Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет36/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

О дүниелік өмір. Аңызда жыл маусымдарының ауысуы нақты 
көрінісін тапса, оның келесі бір бөлігінде өлгеннен соңғы өмір тура-
лы мәлімет беріледі. Атап айтқанда, Иштардың жер асты әлеміне ба-
руы жайлы аңыз айтылады. Сүйіспеншілік, махаббат құдайы өзінің 
келгені жөнінде жер асты патшайымы Эришкигалға айтуды талап 
етеді. Махаббат құдайы жер бетінде болмаған кезде тіршілік иелері 
көбеюін доғарады. Бұған мазасызданған құдайлар Эришкигалға 
Иштарды тез қайтаруын, босатуын өтініп, хабаршы жібереді. Нәр 
беретін, жан бітіретін киелі су бүркілген Иштардың жер бетіне қайта 
оралуымен өмір мен махаббат қайта жанданады...
Шумерлер мен аккадтар о дүниенің бар екеніне сенді. Діни 
түсінік бойынша, бұл – көлеңкелер патшалығы, онда о дүниелік 
болған адамдар аштық пен шөлден мәңгі жапа шегіп, саз, топырақпен 
қоректенеді. Сондықтан балалары оларға арнап құрбандықтар беріп 
отыруға міндетті. Мұнда құдайлардан басқа, сансыз көп ізгілікті 


103
перілерге және әртүрлі аурулар мен өлімге себепкер саналатын 
әзәзілдерге деген сенім де орын алған. Жартылай адам, жартылай 
жануар кейпінде бейнеленген осы жын-шайтандардан жалбары-
ну дұғаларының, арнайы бойтұмарлардың көмегімен құтылуға 
тырысқан. 
Мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүрген шумерлер мен се-
мит тайпалары арасында мәдени байланыстар орын алғаны сөзсіз. 
Аккадтар бір орталыққа бағынышты мемлекет құрып, шумерлерді 
бағындырғаннан кейін бұл үдеріс жаңа сипатқа ие болады. 
Жеңімпаздар шумер сына жазуларын өз тілдеріне бейімдейді. Са-
уатты адамдар шумер тілінен аккад тіліне аудармалар мен шумер-
аккад сөздіктерін жасайды. Шумер тілі ғылым мен мәдениет тілі 
болып, ал аккад тілі күнделікті тұрмыста қолданылғанын деректер 
көрсетеді.
Шумерлерде қоғамдық жүйе билігі жергілікті құдайларға, 
абыздарға тиесілі болып, жекеменшікке тек тұрмысқа қажетті зат-
тар мен үйлер берілді. Ал б.д.д. 1800 жылдар шамасындағы Ак-
кад құжаттарындағы жылжымайтын мүлік, әкімшілік істері және 
жер саудасына арналған көптеген мәліметтен жеке капиталдың 
басымдыққа ие болғаны байқалады. Қалыптасқан шаруашылыққа, 
өндіріс тәсіліне сай, қоғамның әлеуметтік қатынастарына да 
өзгерістер енеді. Мемлекеттік билік жүйесі жаңа, жеке иеліктердің –
шаруалар, дүкеншілер, төменгі басшы шенеуніктердің өмірге келуіне 
ықпалын тигізеді. 
Шумер деректерінде Тигр мен Евфрат өңірі басқыншы 
соқтығыстар жиі орын алған жер ретінде көрсетіледі. Осыдан да 
болар, өз кезегінде Аккад патшалығының да ыдырауына кутийлер 
тайпасының шапқыншылығы әсерін тигізеді. Кейін тәуелсіздікке 
қол жеткізсе де қала-мемлекеттер міндетті түрде жаулап алушыларға 
салық төлеп тұруға мәжбүр болған. 
Өз жерінде өмір сүрген кутий көсемдері жаулап алған елдерін 
шумер, аккад ортасынан шыққан «энсилер» арқылы басқарды. 
Осындай әкімдердің бірі б.д.д. ХVІІ ғ. екінші жартысында Ла-
гаш қаласын билеген Гудеа болды. Оның мүсіндік бейнесі, оған 
жазылған арнаулар, рәсімдік әнұрандар, өлеңдер сақталған. Тарихи 
дәуірдің жазба деректері сол кезде жергілікті және жалпы шумерлік 


104
құдайлардың құрметіне көп ғибадатханалар тұрғызылғанын, сулан-
дыру жүйелерінің қалпына келтіру жұмыстарына басқа елдерден 
келген құлдар еңбегінің пайдаланылғанын көрсетеді. Қара тастан 
көптеген мүсін жасалады, Лагаш қаласының әкімі Гудеаның билік 
иелері ортасында кең танымал болғаны қазба жұмыстары кезінде 
табылған деректерден белгілі.
Б.д.д 2109 жылы, қарапайым балықшы Утухенгальдің 
басшылығымен болған көтерілістің нәтижесінде, Қосөзен 
еркіндікке қол жеткізеді. Көп ұзамай біріккен Шумер-Аккад 
патшалығының билігі Ур қаласының патшасы Ур-Наммудың 
қолына көшеді. Шексіз билікке ие болған ол «Ур патшасы, Шумер 
және Аккад патшасы» дәрежесін иемденеді. Патша билігі діннен 
қолдау тауып, Аккадтың бас құдайы Белге теңестіріледі. Шумердің 
бас құдайы Энлиль жердегі патшаның қорғаушысы деп есептеледі. 
Осы кезде топан су басқанға дейінгі және одан кейінгі «Патша-
лар тізімі» жасалып, жердегі патша билігінің мәңгілігі жөніндегі 
идея өмірге енеді. Шульга патша (б.д.д. 2092-2047 жж.) кезінен 
бастап патшаларға құдайлық қасиеттер таңылып, оған абыздар 
бағындырылады.
Тарихи дәуірде аморейлер қысымы ұлғая түседі. Олар Қосөзенді 
батысы мен шығысынан қоршай шабуылдап, көптеген қаланы басып 
алады. Б.д.д. ХІІІ ғ. соңында Қосөзенде көптеген аморей княздығы 
пайда болады. Осы заманға жеткен «Ур қаласын жоқтау» тек 
қаланың ғана емес, Шумер-Аккад патшалығының да тарих сахна-
сынан кеткенін білдіреді. Урды қиратып, құдайлар мүсіндерін алып, 
патша әулетінің соңғы өкілін қолдарына түсірген эламиттер оған 
соңғы шешуші соққыны (б.д.д. 2003 ж.) береді.
Б.д.д. І мыңжылдық басында Сирия мен Солтүстік Қосөзен 
халықтары бірігіп, араласып, арамей тілі кең таралымын табады. 
Б.д.д. VІІІ ғ. бастап арамей тілі халықаралық дипломатия және са-
уда тіліне айналады. Былғары мен папирусқа жазу жазған арамей 
сауаттыларының шығармалары басымдық жағдайға ие болып, сына 
жазуға негізделген мектептер тоқырауға ұшырайды.


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет