Қалалық МƏдениет



жүктеу 5.76 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата31.01.2017
өлшемі5.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚША ЖЫЛ САНАУ ЖҮЙЕСІ

Жыл санаудың өзіндік үлгісі қазақ халқында да бар. Қазақтар жылды мүшел арқылы 

санайды. Бір мүшелді он екі жыл құрайды. Əр жылға он екі аңның аты берілген. Олар: 

тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Ай аттары: 

наурыз, сəуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, 

қаңтар, ақпан. Əр жылдың наурыз айының 22 жұлдызы – қазақтар үшін жаңа жыл, жыл 

басы. 

1  Тышқан  



 

1972    


1984    

1996    


2008 

Сиыр 



 

  1973 


 

 1985 


 1997 

 2009


Барыс 


  1974 

 1986 


 1998 

 2010


Қоян 


 

  1975 


 1987 

 1999 


 2011

Ұлу 



 

  1976 


 1988 

 2000 


 

 2012


 

Жылан 



  1977 

 1989 


 2001 

 2013


Жылқы 


 

 1978 


 1990 

 2002 


 2014

Қой 



 

  1979 


 1991 

 2003 


 2015

Мешін 



  1980 

 1992 


 2004 

 2016


10 

Тауық 


  1981 

 1993 


 2005 

 2017


11 

Ит 


  1982 

 1994 


 2006 

 2018


12 

Доңыз 


  1983 

 1995 


 2007 

 2019


361

КҮНТІЗБЕ 

Осы кестені пайдаланып қазақтар өзінің қай жылы туылғанын есептеген. Сонымен, 

мүшелдік жыл санау тышқаннан басталады. Əр жылдың атауына байланысты өз 

ерекшелігі болады. Соған қарап, ежелден қазақ халқы ауа райына қатысты құбылыстарды 

бақылап, қай жылда, қайсы айда, тіп ті қай күндері ауа райы қандай болатынын 

анықтап отырған. Кейбір адамдар өткен мезгілдердегі өзгерістерді салыстыра есептей 

отырып, алдағы уақыттағы ауа райын болжай алған. Оларды «есепшілер» деп атаған. 

Ал кейбіреулер шоқжұлдыздарға қарап та күннің қашан жауатынын, желдің қайдан 

шығатынын, қысқасы, жылдың əр мезгіліндегі ауа райын алдын ала болжап отырып, 

дəл айтқан.



Мүшел жас

Жыл қайыру бойынша он екі жыл айналғанда 

бір мүшел толады. Көне көз қариялар өткен 

жылдарды есептегенде немесе адам жасын 

айырғысы келгенде осы мүшелді қолайлы 

көреді.


Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті 

есте ұстаған жөн. Яғни, бала 13 жасқа толғанда 

– бір мүшел деп қайырады да, кейінгілеріне 12 

жылдан қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 

жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 

49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел 

– 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын 

оңай шығарады.

Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше 

жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тəсілін 

үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы 

өткенін білмей, əбден шатасады. Сонда қаған 

өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды 

анықтауда көп жаңылыстық, ал бізден кейінгілер 

бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл – біздің кейінгіге 

қалдырған ескерткішіміз болсын», – деп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы 

хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте 

бастайды. Бəрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен, 

судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы – тышқан аталыпты. Одан кейін судан 

сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. 

Сөйтіп, əрқайсысы бір-бір жылдың атын алыпты.

Осылай, он екі жыл бір айналып шықса, бір мүшел жас, екі айналып шықса, екі 

мүшел жас деп есептеліпті.


362

КҮНТІЗБЕ 

13 жас

Жоғарыдағы мүшел жылдардың əрқайсысының адам өміріне тигізер əсері, ықпалы 

болады. Алғашқы мүшелде он үш жастағы баланың ересектік шаққа өту кезеңі 

айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың даусы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың 

дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыз осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған 

жасты «Он үште – отау иесі» деп дəріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды 

қолға алған. Осындай жеткіншек шағында Ақтамберді жырау:

– Жасым жетіп он беске,

Кірер ме екем кең есікке,

Бұғана қатып, бел бекіп.

Ерегіскен дұшпанмен,

Шығар күн туса күреске! – деп талпынса, Алмажан Азаматқызы:

– Он төртіме келгенде, 

Салиқалы қыз болдым, 

Жібектей шашын талдаған.., – деп, бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін 

аңғартады.



25 жас

Жиырма бес жас – нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат 

кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей, жалындап тұратын 

кез. Бұл дəуренді Жүсіп Баласағұн:

– Ең тəтті кез – жігіттіктің шағы да,

Игіліктің о да берген бағы да, – деп дəріптесе, ұлы Абай:

– Жастықтың аты арындап,

Тас қияға өрледің, – дейді. Шал ақын:

– Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,

Қайратың қиратқандай таудың тасын, – деп тамсана жырына қосқан.



363

КҮНТІЗБЕ 

37 жас

Отыз жеті жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырықтың 

қырқасына көтерілген кез. Бұл уақытты Ж.Баласағұн:

– Жас та келіп қырықпенен астасар.

Сол уақытта жігіттік me қоштасар, – деп, ал Бұқар жырау:

– Қырық деген жасыңыз

Ерттеп қойған құр аттай, – деп бедерлесе, Шал ақын:

– Қырық та бір жас екен, қырдан астым,

Көңілді тасып жүрген əрең бастым, – деп сабасына келеді.

49 жас

Қырық тоғыз жас – бойдағы күш қайта бастағанымен, кəрілікті əлі мойындамаған, 

ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы.

Бұқар жырау:

– Елу деген жасыңыз

О да бір көшкен ел екен, – деп толғанса, Шал ақын бұл кезеңді:

– Елу де бір жас екен есептеулі,

Есептеп елдің жөнін білсек дейді,

Кешегі жиырма жас қайтып келіп,

Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, – деп кейіптейді.



364

КҮНТІЗБЕ 

61 жас

Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тəубеге келетін 

кезең.

Бұл мезгілді Бұқар жырау:



– Алпыс деген жасыңыз

Қайғылы-мұңлы күн екен, – деп мойындаса, Шал ақын:

– Алпыстағы жасыңыз

Қоңыр салқын күн екен, – деп бейнелеп барып:

– Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сəні,

Алпыста бойда қуат тұрмас бəрі, – деген тоқтамға келеді.



73 жас

Бұл мүшелде кəрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы 

қиындайды. Бұл кезеңді Ж.Баласағұн:

– Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,

Жасарып an жас келіндей ырғалар.

Қуантар да, жалған салар сүргінге,

Теріс қарар мəз қып қойып бір күнге, – деп суреттесе, Шал ақын:

– Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,

Мойныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, – деп күрсінеді.


365

КҮНТІЗБЕ 

85 жас

Сексен бес жас. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты 

өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұқар жырау бұл уақытты:

– Сексен деген жасыңыз

Қараңғы тұман түн екен, – деп тұқыртса, Шал ақын:

– Сексенде тұяғыңды серіппейсің,

Селт етіп еш нəрсеге елікпейсің, – деп сынап, мінейді.

97 жас

Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай 

жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады. Осы мезгілді Шал ақын:

– Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,

Сүйегің қартайған соң бор екенсің,

Тоқтының баласына əлің келмей,

Балаңның баласына қор екенсің, – деп толғаса, Мəделі Жүсіпқожаұлы:

– Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,

Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.

Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,

Денеңе қызу емес, мұз келеді, – деп түйіндейді.

Иə, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Дегенмен, Алладан сол жасқа 

жеткізсін деп тілейік.


366

АЙ АТТАРЫНЫҢ СЫРЫ 

► Наурыз – көктемнің алғашқы айы. 

Парсыша «жаңа күн» деген мағына береді. 

Шындығында, наурыз айдың аты емес, 

жыл басы мейрамының атауы. Қазақтар 

наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні – 

жыл басы ретінде тойлау дəстүрімен ай 

атына айналдырып жіберген. Наурыздың 

22-інде күн мен түн теңеледі.



◄ Сəуір – көктемнің екінші айы. 

Арабша «өгіз» деген мағынаны білдіреді. 

«Өгіз» – күн жолындағы шоқжұлдыздың 

аты. Қазақтар оны ай аты ретінде 

қолданып кеткен. Сəуірдің ертеден келе 

жатқан қазақша аты «көкек» болатын. 

«Көкек – ұшқалақ, жеңілтек құс, өз 

атын өзі шақырады. Сондықтан бұл сөз 

жағымсыз мəнде айтылады» деген оймен 

оны сəуірмен алмастырған.



► Мамыр – көктемнің соңғы айы. 

Жыл құстарының мамығын төгіп, көл 

жағасына ұя салып мамырлайтын, 

семіретін кезі. Ескі түркі тілінде 

«мамыр» тоқшылық, семіру деген 

мағынаны білдіреді. Осы айда мал да 

оңала бастайды.


367

АЙ АТТАРЫНЫҢ СЫРЫ 

► Маусым – жаздың алғашқы айы. 

Арабтың «мезгіл» деген сөзі. Шөп шабу, 

пішен дайындау маусымына байланысты ай 

аты осылай аталған. Үнді, Еуропа тілдерінде 

«маусым» сөзімен төркіндес «муссон» 

термині «жазда мұхиттан құрлыққа, ал 

қыста құрлықтан мұхитқа қарай соғатын 

жел» дегенді білдіреді.



► Шілде – жаздың екінші айы. Парсы 

тілінде (шіллə) «қырық» деген мағынаны 

білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі 

ыстық күндері осы айда өтеді. Ол əуелде 

қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, 

кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып 

кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара 

бастайды.



◄  Тамыз – жаздың соңғы айы. «Күйдіру» 

деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де 

осы мағынадан туындаған. Тамыз айында 

аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып

қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы 

құбылыстарға байланысты бұл айды кейде 

«сарша-тамыз» деп қосарлап айтады. Яғни 

«сарша» сөзінің арғы тегі – «сары шақ», 

ежелгі түркі сөзі.

► Қыркүйек күздің алғашқы айы. 

Осы айда қой мен ешкінің төлдеу 

уақытын көктем айына келтіру үшін 

қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл 

шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. 

Сол себепті «қыр» жəне «күйек» 

сөздерін біріктіріп, айды «қыркүйек» 

атап кеткен.



368

АЙ АТТАРЫНЫҢ СЫРЫ 

► Қазан – күздің екінші айы. Парсы 

тілінде «күз» дегенді білдіреді. Бұл айда егін 

орылып, жеміс-жидек жиналып, қамбаға, 

қазанға түседі. Жерде қалғанын суық 

соғып, үсік шалады. «Қазан соғу» деген осы 

мағынаны білдіреді.



► Қараша – күздің соңғы айы. Жердің оты 

кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. 

Ай атының «қараша» деп аталуы да осыны 

мегзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны 

халық «қарашаның қары» деп атайды.

◄ Желтоқсан – қыстың алғашқы 

айы. «Жел» жəне «тоқсан» деген 

түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. 

Яғни, үш ай желді жəне боранды 

деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда 

үш ай болатыны көпке белгілі. Ежелгі 

түріктер жел айы немесе тоқсан деп 

те атаған.

Желтоқсанның 22-інде күн барынша 

қысқарады.



► Қаңтар қыстың екінші айы. 

Қаңтар – ескі түркі сөзі. Күннің 

барынша қысқарып, байланғандай 

қаңтарылып тұрып қалуына орай 

«қаңтар» деп атаған. Бұдан кейін күн 

ұзара бастайды. «Қаңтарда күн қарға 

адым ұзарады» дейді халық.


369

АЙ АТТАРЫНЫҢ СЫРЫ 

▼ Ақпан қыстың соңғы айы. «Ақпан» – қазақтың «ақ ықпа», яғни боран деген 

сөзінен шыққан. Осы айда келетін амалды «Ақпан-дақпан алты күн, аязымен жеті күн» 

деген. Бұл жеті күн нағыз қыс ортасына келеді. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын 

болады. Аяз күшейеді. Малдың жұтқа ұшырауы осы айда басталады. Олар тауды 

ықтап, ағашты паналайды. Айдалада адасып, аштық пен суықтан қырылып қалады. 

Жұт дегеніміз – осы.

Күнделікті тіршілігімізде қолданып жүрген күн қайырудың жүйесін «азаматтық 

ай» немесе «дəстүрлі ай» деп атайды. Осымен бірге, кейде шоқжұлдыздық айды да 

қолданамыз. Шоқжұлдыздық айдың есебі көктегі жұлдыздар бойынша жүргізіледі 

жəне арасы бір айға тең. Яғни, Күн Жерді 365 тəулікте айналып шыққанда он екі 

шоқжұлдызды басып өтеді. 

Шоқжұлдызды айдың дəстүрлі аймен сəйкес келуі төмендегідей:



Қазақша   

Көне түркіше 

Орысша 

    Жұлдызға сəйкес айлар

Тоқты 


 

Қозы   


 

Овен   


    21 наурыз 20 сəуір

Торпақ   

Үд (сиыр)   

Телец  


    21 сəуір – 20 мамыр

Егіздер   

Ерентұз 

 

Близнецы      21 мамыр – 21 маусым



Шаян 

 

Қучық 



 

Рак   


    22 маусым – 22 шілде

Арыстан   

Арслан 

 

Лев   



    23 шілде – 23 тамыз

Бикеш 


 

Бұғдай башы 

Дева   

    24 тамыз – 23 қыркүйек



Таразы   

Үлгу (таразы) 

Весы   

    24 қыркүйек – 23 қазан



Бүйі 

 

Чадан (құрт)  



Скорпион      24 қазан – 22 қараша

Мерген   

Йа (жақ) 

 

Стрелец 



    23 қараша –21 желтоқсан

Ешкімүйіз 

Оғлақ (лақ)   

Козерог 


    22 желтоқсан –20 қаңтар

Суқұюшы  

Көнек  

 

Водолей 



    21 қаңтар – 19 ақпан

Балықтар  

Балық  

 

Рыбы  



    20 ақпан – 20 наурыз

370

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ 

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ БІЛІМ АЛҒАН 

АЛҒАШҚЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ 

Көне заманғы медреселер қазіргі университеттердің дəрежесіндей болған. Əуелі 

Құранның түсініктемесі – Құран Кəрімді оқыған. «Аса қамқор, ерекше мейірімді 

Алланың атымен бастаймын» деп басталатын жүзден астам сүрені шəкірттер екі 

жыл оқыған. Сосын жағрапия, астрономия, пəлсапа пəндері жүрген. Жағрапияда жер 

бетіндегі шөл мен тау, өзен мен теңіздер туралы айтылған. Астрономия – жұлдыздар 

əлемі туралы білім. Пəлсапа (философия) – қоғамның даму сатыларын, адам мен 

қоғамның ара қатынасын ашатын ғылым.

Отырар, Самарқанд, Бұхара медреселерінде Аристотельдің, Платонның, Əбу Насыр 

əл-Фарабидің шығармалары оқытылған. Медреседе өмірін білімге арнаған ғұламалар 

білім берген.

Ахмет Риза медресесі

Ахмет Риза медресесі – ХІХ ғасырда Семей 

қаласында болған оқу орны. Оны философия 

мен ескі шығыс əдебиетіне жетік ғұлама Ахмет 

Риза ұйымдастырған. Медреседе шəкірттер діни 

сабақтармен қатар, шығыстың классик ақындарының 

шығармаларымен, араб, парсы тілдерімен танысып, 

арифметика, география, тарих пəндерінен дəріс 

алған. 

Ахмет Риза медресесі шығыс əдебиетін насихат-



тап, сол кездегі басқа діни оқу орындарынан əжеп-

теуір озық саналған. Бұл медреседе ұлы ақынымыз 

Абай 3 жыл оқыған. Ақын осында түрік, араб, пар-

сы тілдерін үйреніп, бүкіл шығыс классиктерінің 

өлеңдерімен, философиялық ой-тұжырымдарымен 

танысты. Оның алғашқы өлеңдерінің айқын шығыс 

ақындары ізімен жазылғандығы да сондықтан. 

1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер 

Кеңесінің шешімі жəне Мəдениет министрлігінің 

арнайы хаты бойынша Ахмет Риза медресесі қалалық 

Абай мұражайы кешеніне енгізілді. 


371

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ

Айғаным медресесі

Айғаным медресесі Сырымбеттегі Айғаным ханымның мекен-жайына мешітпен бірге 

1834 жылы салынған. Жалпы аумағы 200 шаршы метрден астам медреседе əрқайсысына 

20 шəкірттен сыятын 5 бөлме болған. Медреседегі дін оқуына, мұсылманша хат тануға 

сол төңіректегі жас балалар көп тартылған. Шəкірттерге сабақ беруге таңдаулы ұстаздар 

шақырылған. 



«Ғалия» медресесі

«Ғалия» – мұсылмандардың жоғары діни оқу орны. 1872 жылы Башқортостанның 

Уфа қаласында ашылған. Оның ұйымдастырушысы əрі директоры – түркі зиялысы 

Зия Камали. Медресенің «Ғалия» (арабша – «ұлы», «мəртебелі») аталуы оның жоғары 

дəрежелі оқу орны екенін аңғартады. «Ғалия» медресесінде дін сабақтарымен қатар 

араб, парсы, түрік тілдері, исламдық хұқық (шариғат), шығыстану тарихы, арифметика, 

ал ХХ ғасырдың 10-шы жылдарынан бастап төте оқу үлгісі бойынша химия, физика, 

математика, география, т.б. жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ орыс тілі мен 

əдебиеті де оқытылған. 

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында «Ғалия» медресесінде көптеген 

қазақ жастары білім алды. Олардың ішінде М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев, 

Ж.Тілепбергенов, Қ.Оразбаев, И.Тасболатов, Ш.Назаров, Ғ.Қамзин, М.Оразбаев, 

Б.Серкебаев т.б. барлығы 50-ден астам белгілі қазақ азаматтары болған. Мұнда қазақ 

Айғаным медресесінде қазақтың көрнекті 

ғалымы Шоқан Уəлиханов мұсылманша 

алғаш сауатын ашқан. Сондай-ақ оның 

талантты, өнерлі інілері Жақып, Махмет, 

Қозыке, Қоқыш жəне тағы да басқа көзі ашық 

жастар тəрбие алған. 

қыздары да дəріс алған. Жайық өңірінен 

барған шəкірттер арасынан кейіннен аты елге 

танымал А.Мəметов, Н.Манаев, Б.Жəнекешев, 

М.Рахманберлиев сияқты қайраткерлер 

шықты. 1911 жылы «Ғалия» медресесіндегі 

қазақ шəкірттерінің қаражатымен «Əліппе 

яки төте оқу» атты қазақша оқулық жарық 

көрді. Медреседе оқыған қазақ жастары 1913 

– 14 жылдары «Садақ» атты қолжазба журнал 

шығарып тұрды. Оны шығарушылардың бірі – 


372

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ 

 «Бағбұстан ханым» қыздар медресесі

«Бағбұстан ханым» қыздар медресесі (Орынбор) – Бағбұстан Момынованың 

ұйымдастыруымен 1910 жылы ашылған медресе. «Бағбұстан ханым» қыздар 

медресесінде татар, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек қыздары білім алған. Медреседе 

он жылда 1212 шəкірт оқып, оның ішінде 347 мұғалім даярланды. «Бағбұстан ханым» 

қыздар медресесін ұйымдастыруға, оның ғылыми жұмыстарына физика мен табиғаттану 

пəндерінен оқулық жазған Ғұбайдолла Рдуди жəне «Ғалия» медресесін ашқан (1906) 

Зия Камали көмектескен. 



«Құсаиния» медресесі

«Құсаиния» медресесі – жоғары дəрежелі діни оқу орны. Ресми түрде 1891 жылы 

Орынбор қаласында ағайынды Ахмед, Ғани жəне Махмуд Құсайыновтардың қаржысына 

ашылған. «Құсаиния» медресесінің 10 жылға есептелген бастапқы оқу бағдарламасында 

дүнияуи пəндер басым болды. Кейін діни пəндер күшейтіліп, оқу бағдарламасы 14 

жылға созылды. Алғашқы 3 сыныбы – бастауыш ибтидай, одан кейінгі 4 сынып – орта 

рушди, кейінгі 4 сынып – жоғары дəрежелі білім алуға əзірлейтін иғдадия жəне соңғы 

3 жыл – жоғары ғалия бөлімі болды. Орта есеппен 120 – 130 шəкірт білім алды. Қазақ, 

татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, құмық, қарақалпақ ұлтының өкілдері оқыған. 30 жыл 

ішінде 2 мыңнан аса мұғалім тəрбиелеп шығарды. «Құсаиния» медресесі 1919 жылы 

Құсайыновтар атындағы Мұғалімдер институты болып қайта құрылды.

«Мамания» мектебі

Қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданының Қарағаш деген жерінде ХХ ғасырдың 

басында «Мамания» мектебі жұмыс істеген. Мектепті атақты бай Маман мен 

балалары Тұрысбек, Сейітбаттал жəне Есенқұл қажылар ұйымдастырған. Құрылысты 

1899 – 1904 жылдар аралығында салып бітірген. Мектептің құрылыс жобасына, оқу 

бағдарламасына, ішкі ережелеріне Уфадағы «Ғалия» медресесінің оқу-тəжірибесін үлгі 

етіп алған. Алғашқы жылдары мектепте, негізінен, Маманның балалары мен қыздары 

жəне олардың малшы-жалшыларының балалары оқыды. Өйткені өзге адамдар «орысша 

оқыған соң балаларымыз дінінен шығып кетеді» деп, балаларын оқуға бермеген еді. 

Б.Майлин. Осы жастар тобы барлығы 1400 сомның қазақ кітаптарын жарыққа шығарды. 

«Ғалия» медресесінде оқып шыққан қазақ жастары жер-жерде мұғалім болып, халықты 

сауаттандыру ісіне үлкен үлес қосты. 



373

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ

Мектепте арнаулы оқу орындарын бітірген қазақ, татар мұғалімдері сабақ берген. Сабақ 

ана тілінде жүргізілген. Орыс тілі 4-ші сыныптан бастап жеке пəн ретінде оқытылды. 

Мектепте діни сабақпен қатар жаңа пəндер (география, есеп, орыс тілі, ана тілі, т.б.) 

жүргізілді. «Мамания» мектебін бітірген қазақ жастары Ақсу, Қапал, Лепсі елді 

мекендерінде бала оқытып, мұғалімдік қызмет атқарды. 1928 жылы қазақ байларын 

кəмпескелеу кезінде Маманның ұрпақтары жер аударылып, қуғын-сүргінге ұшырады. 

Бөкей ордасындағы мектеп

Бөкей мектептері – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Бөкей ордасы 

аумағында шəкірттерге арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған оқу орындарының 

бірі, 1841 жылы 6 желтоқсанда Жəңгір ханның бастамасымен тұңғыш рет Орда 

қаласында ұйымдастырылған орысша-қазақша мектеп. 1868 жылы Бөкей ордасының 7 

əкімшілік-аумақтық бөлігінде: Қамыс-Самар, Талов, Нарын, Қалмақ, Тарғын жəне 1,2-і 

Теңіз жағалауы округтерінде бастауыш мектептер болды. 

1879 – 80 оқу жылында Жəңгір мектебі 2 кластық училищеге айналды. 1883 жылы 

Ордада қазақ қыздарына арналған мектеп, 1893 жыл Қанішкенде (Ганюшкин) 2 кластық 

училище, 1895 жылы Хұсни-Жамал Нұрлыханованың қазақ қыздарына арналған жеке 

мектебі ашылды. 1899 жылы 1 қыркүйекте Ордада бастауыш білім беретін орыс мектебі 

ашылды. 1904 – 05 оқу жылынан бастап бұрынғы Жəңгір мектебінің ізінде ашылған 2 

кластық училище ірілендіріліп, арнаулы білім бере бастады. 1911 жылы Орда қаласында 

2 қыздар мектебі шəкірттер қабылдады. Сол жылы Бөкей ордасы аумағында бір 4 

кластық қалалық училище жəне оның жанындағы педкурс, төрт 2 кластық (олардың 

біреуі – қыз балаларды оқытуға арналған), отыз бес бастауыш мектеп (олардың 29-ы – 

ер балаларға, 6-ы – қыздарға арналған), екі діни мектеп жұмыс істеген.

1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет