Қалалық МƏдениет



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата31.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3083
1   2   3   4   5   6   7

ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ 

«Абай ережесі»

1885 жылы мамыр айында Шар өзені 

бойында Орта жүз рулары бас қосқан 

жиын өткізілді. Оған жүзден астам билер 

қатысты. Бес дуан ел бас қосқан бұл жиын 

74 баптан тұратын «Ереже» қабылдады. 

Өкімет тарапынан негізгі жоба ұсынылса 

да, ол қазақтың «Есім салған ескі жолы, 

Қасым салған қасқа жолымен» ұштасып 

жатуы керек болатын.

Далалықтарға, яғни қыр халқына ғана 

тəн əдет-ғұрып, дағды-машықтар ұлы 

дана Абайға жақын əрі түсінікті еді. Ол 

ережеге көп өзгертулер, түзетулер қосып, 

өңдеді. «Абай ережесі» қамтыған кейбір 

дəстүрлерде өзіндік ерекшеліктер мен 

жаңалықтар байқалды. Бұл Абайдың 

туған халқының мүддесі жолындағы 

күресте жеткізген тарихи жеңісі еді. Заң 

алдындағы жауапкершілік өмір талабына 

сай өзгертілген.

«Абақ керей ережесі»

Қытай мен Моңғолияда тұратын керей тайпасының бір тармағы болып табылатын 

абақ керейлер ұстанған «Абақ керей ережесі» аталған құқықтық ережелер жинағы 

болған. «Абақ керей ережесі» Моңғолия Ғылым академиясының Тарих ғылыми-

зерттеу институтының қорынан табылды. Бұл ереже «Қазақтың əдет-ғұрып құқығының 

материалдары» атты жинаққа 1996 жылы алғаш рет енді. 

Құжаттың 2-і тармағында керей тайпасының билері көпшілік қауымды жинап, 

абақ керей қазақтары ұстанатын осы заңды жасауға ұйғарғанын жазады. Ереже 

қазақтың əдет-ғұрыптары мен шариғат қағидаларына негізделіп жасалған. Ереже 

17 тармақтан, 35 баптан тұрады. Онда «Үйлену, некеге отыру жайында», «Жарлы-

жақыбай, кедейлерге жəрдем ету, қол ұшын беру турасында», «Несие, қарыз талап 

ету жайында», «Бөгдені мұқату, жəбірлеу турасында» т.б. қағидалар бекітілген.



336 СОТ ІСІ 

Дау

Дау – талас-тартысқа түскен мəселе,  яғни халықтың əділдікке жүгінуі. Қазақтың 

үлкен дау-жанжалы, негізінен, құн, жер дауы мен жесір дауына байланысты. 

Даугерлер биге жүгінеді. Би ақсақалдарды қатыстыра отырып, жиын өткізеді. Мұнда 

екі жақтан да шешен даугерлер шығып, қамшы тастап өздерінің дəлелдерін ұтымды 

сөзбен жеткізіп отырады. Дауда шешендік, тапқырлық, қарсы жақтың осал тұстарын 

дəл басатын біліктілік керек. Дауға төбе би төрелік айтады, яғни үкім шығарып, 

бітім жасайды. Би, ақсақалдар шешімі – заң жəне ол талқылауға жатпайды. Бұған 

даугерлер де тоқтайды.

Жүгіну

Ертедегі қазақ қоғамындағы жəбірленуші өз талап-тілегін қанағаттандыру үшін 

биге өтініш жасап барған, яғни биге жүгінген. Жүгінуші кісі би алдына келіп, өз талап-

тілегін білдіреді. Кейде би алдына дауласушы екі жақ жүгінуге куəгерлерімен, өз 

жақындарымен бірге келетін болған. Талап етілген даулы істі қарау-қарамауды бидің 

өзі шешкен. Дəстүр бойынша бидің əділ төрелігіне дауласушы жақтар мойынсұнатын. 

Би төрелігіне қанағаттанбағандар өзге биге, кей жағдайларда сұлтандар мен хандарға 

барып жүгінген. Кейде дауласушы тараптардың екі жағы да алдын ала билік шығарып 

беру үшін жүгініп отырған би қандай кесім шығарса да, разы болатынын білдіреді. 

Мұндайда биге жүгінгендердің би шешіміне қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Ал ру 

мен ру арасындағы ушыққан үлкен даудың байлауын тауып, бітісу үшін əр рудың сөз 

ұстаған билері төбе биге жүгінетін болған.



Айып

Қылмысы, ұрлығы, дəстүрді бұзғаны, т.б. жағымсыз іс-əрекеті үшін қылмыскерге 

берілетін жаза – айып. Мысалы: көп алдында орынсыз дау, жанжал шығарған адамдарға 

айып салынады. Жазаланушы адам оны сол сəтте орындауға тиіс. Айыптың түрлері 

көп. Жеңіл кінəлары үшін тон немесе ат төленеді. Ауыр қылмыс жасағандар «тоғыз» 

төлейді. Бұл – түйе бастатқан тоғыз мал немесе ат бастатқан тоғыз мал болмаса өгіз 

бастатқан тоғыз мал деген сөз. (Түйе бастатқан тоғыз – 3 бас түйе, 3 бас сиырдан тұрады. 

Ат бастатқан тоғыз – 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой т. с). Əрине, бұдан басқа да түрлері бар. 

Айыптың əлеуметтік, тəрбиелік маңызы зор.

СОТ ІСІ 


337

СОТ ІСІ 

 Жаза

Ұрлығы, тентектігі, кінə, күнəлары үшін қолданылатын шаралардың бірі – жаза. Билер 

кеңесінің шешімі бойынша, жазаға ұшыраған адамға жұрт көзінше дүре соғылады, 

қара есекке теріс мінгізіліп ел аралатады. Егер жазаны алған əйел болса, бетіне күйе 

жағылады («қарабет болды» деген осыдан шыққан), шашы кесіледі немесе ері талақ 

етеді. 


Құран ұстау

Құран ұстау – діни ғұрып. Орынсыз жала жабылғанда өзінің ақтығын, адалдығын 

дəлелдеу үшін немесе қылмысын қайталамау үшін адам қолына мұсылманның қасиетті 

кітабы – Құран ұстап «егер осы істе мен кінəлы болсам, Құран ұрсын!» деп ант беріп, 

нан жейді. Бұл оның кінəсіздігінің немесе сертте тұратындығының толық дəлелі. Қарсы 

жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың «Құран, нан» деп 

қарғануы осыдан шыққан.

Құн төлеу

Ұрыс-төбелесте, барымтада кісі өлімі болған жағдайда айыпкерлер жағы құн төлеуге 

тиіс. Мұндайда екі жақтан ақсақалдар мен билер шығып дауды қарап, қандай мөлшерде 

құн төлейтінін шешеді. Егер даугер жағы «қанға – қан» дегеннен (өлімге – өлім) бас 

тартып «құнға» келіссе, оның шартын, уақытын белгілейді. Əз-Тəукенің «Жеті жарғы» 

заңы бойынша, ер адамның құны – 100 жылқы не 50 түйе немесе 1000 қой, əйелдің 

құны – осының жартысына тең. Екіқабат əйелді ұрып, баласын түсірсе, айыпкер бір ат 

немесе бір түйе, біреудің бас бармағын сындырған адам 100 қой құн төлейді. Күйеуін 

өлтірген əйел өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса, ол 

құн төлеп құтыла алмайды.



Дүре салу

Жазаның ауыр түрі əрі масқаралау түрі – дүре салу. Көбінесе, жазалының құйрығын 

жалаңаштап қойып, жазасына қарай 25, 50, 75, 100 қамшы дүре соғылады, яғни ұрады. 

Дүре үстінде өліп кеткендерге құн төленбейді. Мұндай ауыр жаза ұрыларға, опасыздарға, 

ауыр қылмыскерлерге, қолға түскен барымташыларға, өшті-қасты адамдарға беріледі, 

кек алу жолында да қолданылады. Дүре көп алдында соғылады жəне оның əлеуметтік, 

тəрбиелік, заң жолында да атқаратын қызметтері бар. Мысалы, мұндай жазаны көрген 

адамдар қылмысқа көп бара бермейді.



338

СОТ ІСІ 

Аяғына жығылу

Кешірім сұраудың ең үлкен жəне кішіреюдің ең ауыр түрі аяғына жығылу болып 

табылады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның 

үйіне барып кешірім сұрайды. Егер іс қиындап кетсе, айыпкер қарсы адамның алдына 

жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы керек. «Алдыңа келсе, атаңның құнын 

кеш» дегендей, мұндайда кешірім етіледі. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып 

есептеледі.

Сауға

Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға кесілген адамға сауға, яғни кешірім, бостандық 

немесе жеңілдік сұрайтын дəстүр болған. Бұл, негізінен, адам басын өлімнен, өте ауыр 

жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді, сөзі өтетін адамдар ғана сұрай 

алған жəне ол көп жағдайда беріліп отырған. Сауға сұрап алған адам да өз жолынан 

жығылмай тиісті адамның құнын, шығынын өтеп, екі елді бітімге келу жолына шақырған. 

Сауға, негізінен, бітім, бірлік, татулық жолына қызмет етеді.

Барымта

Ертеде дау-жанжалда есесі кеткен ел өз қарсыластарының малын (жылқысын) күш, 

қару жұмсап айдап, қуып əкететін болған. Мұны «барымта» дейді. Кейде мынадай жағдай 

да болады. Егер қарсы жақ құнға немесе айыпқа мал төлейтін болып, оны мерзімінде 

төлемейтін болса, онда даугерлер ол елдің малын барымталап алады. Барымта кейде 

кек қайтару, өш алу мақсатымен де жасалады. Бұл жағдай өткен ғасырларда қазақ 

даласында жиі кездесіп тұрған.


339

СОТ ІСІ 

Тасборан

Бір адам ел-жұртына сатқындық жасаса немесе əйелі еріне опасыздық жасаса немесе 

ел-жұрт естімеген, көрмеген қылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірсе, т.б. 

өте ауыр қылмыстары үшін ол «тасборан» арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни өлімге 

бұйырылушының аяқ-қолын байлап жұрт алдына əкеліп, оған қатысқан барлық адам 

қолына бір-бір тас алып, қылмыскерді сол таспен ұрып өлтіреді. 



ДƏСТҮРЛІ ЛАУАЗЫМ-АТАҚТАР

Ежелгі замандардан бері билік иелерінің дəрежесін көрсету немесе атқаратын 

қызметтерін білдіру үшін белгілі бір лауазымдарды пайдаланған. Лауазымдар тайпалар 

мен мемлекеттердің барлығында бірдей болған жоқ. Түрік қағандығында мемлекеттің 

ең жоғарғы билеушісі – қағаннан бастап ру-тайпа бастығы – бектерге дейін 28 дəрежелі 

лауазым иелері болған. Уақыт өте олардың барлығы түгелдей өзгеріске ұшырады 

немесе жойылып кетті. Мəселен, орта ғасырларда қаған лауазымының орнын хан, бек 

лауазымының орнын би ауыстырды. Ал, бүгінгі таңда ірі лауазымдар – Республика 

Президенті, Премьер-министр, министр, əкім т.б. деп аталады. Міне, сен бұл кітапшадан 

осындай ежелгі жəне орта ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеген тайпалық 

одақтар мен мемлекеттерде қолданылған лауазымдардың кейбір маңыздыларымен 

қысқаша танысасың. 



ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Тəңірқұт – Ғұн мемлекетінің ең жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай тарихи 

еңбектерінде «тəңірқұт» сөзі «Тəңір ұлы», «Көктің ұлы» мағынасын білдіреді. 



Күнби (гунмо) – ежелгі Үйсін мемлекетінің жоғары билеушісінің лауазымы. Күнби 

лауазымы Ұлы күнби, Кіші күнби деп бөлінген. Үйсін елінде Ұлы күнби бүкіл мемлекетті 

басқарған. Ал Ұлы күнбиге Кіші күнби бағынышты болған. Кіші күнби мемлекеттің 

белгілі бір аумағына ғана басшылық жасаған.



Қаған  (қаһан) – ертедегі Түрік мемлекеттерінің жоғары билеушісі, əскербасы. Ол 

хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды 

билеп-төстеді. Қаған мемлекеттің ішкі жəне сырқы істерінің бəріне басшылық жасады. 

Қаған билігі əкеден балаға мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Қаған атауы дамыған 

ортағасырлық мемлекеттер тұсында өзгеріске ұшырап, оны хан сөзі алмастырды.


340

СОТ ІСІ 

 Хан



341

СОТ ІСІ 

Жабғұ – Түрік қағандығында билік жүргізген қаған мен ұлықтан (жоғары мəртебелі 

əкім, төре) кейінгі лауазым. Жабғұ бұдан соң Қарлұқ қағандығында, Қарахан əулеті 

мемлекетінде, оғыздар мен қыпшақтар мемлекетінде де сақталған.

Хан – түркі халықтарында қолданылған ең жоғары лауазым. Алғаш бұл атауды 

тайпалардың басшылары иемденді. Кейіннен тайпалық одақтар мен мемлекеттердің 

басшылары да хан атанды. Хандық билік белгілі бір əулеттің ұрпағына мұрагерлік 

жолымен жетті. Ханға барлық қол астындағылар сөзсіз бағынып, бұйрықтарын мүлтіксіз 

орындаған. 

Бек – əскери шен, атақ. Бектер ежелгі түркілер мемлекетінде қолбасылық дəрежесін 

атқарған. Бұл атақты Түрік қағандығы заманында қолданды. Сол кезде бектер қолдарына 

əскери билікті де, ел билігін де бірдей ұстаған. XV ғасырдан бастап бек атауын «би» 

сөзі ығыстырып шығарды. 



Беклербек – əскери шен, ең жоғары лауазымдардың бірі. Ол бектердің бегі деген 

мағына береді. Беклербегі бүкіл əскердің бас қолбасшысы қызметін атқарған. Онымен 

ІХ – Х ғасырларда оғыздарда қанаттардың (орта ғасырларда əскер оң жəне сол қанат 

деп екіге бөлінген) əскербасылары (беклер-бег) аталған. Ол Ұлы Селжұқ мемлекетінде 

де болған (бейлербей, əмир əл-əмира). Алтын Ордада ханнан кейін тұрған жоғары 

мемлекеттік қызмет беклербегінің қолында болған. Ол бас қолбасшылықпен қатар 

сыртқы істер министрі қызметін атқарып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық 

қатынас жүргізген.



Уəзір – орта ғасырларда кездесетін жоғары лауазымдардың бірі. Ханның мемлекетті 

азаматтық тұрғыдан басқару ісіндегі кеңесшісі болып, мемлекеттің ішкі өмірін 

басқарды. Олар қаржы, салық, экономикалық жəне ішкі саяси істерді жүргізді. 

Басқақ – орта ғасырлардан бастап қолданылған лауазым. «Басқақ» түркілердің «басу» 

сөзінен шыққан. Тəуелсіздігінен айырылып, өзге мемлекеттің боданына айналған 

елдің билеушісі басқақ деп аталды. Сонымен қатар Моңғол империясы бағындырған 

елдеріндегі өздері бақылауға қойған сенімді өкілдері де басқақ лауазымын иемденді. 

Оны даруға деп те атаған. Жаулап алынған жерлерге жергілікті тұрғындар тарапынан 

тағайындалған билеушінің қызметін тексеріп отыру үшін хан олардың сыртынан 

бақылаушы басқағын қойған. Басқақтың қарамағында арнайы əскері болған. 

Даруға (даруғабек) – ханның жеке иеліктеріндегі өкілінің лауазымы. Орта 

ғасырлардағы Орталық Азия хандықтарында қолданылған. Даруға өзіне бекітілген 

иелікті басқарумен қатар, алым-салықтың дер кезінде əрі дұрыс жиналуын бақылап 

отырған. 



342

СОТ ІСІ 

АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ 

БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Бітікші – көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы 

Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.



Аталық – хан ордасындағы тақ мұрагерінің тəрбиешісі. Ол – болашақ ханды 

оқытатын, əскери өнерді үйрететін, биліктің қыр-сырымен таныстыратын жоғары 

мəртебелі адам. Өзі тəрбиелеген ханзада билікке жеткен соң, оның кеңесшісі қызметін 

атқарған. 



Сұлтан – Салжұқтар мен Осман империясы кезіндегі мемлекет басшысы. Қазақстан 

мен Орта Азияда «сұлтан» сөзі Шыңғыс ханнан тараған əулеттің кез келген мүшесіне 

қосылып айтылды. Сұлтанның ұлысты басқаруға жəне ұлыс əскеріне қолбасшылық 

етуге құқығы болды. Сондай-ақ Шыңғыс ханның ұрпақтары екендігін білдіру үшін 

«сұлтан» терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» лауазымы да қосылып айтылған. 

Алайда «төре» сөзі сұлтанды ғана емес, көрнекті жəне атақты адамдарды, билеушілерді, 

қазылар мен билерді де білдірді. 

Би – бек сөзінің өзгерген түрі. Бұл лауазым XV ғасырдан кейінгі деректерде ғана 

кездеседі. Би атағы мұрагерлік жолмен берілмеген. Негізінен, əдет-ғұрып, салт-

сана ережелерін, жол-жоралғыларды жатқа біліп, шешендік өнерді жетік меңгерген, 

əділдігімен елге танылған адам ғана би атана алатын еді. Билер шын мəніндегі рулар 

мен тайпалардың басшысы болды. Қазақ ұлыстарының билері өздерінің қол астындағы 

рулар ішінде сот, əкімшілік жəне əскери билікті ұстады. Əсіресе, қазақ қоғамындағы 

бидің негізгі міндеті – дау-жанжалды шешіп, төрелік жасау, əділ үкім шығару, яғни 

сот ісін жүргізу. Қазақ билерінің арасындағы көрнекті өкілдері: Төле би, Қазыбек би, 

Əйтеке би, т.б. Би лауазымы XIX ғасырдың соңына дейін сақталған.

Батыр – халық арасында қайсарлығымен, ерлігімен даңқы шыққан, əскери өнерді 

жақсы меңгерген адамдарға «батыр» атағы берілген. Олар қолына қару алып, елі 

мен жерінің қамы, болашағы үшін күрескен. Жау шапқанда қол астына жауынгерлер 

жинау, шайқастарда жекпе-жекке шығу батырларға тапсырылған. Бұған қоса, 

батырлар мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатына араласып, ханға кеңесші болған. Түрлі 

мемлекетаралық байланыстарда, елшіліктерде жүрген.



343

СОТ ІСІ 

Жаушы  – аралықта жүріп келістіруші, уəкіл. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы 

мемлекеттер бір-біріне соғыс ашатынын немесе одақтасатынын жаушы арқылы 

хабарлаған. Сонымен қатар жаудың шапқаны да ел ішінде жаушылар арқылы таралған. 

Қолбасшылар жаушылардың көмегімен байланыс жасап отырған.



Бақауыл – əскери лауазым. Бұл сөздің екі түрлі мағынасы белгілі. Біріншіден, бақауыл 

соғыс кезінде əскердің қару-жарақпен, азық-түлікпен дұрыс жабдықталуын бақылаған. 

Ол соғыстан кейін түскен олжаны дұрыс бөліп-таратумен айналысқан. Екіншіден, 

шекара арқылы өтетін тауарларға таңба салатын жəне оларды жасырын алып өтпеуді 

қадағалайтын сақшы топ, жасақ та бақауыл аталған. 


РУХАНИ МƏДЕНИЕТ

345

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ ТУРАЛЫ 

ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ 

«Жылнамалар жинағы»

«Жылнамалар жинағы» – бұл екі томнан тұратын кітап. Кітапты Иран 

хандарының сарайында жоғары қызмет істеген Фазлаллах Рашид əд-Дин жазған. Ол 

«Жылнамалар жинағын» 1300 – 1301 жылдары бастап, 1310 – 11 жылдары аяқтаған. 

Шамамен 10 жыл бойы еңбектенген. Рашид əд-Дин кітапты моңғол ақсүйектерінің 

ауызша шежірелерінен, құжаттардан, моңғолдар жаулап алған елдердің тарихи 

шығармаларынан, оқиғаларға қатысушылардың мəліметтерінен құрастырған. Бұл 

кітап Батыс Еуропадан бастап Үндістан мен Қытайға дейінгі аралықтағы елдердің 

тарихын қамтиды.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші томы ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы моңғол жəне түркі 

тайпалары мен халықтарының тарихы жөнінде құнды деректер береді. Сондай-ақ сол 

халықтардың əдет-ғұрыптары, діни нанымдары, көшпелі тұрмысы жəне орналасқан 

аумақтары туралы да жазылған. Жылнаманың екінші томында тайпалар, Қазақстанның 

жер-су атаулары, тарихы баяндалады.

«Жылнамалар жинағы» 

(«Ораз Мұхаммед дастаны»)

Қазақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі – «Жылнамалар жинағы». 

Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында 

қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған. 

Қадырғали Жалайыр қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке қызмет етіп, онымен бірге 

Ресей империясына тұтқынға түскен. Кейін Ораз Мұхаммедпен бірге Ресейдегі 

Касимов қаласында тұрып, сонда «Жылнамалар жинағын» құрастырған. Жазбаның 

бас жағында орыс патшасы Борис Годуновқа мадақ, орта тұсында Рашид əд-Дин 

еңбегінің ықшамдалған баяны, соңында Ақ Орда ханы Орыс хан мен Ораз Мұхаммед 

билігі аралығындағы тарихи оқиғалар қамтылады. 

«Жылнамалар жинағы» – қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. 

Қадырғали Жалайыр Қазақстан, Орталық Азия, Алтай, Моңғолия елдерінің 

тарихына қатысты мəліметтерді жинақтаған. Кітапты алғаш рет И.Березин деген 

кісі 1854 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Шежіре қазақ тілінде 1989 

жылы жарық көрді.


346

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

«Тарих-и Рашиди»

«Тарих-и Рашиди» – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар 

Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. 

Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден 

тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы 

суреттелсе, екінші  естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға 

дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. 

«Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды 

еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы 

айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. 

Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-

Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. 

Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмір ле-

рі нің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен 

пайдаланған. 

«Бабыр-нама»

«Бабыр-нама» – түркі (шағатай) тілінде 1526 – 30 

жылдар аралығында жазылған шығарма. Авторы – 

Заһир əд-Дин Мұхаммед Бабыр. 

Бабыр Ферғананың əмірі болған. Ол Темір əулетінің 

арасындағы өзара билікке таласта жеңіліске ұшырап, 

Үндістан аумағына кетеді. Мұнда Үндістанның сол-

түстік бөлігін бағындырып, Ұлы Моғолдар импе рия-

сының негізін қалайды. Автор өзінің өмірбаяндық 

шығармасын «Бабыр-нама» деп атаған. «Бабыр-

намада» XV – XVI ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия 

мемлекеттері, Ауғанстан, Пəкстан, Үндістан елдерінің 

тарихы баяндалады. Осы елдердегі билік пен жер 

үшін болған соғыстар, көптеген елді мекендер туралы 

мəліметтер жинақталған. Шығармадан Қазақстан-

ның Сырдария, Жетісу бойындағы жерлері туралы 

жазылған мағлұматтар алуға болады. Мұхаммед 

Бабыр орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), 

Алмату (Алматы), Янгикент (Таразкент) қалаларына 

тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани əулеті 

билеушілерінің кесірінен қирағанын айтып өткен.


347

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

 «Шайбани-наме» («Шайбани туралы кітап»)

Орта ғасырлардағы қазақ жері туралы баяндайтын 

шығармалардың бірі – «Шайбани-наме» кітабы. Шығарманы 

Бинаи атанып кеткен ақын Шайбани ханға арнап жазған. 

Кітапта Шайбанидің дүниеге келгенінен бастап, оның көшпелі 

өзбектермен бірге Мəуереннахр мен Хорезмді жаулап алуына 

дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақстан тарихына қатысты 

Шайбани ханның Кереймен, Жəнібекпен, Бұрындық ханмен жəне 

Қасыммен өзара қарым-қатынастары, Сыр бойының қалалары 

үшін күресі жазылады. Сонымен қатар, қазақ халқының құрамына 

кірген тайпалар жөніндегі кейбір ақпараттар да кездеседі.

«Түрік шежіресі» (“Шежіре-и Т рк”)

«Түрік шежіресі» – Хиуа ханы əрі тарихшы Əбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. 

Шығарма 9 тараудан жəне алғы сөзден тұрады. Шығарманы Əбілғазы бастап (1663), 

баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен 

оның əулеттерінің, Əбілғазының өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Жылнамада орта 

ғасырлардағы Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдеріндегі тарихи оқиғалар мен 

сол кездегі ел басқарған хандардың жүргізген саясаттары сөз болады. Шежіре қазақ 

халқының құрамына енген рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, 

мəдениеті жайлы баяндайды.

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и»

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» – Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған 

шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мəуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы 

билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады. Еңбекте, негізінен, XVI ғасырда болған 

оқиғалар баяндалған. Көптеген елдердің саяси тарихы мен географиялық жағдайы 

жөнінде мағлұматтар алуға болады. Шығарманың кейбір тарауларында қазақтардың, 

қырғыздардың, ауғандардың сауда қатынасы, діни наным-сенімдері, əдет-ғұрыптары 

туралы айтылады. Қазақтар мен қырғыздар жөніндегі деректер, Орта Азияның 

солтүстік-шығыс бөлігіндегі саяси оқиғалар, қазақ ханы Тəуекелдің жоңғарларға 

қарсы соғыстары жөніндегі мəліметтер құнды болып саналады. Шығарманы алғаш рет 

шығыс зерттеушісі, француз Шеферож жəне академик В.В. Бартольд өздерінің ғылыми 

еңбектерінде пайдаланған. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының соңында шығарманың 

неміс тіліндегі аудармасы мен мəтіні Стамбұлда басылып шықты.


348



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет