Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет103/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   113
Кілемге салынған 
атты ғұн бейнесі 
(Ноин-Ула) 


287
даласына кетеді. Шун Вэй, қытайдың дәстүрлі тарихы бойын-
ша гундардың түпкі атасы болады. Осы мәліметке сәйкес гундар 
қытайдың өз ішінде қуғынға ұшырағандары мен далалық көшпелі 
тайпа өкілдерінің араласып кетуі нәтижесінде пайда болады. ...Хал-
ка жазығында... гундар тарих сақынасына шығады. ...далалық 
көшпенділер деп аталады» [185. 13-14 б.б.].
Арнайы әдебиеттерге сүйене отырып, ғұндердың қытайлықтар 
мен көшпенділердің қосындысы болатынын, сыртқы түрінде 
еуропалық белгілердің басым болғанын түсінеміз. Осыған орай 
Л.Гумилев, зерттеушілерге кең танымал «Көпір үстіндегі соқтығыс» 
деп аталатын Қытайлық барельефте (тегіс нәрсеге түсірілген бей-
не) атты ғұндардың мұрындарының үлкендігіне назар аударады. 
Қытай деректері олардың тізе бүкпеген қайсарлығын, тәртіпке 
бағынбайтынын, б.д.д. ІІІ ғасырда олардың көсемі Мөденің 
біріктіргеніне дейін өзара жауласқан көптеген руларға бөлінгенін 
жеткізеді. Қытайлықтар өздеріне жақын өмір сүрген халықтар ара-
сынан ғұндарды ерекшелеген, жабайылар ретінде кемсітпеген, олар-
ды «аспанның асқақ өркөкіректері» деп атаған тәрізді.
Шаруашылығы. Археологиялық қазба жұмыстары ежелгі за-
мандарда Қытай мен далалықтар арасында қалыпты қатынастың 
болғанын көрсетеді. Тарихи әдебиеттерде б.д.д. 1200 жылдар шама-
сында ғұндарда бір орталыққа бағынған мемлекеттің пайда болған. 
Бұл олардың тұрмысы мен өмірлік ұстанымдары сипатында, халық 
өмірінде айтарлықтай алға басулардың болғанын көрсетеді. «Олардың 
үйі жоқ және жер өңдеп, егін егумен де айналыспайды. Тек шатыр-
ларда өмір сүреді. Жасы үлкенді сыйлайды және жылдың белгілі бір 
уақытында өздерінің шаруаларын реттеу үшін жиналады» [185. 25 б.]. 
Ғұндар тарихында ерекшеленетін екінші кезең осы уақытта 
Гоби шөлінен өту мүмкіндігіне ие болуымен байланыстырылады.
Л. Гумилев пікірінше, ержүрек теңізшілер ретінде финикиялықтардың 
Еуропаға баратын су жолын ашқаны тәрізді, ежелгі көшпенділердің 
адамзат тарихы дамуына сіңірген еңбегі мал шаруашылығымен 
айналысып, Гоби шөлінен жол салып, Сібірді ашуы болды. Тарих 
тағдара үшін осы екі жаңалықтың да маңызы үлкен болды, бұлардың 
қайсының маңызды екенін айту қиын, – дейді.
Шөл даладағы өткелдің пайда болуы мал шаруашылығы 
жетістіктерімен байланыстырылады. Жартасқа салынған суреттен 


288
шөл дала «кемесінің» өгіз жегілген күймелі арба болғаны көрсетіледі. 
«Дала үшін мыңдаған жылдарға созылған қақтығыс жазба дерек-
терде сақталмаған. Дегенмен б.д.д. ІІІ ғасырға таман ежелгі ғұндар 
барлық далалық кеңістіктің, Гоб шөлінен Сібір тайгасына дейінгі 
аймақтың қожасы болды. Енесей мен Абакан жағалауларында ағаш 
шалаштар жанында көшпендінің киіз үйі пайда болады» [185. 26 б.]. 
Б.д.д. ІV ғ. ғұндар Гоби шөлінің оңтүстік бөлігіне өтіп
қытайлықтарды қорғануға мәжбүр етеді. Осы соғыстардың 
ескерткіші – Ұлы Қытай қорғаны мен Монғолиядағы тас тақта 
қорымдары. Л.Гумилев бұл туралы: Орталық Монғолия мен Оңтүстік 
Байкал даласында қайталанбас өзіндік ерекшелігімен «Тас тақта 
қорымы мәдениеті» пайда болады. Бұл ежелгі ғұндар мәдениетінің 
бастапқы сатысы, – деп көрсетеді. 
Осы уақытқа жеткен деректер мен зерттеушілер еңбектері, 
тас тақта молаларды қалдырған адамдардың негізгі кәсібінің мал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет