Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


мөр бетіндегі жазулар, бейнелер



Pdf көрінісі
бет49/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113
мөр бетіндегі жазулар, бейнелер [66]
Мохенджо-Даро қаласының бір бөлігі қолдан жасалған 
көтерме, үйінді топырақ үстіне тұрғызылған және екінші бөлігінен 
қабырғамен бөлектенген. Зерттеушілер қорған қоғамдық, әкімшілік 
және діни құрылыстар үшін тұрғызылған деген болжам айтады. Мо-
хенджо-Даро қорғанын зерттеушілер ғибадатхана немесе көсемнің 
сарайы деп те есептейді. Онда (ғимараттан алыс емес) рәсімдер 
үшін пайдаланылатын бассейн де бар. Жалпы мәлімет үшін айтатын 
болсақ, бассейндер бүгін де үнді ғибадатханасының маңызды бөлігі 
боп есептеледі. 


144
Ежелгі Үнді мәдениеті жайлы жазылған әдебиеттерде, Мохенджо-
Даро қаласының көлемі 2,5 км2 алып жатқаны, халқының саны ша-
мамен 100 мың болғаны көрсетіледі. Қала 380×90 м тік төртбұрышты 
бөліктерден тұрған, жоспарлы түрде, белгілі бір тәртіппен салынған. 
Олардың арасы үлкен көшелермен бөлінген, басты көшелердің ені
10 м болып, бір-біріне параллель жатқан. Кең көшелер арбалардың 
жүруі немесе діни шерулер өткізуге арналған деп болжанады. Тік бұ- 
рышпен қиылысқан олар қаланы ықшам аудандарға бөледі. Қазба 
жұмыстары ықшам аудандар ішінде нақты жоспарлы жұмыстың 
болмағанын, үйлердің тар, тұйық көшелермен бөлінгенінен мәлімет 
береді.
Қала құрылысының үлкен бөлігі бірдей көлемде күйдірілген 
қыш кесектерден тұрғызылған. Ғимараттар 2-3 қабат биіктікке дейін 
көтерілген, он шақты бөлмеден тұрған. Үйлердің көпшілігінде жу-
ынатын арнайы бөлме болған. Көшелер мен үйлер сумен жабдықтау 
және жауын суын қала сыртына шығару жүйелерімен қамтамасыз 
етілген, кәріз (канализация) жүйесі тартылған. 
Қалаларда тұрғын жайлардан басқа, қоғамдық орындар, астық 
сақтайтын қамбалар болған. Тұрғын үйлердің айырмашылықтары, 
өлген адамдарды жерлеу рәсімдері, жергілікті билік иелері мен ел 
басшылары орналасқан айрықша қамалдардың болуы қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы дерек береді. 
Жергілікті халық жер өңдеу, егін шаруашылығы, мал өсіру
қолөнер, саудамен айналысқан. Табылған астық дақылдарының 
Суретте: Мохенджо-Даро [64]


145
қалдығы бұл жерде бидай, арпа, ірі бұршақ, мақта өсірілгенін білдіреді. 
Калибанганда жүргізілген жаңа қазба жұмыстары Хараппа мәдениеті 
иелерінің соқаны қолданғанын көрсетеді. Егін шаруашылығы мен 
қолөнерінде металдар, әсіресе мыс пен қола өнімдерінің үлес салмағы 
басым. Мата қалдықтары, керме тартылатын қадалардың болуы 
тоқыма тоқудың жолға қойылғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет