Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет104/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113
Тас тақта қорымы [189]
шаруашылығы болғаны меңзеледі. Осыған қоса мамандар, көшпенді 
тірлік ерекшеліктеріне қарамай, ғұндардың металл өңдеуді, қол 
өнері ісін және егін шаруашылығын жақсы игергенін мәлімдейді. 
Қорымдардан Индия мұқитынан алынған каури қабыршақтары, ақ 
цилиндр моншақтар, қытайлық үлгідегі ыдыс қалдықтары табылған. 
Бұл ежелгі Ғұндардың байланыстары ауқымының кең болғанының 
дәлелі. 
Зерттеушілер олардың әлеуметтік құрылымдарының да айқын- 
далмағанына назар аударады. Молалардың орналасуы қауымдық-


289
рулық байланыстың берікті туралы пайымдау жасауға мүмкіндік 
береді. Дегенмен мұның бай мен кедей отбасылары болған жоқ 
дегенді білдірмейтініне, ғұндардың патриарқалдық ру шеңберінен 
шықпағанына сілтеме жасалады. Көсемдер, ақсақалдар мен танымал 
батырлар жоғарғы топ өкілдеріне жататыны қай уақыттан да мәлім. 
Сондықтан бұлардың қорымдарының қатардағы руластарынан 
айырмашылығының болып, «бұғылар тасы» атануын түсінуге бо-
лады. Деректер тас тақташалардың бұғылар бейнесімен, күн табағы 
және қару-жарақпен өрнектелгенінен мәліметтер береді.
«Бұғылар тасы» бұл сайын далада тікесінен тік қойылған тұтас тас 
тақта немесе қабір басына ескерткіш ретінде 
қойылған жазуы бар тас тақта. Бұлар алғаш 
рет Сібір мен Байкал төңірегінен табылған. 
Сайын далада олардың жалғыз және 
қатарласа тұрғандары да кездеседі. Әдетте 
бұл құрылымдардың ортаңғы тұсы бұғылар, 
сирек те болса жылқылар, адамдар немесе 
фантастиклық жан иелерімен бедерленген. 
Осыдан бұларды қорымдарға қойылған 
болуы мүмкін деген де жорамалдар айты-
лады. Мамандар ежелгі замандарда қорым 
басына тас тақталар қойылғанын, бірақ 
оларда салынған суреттердің болмағанын 
мәлімдейді. 
Көне ғұндар мәдениетіне жанасатын тас тақта қорымдарының 
уақыт жағыанан алғанда кейін пайда болған қорымдардан айыр- 
машылығы болды. Л. Гумилев оны: біріншіден, ғұндар кең көлемді 
қолданды, ал бұл тас тақта қорымдарында өте сирек кездеседі... 
Екіншіден, ғұндардан патша корымдарын кездестіреміз. Бұл түсі- 
нікті, өйткені б.д.д. ІІІ ғ. Ғұн тайпаларының бірігуінің жүзеге асырыл- 
ғаны, бір орталыққа бағынған мемлекеті пайда болғаны айтылды.
Ғұндар діні. Ғұндар жыл сайын көктемде «өз аталарына, аспан, 
жерге және рухтарға» құрбандықтар берген. Күн сайын шаньюй 
екі рет, таңертең шыққан күнге, кешке айға құлшылық жасаған. 
Іс-әрекет «жұлдыздар мен айдың туған түріне қарай» басталатын. 
Бұған қоса шаньюйдің «аспан мен жерден туғанын, күн мен ай-
дан билікке тағайындағанын» есепке алатын болсақ, онда табы-
ну нысанының Ғарыш болатыны түсінікті. Ғұндарда жанданған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет