Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Ашшурбанипал кітапханасының сына жазу кітаптары



Pdf көрінісі
бет40/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113
Суретте: Ашшурбанипал кітапханасының сына жазу кітаптары [53]
Ашшурбанипал кітапханасы. Ассирия мәдениеті нің ең үлкен 
жетістігі – сол тарихи дәуірде теңдесі жоқ кітапхананың өмірге келуі. 
Ежелгі заманның ең үлкен кітапханасы Ниневия қаласының орнын 
қазған кезде табылды. Оның Ассирия патшасы Ашшурбанипалға 
(б.д.д. 688-627 жж.) тиесілі екені белгілі болды. Кітапхананың жал-
пы қоры бір жарым мың саз кітапшаға жуық. Көшірмелерді есепке 
алмағанның өзінде, бұл жинақтың жалпы көлемі 190 000 өлеңнен 
тұрғаны жайлы мәліметті арнайы зерттеу жұмыстарынан көруге 
болады… 
Кітапхана қызметкерлері сол тарихи дәуірде бар кітаптың өзін, 
болмаса көшірмесін жасап, үлкен ұқыптылықпен жинақтаған. 
Мұнда патша жылнамалары, рет-ретімен жазылған маңызды тари-
хи оқиғалар, заңдар жинағы, әдеби шығармалар, ғылыми мәтіндер 
сақталды. 
Ассирия патшасы Ашшурбанипал сарайының қираған орнынан 
табылған сына жазуымен жазылған мыңдаған кітап ішінде Вавилон 


119
әдебиетінің аса маңызды шығармалары да аз болмаған. Кітапхана 
Қосөзен мәдениетін терең зерттеуге зор мүмкіндіктер берді. Аш-
шурбанипал – өз заманында табуға болатын барлық жазба деректі 
жинаған патша. Ол шумерлер әлемінің түсініксіз сөздерін және 
аккадтық анық емес мәтіндерді түсіну, сырын ашудың өзіне қиын 
болғанын жазады. Айтқаны шындыққа сай, өйткені шумерлер 
мәдениеті Ашшурбанипал патшадан бірнеше мың жыл бұрын өмір 
сүрген. Сондықтан оны өз заманының танымал патшасы ғана емес, 
үлкен ғұламасы деп те айтуымызға болады: 
«Мен, Ашшурбанипал, бәрін де білем...
Жазба өнер қалмады мен білмеген,
Емеспін және ешбір шеберден бір кем.
Садақ тартуды, жол бастауды үйрендім. 
Атқа шабуды, делбе ұстауды да үйрендім.
Сан құпия аштым, жазудың сырын қолға алдым. 
Аспан мен Жердің құпиясын оқып, толғандым. 
Патшаның небір жиындарына қатыстым.
Үйрендім барлық құпиясын Шығыс, Батыстың.
Бақыладым қыруар құбылысты, болжадым.
Үйрендім небір ғұламалардан ол жағын,
Көктегі сансыз өзгеріс жайлы ойладым,
Әлемнің түпсіз ғажайыптарына тоймадым.
Көбейту, бөлу, шештім көп қиын есепті» [55. 120 б.].
1872 жылы Британ мұражайының қызметкері Джордж Смит 
Ниневия қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 
«Топан су» туралы аңыз мәліметті табады. Бұрын тек Қосөзен 
өнері ескерткіштеріне қызығушылық білдірілсе, табылған осы 
жаңалықтан кейін әдебиет, рухани құндылықтарға да мән беріледі, 
көңіл аударылады. Батыс елдері (әсіресе, Англия, Франция, Герма-
ния) әлі де болса аман сақталған саз кітапшаларды іздеуге арнайы 
мақсатты экспедициялар шығарады. Жазба деректер тарихшылар 
мен әдебиетшілердің назарын өзіне аударып, қызығушылық туды-
рады. Қираған сарайлар астында қаншама ғасырлар бойы жатқан 
саз кітаптар мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың 
тіршілігін, ойын, сенім негіздерін жеткізді. 
Тамыры тарих тұңғиығына кететін, беймәлім сырға толы топан 
су туралы аңыз ежелгі әлем халықтарының бәріне танымал. Арнайы 


120
әдебиеттерде бұл аңыздың қай халыққа тиесілі екендігі жөнінде 
нақты деректер жоқ. Сондықтан осы аңыздың бірнеше нұсқасы 
Қосөзеннің әрбір мәдениет дамуына, тақырыптар, тараулар атауына 
сай мазмұндалады. 
Б.д.д. ІV – ІІІ ғғ. өмір сүрген вавилондық абыз Берос жер 
қазылып, топан су туралы жазылған аңыз, саз кітаптар көмбесінің 
қалдырылғанын жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет