Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет102/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113
Наным, сенімдері. Сақ аңыздарының мазмұны дінмен байла-
нысты. Орта Азия мен Қазақстан аймағы байырғы замандардан ада-
ми қызмет аймағы болған. Мұнан алғашқы қауым адамдарының 
қалдырған іздерін, магиялық іс-әрекеттерді, күнге табынған деген 
болжамды айтуға болатын аңыздық бейнелерді көруге болады (Там-
галы). Сайын дала тұрғындары б.д.д. бірінші мыңжылдықта өзіндік 
ерекшелігімен байқалатын зороастрлық идеялармен біте қайнасқан, 
құдайлар патеонына (жиынына) шамандық та қосылған, тұтас діни 
дүниетанымдық көзқарасты ұстанған жоғарғы ұйымдасқан қоғам 
ретінде көзге түседі. Осы мәдениеттің зерттеушілері, сақтардың бас 
киімі талдауынан Ғаламның үш құрамдас бөліктен тұратыны туралы 


282
түсініктің болғанына сілтеме жасайды. Олар: жоғарғы, ортаңғы және 
төменгі әлемдер.
Тәңіріге, күнге, әруаққа, отқа, суға, жерге, төрт түлік мал иелеріне 
табыну көшпенді тірліктің дүниетанымдық бағдарын көрсетеді. Ге-
родот, Страбон еңбектерінен ежелгі сақтардың күнге табынғанын 
көреміз. Бұған Томирис патшайымның Кирге «массагеттердің күн 
құдайымен ант етемін» деген сөзін мысал ретінде келтіруге болады. 
Сақ тайпаларының бірі – массагеттер күнге, жарық пен жылу көзіне ар-
нап ең жүйрік жануар – жылқыны құрбандыққа шалған. Массагеттер 
«Күн құдайы, массагеттердің иесімен» ант берген. 
Ежелгі көшпенді тайпалар ортасында отқа табыну рәсімі кең 
тараған. Оттың зұлым күштерді қуып, тазалайтынына деген сенім 
көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан сақ тайпаларының 
бәріне ортақ болған. Ортаазиялық сақтар Күн құдайымен қатар, 
отты да қасиетті санаған. Мысалы, қазба жұмыстары кезінде Жетісу 
жерінде өмір сүрген сақтардың құрбандық шалу рәсімінде қолданған 
қола бұйымдары табылды. Бұдан басқа, қорымдардан оттың құрамдас 
бөлігі болатын заттар мен хош иісті түтін шығаратын аспаптар 
табылған. Осындай рәсімдік ырымдар жерлеу кезінде орындалатын 
шаралар жиынтығына кірген. Сақтардың жерлеу рәсімінде молаға 
қойылған мәйітпен қоса, жерлеу орыны өртелгені туралы дерек 
Арал маңында өмір сүрген сақ қорымдарынан белгілі. Дегенмен бұл 
туралы нақты мәлімет Жетісудан табылған. Бесшатыр қорымында 
бірінші қорғанның үйген топырағы 94 тас қоршаумен белдеулен-
ген. Қазба жұмыстары кезінде осы әрбір қоршау, белдеудің ішінде 
оттың жанғаны анықталған. Мамандар: осы лаулай жанған үлкен от 
белдеулерінің ішінде мәйіт о дүниеге, Құдайлар әлеміне көтеріледі 
деген ұғымның болғаны туралы пайымдау жасайды [126].
Диодор сақтардың жерлеу рәсіміне байланысты ұстанымын
Ктесийден жеткен мәліметке сүйеніп береді. Бір кезде сақтардың 
ержүрек, дана патшайымы болған Зарина туралы «елдің мекен-
деген жерінің үлкен бөлігін тәртіпке келтірді. Көптеген қалалар 
тұрғызды, өз халқына бақытты өмір сыйлады» деп жазады. Ол қайтыс 
болғаннан кейін алғысын білдірген отандастары, пирамида сияқты 
үлкен қылып қорым тұрғызады. «Қорым үстіне оның алып мүсінін 
қойып, оның ата-бабасына істелмеген құрметті көрсетеді» [127]. 
Мәтіннен ежелгі сақтардың өз басшыларына үлкен құрмет көрсетіп, 
қорымдар тұрғызғанын, оның үстіне, бәлкім қымбат металдан, 


283
мүсіндер қойғанын түсінуге болады. Мысалы Каспий теңізі маңында 
өмір сүрген сақтардың тастан жасалған мүсіндері сақталса, Жетісудан 
сақтардың үлкен қорымдары табылғаны жоғарыда айтылды. 
Қорымдар үлкен жер аумағында орналасқан және әртүрлі 
тайпа мүшелеріне тиесілі болған. Үстіне үлкенді-кішілі үйілген 
топырақтарына қарай олардың өз ара айырмашылығы да бар. 
Қорымдарға бір адам, кейде ерлі зайыптылар, үшінші біреулерінде 
бірнеше адам жерленген. Қорымдар арасында жер үстіне ағаштан 
тұрғызылғандары да бар. Бейітке жақын жерде еске алу үшін ас 
берілген орындардың ізі де байқалады. Өлген кісінің киімімен 
жерленуінен, басының астына жастық қойылуынан, моланың ағаш 
едені болуынан мәйітке деген қамқорлық көрінеді. 
Жерленген адамның о дүниелік өміріне керек болуы мүмкін, 
оған қызмет көрсететін әртүрлі бұйымдар қоса көмілген. Бұлар: 
түрлі құрбандықтар, рәсімдік қазандар, ыдыстар, т.б. Ер адамдарға –
қару-жарақтар, ал, әйелдерге айна, әртүрлі әшекейлік бұйымдар 
қойылған. Молалардан әдетте қыш құмыралар, қола ыдыстар, ат 
әбзелдері, пышақтар мен біздер кездеседі.
Орта Азияның сақ қорғандарында әсіресе «аң стилінде» 
жасалған өнер туындылары көп кездеседі. Бұдан сақтар өздері бей-
нелеген жануарлардың қимыл-әрекетін және тыныш тұрған кезін, 
жүріс-тұрыстарын, жыртқыштар мен шөп қоректілер арпалысын 
жақсы білгенін көрсетеді. Кейде жануарлардың дене қалпы табиғатта 
болмайтын, мүмкін емес жаңа қырынан көрінеді. Бұл үшін дененің 
белгілі бір бөлігі әсіреленіп көрсетіледі, тым ерекшеленеді. Мыса-
лы жануарлар мен құстардың тұтас денесінің орнына олардың басы 
немесе тек құс тұмсығы бейнеленеді. Жалпы алғанда, бұл – өзіндік 
ерекшелігімен, мәнерлігімен, тартымдылығымен көзге түсетін ерек-
ше өнер. 
Сақ дәуірінің қорғандары өзінің үлкендігімен, құрылымының 
күрделілігімен таңдандырады. Әдетте бұлар көпке танымал, елге 
еңбегі сіңген, беделді адамдарға арнап тұрғызылған. Іле өзенінің 
орта ағысында орналасқан Бесшатыр осындай қорым. Қорымдар ор-
тасында үлкені (диаметрі 100 м, ал биіктігі 17 м), орташа және кішісі 
де бар [128].
Оттың тазартушы күшіне сенген көшпенділер ортасында 
әруаққа табыну, оған сену де үлкен орын алды. Арнайы әдебиеттер 


284
қыстақ маңында рулық қорымдардың болғанынан мәліметтер береді. 
Қайтыс болғандарды жыл мезгіліне, отырған қоныстарының алыс-
жақындығына қарамастан, соған әкеліп жерлеген. Жазғы уақытта 
мәйіттің бұзылмауына ерекше мән берілген. Сақтардың Дарийге 
«ата-бабамыздың моласын тауып, соны қорласаң, сонда біздің қалай 
соғысатынымызды көресің» деген жауабынан өлілердің жатқан жерінің 
қалай қастерленгенін түсінеміз. Көшпенді тайпалардың діни рәсімдер 
өткізетін арнайы орындары, ғибадатханалары болмағандықтан, 
қорымдар қасиетті орын ретінде бағаланған тәрізді. Ежелгі қорымдар 
құрылымын, оның ішінен табылған заттар құрамын зерттеу өлікті 
жерлеу рәсіміне үлкен мән берілгенін көрсетеді. Әруаққа арналған 
құрбандыққа тек жылқы ғана емес (Пазырык қорымынан көптеген 
жылқы сүйегі табылған), адамдар да шалынған. 
Егіншілікпен айналысқан отырықшы сақтар жерді қасиетті 
күшке ие ана ретінде қастерлеген. Ал көшпенді өмір салтын 
ұстанған сақтар күнге, отқа, ата- баба аруағына сеніп, солардың 
көмегіне сүйенуге ұмтылған. Ата-бабалар рухына табыну қасиетті 
адамдардың моласына, киелі орындарға зиярат ету, марқұм болған 
тума-туыстарды еске алатын күндерді қастерлеу рәсімдері арқылы 
қазіргі діни салт-дәстүрлерге де енген. 
Сақтардың рухани өмірінен мәлімет беретін деректер грек жеріне 
өз елін таныстыру және олардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын 
зерттеу үшін келген және «Таңқаларлық парасаты мен ұстамдылығы 
үшін әлемнің жеті данышпанының бірі деп мойындалған атақты Ана-
харсис туралы ежелгі грек саяхатшысы, көп томды «Географияның» 
авторы Страбонның (б.д.д. 68-23 жж.) еңбегінде кездеседі. Ол өзінің 
бидайға бай Асиданы қоныстанғанын, тегінің скиф болғанын, 
«көшпенділер жерінен, әділетті адамдардан» шыққанын, грек еліне 
олардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін зерттеу және сонымен қатар 
өзінің отандастарын таныстыру мақсатында келгенін жазады.
Данышпанның «Крезге» деген №9 хатында: «Менің өз көзіммен 
көргенім жайлы әңгіме тыңдаңыз. Скифтер жері арқылы Истра деп 
аталатын үлкен өзен ағады. Бірде саудагерлер өздерінің баркасын 
(үсті ашық жүк таситын үлкен сүйретпе қайық) қайраңға отырғызып 
алады және өздерінің қасіретіне ешбір амал жасай алмай, жыларман 
күйде одан алыстай береді. Оларды көрген қарақшылар бос қайықпен 
келіп, жүкке дереу бас салып, баркадағы барлық қозғауға болатын 
нәрсені қайықтарына тасымалдап, саудагерлер бақытсыздығын 


285
байқаусызда өздеріне көшіреді. Жүктен жеңілдеген барка жүзу 
мүмкіндігіне ие болып, ал оның жүгін тиеп алған қарақшылардың 
қайығы бөтеннің мүлкін ұрлағаны салдарынан көп ұзамай батып 
кетті. Бұл әрқашан байлардың басында болып қалуы мүмкін. 
Скифтер мұның бәрінен тысқары тұрды. Олар біз барлық жер-
ге иеміз; оның өз еркімен бергенін аламыз, ал оның жасырғанын 
қалдырамыз; табындарды жабайы аңдардан қорғап, олардан сүт 
пен ірімшік аламыз; қаруды басқаларды жаулау үшін емес, керек 
кезінде өзімізді қорғау үшін қолға аламыз; бірақ ол бүгінге дейін ке-
рек болған жоқ, өйткені біз жаулап алушыларға қарсы, жеңіс үшін 
күресетін боламыз (демек, жеңгендерге біздің өзімізден басқа ала-
тын еш нәрсе жоқ) деген ұстанымда болды.
Осынау көшпенді елдің бір орталыққа бағынған билік жүйесі 
қалыптасты. Оның саяси ойының шынайы көрінісі – әлеуметтік даму 
мәселелерінің шешімі туған жер, ел, Отанға деген сүйіспеншілік, 
оның мүддесін қорғап, болашағы үшін күресу жолдарын жан-жақты 
көрсетуінде.
Елдімекендерде еңбек құрал-жабдықтары, егіншілік дәнді 
дақылдары, мал, тері, жүн, қару-жарақ, ат әбзелдері және т.б. 
бұйымдардың саудасы жүрді. Маңызды сауда орталықтары 
орналасқан қалалар арқылы өтетін Жібек жолы бойында әртүрлі 
діни, мәдени ағымдар, түрлі халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән 
күрделі таным үрдістері де тоғысып жатты.
Қауымдастық мүшелерінің ғасырлар бойы жинақталған өмірлік 
тағылымдары, қоғамдық санада қалыптасқан тарихи әлеуметтік 
жүйе қағидалары, ережелері реттеліп отырды. Өмірдің әртүрлі 
жағдайларында көпті көрген көнелерден ақыл сұрап, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан бай тәжірибені есте сақтаған кәріқұлақ 
қариялардың ұлағатты сөздеріне құлақ асып, дұрыс шешім қабылдау 
замана тұрғысына сай қалыптасқан заңдылық еді.
ҒҰНДАР
Арнайы әдебиеттерде ғұндар туралы бір ізді, дәйекті дәлелденген 
нақты мәліметтер жоқ. Дегенмен арнайы әдебиеттерде б.д.д. 220 жыл-
дар шамасынан б.д. ІІ ғасырына дейін Қытайдың Солтүстік жағын 
мекендеген көшпенді халық деп мәлімденеді. Аспан асты елінің та-
рихи жазба деректеріне қарағанда б.д.д. VII ғасырда, олардың ба-


286
сты жауы Ғұндар немесе Сюнну деген атпен танымал солтүстіктегі 
көшпенді тайпалар болады. Бұлар кімдер еді, Қытай шекарасына 
қайдан келген еді? 
Ғұндардың өмірге келуі. 1927-1937 жылдар аралығында Ішкі 
Моңғолияда швед экспедициясының жүргізген қазба жұмыстары 
кезінде неолиттік мәдениет орны табылады. Оның соңғы өмір 
сүрген уақыты б.д.д. 2000 жыл шамасы деп белгілегеді. Мамандар 
пікірінше бұл мәдениеттің Солтүстік Қытай неолитіне «белгілі бір 
дәрежедегі қатысы болса да» одан түпкілікті айырмашылығы бар. 
Қайта қалпына келтіру жұмыстары, олардың өзен, көл жағасында 
өмір сүрген аңшылар, балықшылар, терімшілер болғаны туралы 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Осы сұрақ төңірегіндегі айтыстар 
оқымыстылар арасында бұрыннан жалғасып 
келе жатыр.Тарихшы Николай Крадин, «Им-
перия хунну» аталатын кітабында: «Дәстүрлі 
тарихнама ғұндар тарихының бастауын 
б.д.д. ІІ мыңжылдыққа жатқызады, Шан 
және Инь дәуірінде Қытайдың солтүстігінде 
өмір сүрген «жун» және «ди» халықтарымен 
теңестіреді», – дейді. Дегенмен тарихшылар 
Хань дәуіріне дейінгі ғұндар тарихына, шежіре 
мәтіндердің айқындығына күмән келтіреді. 
Зерттеушілердің бірі ғұндар мәдениетінің 
бастауын Монголия және Байкал сыртындағы (Забайкалья) тас 
қорымдар мәдениетінен көреді (Гумилев, Сосновский, Сэр-Оджав). 
Екіншілері, көне ғұн мәдениетінің белгілерін Саян-Алтай және 
Қазақстан жерінен табылған «скифтік-сібірлік» жәдігерлерден 
көреді. Оқымыстылардың келесі тобы ғұндар мәдениетінің бастауын, 
шамамен алғанда б.д.д. XIII ғасырына жататын «ордос қоласымен» 
байланыстырады (Вареное, Комиссаров, Коновалов, Миняев, және 
қытай археологтары)» [188]. 
Л. Гумилевтің «Хунны. Степная трилогия» кітабында гундардың 
тарих сахынасына шығуы Қытайда Ся династиясы билігінің жойы- 
луымен байланыстырылады. «...Ся династиясы тақтан құлатылған- 
нан кейін, соңғы патша, қуғында жүріп қайтыс болған Цзе-куяның 
ұлы Шун Вэй – отбасы және қарамағындағыларымен Солтүстік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет