Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


киіз үйдің ішкі жиһаздары



Pdf көрінісі
бет110/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Суретте: киіз үйдің ішкі жиһаздары [149]


318
ұйымы. Құқық артықшылығы байлыққа, молшылық өмірге бай-
ланысты емес. Бұнда тұқым қуалаған тектілік олардың әлеуметтік 
иерархиядағы ең жоғарғы мәртебесін (статус) анықтайды. 
Көшпенділер арасында мұсылман дінін таратушы қожалар да осы 
ақсүйектер тобына кіреді. Ислам дәстүрлерінің кеңінен тамыр жа-
юына ерекше ықпал еткен қожалардың қазақ даласындағы саяси 
ықпалы айтарлықтай еді. 
Тарихи деректер хандардың тек сұлтан, ақ сүйектен 
сайланғанын, ал басқа билік иелерінің қарапайым халық арасынан 
шыққанын көрсетеді. Ақ сүйектермен салыстырғанда, қара сүйектер 
табы ашық қоғамдық құрылым болды. Мұның мүшелері – ерлігімен, 
әділ билігімен, басқа да жеке басының ізгі қасиеттерімен көптің 
құрметіне ие болып, отандастарының еңсесін көтерген тұлғалар. 
Мүлік жағдайына байланысты бұған кез келген кісі қол жеткізген. 
Олар қауымдастықта барлық қоғамдық, яғни отбасылық, рудың ішкі 
топтары арасындағы қатынастарды реттеуші халық бұқарасының 
өкілдері. «Бұл бастықтар, немесе княздар,– дейді И.П. Фальк,– ең 
бай, өте сыйлы және аймақ абыздары. Биліктерінің аздығына қарамай 
олардың қатысуымен жергілікті жерлерге хан өз әсерін тигізетін» 
[159, 257 б.]. Демек, қазақ даласындағы ел басқарудың екі деңгейі 
болды: бірі хандар мен сұлтандар билігі болса, екіншісі, ру, тайпа 
ортасынан шыққан ақсақалдар, билер билігі. Көшпенді қауымның 
өз ортасынан шыққан, тұрмыс қайшылықтарын шешуде қазылық 
құқыққа ие болған билер – қазақтардың әдет заңдарын жетік білетін 
ең бір тәжірибелі, беделді тұлғалар. Олар «Тура биде туған жоқ, 
туғанды биде иман жоқ» деген халық қағидасына арқа сүйеп, әділет 
жолын ұстанды. Қара сүйектілер арасында айрықша орны бар, «Би-
лер, деп тілге шешен, бай, ұқыпты адамдарды түсінуіміз керек»,-
дейді Я.П. Гавердовский [160, 27 б.]. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың толғауларында 
қоғамның әлеуметтік өмірінде өзіндік орыны бар, ел-жұртқа 
қызмет етіп, кіріптарлыққа қарсы, теңдік үшін күрескен бай, батыр 
ұғымдары да ерекшеленеді. Осыған орай Шалкиіз жырау: «Тәңірі 
өзі бермесе, менменсіп жүрген ер жігіт кісіден тартып алып жары-
мас» [153, 46 б.] десе, Ақтамберді: «Орнын тапқан ер жігіт жерсіз 
болар деймісің, орда тігіп орнаса, төрсіз болар деймісің» деп [153, 
67 б.] тек көшпенділерге тән психологиялық ерекшелікті көрсетіп, 


319
халқына адал қызмет көрсеткен адамның байлық негізі – жерсіз де, 
кісінің әлеуметтік ортадағы орнын көрсететін төрсіз де болмайты-
нына меңзейді. 
ХІХ ғасырда өмір сүрген ауыз әдебиеті өкілдерінің 
шығармаларын саралай отырып, хандық дәуірдегі халық бұқарасы 
қаналды деп, қанаудың классикалық түрдегі ұғымы туралы айта 
алмаймыз. Өйткені, «Қайырсыз байдан пайда жоқ, нашарға жәрдем 
бермесе, кем-кетікті көрмесе» деп жырлаған Дулат ақын «бай 
бір жұттық» деген көшпенді қоғам болашағының, табиғаттың 
дүлей күшіне бағыныштылығын тұспалдайды. Оның жырлары 
көшпенділердің байлықты, жуса кететін қолдың кіріндей, тұрақсыз 
көретінін, құрсағына құшақ жетпес байлар дәулетінің өткіншілігін, 
жарлы-жақыбайлардың да ел қатарына қосылып, иық тірестіріп, 
жайлауға жарыса көшетінін меңзейді[153, 112 б.]. Мұнымен қоса, 
сансыз шайқастарда қолға түскен тұтқындар құл деп аталса да, олар 
уақыт өте өздерінің жүрген ортасына, рудың мүшесі есебінде сіңген. 
Соғыс кезінде жаудан балиғатқа жеткен қыз алып келіп, шаңырақ 
көтеру жігіт үшін үлкен мақтаныш болса, қолға түскен ер балалар-
ды асырап, өз баласындай енші беріп, үй қылу қазақ даласының 
қалыпты жағдайы болған. 
Ішкі жер, жесір даулары, құн, барымта сияқты әртүрлі тарты-
сты мәселелер ру, тайпалар қақтығыстары; қайшылықтар салда-
рынан әлсіздердің қоныс аударып кеткенінен; жеке адамның да өз 
ортасынан бөлектеніп, өзге бір әлеуметтік ортаға кірме болғанынан 
дерек береді. Тарихи әдебиеттерде хандықты құраған тайпалар 
одағында қан төгістерге ұласқан антагонизмдер болмағанымен, 
Есім хан заманының қанды оқиғасы қазақ елі құрамында болған 
Ташкент ханы Тұрсынға байланысты айтылады. Күрделі қайшылық, 
қан төгіске байланысты Марқасқа жыраудың: «Ей, қатағанның хан 
Тұрсын, кім арамды ант ұрсын» [153, 56 б.] деген сөзі бізге жеткен. 
Арнайы әдебиеттерде ханның өзін ғана емес, қатаған тайпасын да 
жазаға ұшыратқан қатаң жаза, бір орталыққа бағынған мемлекеттің 
қуатын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған деген болжам
айтылады. 
Жыраулар толғауларында үздіксіз көтерілетін келелі мәселенің 
бірі – ішкі ру аралық араздықтың өршуі, ағайын бірлігінің азуы. 
Мұны Шалкиіз жыраудың сөз көтере алмай, қайта кірер есігін қатты 


320
жапқан адамға: «Сол жаман елден кетер деп, артынан жақсылар 
қалар шақырып» деген сөзінен көреміз [153, 43 б.]. Осындай тартысты 
оқиға ертеректе арғындар мен керейлер арасында туындайды. Ата 
қонысынан үдере көшуге бет алған керейлердің жат-жұртқа ауып 
кетуіне қарсы болған Бұхар жырау, айтқанға көнбей, елдіктен кет-
се, жағдайларының ауыр болатынын ескертеді. Абылай хан алдында 
келісімге келуге, қыз алысатын құдандалы жекжаттыққа шақырады. 
Аңызда дауласушы рулар бітімге келіп, керейлер ата жұртына қайта 
оралады. 
Хандық қоғам саяси көзқарасынан жеке адамдар, тұлғалар 
арасындағы антагонизмді көруге болады. Мәселен: қара қыпшақ 
Қобыландының Әбілқайыр ханның беделді биі Ақжолды 
(Дайырқожа), Барақ сұлтанның Кіші жүз ханы Әбілқайырды 
мерт қылуы. Немесе хан тұқымдарының немесе ру басыларының 
бақталастығы. Сондай-ақ, көшпенді өмір салтының күрделі 
сұраныстарына байланысты туындаған пікір қайшылықтарының 
салдары, жеке бас араздықтары.
Ежелгі замандардан қазақ мемлекетінің құрамына кірген 
ру, тайпалардың ішкі қайшылықтары мен туындаған күрделі 
өмірлік мәселелерін шешудің халық дәстүрлі жолдары, заңдар 
жинағы болды. Соның ең ертеден келе жатқаны – әдет заңы. Ар-
найы әдебиеттерде ол, мұсылман дінін ұстанатын халықтардың 
Құранға негізделген діни құқықтар жиынтығы, жалпы халықтық 
әдет-ғұрып, қоғам өмірінің сан-салалы жақтарын қамтыған 
заңдар қағидасы ретінде көрсетіледі. Әдет заңы күнделікті 
тұрмыс келеңсіздіктерінен туындайтын ішкі ру аралық барым-
та, құн дауы, қанды кек («қанға – қан, жанға – жан»), қалың мал 
т.б. әлеуметтік қатынастарды реттеді. Бұл ХVІІ ғасырдың соңы 
мен ХVІІІ ғасырдың басында Тәуке хан бұйрығымен жүйеленіп, 
билер кеңесінде талқыланып, қабылданған «Жеті жарғының» 
негізін қалайды. Деректер қарастырылатын, реттелетін, шешілетін 
қайшылықты мәселелер саны жетеу болғанын көрсетеді: «жер да-
уын баяндайын – біріншісі, ру, қоныс пенен меншік ісі. Иеленген 
жеріне жанжал болса, біреуге басымдық қып озбыр кісі. Үй іші мен 
баланы тәрбиелеу – болған жосын заңның екіншісі. Ұрлық, қарлық, 
барымта – үшінші заң, баян етер бәрін де білген кісі. Төртінші боп 
саналған мынау заңы, бір халық пен басқа ру болса дауы. Ұлтын 


321
жаудан қорғамақ–бесінші бұл, алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір 
дауы» [161, 207 б.]. 
Өз заманы өзекті мәселелерін көтерген бірлік, елдік, теңдік, 
өрбу туралы толғаулар айтқан Асан Қайғы Жәнібек ханға: «Аңдып 
жүрген көп дұшпан, елге жау боп келеді» десе, қалмақтармен 
соғыстың жеңісті жорықтарынан ес жиып, жан-жағына зер салған 
Ақтамберді үдере көшіп, ен жайлаған кең қоныстары: Тоқырауын, 
Жәмші, Сарысу мен Атасуды «Бермекпіз кімге алшы деп?! Ертістің 
ұзын бойына, шақырып едік біз қашан, осыған қорған салшы 
деп?!» [162, 57 б.] деген сөзімен Ресейдің тойымсыз ындынына 
наразылығын білдіреді. 
ХV-ХVІ ғасырларда дәуірлеген Ноғай ордасының да өзара тар-
тыстар салдарынан бұрынғы күш-қуатынан айрылып, құлдырауға 
айналғаны туралы Шалкиіз жырау: «Орманбет би өлген күн, Он 
сан ноғай бүлген күн» [163, 47 б.] деп толғанып, оның елдігінен 
айрылып, тарих сахнасынан кетуіне ел билеушілерінің ман-
сап пен атақ үшін өзара қырқысқан бақталастық зардабының 
тигенін ашып көрсетеді. ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде бар 
жігерін өзара дау-дамайға, қайратын өзара тартыстарға жұмсаған 
қазақ жұрты жоңғар шапқыншыларының тегеурініне шыдамай, 
«Ақтабан шұбырындыға» ұшырауы да ауызбірлігінің кеткенінің 
алғашқы көрінісі болды. Тарихи дәуірде бір орталыққа бағынған 
қарымды мемлекет құра білген жоңғарлар тіпті тарих сахнасы-
нан жойылып кетті. Себебі, елдің ішкі қуаты саналған тайпа-
лар арасындағы бірліктің жоғалуы мен басшылық пен билікке 
таласқан өзара қырқыс аяғында халық бұқарасын қырғынға 
ұшыратты. Жоңғарлармен шешуші соғыс кезінде, билік тар-
тысына түскен қазақ сұлтандары мен жоңғар елінің түбіне жет-
кен Лама Доржи, Даваци, Әмірсана іс-әрекеттерінің арасында 
айтарлықтай айырмашылық жоқ. Түпкі мақсаттары қандай жол-
мен болса да билікке жету болған олар: «Жамандықты іздесті, 
Бірін-бірі күндесті. Ханын қалмақ жаулаған, Сүйткен қалмақ 
оңбаған. Сол қалмақтың жері еді-ау, Үш Қарқара, Көктөбе, Ит те 
ұлып қалмаған» деп, қатар отырған жоңғар елінің ен жайлау, кең 
қоныстарында ұлыған ит те қалмай, елдігінен айрылып қана емес, 
құрып кеткеніне Бұхар жырау өкініш білдіріп, осыдан сабақ алуға, 
тиісті қорытынды шығаруға меңзейді [163, 93 б.].


322
Уақыт сұраныстарының объективтік шешімдерін іздеп, та-
рихи заман талаптарына сай, қазақ елінің ішкі және сыртқы 
қайшылықтарына баса назар аударған хандар аз емес. Солардың 
ішінде ішкі-сыртқы қайшылықтардың шешу жолдарын қарастырып, 
мемлекет ірге тасын нығайтуға күш салған әз-Тәуке ханның тұлғасы 
жоғары. Дала данышпаны Шәкәрімнің: «Есімнің Салқам-Жәңгір ба-
ласы еді, Ол-дағы қалың елдің панасы еді» деп жырлауын халықтың 
көкейкесті ойының өлеңмен өрнектелуі деуге болады [164, 75 б.]. 
Тәуке хан – елші, қолбасшы, қазақ мемлекеттілігінің құқықтық 
заңдарын жүйелеуші, ұлттың бірлігі мен жерінің тұтастығын 
сақтауға күш салған қайраткер. Тарихи деректерден оның билік 
иелерінің алауыздықтарын, ру-руға бөлінген егестерді тыюға 
ұмтылып, ел басқару ісін жетілдіргенін көреміз. Ел билігін өнер деп 
түсінген ол, сұлтандардың жеке билікке ұмтылуына тосқауыл қойды. 
Билік пәрмендерін шектеп, әртүрлі рулардан ел арасында танымал 
болған тұлғаларды билікке тарты. Басқару жүйесіне енгізілген «Би-
лер кеңесінің» ішкі және сыртқы саясатты жүргізуде маңызы жоғары 
болды.
Жыраулар мен билер аумалы-төкпелі, алмағайып тарихи 
оқиғаларға баға беріп, заман талабына сай туындаған қоғамдық өмір 
қайшылықтарын жырларына арқау еткен, ел тағдырының ауқымы 
кең, күрделі мәселелеріне жауап іздеген саясаткерлер еді. Асан 
Қайғы айтып, шешімін Бұхар жырау тапқан «Қарағай басын шортан 
шалар» тұжырымдамасынан халқымыздың еркінен айрылған халі, 
отаршылық нәубетінің басқа түспей қоймайтынын түйсіндіретін 
өктемдік, тұтас халықты бөліп тастаған ішкі әлеуметтік күштердің 
кертартпалығы мен надандығы, елді жайлаған сатқындық пен 
алауыздық, ұлт мүдделерінің аяққа басылуы айқын аңғарылады.
Дала заңы бойынша сұлтандардың әуел бастан әмір ету 
құқықтары болғанымен, олардың үкіміне ру басыларының кеңесі, 
қара бұқараның уәкілдері әрқашан да шек қойып, тежеп отырған. 
Әрине қазақ қоғамында хан билігі ең жоғарғы билік болғанмен, кең 
тараған билер билігі халықтың ойынан шығып, құрметке бөленген. 
Ретті жерлерінде шектеулерге де ұшыраған жоғарғы билік әр кез 
халық пікірі мен мүддесін тікелей қолдап, ханға жеткізетін билермен 
санасқан. Халық ауыз әдебиеті хандық биліктің түрлі сын мен шекте-
улерге ұшырауы туралы деректерге бай. Жәнібек ханға айтқан Асан 


323
Қайғының: «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. 
Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің» [163,
7 б.] деген сөзі, тарихи дәуір тұрғысынан алғанда өте батыл сын 
болғандығы арнайы әдебиеттерде жазылған. Ел-жұртының бақытты 
өмірі мен тыныштығын ойлаған қамқоршы данышпан ел басына 
түскен ауыртпалықты түсініп, болашақ туралы қамығып, «кісісі 
жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмай-
тын, малға жұт келмейтін мекен, шөбі шүйгін, суы мол, шаруаға 
жайлы қоныс» іздейді [163, 28-29 бб.].
Философиялық толғаныстарға құрылған Шалкиіз шығарма- 
ларында билік иелеріне бас ұру, тәуелділік пен қатар, бірбеткей 
өзіндік пікір, тұлғалық бейне көрініс табады: «Саған дұшпан – маған 
жау, Керекті күні алдыңда, Ғазизлеген сұлтан жаным аяман» [163, 
24-25 бб.]
Жыраулар хан, сұлтандар шешімдерінің жосықсыз жақтарын 
тайсалмай сынады. Олардың шығармаларына әлеуметтік топ өкілдері 
арасындағы айырмашылық, теңсіздік, әділетсіз өктемдіктердің де 
арқау болғаны белгілі. Руластары ортасындағы беделі мен орнын 
білген ақсақалдар ру, тайпа мүдделеріне қайшы келетін, намысқа 
тиетін әрекеті үшін ханның өзіне тікелей қарсы шығудан тайсалмаған. 
Бұны ру ақсақалы, би, әскербасы, талай қантөгіс шайқастардың 
жеңімпазы Жиембет жыраудың Есім ханға: «Тілеуберді құлың мен 
емес, Мұның ханым жөн емес» деген сөзінен көреміз [163, 53 б.]. Ол 
өзін ханға үзілді-кесілді қарсы қоймай, керісінше оны жосықсыз 
әрекеттерден сақтандыру үшін кеңес берушілік көңіл-күйін де 
аңғартады. Билік иелеріне тура айтылған осындай сындарды 
әлеуметтік қайшылықтардың ерекше бір шешіліс табу мүмкіндігі 
деуге де болады.
ХҮІІІ ғасырда орыс бодандығын еріксіз қабылдау ақын-
жырау шығармаларына өзгерістер енгізеді. Шал ақынның дін аты-
нан жақсылық, игілікті істерді мадақтап, халықты бірлікке, билік 
иелерін адамгершілікке үндеп, тұрмыс, шаруашылықты өлеңге 
қосуы, отарлық саясаттың ел өміріне енгізген өзгерістерінің сал-
дары болды. Сондықтан ендігі жерде: «Қазаққа пайда мынау, 
малын бақсын, отқа жайып, суарып, бағып-қақсын» [153, 139 б.]. 
«Қилы-қилы заман-ды, заманға сай адам-ды» деген Дулат ақын 
Ресей отарлау саясатының бел алуына байланысты пайда болған 


324
қоғамның рухани өмір өзгерістерін анық айыра білген ойшыл 
[153, 198 б.]. 
Өз уақытының келелі мәселелерін қозғап, шығармаларына 
әлеуметтік мән бере, қоғам заңдылықтарын пайымдаған олар, қазақ 
халқының іргелі ел болуын көксеп, әлеуметтік орта мәнін түсінуге 
тырысып, күнделікті тұрмыс деңгейінен тұжырымдар жасайды.
ХІХ ғасырдағы әлеуметтік өмір қайшылықтары: Ресей отарлауы-
на ұшыраған сайын даладағы саяси текетірес, жүргізілген реформалар 
қоғамдық ой-пікірлерді қалыптастырды. Даладағы саяси күштердің 
өзара араздықтары мен бір-біріне өшігулерінің күшейіп, елдің ішкі 
қайшылықтарын шиеленіске жеткізуі Ресей үкіметіне қазақ даласын 
жаулап алу жолдарын қолайлы шешуге мүмкіндік берді. ХІХ ғасыр 
ақын, жырау, би, батыр, хан, сұлтандарының халқына көрсеткен 
қалтқысыз қызметі мен ой-пікірлерінің өзекті мәнін ашады. ХІХ 
ғасырдың бірінші ширегінде, М.М. Сперанскийдің басшылығымен, 
«Сібір қырғыздарының (қазақтарының) Жарғысы» жарияланып, 
Орта жүз округтерге, болыс және ауылдарға, бірнеше әкімшілік 
құрылымдарға бөлінеді. Қазақтардың саяси бірігуіне мүмкіндік бер-
меу шараларын қарастырған ереже, Орынбор мен Сібір ведомство-
сы қазақтарын біріктірудің мемлекет мүддесіне зияндылығын және 
қазақ халқы бірлігінің империя мақсатына қайшылығын көрсетеді. 
Расында бұл патша үкіметіне қазақ жерінде кең көлемді озбырлық 
көрсетуге мүмкіндік беретін саясат болды. 1822 жылы қабылданған 
«Жаңа уставтың» ауыр салдары ХІХ ғасырда Саржан, Жоламан, Ке-
несары, Исатай, Жанқожа секілді халық ұлдарын тарих сахнасына 
шығарып, күрес жолына салды. 
Отарлау саясатынан туындаған өмір өзгерістері азаттық 
жыршыларының іс-әрекеттеріне арқау болып, елді толғандырған 
сұрақтар шешімі мен еркіндік жолдары күрестен ізделді. Дулат 
ақын еркін өмірге халықтың сарқылмас күші арқылы қол жеткізуге 
болатынына меңзесе, жауынгер-жыршы Махамбет тарихи дәуір 
тұрғысынан халық қозғалса, хан да тағында отыра алмайтын, 
халықтың қоғам дамуындағы шешуші күш екендігі туралы озық ой-
пікірін айтады. 
Еркіндік көксеп қолға қару алып, күреске шыққан ақындармен 
қатар, кедейліктен халықтың мінез-құлқы бұзылып, әдепке жат 
әдеттердің көбеюіне «Зар заман» ақындары наразылық білдіреді. 


325
Елдің мақсат-мүддесі қорғалмаса, бірлігі сақталмаса, алдағы 
үмітсіз бұлдыр келешектен, қайшылықты өмір иірімдерінен, 
құлдықтан сақтана алмайтындығы болжанады. Билік иелерінің 
баю жолында еш нәрседен бас тартпайтыны азғындық, 
ақырзаманның белгісі деп сыналады. Елге қайыры тимейтін бай-
лардан, ел қонбайтын шөл артық болатыны айтылып, бай мен кедей 
тұрмысының қайшылығын үгіт-насихат арқылы шешуге ұмтылыс 
байқалады. Болыс атанып, ел билеу мүмкіндігіне ие болғандардың 
артықшылығы ақыл- парасатында емес, қалтасындағы пұлы мен 
сүйеніштерінің күштілігінде екендігін тілге тиек етеді [153, 262- 
264 бб.]. Сынға ұшырағандар ішінде «құдай жолында» жүрген қожа, 
молдалар да, заман талабына сай дүниеге келген жаңа әлеуметтік 
топ – орыс отарлау әкімшілігінің қызметкерлері: тілмаш, заңгерлер 
де бар. Елдің ішкі қайшылықтарының мазмұнын көре білген 
Әбубәкір өз замандастарының тек қорыққанын сыйлайтынын
екі сөйлейтін сұрқиялығын әшкерелейді [168, 271 б.]. Ақындар 
билік иелері, би-болыстардың іс-әрекеттерін сынап, дау-дамайдың 
көбеюіне қынжылыс білдіреді. Экономикалық, мәдени мешеуліктің 
өнер-білім мен ғылымнан кейін қалудан болғандығын және одан 
құтылудың жолын білім алу, дамыған елдер мәдениетін игерумен 
байланыстырып, өнегелі өмір идеяларын таратады. 
Ресейдің отарлау саясатына байланысты, өз дамуының ерекше 
сатысына көтерілген қазақ даласының айтарлықтай үлкен өзгерістері 
де болды. Олар: көшпенділік өмір салтынан отырықшылыққа 
бет бұру, сауда-саттықпен айналысу, әртүрлі шаруашылықтар 
жүргізу әдістері мен оқу-білім алу мүмкіндіктерінің алғы шартта-
ры пайда болуы еді. Халықтың мұң-мұқтжын әлеуметтік мәселе 
есебінде көтерген жыр-толғаулар қазақ қоғамдық ойының өзекті 
арнасы болған еді. Сол замандағы өзекті мәселелердің бүгінмен 
үндес болуы, қазіргі өмірдің өз дамуында алысқа ұзай қоймағанын 
көрсетеді. 
1786 жылы Игельстром Кіші жүздің атақты адамдарының ба-
лалары үшін мектептер мен мешіттер салуға ұсыныс жасайды. 
Қазақ жеріне сенімді молдалар жібергенде Ресей империясының 
көшпенділерге тигізетін әсер, ықпалының күмәнсіз күшейерін ай-
тады. Кіші жүзде бұрын ислам дінін негізінен Бұхара мен Орта Ази-
ядан келген молдалар тарататын. Ол Ресей үкіметіне шын берілген 


326
сенімді татар молдаларының қызметін соларға қарсы қою отарлау 
әкімшілігінің мақсат-мүдделеріне сай келетінін мәлімдейді. Ре-
сей империясының исламды дәріптеушілігінен және оны таратуға 
күш салуынан халықты рухани тәуелділікке ұшыратуға деген 
ынтасы көрініс табады. 1788 жылы Орынбор қаласында діни оқу 
орыны ашылып, дін таратушы татарлардың миссионерлік қызметі 
мақұлданып, мешіттер салу мен діни әдебиет шығару жұмыстары 
қаржыландырылады. Бірақ, ХІХ ғасыр ортасында көшпенділер 
үшін білім, ислам діні туралы ережелердің жобасын жасаушылар 
молдалардың қазақ балаларына исламшыл рух қалыптастырушы 
болғандарын, қазақтар өміріне тигізетін мұсылмандық әсерінің 
өздеріне тиімсіздігін көреді. Отарлау әкімшілігі, молдалар ықпалына 
шек қоятын мезгілдің жеткенін түсініп, мұсылман дінінің беделін 
әлсіретуді көздеп, 1861 жылы 21 қазанда Орал, Торғай, Ақмола 
және Семей облыстарының басқарылуы туралы Уақытша ере-
же бойынша қазақтардың дінге байланысты мәселелері отаршыл 
әкімшілікке толық бағындырылады [167, 270, 339-340 бб.]. Молда-
лар тек жарлықпен тағайындалып, мешіт салу отарлау әкімшілігінің 
рұқсатымен жүргізіледі. 
Тарихи дәуірде мектеп, медреселер төте оқу-жәдит тәртібіне 
көшті. Дін сабақтарымен қатар тарих, орыс тілі пәндері оқытылды. 
Ақын-жазушылардың шығармаларымен бірге, жаратылыстану 
ғылымдарына ден қою мұсылманша сауатты, жаңа көзқарастағы ұлт 
зиялыларының көбейтті. Олар халықтың қоғам дамуына деген сау-
атын ашып, оянуларына ықпалдарын тигізді. Осылайша, ХХ ғасыр 
басындағы азаттық үшін күрес жолының бірі ислам діні өкілдерінің 
насихаты араласуымен діни сипатқа ие болады.
Тарихи дәуір құжаттары отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыра 
беру үшін патша үкіметіне білікті мамандар дайындау қажет болғанын 
көрсетеді. Өз мақсатына тиімді билік жүйесін қалыптастыратын, 
«бұратаналардың» өз орталарынан шыққан сауатты интеллигенция 
өкілдеріне деген сұраныс елдің ішкі объективтік дамуынан туындап, 
ол күн тәртібіне қойылады. Мектеп ашудағы басты және негізгі шарт – 
орыс тілін оқыту және патша үкіметіне ниеті түзу, орыс тілін меңгерген 
оқытушылардың болуы талабы қойылады. Ауылдық жерлерде араб 
әріптерін ығыстырып, орысша сауат ашатын мектептердің ашылуы 
қарсылыққа кезігеді. Демек, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ 


327
ғасырдың басындағы қазақ даласында білім беру мәселелері екі түрлі 
бағытта: біріншісі, мұсылманша (араб әліппесі) және екіншісі, орыс-
ша (кирилица) сауат ашумен жүзеге асырылады. ХХ ғасыр басындағы 
зиялы қауым өкілдері осы мектептерден білім алған, рухани жетілген 
жандар болды. 
Арнайы әдебиеттерде көшпенді қоғамның қайшылықты өмірін- 
дегі маңызды саланың бірі – жесір дауы, неке саласындағы жол-
жоралғылар болғанына, онда қандас туыстар арасында жеті атаға 
дейін қыз алысуға тиым салынғанына, қан араластыруға жол берген-
дер өлім жазасына кесілгеніне, бірақ жаза туыстардың келісімімен 
басқа шаралармен ауыстырылғанына, мұндай қылмыстардың өзге 
ру адамдары қарауына берілмегеніне назар аударады [174, 24 б.]. Ел 
өмірінде шешуші орын алып, қоғамдық қатынастарды реттеуге жол 
ашқан неке жүйелі, күрделі әлеуметтік қайшылықтар шешімдерінің: 
а). Ішкі ру аралық; б). Мемлекет аралық қатынастар бастауында 
тұрғанынан оған үлкен мән беріледі. Неке тарихы қазақтың ежел-
ден ержеткен балаларына қоғамның әлеуметтік өмірінде алатын 
орны өзімен деңгейлес, басқа ру кісісінің қызын айттырғанын 
және дау-жанжалға ұласқан қайшылықты тартыстарды шешуде 
ру басыларының бір-бірімен құда болуы текетірескен әлеуметтік 
күштердің өзара ымыраға келуіне себеп болғанын көрсетеді. Со-
нымен қатар, неке мәселелері болашақ шаңырақ көтеретіндердің 
еркінсіз жүзеге асырылып, қалың малдың төленіп қойылуы 
әлеуметтік теңсіздік мәселелерін туындатты: «қазақтың халқын 
бұзып, малының түбіне жеткен бәленің ең зорының бірі жесір дауы... 
Еріксіз қосылған еркек пен әйелдің арасында сүйіспеншілік болмай, 
көрген күндері опасыз болды. Қалың малды қайтара алмаса, қашқан 
қатын қайтарылып, байына келмекші. Адамшылық қасиеті аяққа 
басылады, зорлық, қорлық дегеннің шегі болмайды. Мінез-құлық 
бұзылады» [175, 297 б.]. 
Шешуі күрделі, әлеуметтік жағдайы төмен әйел мәселесін 
көтеріп, оларды қорғайтын ереже баптарын қарастырған Абай бұл 
мәселе төңірегінде ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық пікірді 
түпкілікті өзгертпесе де, қалың мал, әмеңгерлік мәселелеріне 
гуманистік көзқарасын білдірді. Ол өзі жасаған ереженің 31-бабында 
әйел өзінің көңіл қосқан адамымен қашып, билер үкіміне жүгінетін 
болса, онда билер екі жақты келісімге шақырады. Бұрынғы күйеуі 


328
әйелді қайта алатын болса, алып қашқан жақ құн төлейтін, егер ал-
маса, өз еркімен қосылған адамымен билер кескен шешімді орындап, 
жол-жоралғыларын жасап кететін болған. 42-бапта ерлі-зайыптылар 
арасындағы айырмашылық екі мүшелден артық болса, әйелдің 
ажырасуға құқылығы көрсетілген. 46-бапта қалың малы алынған, 
бірақ қайтыс болған қалыңдықтың орнына сіңлісін, оның келісімінсіз 
берудің міндетті еместігі айтылады. 47-бапта күйеуі қайтыс болған 
әйелдің әмеңгерлік жолымен оның ет жақыны болмаған жағдайда, 
кез келген туысына күйеуге шығуының міндетті еместігі мойында-
лады [176, 57-59 бб.].
Әйелі жақсы болмай, ердің оңбайтынын, ерге бақыт келтіретін 
де, абырой әперетін де әйел екендігін, қайшылықты тұрмысқа, 
әлеуметтік теңсіздікке қарамай, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ 
ана, Бегім ана, Қарашаш, Ұлпан сияқты ажарына ақылы сай ару-
лар істерімен дәлелдеп, аттары аңыздарға айналды. Жалпы, қазақ 
әйелдері теңсіздікте болды десек те, олар әртүрлі тарихи кезең 
перзенттері ретінде, халқына игілікті істерін көрсете отырып, ел 
мақтаны болып, ер жүгін көтере білгендеріне ақ бас тарих куә. 
Ауыз әдебиетіндегі Еңлік пен Кебек, Естай мен Қорлан, Қалқаман 
мен Мамыр, т.б. ғашықтық жырлары мен ХХ ғасырдың басын-
да жарық көрген М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің 
«Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарында неке 
қатынастарындағы өмір қайшылықтары маңызды мәселе ретінде 
көтеріледі. Теңіне қосыла алмаған қыздардың сыңсу, қоштасу 
өлеңдері заман қатыгездігі мен олардың ауыр тағдырлары жайлы 
мәліметтер береді. Зиялылар бұл мәселені 1917 жылы 21-26 шілде 
аралығында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақ съезінде 
талқылап, «Әйелдер саяси құқықта ерлермен тең», «күйеуге тию еркі 
әйелдің өзінде», «тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық 
қылу болмасын», «жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын», 
«қалың малдың жоғалуы» туралы қабылданған шешімдерінің тари-
хи мәнінің үлкен болғаны даусыз [177, 407 б.].
ХІХ ғасыр басынан Ресей империясымен екі арадағы бел ала 
бастаған қатынастар көшпенділердің өмір тұрмысына өзінің әмбебап 
әсерін тигізеді. Ауыз әдебиетінде ақшаның сауда айналымында 
үлкен орын алғаны, натуралды айырбасқа үйренген көшпенді қоғам 
үшін ақша үстемдік жасаған саудаға бейімделудің зардапты болғаны 


329
айтылады. Ақша айналымына байланысты туындаған әлеуметтік 
құбылысты Шортанбай ақын: «Арам арсыз мал шықты, сауып ішер 
сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты» деп, заман 
жаңалығын айғақтайды [153, 274 б.]. Қарапайым жандардан сөзге де, 
іске де даяр әртүрлі кәсіпкерлер, делдалдар, табысқорлар пайда бола-
ды. Әрекеттері заңдастырылған, ашық нарық қатынастары арқылы 
несие, өнім алу сияқты далалықтар арасында бұрын болмаған 
әдіс, амалдар мен қанаудың жаңа түрлері көбейді. Қанаудың көзге 
көрінбейтін жасырын формасын өмірге келтірушілердің көбеюі қазақ 
қоғамының өзіндік дамуы болмысының, әлеуметтік құрылымының 
күрделенгенін сипаттайды. 
Қазақ жерінде кәсіпорындар ашылып, өндіріс тәсілінің қоғам 
өміріндегі көрінісі ретінде, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін 
рухани болмыс жаңаруы басталады. ХІХ ғасырдағы өндірістің ба-
сты салалары – тұз өндіру, балық аулау, аң терілерін дайындау Ресей 
сұраныстарына лайықты жүргізілді. Ал ғасырдың аяғынан бастап, 
ең төменгі техникалық негізде тау-кен өндірісінің әртүрлі салалары 
кең етек жая бастады. Көшпенділердің дәстүрлі шаруашылықтары 
құлдырады, жаңа әлеуметтік қайшылықты дамуға жол ашылды. 
Қазақ жерін келімсек орыс шаруаларына беру күн сайын ұлғая түсті. 
Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, көшпенділердің 
де объективті себептермен отырықшы және жартылай отырықшылыққа 
өту үдерісі басталды. Бұған, бірінші кезекте Ресей империясының 
әкімшілік реформалары әсерін тигізді. Екіншіден, дала заңдарының 
120-бабына сәйкес, барлық жер мемлекет меншігі болып жарияланды. 
Үшіншіден, жыл сайын мал шаруашылығына қолайлы аймақтардың 
қоныс аударушы келімсектерге берілуінен, отырықшылық жағдайына 
көшіруді сұрағандар, тек егін шаруашылығымен айналысып қоймай, 
бір жағынан мал шаруашылығымен де айналысқысы келетіндіктерін 
білдірді. 
ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласының экономикалық, 
саяси, мәдени дамуы өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан тыныс-
тіршілігінің аясына симайтын ерекшеліктерге толы сатысына 
көтеріледі. Капиталистік қатынастар етек жайып, материалдық 
игіліктердің көлемі өсіп, елдің рухани өміріне салдарын тигізеді. 
Ежелгі шығыстың даналық ғибраттарының, орыс халықшылдары, 
жазушылары мен ғалымдарының игі ықпалынан ұлттық ой-


330
толғаныстардың қоғамдық дамуға қатысы сезіледі. Тарихи дәуірде Ш. 
Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және Ш. Құдайбердіұлы 
ойларының әлеуметтік мәні жоғары болады.
Заманында жан-жақты білім алған, оқымысты Ш. Уәлиханов 
(1835-1865) көшпенді қоғамның өзекті мәселелерін көтереді. Ол 
ескі мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте 
қатал күрес жүріп жатырғанына сілтеме жасайды. Тарихи дәуірде 
өмір сүрген қазақ ойшылдары көзқарастарындағы қайшылықты 
көрсетеді. Ол «Сот реформасы жайында» аталатын еңбегінде қоғам 
өмірі салаларының даму үдерістеріне дәуір тұрғысынан жаңа пікір 
білдіреді. Қалың бұқара мен үстем тап өкілдерінің арасындағы 
мақсат-мүдделер айырмашылығын, қазақ даласында жүргізілмекші 
реформаның өзектілігі төңірегінде мәселе көтереді. Материалдық 
тұрмыстың жақсаруымен қоғамдық өмір салаларының өрбуін 
тікелей байланыстыруы оның әлеуметтік дамуды философиялық 
тұрғыдан дұрыс түсінгенінің бірден-бір белгісі. Реформалардың 
қандай да болмасын өзгерістерді орнықтырып, ұластырып, әрі сақтау 
үшін қабылданатынын, оның халық мүддесі мен пайдасы үшін жаса-
латынын, сондықтан материалдық мұқтаждыққа шақталуы, әрі сол 
қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажеттігін түсінеді. Бұл 
жағдайдан тыс жасалған өзгерістердің бәрі зиянды болып, қоғамды 
айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкіндігін 
пайымдайды. 
Шоқанның бұл еңбегінде қазақ даласына отарлау әкімшілігі 
тағайындаған соттардан гөрі, ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың 
тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жақсы білетін билер 
сотының тиімділігін жазады. Ол халық арасында шешендігімен, 
әділеттілігімен көптің көңілінен шыққан адамдардың ғана билікке 
қол жеткізуі керектігі жөнінде ой түйіндейді. Ал патша үкіметі 
сайлаған сот белгілі уақытқа дейін өз міндетін атқарады, сондықтан 
олардың іс-әрекеттерінде немкеттік пен мансапқорлық басым, 
баю жолына түсіп, әділетсіз, парақор болатыны атап көрсетіледі. 
Ғалымның пікірінше, халықтың дұрыс дамуы үшін алдымен оған 
қажет нәрселер: өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және 
өз соты болуы керек. Олай болса, «қисынсыз теорияларға, немесе 
өзге халықтың өміріне негізделіп, зорлықпен ырықсыз жасалған 
реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді» [169, 41 


331
б.]. «...христиандарға, отырықшы орыс тұрғындарына арналып 
жобаланған әкімшілік өзгеріс... Ресейдің...Азиялық бөлігінде көшіп-
қонып жүрген бұратана халықты басқаруға бүтіндей қолданылса, 
онда мұндай өзгерістен ешқандай пайда келуі былай тұрсын, нағыз 
тұрпайылық болар еді» [169, 38 б.]. Билер соты қай жағынан алып 
қарағанда да, Ресей өкіметі дайындаған сот реформасынан әділ, онда 
«қазақтың әдеттегі құқығының адамгершілік жағы басымдау» бола-
тыны дәріптеледі. 
«Баянауыл округі туралы» /1857 ж./ мақаласында жаңа әкім- 
шілік аймақтарды басқару үшін қазақ халқының тұрмыс-
салты мен әдет-ғұрпын, мұң-мұқтажын жақсы түсінетін адам- 
дардың билікке тағайындалуы қажеттігі туралы тұжырым жаса-
лады. Ғұлама ғалым бұл мақаласында сырттан келген әкімдердің 
халықтың дәстүрлі тұрмыс-салтын, оның өзіндік ерекшеліктерін 
білмейтіндіктен ел басқаруға қабілетсіздігін және зорлық-
зомбылықтарға жол беретіндігін дәлелдейді. Ол әкімшілік ай- 
мақтардың басында халыққа беделді, халық мүддесін қорғай ала-
тын білімді сұлтандар тұрса ғана әлеуметтік әділдік орнатуға бо-
латынынан үміттенеді.
ХІХ ғасырдың саяси-әлеуметтік өмірінен елеулі орын ала-
тын, тұңғыш қазақ мектептерін ашқан, ағартушылық ой-пікірлерді 
кеңінен таратушы-жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) шы- 
ғармаларында отырықшы тұрмыс артықшылығы, еуропалық мә- 
дениет жетістіктері дәріптеліп, қазақ халқының келешегі біліммен 
байланыстырылады. Ұстаз оқушыларының тәрбие жұмыстарына да 
үлкен мән береді, «... адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді 
салып отырмын» деп халыққа адал қызмет көрсететін жоғарғы 
мәдениет иелерінің қалыптасуына көңіл аударады [170, 274 б.]. Фран-
цуз ағартушысы, Вольтер халық бұқарасының жаппай сауат ашуы-
на қарсы болып, оны қауіпті деп есептесе, Ы. Алтынсарин жалпы 
халыққа әлеуметтік жағдайларына қарамай білім беру мәселесін күн 
тәртібіне қояды. Ол тек ер балалар ғана емес, қыз балалардың да са-
уат ашуын қолдайды.
Шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық мазмұндағы 
қара сөздерден, аудармалардан тұратын Абай Құнанбаевтың (1845-
1904) рухани қалыптасуы патша үкіметінің отарлау саясатының өз 
жемісін берген, сауда капиталы мен өндіріс капиталының дендеп кіре 


332
бастаған, көшпенді өмірдің, салт- дәстүрлер мен құқық негіздердің 
өткен шаққа айналған кезі болды. 
Абайдың қара сөздерінде ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, 
софылық қылып, дін бағу, бала бағу туралы сөз қозғалады. Дәстүрлі 
қоғамның ел билеу салтын білдіретін «ел бағу» түсінігін қоғамдық 
өмірдің саяси саласына байланысты қолданып, өз заманының 
өзекті мәселесін көтергеніне назар аударуға болады. Абай заманы 
отарлықтың қамытын толық киіп, ел еркінен, билік тұтқасынан 
айрылған, халық көтерілістері сәтсіздікке ұшырап, елдікке ұмтылыс 
елеске айналған уақыт болды. Осыдан «...елге бағым жоқ... дертке 
ұшырайын деген кісі болмаса, не албыртқан, көңілі басылмаған 
жастар бағамын демесе»... Ендігі жерде қазақтың өзін өзі баға ал-
майтыны, бағатын адамының жоқтығы жайлы ой айтылады. «Мал 
бағу» түсінігінде қазақ қоғамын жайлаған жалқаулық, өсек, өтірік, 
ұрлық және тағы да басқа келеңсіздіктен аулақ болу, кәсіппен айна-
лысу, пайда табу ұғымы жатыр. Өмірдің өзекті мәселелерін ашық 
талқылауға, адамдарды өзара сұхбатқа шақырған ақын сұрақтары 
тіршілік мәселелерін терең түсінуге деген талпыныстардан тұрады. 
Ақын түсінігіндегі «дін бағуға» тыныштық керек, ал бала тәрбиесіне 
де мән беріп, келелі мәселе ретінде қарастырғанда, болашақтың 
бұлыңғырлығынан баланы «бағар едім, қалайша бағудың мәнісін 
де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қаракетке 
қосайын» деп толғанады.
Қоғамда рулық қатынастардың берік сақталуы, отар-
лау әкімшілігінің ру тартыстарын қоздырып, саяси ахуалды 
шиеленістіріп, өз мақсаттарына тиімді пайдалана білуі ақынды 
күйіндіреді. Қазақ даласының қарапайым құқықтық ережелерін 
жақсы білген Абай, кез келген айтысты шешуде әділетті әдет 
заңдарына сүйенуді қолдайды. Билер сотының артықшылықтарын 
көре білген ол, Ресей үкіметі ұсынған заңдар жобасы көшпенділердің 
дәстүрлі ел басқару жүйесін бұзып, тұрмыс-тіршіліктерімен 
үйлеспегенін түсінеді. Тыныш жатқан елдің «шала бүлінгенін» от-
арлау әкімшілігі реформасынан, билік жүйесінің жарамсыздығынан 
деп түсініп, оны жетілдірудің жолдарын қарастырады. Көшпенділер 
ортасында да билік айта алатын адамдардың өте аз қалғанына, ол 
үшін «бұрынғы Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жо-
лын, әз Тәуке ханның «Күл төбенің» басында күнде кеңес құрған 


333
«Жеті жарғысын» білмек керек; ондай адам аз, яки тіпті жоқ» [171, 
90 б.] деп қынжылыс білдіреді. 
Елді басқаруға сайланған, құлқынының құлы болған би мен бо-
лыстардан түңілген Абай өзі өмір сүрген қоғамдағы әрбір әлеуметтік 
топ өкілдерінің мінез-құлқы мен қасиеттерін: «Байды қадірлейін 
десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. 
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, 
мал бергіш мырза иттен көп. Біреуді бір пайдама келтірем деп мыр-
за болып жүр. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің 
бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып 
құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, 
сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті» [171, 129 б.] деп түсіндіріп, 
өз қоғамынан қадірлі адам таба алмауының себебін заманның 
өзгеруінен көреді. Көптің жүрген жерінде дау-дамай, бас араздықтың 
қоса жүретінін білген ол, көп тобырдың билігін дұрыс көрмейді. 
«Сократқа у ішкізген, Жанна д Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға 
асқан... кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ». Ақылсыз тобыр – 
өзінің есінен айрылып, басқаның жетегіне ергендер, сондықтан «көп 
шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» деп ой түйеді. 
Ұлы ақынды ұстаз тұтқан, оның дүниетанымдық көзқарасын 
жалғастырған, халқының өркениет көшіне ілесуін, мәдениетті 
даму жолына түсуін көксеген Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) 
қоғам келеңсіздіктерін, халықтың ауыр тұрмысын Еуропа өнер-
ғылымы, мәдениет жетістіктерінен кенде қалудың салдары ретінде 
қарастырады. Ақынның ойынша, жер жүзі халықтары біліммен 
сусындауға бет бұрғанда, қазақтар тек құр атаққа құмарланып, бос 
жүр, осыдан алға ұмтылудың орнына күн өткен сайын тұрмыстары 
кері кетіп, адамдары кісіліктен айрылып, елдігін жоғалтып 
алудың алдында тұр. Бірін-бірі алдап, «Жуанның қылғаны зорлық, 
момынның көргені қорлық» болған елдің ертеңгі тірлігіне, 
тұрмысына алаңдаушылық білдіреді. Шәкәрім шығармалары білім 
туралы қайшылықты пікірге жетелейді. Біріншіден ол, батыстың 
оқу-ғылымын, өнер-білімін игеру арқылы қазақ та өркениет көшіне 
ілеседі, басқалармен теңеседі, өйткені ғылым жұрттың бәрін бақыт, 
байлыққа кенелтетін, рухани дерт атаулыны аластайтын, елге күш, 
қуат беретін дәру деп есептейді. Екіншіден, батыс елдерінің от-
аршыл, басқыншылық саясатын нақты танып, ХХ ғасыр басында 


334
болған соғыстар салдарының елге тигізген зардаптарынан: «Европа 
білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде» деп, 
ғылымның елді ізгілікке жеткізбейтініне меңзейді [172, 139 б.]. 
Тек сырттай қарағанда, ғылымы жетілген елдер ғана жай-
лы тұрмыс құратындай көрінгенімен, білім жетілген сайын 
қару-жарақтар да күрделеніп, зұлымдықтың шектен шыққанын 
пайымдаған ол: «Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын» деп ой 
түйіндейді. Ғылым-білімнің «әлсізді аңша қыруға», күштілерге құл 
болып, қызмет көсетуге мәжбүр ететініне дүние жүзіндегі өркениеті 
өте жоғары деп есептелетін Англия мен Америка мемлекеттерін 
мысал қылады. Ол өзі, жиырмасыншы ғасыр адамы ретінде, анық 
өнегелілікке ұмтылған таза елді көрмегеніне өкініш білдіреді. 
Шәкәрімнің ойынша, жауыз халық жоқ, келеңсіздіктердің бәрі – 
адамның пиғылында, жемқорлығы мен қиянатшылдығында. Кісіде 
қанағат, рахым, мейрім, шапағат жеткілікті, сондықтан адамзаттың 
достық, бауырластық, жолдастық жолына түсуі үшін, зұлымдыққа 
тоқтау салатын, «ар түзейтін ғылым» керек. «Қандай игіліктермен 
адам табиғатын түзеуге болады? ...бейбіт өмір сүруді үйренуі үшін 
не істеу керек? Бұл, ғасырлар бойы алдыңғы қатарлы ойшылдардың 
ақылы мен арын, көңілін тыншытпаған сұрақтар», деп [173, 99 б.] 
оның жауаптарының бірнеше бағыттарын қарастырады.
Адамзатты құтқарудың бірінші жолы – бұл Жаратушы Иені тану 
және өзіңді құдайға құлшылыққа бағыттау дегенді дәріптейтін діннен 
тұрады. Бірақ, бұл жол қажетсіз, өйткені кейбір діни қызметкерлер 
Құран мен исламды өздерінің келеңсіз қылықтарын жасыруы үшін 
пайдаланып, халықты алдайды, сонда олардың қасиеттілігі неде, деп 
ой толғайды ақын.
Адамзат қауымдастығының үндестікті қатынасын үкіметті, 
билікті құрту жолымен орнатуға болады дейтіндердің де пікірлері 
қате. Бұл жағдайда «адамдар баршаға ортақ әділетті заңдарға 
бағынбайтын, бір-біріне мейрімділік көрсетпейтін, жыртқыштар 
секілді әлсіздер мен қорғансыздарға зорлық көрсететін болады» 
[173, 100 б.]. Қоғамда «барлығының еркіндігі үшін, әрбір адам 
өзінің ұғымымен және ықыласымен өмір сүрсін» [173, 101 б.] деген 
анархистік көзқарас та Шәкәрім назарынан тыс қалмайды. 
Социализм идеясы да қанағаттандырмайды, өйткені байлар 
мен кедейлерді теңестіруді талап ету еш нәрсе бермейді, мәнсіз. Ол 


335
жалпының жалқаулығымен, шарасыздығымен, Абай айтқандай, 
көптің ессіздігімен байланысты. Шәкәрім өмір үшін күрес 
маңыздылыққа ие болатын биологиялық заңды қоғам өміріне байла-
ныстыруды дәріптейтін әлеуметтік дарвинистер ілімдерін «адамға 
жат және еш қандай негізсіз» деп әділетті сынайды [173, 101 б.].
Шәкәрім адамзат қауымдастығының кемшіліктерден құтылу 
жолдарын қарастырып, мынадай шешімдер ұсынады: біріншісі, мем-
лекет билігіне шыншыл, ақылды, риясыз таза адамдар тағайындалуы 
керек. Қызметін әділетті атқаратын, адамгершілігі мол, халыққа 
тиімді заңдарды шығара да, және олардың сақталуын қадағалай 
да алатын тұлғалардың тағайындалуын дәріптейді. Екіншісі, 
адамдарға еңбектенуді үйрету, білім беру керек. Бірақ, бұлардың 
бәрі де адамдардың өнегесіздігін, рухани кемтарлықтарын аластауға 
жеткіліксіз. Сондықтан тәрбие үдерісіне Шәкәрімнің ойынша ар, 
ұждан ғылымдарын кіргізу орынды. 
ХХ ғасыр басында башқұрт, татар оқу орындарында білім алған 
қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері жәдидшіл, түрікшіл, 
исламшыл идеялық бағыттарды ұстанса, ал Ресей жоғарғы оқу орын-
дарында білім алған мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер, 
инженерлер және т.б.) батыс мәдениеті жетістіктеріне ден қойып, 
оны игеруді дәріптеген. Зиялылар тарихи дәуірдің ерекшеліктерін, 
ұлтаралық қатынастар мен саяси өмір саласындағы қайшылықтар 
болмысын, патша үкіметінің отаршылдық саясатының қыр-
сырларын түсінді. Олар елдің ұлттық санасын оятып бостандық, 
теңдікке жетуге ұмтылды. Тарихи дәуірде Ресей империясының 
ресми идеологиясына сәйкес келмейтін әлеуметтік көзқарастардың 
бәріне де «түрікшілдік», «исламшылдық» айдарлары тағылды. 
Мұның түркі халықтарынан шыққан зиялыларды жазалау үшін пат-
ша үкіметінің қолайлы қаруы болғанын деректер көрсетеді. 
И. Гаспринский түрікшілдік мұраты «Тілде, пікірде және 
істе бірлік» [178, 8 б.] деген идеяны көтереді. Оның оқырмандарға 
кең таралған «Тәржүман» газеті отарлық жағдайындағы барлық 
түркілердің бір тіл арқылы бірігуі мүмкін екендігінің дәлелі. Әл-
Афгани (1858-1897) негізін қалаған исламшыл ой-пікірлер ХІХ 
ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасады. Оның отаршылыққа 
қарсы күресте халықтардың бірігуі, ынтымақтастығы қажеттігі ту-
ралы пікірлері мұсылман елдерінде қолдау тауып, отаршылдарға 


336
қарсы қозғалыстың үдеуіне мүмкіндік туғызады. Идеялық ағымдар 
кіріптарлыққа, үстем рахымсыздыққа, феодалдық мешеулікке қарсы 
бағытталған саяси белсенділікті оятады.
1905-1907 жылдар аралығындағы орыс революциясы ұлттық 
ояну, бір орталыққа бағынған ұлттық мемлекет құру жолда-
рын қарастыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Қазақстандағы 
экономикалық, саяси, аграрлық, таптық қайшылықтардың өршуінен 
бастау алатын азаттық қозғалысының жетекшілері өз алдарына 
буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпы ұлттық мақсат-
мүдделерді қорғауды, ұлттық тең құқық, халықтың мәдениетін 
көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, 
көшпенділерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қояды. 
Ресейдің монархиялық билік жүйесіне қарсы күрес 
нәтижесінде 1905 жылы 17 қазанда Николай ІІ-нің нұсқауымен 
Мемлекеттік Дума өмірге келді. Ол патша мен заң шығарушы 
органның ажырағанын жариялады. Енді оның жұмысына тек орыс 
халқы ғана емес, аймақтық ұлт өкілдері де қатысатын болып, 
қазақтар да әр облыстан бір адам сайлау мүмкіндігіне иеленді. 
Сайлауға қатысқан негізгі саяси күштер: конституциялық демо-
краттар (кадеттер), көшпенді қоғамның алдыңғы қатарлы сауатты, 
саяси белсенді тұлғалары болды. Өздерінің белсенді әрекеттері, 
озық көзқарастарымен қазақ даласында еркіндік туын көтерген 
зиялылар көзқарасы, Ресейдің радикалдық буржуазия партиясы 
кадеттерінің ұстанған бағдарламасымен сәйкес келеді. Арнайы 
әдебиеттер Ә. Бөкейхановтың самодержавиялық билікті ұтымды 
сынға алғанын, оған қарсы оппозицияда болған конституциялық 
демократиялық партияның Қазақстанда бөлімін ашуға ынта 
білдіегенін көрсетеді. Мемлекеттік Дума жұмысы көшпенділер 
өміріне де үлкен әсерін тигізіп, зиялыларды нақты іс-әрекеттерге 
итермелейді. Олар оған қазақ қоғамының тарихи уақыт туындатқан 
өзекті мәселелерін шешудің бірден-бір құралы деп қарап, белсенді 
түрде депутаттар сайлау ісіне араласады. Дума құқығы тек кеңес 
беруші ұйым қызметімен шектелуі керектігін дәріптегендер: 
«Ресейді бөлінбейтін тұтастықта қарастыра отырып, орыс емес 
басқа халықтарға жүргізілген ұлы державалық саясатты» қолдады 
[179, 38 б.]. Билік иелері күннен күнге өрістеп келе жатқан ішкі 
қайшылық салдарын жеңілдетудің жолын, халық наразылықтарын, 


337
ішкі әлеуметтік шиеленістерді шешудің мүмкіндіктерін сайлаулар 
жүйесінен көреді және оның «бұратана» халықтарға тигізетін кері 
әсерінің өсе түсетінін де пайымдайды. Депутаттардың отарланған 
елдердегі патша үкіметінің өктем саясатын сынауын оңшыл 
көзқарастағылар мемлекеттік мекемелердің билікті әлсіретіп 
алуының нәтижесі деп бағалайды. Олардың ұлттық дербестік ту-
ралы пікірлерге қарсы жазғандары «бұратаналардың» өзін-өзі 
басқаруы, автономия туралы ойларға жол бермейді, жеке меншікті, 
әсіресе жер иеліктерін қорғауды басты мәселе ретінде көтерді. Ли-
бералды көзқарастардағы саясаткерлер отарлық қамытын киген 
халықтардың болашақ тағдырын, немесе олардың еркін өмірге қол 
жеткізуінің жолын Дума саясатымен байланыстырады. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында азаттық үшін күрес жо-
лын жырлағандар басым болса, оның екінші жартысынан ба-
стап, ақындар халықтың өз ортасынан шыққан аға сұлтандар 
мен болыс, билерге, қожа-молдаларға барынша батыл, ашық сын 
айтып, әлеуметтік маңызы мәнді мәселелерді көтереді. Уақыт 
өзгерістеріне сай саяси сананың жаңару дәуірі басталады. Бо-
лыс сайлау, партия құру, әкімшілік қызметтерге адам ұсыну 
секілді қоғамдық маңызы бар істерге қарапайым халық белсе-
не араласты. ХХ ғасыр басынан газет-журналдардың шығуы, 
қазақ зиялыларының жұмылып халықты оқу-білімге үндеуі, 
баспасөзде ұлтқа қатысты өзекті мәселелердің көтерілуі зор 
мәнге ие болды. 
С. Сейфуллин «Қырғыз интеллигенциясы ортасындағы партия- 
лылық» атты мақаласында 1905, әсіресе 1912 жылдан бастап қазақ 
жастарының ортасында дербес мемлекеттілік туралы мәселе 
көтеріліп, революциялық идеялардың қарқынды тарай бастағанын 
айтады. Олардың еркіндікке ұмтылысын белгілі кадеттер 
Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтың қуаттап, «Қазақ» газетінің 
жанына топтап, бағыт беріп отырғанын көрсетеді [180, с. 45]. Ка-
дет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің 
өзекті идея ретінде қарастырылуы қазақ зиялыларының көңілін 
өзіне аударады. Олар парламенттік басқару жүйесіне үміт артып, 
оны қазақ мемлекеттілігінің болашағымен байланыстырады. Де-
ректер зиялы қауым өкілдерінің ықпалымен «ұлттық қозғалыстың» 
өрби түскенін көрсетеді.


338
Түркі тілдес халық өкілдерімен пікірлес болған Ә. Бөкейханов 
ұлттың еркіндігі мен әлеуметтік өркендеуінің алғы шартын ұлттық 
мемлекеттің болуымен байланыстырады. Г.Н. Потанинге жақын 
болып, өзіне үлгі тұтқанын: «...көп ұлттан құралған Россияны бір 
орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Россия өзге тілі, тұрмысы, 
қаны басқа жұртқа автономия беруі керек» деген сілтемесінен көреміз 
[181, 278 б.]. Ә. Бөкейханов федерацияны мемлекеттердің өзара 
теңдік жағдайындағы бірлесуі, оның құрамындағы елдер достық 
қарым-қатынаста болғанмен экономикалық, саяси дербестігін 
сақтайды деп түсінеді. Еріктері өздеріндегі мұндай мемлекеттердің 
үкіметі басында құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума кесімді 
жылға сайлаған президенті болады. Ол қазақ елінің автономия алған 
жағдайда көп ұлтты мемлекет болуы мүмкіндігін бағдарлайды. 
Жерге байланысты қалыптасатын автономиялы елді орыстардың да 
қолдайтынынан дерек береді.
Алайда 1917 жылдан бастап кадет партиясының басшылары 
Ресейдің тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік пен отар 
елдерге мәдени автономия беруді ғана ұстанады. Кадеттер ұлттар 
мәселесінің өзектілігін айтып, көтермелегендерімен олардың «өзін-
өзі билеу құқы» мәселесіне салғырт қарайды. Олардың жерді жеке 
меншікке беру туралы идеялары мен ұлт автономиясына қарсы 
шыққан тиянақсыздықтарынан және Ә. Бөкейхановтың дін ісіне бай-
ланысты ойларымен кадеттердің келіспеуінен ол партия қатарынан 
шығады. Сөйтіп өзі «Алаш» партиясын ұйымдастыруды қолға 
алғанын мәлімдейді. Кадеттер идеясы көңілдеріне қонбаған шет 
аймақтардағы партия мүшелері мәдени автономияға үзілді-кесілді 
қарсы шығады. «Алаш» партиясының құрылуы бір орталыққа 
бағынған қазақ мемлекетін құрудың бірден-бір жолы ретінде 
қарастырылады.
Тарихи дәуірде отарлық езгіге қарсы күресте жалпы ислам, 
түрік әлемінің саяси ілімдері басшылыққа алынады. Мұсылман, 
түркі халықтарының бостандық жолында күш біріктіру идея-
лары таралып, отар елдердің дербес мемлекеттілік үшін күресі 
мақсатты түрде өзінің жаңа бір сатысына көтеріледі. «Түркістандағы 
түрік халықтары Азия халықтарының көбісімен әр салада терезе 
теңестірерлік өз алдына дербес мемлекет құруға, оны басқаруға дай-
ындалды... Біз қазіргі заманғы саяси құрылысы өзімізден әлдеқайда 


339
озық, үлкен бір халықтың шеңгеліне түсіп қалдық». Озық тәжірибе, 
артық қаруланған бұл халықтың шеңгелінен шығу үшін, күреске жан- 
жақты дайындалған білікті мамандар мен халықты ұйымдастыратын 
саяси орталықтың болуы қажеттігіне сілтеме жасалады. М. Шоқай 
бұл кемшіліктің орнын қазақ зиялыларының ұлттық санасы мен 
ынта, талпыныстары ғана толтырғанын айтады. «Біздің алдымызда 
екі мықты тосқауыл тұрды. Бұлардың бірі ұлттық қозғалысымыздың 
басты дұшпандары болса, екіншісі – өзіміздің қоршауда қалғанымыз 
және елді ұйымдастыруға деген тәжірибесіздігіміз» [182, 127-128 бб.]. 
Түркістан халықтарының мақсат-мүддесін көздеген М. Шоқай Ресей 
құрамындағы Қазақстанда ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгілі, сая-
си және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары сөз болуы 
мүмкін еместігін терең түсінеді. Ол қашанда орыс солдатының ізіне 
орыс мұжығы ілесетінін, басып алынған жерде орыс билігі орнаған 
соң, халықтың жері тартылып алына бастайтынын, осындай жолмен 
біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты 
одағын құруға ешқандай орын қалмайтынын, ұлттық мемлекеттің 
тек тәуелсіздік жағдайында ғана болатынын атап көрсетеді.
Қазақ даласында орын алған 1916 жылғы ұлт азаттығы көтерілісі 
Ресей империясы дағдарысының көрінісі болды. Көтеріліс шығуының 
басты себебі экономикалық, саяси-әлеуметтік өмір салалары мен 
зиялылар еңбектерінен өз көрінісін тапқан: жерден айрылу, алым-
салықтың есепсіз көбейюі, отарлық езгі, тұрмыс ауыртпалықтарымен 
де байланысты еді. Тарихи мәліметтерден көтеріліске қазақ зиялыла-
ры көзқарастарының әртүрлі болғанын көреміз. Олардың радикалды 
бөлігі (Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә. Жанкелдин, С. Меңдешев т.б.) батыл 
іс, қимылдарды қолдап, оған өздері де ат салысса, ал либералды – 
демократиялық бағыттағы зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, 
Ж. Ақпаев, М. Дулатов т.б.) халықты патша жарлығын орындауға, 
орынсыз қан төгуге бармауға үндейді. Жарлыққа мойын ұсынбаған 
жағдайда отарлау әкімшілігі елге жазалаушы әскер шығаратынын 
болжап, елді қантөгістердің алдын алуға шақырады. 
Қазақ зиялылары ақпан революциясын отарлық бұғау езгісінде 
жүрген ұлттардың еркіндікке жетер уақыты келді деп қабылдайды. 
Осыған орай, «Қазақ» газеті «...халықты теңдікке жеткізу жолында 
ескі үкіметпен алысып, дарға асылып, оққа ұшып, басы айдауда, малы 
талауға түсіп жүрген сарбаздар жасымай... ақырында Россия қол 


340
астындағы халықтардың бәріне: дін, ұлт, тіл айырмасына қарамай, 
азаттық әперді,»- деп жазады [177, 372-373 бб.]. Құжаттар төңкерістен 
кейін қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың өзгерістерге 
ұшырай бастағанын, қоғамдық өмір салаларында түбегейлі қайта 
құрулардың орын алғанын, әртүрлі саяси бағыттарды ұстанған 
күштердің жанданып, белсенді күрес жүргізгенін, таптық, ұлттық 
мүддені көздейтін мақсаттары қарама-қарсы күштердің револю-
ция жеңісінен соң, «саяси күреске тоқсанға жуық партиялардың 
тартылғанын көрсетеді» [183, 74 б.].
Қос үкімет қалыптасқан саяси өмір қайшылығынан ел үш саяси 
лагерьге бөлінді: бірінші, кадеттер партиясына сүйенген Уақытша 
үкіметтің әкімшілік орындары, облыстық, уездік комиссарлар; екінші –
аралық (центристік) бағыт эсерлерден, меншевиктерден, өлкенің 
демократиялық деп аталған күштерінен қалыптасты; үшінші – сол-
шыл күштер, үлес салмағы аз да болса, кеңес орындарында нақты 
күшке ие болған большевиктерден тұрды. Ақпан революциясының 
жеңісі нәтижесінде кең көлемді саяси қызмет жүргізуге мүмкіндік 
алған көшпенді қоғам өкілдері бірнеше бағытта жұмыстар жүргізді. 
Ол саяси ұйымдар жұмыстарына белсенді араласу, қоғам өмірінің 
барлық салаларын қамтыған реформалар бағдарламаларын дай-
ындау, облыстық және уездік деңгейлердегі қазақ съездерінде 
қолдауын тапқан ұлттық комитеттердің құрылуынан көрініс таба-
ды. Сайын даланың әртүрлі аймақтарында: Орынборда, Оралда, 
Семейде, Омбыда және басқа да елдімекендерде өткен съездерге 
қатысушылардың талқылаған мәселелерінің сан-салалығына қарап, 
саяси, әлеуметтік, рухани мәселелер ауқымын және бүкіл қазақ да-
ласы үшін үлкен мәнге ие болған ұлттық, жер-су, оқу-ағарту, дін, 
әйел теңдігі «Автономия және өзін-өзі басқару» мәселелерінің 
өзектілігін пайымдаймыз.
1917 жылғы шілде айында Орынбор қаласында өтетін бірінші 
бүкіл қазақ съезі қарсаңында, болашақта құрылуға тиіс билік 
жүйесі, автономия туралы пікірлер «Қазақ» газеті беттерінде ал-
дын-ала талқыланады. Мақалалар мазмұны қазақ өз бетімен тәуелсіз 
ел болып, өзінің мемлекеттілігіне жете ала ма, әлде ол Ресейдің бір 
автономиялық бөлігі болуы керек пе деген сұрақтар төңірегінде 
өрбиді. Осыдан съезд делегаттарының назарына талқылау үшін 
жер, бір орталыққа бағынған ұлттық автономия, саяси партия 


341
құру мәселелері ұсынылады. «Қазақ» газетінде жарияланған 
съезд материалдарынан А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «ав-
тономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды» ұсынғанын, ал, Ә. 
Бөкейхановтың «демократиялық, федеративтік және парламенттік 
Россия Республикасының құрамында» ұлттық-территориялық ав-
тономия болуды қолдағанын көреміз. Деректер Ә. Бөкейхановтың 
ұсынысының қабылданғанын айғақтайды [183, 117 б.]. Съезд 
қарастырған тағы бір келелі мәселе саяси партия құрумен байланы-
сты болды: «Қазақ халқы өз алдына саяси партиясы болуды дұрыс 
көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд шора-и-исламға 
сайланған қазақ өкілдеріне тапсырады. Партияның негізінде демо-
кратическая федеративная парламентарная республика құрылмақ» 
[183, 119 б.]. Съезде «Алаш» партиясының ең бір тегеурінді, бүкіл 
халықтық мақсат-мүддені білдірген саяси ұйым болуы керектігі 
көзделді. 
Ресей империясының ыдырау үдерісін жеделдеткен қазан 
төңкерісі нәтижесінде отарлықта болған елдер өз еркіндіктерін 
талап ете бастайды. Бұл өзгерістердің қазақ даласындағы саяси 
жағдайларға да әсерінің мол болғанын жоққа шығаруға болмай-
ды. Осы кезде Алаш зиялылары ұлттық автономияны жариялаудан 
басқа жолдың жоқтығын айтып, тек бір орталыққа бағынған ұлттық 
саяси жүйе ғана елді жайлаған тұрақсыздықтан сақтайтынын бол-
жайды. Осыған орай, 1917 жылы желтоқсанның 5 – 13 аралығында 
өткен екінші жалпы қазақ съезіне қатысқан делегаттар автономия, 
милиция, ұлт кеңесі туралы маңызды мәселелермен қатар ұлттық 
қазына жұмыстарын жолға қоюды, оқу- білім, муфтилік, халық 
соты, ауылдық басқару, азық-түлік мәселелерін де қарастырады. Күн 
тәртібінің өзекті мәселесі ұлттық автономия жариялауға байланы-
сты қабылданған қарарда: «Россия мемлекетінде... беделді үкіметтің 
жоқтығын...бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге 
халі нашарлауын Һәм бұл бүліншілік біздің қазақ-қырғыздың басы-
на келуі ықтималын ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін өкімет 
керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады:
1. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария 
облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы Һәм Амуда-
рия бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы Һәм Алтай 
губерниясындағы іргелес болыстардың жері біріңғай, іргелі халқы 


342
қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына 
ұлттық-жерлі автономия құруға.
ІІ. Қазақ-қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын» [183, с. 69].
Съезд басым дауыспен жеңіске жеткен Ә. Бөкейханды демо- 
кратиялық негізде Алашорда үкіметінің Халық Кеңесі Төрағасына 
сайлайды. Алайда ұлт азаттығы қозғалыстарының нәтижесі ретінде 
өмірге келген автономиялық ұлттық құрылымдарды Совет үкіметі 
мойындамайды. Екінші жалпықазақ съезінде жарияланған Алаш 
автономиясы мен Орта Азияның тұрғылықты халықтарының Қоқан 
қаласында өткен жалпы мұсылмандық құрылтайында жариялан- 
ған Түркістан (Қоқан) автономиясы 1918 жылы қарулы күшпен
таратылады. 
Совет үкіметі саяси жүйе негізін қалыптастыруда таптық 
мақсат-мүддеге сүйенсе, ұлттық тұтастық идеяларын басшылыққа 
алған алаш зиялылары көшпенді қоғам күштерін жергілікті 
билік шараларын адал атқаруға жұмылдырады, «жалпы жұртқа 
мұрындық болуға» шақырады. Екінші жалпықазақ съезінің 
шешімімен қалыптаса бастаған ұлттық-территориялық саяси 
жүйені қорғау мақсатында «қазақтар мекендеген территорияда 
анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бер-
меу... бостандықтың жауы – большевизммен күрес» [183, 138 б.] 
жолын ұстанды. Алашорда үкіметі үшін күреске шыққан алаш зи-
ялылары большевиктерге қарсы күштердің қайсысымен болса да 
одақтасуға үлкен мән береді. 
Қызыл әскерлердің соғыс қимылдарын сәтті жүргізуі са-
яси жүйесі қалыптасып үлгірмеген Қазақ автономиясын ауыр 
жағдайларға ұшыратады. Зиялылар қазақ даласының барлық 
аймақтарында саяси билікті өз қолдарына ала бастаған кеңес 
ұйымдарымен мәмлеге келуге мәжбүр болады. Зиялылардың
В. Ленин, И. Сталинмен тікелей келіссөздері кезінде Совет үкіметін 
орталық үкімет деп мойындағандарын және Алашорда үкіметінің 
тәуелсіздігін нығайту мәселелері мен өз талаптарын қойғандарын 
көрсетеді. Олар: барлық қазақ жерлерін біріктіру; заң шығарушы, 
билік жүргізуші өкіметтің болуы; даулы мәселелерді шешуді 
халық сайлаған облыстық, уездік соттарға беру; қарулы күштер 
құру; жергілікті советтердің тұтқында ұстап отырған адамдарын 
босатуы; болашақта саяси көзқарасқа байланысты билік тарапы-


343
нан қуғындауларға жол берілмеуі. Алаш басшыларының талап, 
тілектеріне кеңес үкіметі атүсті қарайды, дегенмен ел шекарасын 
белгілеуде қазақ зиялылары үлкен жетістіктерге жетеді.
Кеңестік негіздегі ұйымдардың өмірге келуі қазақ даласын-
да бұрын болмаған таптық қайшылықтарды әдейі өршіктіру 
әрекеттерімен жүзеге асырылады. Халқының мүддесін өздерінің 
жеке бас пайдаларынан жоғары қойған ұлт зиялылары жергілікті 
кеңестік ұйымдармен қаншама мәмлеге келуге тырысқандарымен, 
олар сол кездің өзінде-ақ қудалауларға кезігеді... 


344


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет