_BE_358
  • SEN_BILESIN_BE_359
  • SEN_BILESIN_BE_360
  • SEN_BILESIN_BE_361
  • SEN_BILESIN_BE_362
  • SEN_BILESIN_BE_363
  • SEN_BILESIN_BE_364
  • SEN_BILESIN_BE_365
  • SEN_BILESIN_BE_366
  • SEN_BILESIN_BE_367
  • SEN_BILESIN_BE_368
  • SEN_BILESIN_BE_369
  • SEN_BILESIN_BE_370
  • SEN_BILESIN_BE_371
  • SEN_BILESIN_BE_372
  • SEN_BILESIN_BE_373
  • SEN_BILESIN_BE_374
  • SEN_BILESIN_BE_375
  • SEN_BILESIN_BE_376
  • SEN_BILESIN_BE_377
  • SEN_BILESIN_BE_378
  • SEN_BILESIN_BE_379
  • SEN_BILESIN_BE_380
  • SEN_BILESIN_BE_381
  • SEN_BILESIN_BE_382
  • SEN_BILESIN_BE_383
  • SEN_BILESIN_BE_384
  • SEN_BILESIN_BE_385
  • SEN_BILESIN_BE_386
  • SEN_BILESIN_BE_387
  • SEN_BILESIN_BE_388
  • SEN_BILESIN_BE_389
  • SEN_BILESIN_BE_390
  • SEN_BILESIN_BE_391
  • SEN_BILESIN_BE_392
  • SEN_BILESIN_BE_393
  • SEN_BILESIN_BE_394
  • SEN_BILESIN_BE_395
  • SEN_BILESIN_BE_396
  • SEN_BILESIN_BE_397
  • SEN_BILESIN_BE_398
  • SEN_BILESIN_BE_399
  • SEN_BILESIN_BE_400



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет