311
айналысатын халықтар отырықшылармен тығыз байланысты,
олардың арасында экономикалық, мәдени, сауда-саттық қатынастары
өмір сүреді»,–деп көрсетеді. [150. 16 б.].
Қарастырылып отырған тақырып бойынша Л. Гумилев пікіріне
сүйенер болсақ, онда: «Көшпенді қоғамда техникалық прогресс
болуы мүмкін емес деп ойлаудың өзі қате. Жалпы көшпенділер,
оның ішінде әсіресе ғұндар мен түріктер, адамның өмір-тірлігінен
айырғысыз нәрсе ретінде, қазір барша адамзат күнделікті тұрмыста
қолданатын көптеген бұйымдарды ойлап тапты. Қазіргі еуропалық
еркек жыныстыларды айтқанда, көз алдыңа келе қалатын киім-
кешектің бір түрі – шалбарды көшпенділер тіпті ежелгі заманда-
ақ ойлап тапқан. Үзеңгі... бірінші рет Орта Азияда пайда болған.
Алғашқы дөңгелекті ағаш арба, үлкен доңғалақты күймеге ауысты...
бұл көшпенділердің орман-тоғайлы тау қырқаларынан қиналмай
асып түсулеріне жағдай жасады. Ауыр да түзу семсердің орнын
басқан қайқы қылышты көшпенділер шығарған, аңыратып 700 м
жерге жеткізетін, сала-құлаш құранды садақты ойлап тапқан да
солар. Ақыр соңында айтарымыз, ол заманда тұрғын жайдың ең
жетілген түрі киіз үй боп есептелетін.
Көшпенділер тек материалдық мәдениетте ғана емес, сол сияқты
рухани мәдениетте де (олардың әдебиеті ауызша айтылған болса да)
өздерінің отырықшы көршілерінен артта қалып көрген емес. Әрине,
ғұндардан ғылыми теория іздеу есуастық болар еді: тіпті гректердің
өзі оларды ежелгі мысырлықтар мен вавилондықтардан алған ғой.
Көшпенділер жыр-аңыздардың екі жанрын: батырлар жыры мен
жын-пері хикаяларын жасаған. Біздің түсінігімізше, мұның екеуі
де әдебиеттен гөрі мифологияға
жақын, бірақ олар ақиқат өмірді
осындай жолмен қабылдап,
өздерінің
сезім
түйсіктерін
білдірген. Басқаша айтсақ, біздегі
әдебиет атқаратын қызметті олар-
да мифология атқарған...
Біздің бұл тақырыпқа ег-
жей-тегжейлі тоқтау себебіміз
Орта Азияның көшпенді халық-
тарының атышулы құнсыздығы
Суретте: Қожа Ахмет Яссауи
Достарыңызбен бөлісу: