Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет47/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113
ЕЖЕЛГІ ҮНДІ
Ежелгі Үнді адамзат қауымдастығының дамуына үлкен әсерін 
тигізген байырғы мәдениет ошағы саналады. Археологиялық 
қазба жұмыстары оның тарихы өте ерте заманда қалыптасқанын 
мәлімдейді. Мұнда бір-бірімен байланыссыз төменгі палеолит 
дәірінің екі орталығы: Саон (Инд өзені аңғарында, қазіргі Паки-
стан жері) және оңтүстікте Деканда, Мадрас мәдениеттері б.д.д. 
ХХVІІ-ХХVІ ғғ., өмірге қолайлы өзен жағалауларында пайда болған. 
Қазба жұмыстары кезінде табылған (тас, керамика, яшма) бұйымдар 
халықтың егін және мал шаруашылықтарымен айналысқанын 
көрсетеді. Дамудың келесі сатысына б.д.д. ХХVІ-ХХІІІ ғғ. терракота 
бейнелер, мыстан жасалған бірен-саран заттар тән.
Ежелгі үнділік дәстүр сан мың жылдар бойы үзілмеген. Біздің 
уақытымызға тек үзінділері ғана жеткен ежелгі Мысыр, Қытай 
аңыздарымен салыстырғанда, Үнді хикаялары дербес, тұтас 
қалпында сақталған. Осы ежелгі мәдениетті зерттеуші ғалымдардың 
басым бөлігі Інжіл аңыздары желісінің Үнді еліне де қатысты екенін 
айтады, болжамдар жасайды.
Үнді жәдігерлері. Ежелгі Үнді рухани мұраларының бүгінге 
жеткен әдеби ескерткіштеріне қарап, оның бүтіндей, біртұтас 
құбылыс ретінде қабылданатынын көреміз. Шын мәнінде, мұндай 
түсінік оның өзіне тән күрделі ерекшеліктерінің, қайталанбайтын 
құндылықтарының мәнін ашпайды. Аңыз, дін, өнер, әдебиет, 
философия мәтіндерін толық қамту мүмкін емес. Өйткені, көне 
дәуірдің бай рухани мұрасы, сыры ашылмаған көптеген жылнама, 
тың мәліметтерді зерттеу әлі күн тәртібінде тұр. Дегенмен, бүгінгі 
ғылымға белгілі рухани және материалдық құндылықтармен таны-
су ғажайып бейнелер әлеміне енуге, адам мен оның қабілеті туралы 
терең күйзелістерді көруге мүмкіндік береді.
Ежелгі дәуірлердегі Үнді мәдениеті тек ведалық қоғам 
дәстүрлерімен ғана емес, ауқымы кең Инд немесе Харап өркениеті 
жетістіктерімен, сонымен қоса, ежелгі Үнді жеріне арий тай-
пасы келгенге дейінгі (арийлікке дейінгі) көптеген мәдениет 
үлгілерімен де байланысты. Зерттеушілер ежелгі Үнді мәдениетін, 
әсіресе оның алғашқы қалыптасу кезеңін жан-жақты, әділ бағалау 
үшін сол жердегі әртүрлі тайпалық мәдениеттер жиынтығын да 


139
ескеру керектігіне сілтеме жасайды. Мамандар арасында елдің 
әртүрлі этно-мәдени аймақтарында пайда болған мәдениеттердің 
ежелгі Үнді мәдениетінің қалыптасуына тигізген әсері туралы 
пікірталастар әлі бір шешімге келген жоқ. Соңғы археологиялық 
қазба жұмыстары мен лингвистикалық зерттеулер, жалпы үнділік 
дәстүрлер қалыптасуының алғашқы сатыларына арийлерге дейінгі 
халықтардың үлкен ықпалы болғанын көрсетеді. 
Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында Солтүстік Үнді 
жеріне келіп орналасқан үндіарийлер мекені «ортаңғы ел» неме-
се «Арийлер жері» деп аталған. Ганганың осы, жоғарғы ағысымен 
салыстырғанда, өзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойында, 
шығыс аймақтарында өзгеше мәдени даму қалыптасады. Мамандар 
мұны «мыс көмбесі» және «сары керамика» мәдениеті деп атайды. 
Оны өмірге алып келген мунд тайпалары деп болжанады.
Ежелгі Үнді мәдениеті – жергілікті дамудың салдары ма, әлде 
сырттан болған әсер ме деген сұраққа ғалымдар оған Қосөзен 
мәдениеті жетістіктерінің әсері тиюі мүмкін екендігін қарастырады. 
Өйткені, Қосөзен мәдениеті Үнді мәдениетінің алғашқы белгілері 
пайда болғаннан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген [63.105 б.]. 
Папирус тәрізді материалдары ұзақ сақталған құрғақ Мысыр 
жеріне қарағанда, бұл жердің ылғалдылығы жазба деректердің де, 
жалпы құрылыс материалдарының да сақталуына қолайсыз болған. 
Сондықтан түпнұсқа деректер бүгінге аз мөлшерде жеткендіктен, 
арнайы әдебиеттерде ежелгі Үнді мәдениеті туралы мәліметтердің 
салыстырмалы, жуық шамамен алынатыны да айтылады. Отқа 
күйдірілген Қосөзен қыш кітаптарына қарағанда, Үндінің қайың 
қабығына жазылған деректері үшін от қауіпті, сондықтан біздің 
уақытымызға тек тасқа жазылған мәтін бөліктері ғана жеткен. 
Үнді елінде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар негізінен 
мыс, қола құралдарды аз, тас құралдарды кеңінен пайдаланған 
қауымдастықтарға қатысты «халколиттік» терминін жиі қолданады. 
Бұл атау металдан жасалған алғашқы еңбек құралдары шыға бастаған 
уақытқа сай, орынды қолданылады. Б.д.д. V-ІV мыңжылдық шама-
сында Иран таулы қыраттарының Инд алқабына жалғасқан жері көп 
халық қоныстанған, құтты мекенге айналған. 
Арнайы әдебиеттер Үнді елінің солтүстік-батысында, Инд 
өзені арнасында, неолит дәуірінде (б.д.д. V мыңжылдық) егін 


140
шаруашылығымен айналысқан тайпалардың пайда болғанын 
көрсетеді. Өзеннің кішігірім салаларын бойлап қам кесектен өрілген 
кішігірім тұрғын жайлар орналасқан. Саздан жасалған мүсіндер, 
қыш ыдыстарға түсірілген бейнелер (әйел адам және бұқа суреттері) 
қарапайым сенім түрінен мәлімет береді. Материалдық мәдениет 
белгілері (ыдыс түрлері, өрнектелуі) Үнді елдімекендері дамуының 
бірізділігін, бір-бірімен байланысты болғанын байқатады. Де-
мек, Үнді мәдениетінің құрамына кірген аймақтар бір-бірінен 
оқшауланбай, өзара байланыста дамиды, кейін пайда болған қала- 
лар – елдің мыңдаған жылдарға созылған жетілуінің салдары екені 
сөзсіз.
Өзен салалары бойында отырған тайпалар Инд өзенінің 
тасыған, арнасынан шыққан суын пайдаланып, егін және мал 
шаруашылықтарымен айналысқан. Су жолдарымен сауда жасау 
мүмкіндігі ұлғайған. Географиялық орта мүмкіндіктеріне орай, 
тайпалар мен қауымдастықтардың еңбек құралдары мен өмір сүру 
тәсілдері бір деңгейде болған. «Осы факторлардың болуы таулы, 
қыратты өңірлер мен Инд арнасы тұрғындарының теңізге шығу 
мүмкіндігі б.д.д. 2500 жыл шамасында жүзеге асқан айтарлықтай 
жаңа, үнділік мәдениет сатысының өмірге келуіне себебін тигізді» 
[63. 99-100 б.]. Уақыт өте келе, мәдениет үлгілерінің таралуына байла-
нысты, керамикалық ыдыстардың жасалу әдістері жетілдіріледі. Үнді 
мәдениеті Иранның таулы қыратты өлкесімен байланысты болған. 
Бұйымдардың сапасы жетіліп, күйдірілген жұқа қабырғаларына 
геометриялық бейнелер мен фантастикалық бедерлер салынған, 
әсем ою-өрнектер түсірілген. 
Ежелгі Үнді мәдениетінің негізін қалаған дравиттер немесе 
бұлардан да бұрын өмір сүрген тайпалар болуы мүмкін деген бол-
жамдар айтылады. 1921 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары 
бұл мәдениеттің таралу аймағы өте үлкен болғанын көрсетті. Ол 
Пенджабтың Хараппа және Синдтің Мохенджо-Даро қалаларын 
қамтиды. Осы қалалар орындарының ашылып, зерттелуі Үнді 
мәдениетінің өзіндік ерекшелігінің, көнелігінің дәлелі болады. Ар-
найы әдебиеттерде радиокарбондық талдау нәтижесінде Харапп 
мәдениетінің пайда болған кезі б.д.д. ХХVІІ-ХХVІ ғғ. аралығы 
деп көрсетіледі. Ал Мохенджо-Даро қаласы б.д.д. ХХІІ-ХVІІІ ғғ. 
аралығында өмірге келген. 


141
Ежелгі жазба жәдігерлерінің мазмұны тарихи деректер, салт-
дәстүрлермен бүркемеленген бірнеше аспектіні алға тартады. Мұның 
қайсысы арийге дейінгі, ал қайсысы үндіарийлік екенін ажырату оңай 
емес. Дегенмен, бұлар ежелгі дәуірдің аяқталуымен бірге жоғалып кет-
пей, қазір де жалғасын тауып жатқан мәдени құбылыстардың дамуын 
түсіндіру үшін қажет. ХХ ғасырға дейін Үнді мәдениетін зерттеуші 
ғалымдар арасында оның кеш дамығаны жайлы пікірлер қалыптасты. 
Олар мәдениет дамуын сол жерге үндіарий тайпаларының келуімен 
байланыстыратын. ХХ ғасырдың 20-жылдары археологиялық зерт-
теулер жүргізген Д.Р. Сахни мен Р.Д. Банеджи Инд өңірінен өте 
жоғары дамыған ежелгі мәдениет орындарын тапты. Осыдан кейін 
кейбір ғалымдар бұл туралы ведалық немесе ежелгі ведалық деген 
пікірлер айтуға талпынды. Қазіргі күні олар Харапп мәдениетінің 
«Ригведаны» құрастырушылардың бұл жерге келуінен көп бұрын 
қалыптасқанына күмән келтірмейді. Археология ғылымының ХХ ға- 
сырдың соңғы ширегіндегі жетістіктері Үнді мәдениетінің арийлерге 
дейінгі кезеңі туралы көптеген дерек береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет