Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет38/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
Хаммурапи заңдары. Заңдар барлық уақытта тексеру жүргізілуі 
мен сот шешімдері шығуын талап етпейді. Мысалы, өрт жіберген 
адам ұсталып қалса, оны сол жерде отқа тастап жазалаған. Ұрлық 
істеу үшін үйдің қабырғасын бұзған қылмыскер де ұсталған бойда 
бірден жазасын алған. Мұндай жағдайлар заңда: «Сол жерде өлтіріп, 
көміп тастау» деп көрсетілген. 
Егінші егінін суарып жүріп, байқамай көршілерінің егінін суға 
тоғытса, зардап шегіп, егінінен айырылып қалғандар одан өнімді 
қалай да өндіріп алуға ерікті болды. Кінәлінің қаражаты жетпеген 
жағдайда, оны құлдыққа сатып, түскен ақшаны айыптаушылар 
бөліп алған. Алайда, соғыс кезінде қолға түскен адамды құн төлеп, 
қайтарып алуға отбасының шамасы жетпеген жағдайда, керекті 
қаржы осы қауымдастық мүшелерінің жинаған ортақ қазынасынан 
төленді. Бұл – ежелгі Қосөзен тұрғындарының өзіндік ерекшелігімен 
көзге түсетін әлеуметтік ұйымдасуының түрі болды. Осы аймақта жер 
иелігі бар адам ғана қауымдастықтың толық мүшесі деп есептелді. 
Жері жоқтар оны ақшаға немесе өнімнің белгіленген мөлшердегі 
бір бөлігіне жалға алды. Адамның мемлекеттік меншіктегі жердің 
белгілі бір кесімін пайдалану мүмкіндігі де болды. Бірақ, мұндай 
жағдайда ол патша қызметшісіне айналып, әскери, абыздық, 
сауда-саттық міндеттерді атқарды. Қауымдық меншікте жер үлесі 
болмағандар жергілікті билік органдарының қызметіне араласа ал-
мады. Қауымның ерікті мүшесімен салыстырғанда, патшаға қызметі 
жаққан, қоғамның жоғары дәрежелі қызметшісінің қадірі болған 
жоқ. 
Заң бойынша Вавилонда отбасының меншігі бөлініске өте сирек 
жағдайда түскен. Кейде әкесінің өмірден өткеніне қарамай, ер жет-
кен балалары бір үйде тұра берген. Мұнда патриархалдық тәртіптер 
орын алған, мүлікке басшы адам жауап берген үлкен отбасылар бол-
ды. Басшының рұқсатынсыз, ортақ мүлікке қатысты жасалған кез 
келген әрекеттің заңдық құзыры болған жоқ. Отбасы мүшелерінің 
мүддесін көздеген әке баласын немесе әйелін құлдыққа бере ала-
тын (құлдыққа баруға өзі де ерікті болды). Бірақ, несие беруші 


109
қоғамның мұндай ерікті мүшелеріне сатып алған құлындай қарай 
алған жоқ, бұлар оның меншігі болып есептелмеді. Қарызына бай-
ланысты кіріптарлыққа ұшыраған адамға жасалған жауыздық үшін, 
қылмыскер қоғамның ерікті мүшесіне жасалған қастандықпен бірдей 
жауап берді. Заң жүзінде көрініс тапқан дәстүр, қарызына байланы-
сты кіріптарлыққа ұшыраған адамды үш жылдан кейін құлдықтан 
босатуды талап етеді. 
Cуретте: Хаммурапи заңдары мәтіні [51]
Қожаның әйелі, күңі балаларымен қоса отбасы мүшелері болып 
есептелді. Сол заманда бала асырап алу кең таралым тапқан. Бұл 
ежелгі қоғамдағы адам өлімінің көптігі, туыстық қатынастардың 
беріктігі және жетім қалған баланы әлеуметтік қорғаудың түрі болса 
керек.
Хаммурапи заңдарында сатып алынған, жорық кезінде басқа ел-
дерден әкелінген құлдар туралы да айтылады. Құл мен ерікті адам 
арасында үлкен айырмашылық бар еді, құлдың баласы да құл боп 
есептелді. Ерікті адамдар тұлға ретінде қабылданса, құлға мал, мүлік 
ретінде қарау орын алды. Сондықтан ерікті адамды өлтіргенге өлім 
жазасы қолданылса, құлға тек құн төленіп, келтірілген шығынның 
орны толтырылды. 
Әйел құқығы заңмен, қалыптасқан салт-дәстүрлермен қорғалса, 
күңнің ешқандай құқығы болмай, қожасы оған ойына келгенін 
істеуге ерікті болды. Ол өз қожасынан балалы болған жағдайда, ба-


110
ласымен бірге еркіндік алды. Ерікті адамның баласы күңнен туса 
да, құл болуына, оның анасының да күң болып қала беруіне жол 
берілмеді.
Әкесі қайтыс болғанда жасы үлкен ер баласы оның орнын басты 
және күңнен туған бала да әкесінің еркіне сай мұрагер боп есептелді. 
Ежелгі Вавилон мәдениетінің тағы бір ерекшелігі – шумер-
лер мәдениеті үшін беймәлім, алғашқы капиталистік қатынастар 
көрінісінің осы мәдениетте пайда болуы еді.
Б.д.д. ІІ мыңжылдық соңындағы мәдениет өзіндік ерекше- 
ліктерімен көзге түседі. Ғибадатханалар, сарайлар дәстүрімен тікелей 
байланысты «Эдуб» сына жазулар мектебі қоғам өміріндегі мәнін 
жоя бастайды. Көшірмеші мамандығы әкеден балаға мұра болды, 
білім және басқа да тәлім-тәрбие үйде берілетін. Ежелгі мектептер-
де авторсыз мәтіндер құдайларға немесе белгісіз бір данышпандарға 
таңылды. Осыдан да болар, ІІ мыңжылдық соңы мен І мыңжылдық 
басындағы жәдігерлерде жеке-дара авторлық бастаулар еніп, 
шығармалар атауы көрініс табады. 
Ішкі талас-тартыстар, сыртқы саясат негізінде пайда болған 
қайшылықтар Хаммурапидің ұлы Самсуилун (б.д.д. 1749-1712 жж.) 
кезінде айқын көрінді. Самсуилун мемлекет тұтастығын сақтауға 
қаншама талпынғанымен, жауынгер касситтер тайпасы шекара-
дан белсенді түрде өте бастайды. Солтүстік-батыс шекараға келіп 
орналасқан хурриттер Вавилонды Кіші Азия мен Шығыс Жерорта 
теңізіне алып баратын сауда жолдарынан кесіп тастайды. Вавилонда 
б.д.д. ХVІ ғ. басында пайда болған касситтер әулеті б.д.д. 1115 жылға 
дейін өмір сүреді. Осы уақыт аралығында касситтер вавилондармен 
араласып, сіңісіп кетеді. Вавилон мәдениетін қабылдаған кассит-
тер өз құдайларын Вавилон құдайларымен теңестіреді, Қосөзеннің 
дәстүрлі діни рәсімдеріне қамқорлық жасайды. Тарихи дәуірде 
Урукте ғибадатхана тұрғызылса, Ур қаласында зиккураттар мен 
ғибадатханаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 
Касситтік Вавилонға күтпеген жерден, тұралата шабуыл жасаған 
эламдықтар б.д.д. ХІІ ғасырдың бірінші жартысында оны толық жа-
улап алды.
Касситтер дәуірінде жеке құдайға табыну, адам мен оның жа-
ратылыстан тыс қорғаушысына деген сенім кеңінен таралған. Жеке 
құдай қандай да бір сақтаушы періште тәрізді, әр кез адамның 


111
қасындағы қорғаушысы саналды. КүнәҺар кісі құдайына жалба-
рынып, өмір азабынан құтылу үшін көмек сұраған. Тарихи дәуірде 
өтініш мәтіндері сына жазуы әдебиетінің белгілі жанрына айналады. 
Сына жазуы дәуіріндегі қызықты жазба ескерткіштердің бірі 
«Өмірдің мәні туралы қожасы мен құлының әңгімесі» деп аталады. 
Ол пікір алмасу түрінде құрылған және бір қызығы, құлы әрқашан 
қожасының айтқан пікірін дәлелдей түсетін мысалдар келтіріп отыра-
ды. Егер қожасы: «Мен әйелді сүйгім келеді» десе, құлы: «Иә, қожам, 
иә. Кім де кім әйелді сүйетін болса, сол қайғы-мұңын ұмытады», –
дейді. Қарама-қарсы мазмұнда айтылған: «Мен әйелді сүйгім 
келмейді» деген пікірге, құл махаббаттың алып келетін қасіретін 
дәлелдеп: «Жоқ, сүймеңіз, қожам, сүймеңіз. Әйел – шыңырау, ор, 
қақпан, әйел – ер адамның кеңірдегіне қадалған өткір пышақ», –
дейді. Қожа өзінің құдайларды қастерлеп, олардың орнатқан 
барлық рәсімін орындағысы келетінін айтады. Келісімін басын изеп 
білдірген құл: «Құдайларға құрмет игілікті», – дейді. Бірақ, қожа 
керісінше пікір де білдіріп: «Менің құдайларға құрбандық бергім 
келмейді», – дейді. Құл мысқылмен: «Берме, қожам, берме. Өйткені, 
құрбандық бергеніңмен, итті үйреткен тәрізді, құдайларға тілегіңді 
орындауды үйрете алмайсың», – дейді. Әлемде салыстырмалының 
орын алатынына көзі жеткен, бар нәрсеге, қойылған сұрақтарға «иә» 
немесе «жоқ» деп жауап беруге болатынын түсінген қожа, құлының 
қолдайтын-қолдамайтынын білу үшін: «Мен сені өлтіремін, құлым 
менің», – дейді. Оған құлы қысқаша: «Расында қожам мен өлгеннен 
кейін үш күн өмір сүре алар ма екен?» – деп жауап береді. Бұл адамның 
өлімнен құтыла алмайтынын, қожасының құлынан айырмашылығы 
жоқтығын, құлды өлтіруге болатынын, бірақ қожаның да өлімнен 
құтыла алмайтынын білдіретін тәрізді...
Б.д.д. ІІ мыңжылдық соңында Вавилонда аккад тілінде «Иә, 
мен данышпандық әміршісін мадақтаймын» деген тақырыпқа 
арналған философиялық сипаттағы шығарма жарық көреді. Мұның 
мазмұнына негізсіз жапа шеккен жанның аянышты және қатал 
тағдыры арқау болған. Қаншама тақуалықпен, құдайлар орнатқан 
тәртіптерді сақтағанымен, шексіз қайғы-қасірет пен қудалау оның 
ізінен қалмайды. Мәтінде «Бас құдай Мардук өз тарапынан неге 
ең жақсы кісінің шексіз жапа шегуіне жол береді?» деген сұрақ 
қойылады да, оған: «Құдайлар еркі ақылға сыймайды, түсініксіз, 


112
сондықтан адамның оларға шексіз бағынуы керек»,- деген жауап 
беріледі. 
Осы уақытта, Қосөзен аймағында, философиялық деп айтуға 
болмаса да, философиялық ойдың алғашқы белгілерінің көрініс 
тапқанын деректер мазмұны көрсетеді. Ежелгі Шығыстың даналық 
көркем әдебиеті – қанатты нақыл сөздері мен ғибратты әңгімелерінің 
жинақтары пайда болады. Оларда мораль, әділеттілік, өмір мен өлім, 
құмарлық және адамның қорқынышы жайлы мәселе көтеріледі. 
«Даналық кітабы» әртүрлі тілде жарық көріп, бір мәдениеттен келесі 
мәдениетке көшіп отырады. Кейін осы тәрізді арамей және сирия 
тілдерінде жарық көрген мәтіндер грек (эллиндік), араб әдебиеттері 
арқылы әлемдік мәдениет дамуына да әсерін тигізеді. 
АССИРИЯ
Пайғамбар Наум: «Ниневия тоналды! Оны кім есіркеп
жұбатады?» деп айтқан қаланы табуға үміттенген еуропалықтар оны 
ұзақ жылдар бойы тер төгіп іздестірді. Өз заманында қатыгездігімен 
аты шыққан Ассирия мемлекетінің әскерлеріне қанды қырғын са-
лып, тас-талқан ете жеңген мидиялықтар мен вавилондықтар оның 
астанасы Ниневияны б.д.д. 612 жылы қиратып, отқа ораған еді. Міне, 
ұрпақтар жадынан өшірілген, қарғысқа ұшыраған осы Ниневия Жаңа 
дәуірдегі еуропалықтар үшін аңызға айналды. 
Ежелгі Ашшур қала-мемлекетінде б.д.д. 2000 жыл шамасын-
да Ашшур құдайға арнап ғибадатхана тұрғызылып, қала қорған 
қабырғалармен қоршалған еді. Ассирия мемлекетінің шығу тари-
хы осы оқиғадан өз бастауын алады. Б.д.д ХVІ ғ. дейін Ассирия 
мемлекеті «Алум Ашшур», яғни Ашшур қаласы, қауымдастығы 
деп аталады. Ашшур-убалит (б.д.д. ХІV ғ.) патша кезінде бұрынғы 
«Алум Ашшур» Ассирия патшалығы атауына ие болады. 
І Тиглатпалассар (б.д.д. 1114-1076 жж.) билігі кезінде құдіретті 
мемлекетке айналған Ассирия күтпеген жерден арамейлер шабуылы-
на кезігіп, күйзеліске ұшырайды. ІІ Ашшурнацирапал (883-859 жж.) 
және ІІІ Салманасар (859-824 жж.) кезінде қайта нығайған Ассирия 
мемлекеті ерекше белсенділік танытып, кең көлемді басқыншылық 
соғыстарын жүргізеді. Нәтижесінде Таяу Шығыс елдерінің басым 
бөлігі, үлкен аймақты мекендеген көптеген халық бағындырылады. 


113
Бағынышты елдерді ұстап тұру қиынға түседі. ІІ Ашшурнацирапал 
патша кезінде сол елдердің бөлініп кетуіне қатаң тыйым салына-
ды. Өзінің шектен тыс қаталдығымен аты шыққан патша теңдікке, 
тәуелсіздікке ұмтылған, бағынбау нышанын білдірген халықты 
қырып-жойып, басып өткен жерін қуаң далаға айналдырады. 
Тұтас халықтар тұтқынға, құлдыққа түседі. Соғыста белсенді 
қарсылық көрсеткендер қырғынға ұшырайды. Тұтқындар терісі 
тірідей сыпырылған, бастары кесілген, қазыққа отырғызылған, 
қол-аяқтары маталып, бірінің үстіне бірі қаланған. Бұлардың 
астыңғылары жаншылып өлсе, үстіңгілері шыжыған күн астында 
бұзылған адам денесінің үстінде азапты ажалға душар болған. Та-
рихи дәуірдің осындай қатыгез деректерін, іс-әрекеттерді Ассирия 
патшаларының қалдырған мәліметтері жеткізеді. 
Тиглатпаласар: «...Үлкен жерлерді, тауларды өз билігіме қаратып, 
қалалар мен оның патшаларын жеңдім... Алпыс патшамен соғысып, 
өз күшіме бас идірдім. Соғыста маған пара-пар ешкім болған жоқ, 
майдан даласында ешкім бақталас бола алмады», -десе, [43. 175-176 б.], 
өзі туралы асқақ пікірде болған 
Ассархаддон: «Мен ұлы пат-
ша, қарымды патша, ғаламның 
патшасы, Ассирия патшасы, 
Вавилон билеушісі, Шумер 
және Аккад патшасы, Карду-
ниш патшасы... патшалардың 
патшасы... Мен қуаттымын 
және шектен асқан күштімін, 
мен батырмын, ержүрекпін, 
мен қорқыныштымын, мен 
мәртебелімін, мен кереметпін
бар патшаның арасында маған 
тең келетінді білмеймін... 
Мен – соғыста және шайқаста 
құдіретті, жауларын құртқан, 
бағынбағанды 
өзіне 
бой 
ұсындырған, өзіне барлық 
адамзатты бағындырған пат-
шамын» деп масайрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет