Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет68/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113
жауынгерлері [83]


196
тұра, келешек ұрпақ көзқарасы бойынша ежелгі ұлттық ұлылықтың, 
оның саяси және рухани құдіретінің көрінісі болды. Б.д.д. 206 жылы 
патша лауазымын қабылдаған Лю Бан Хань әулетінің негізін қалады. 
Империялық биліктің бірегей үлгісі ретінде қалыптасқан осы 
мәдениет Қытайдың гүлдену кезеңі болды. Кейінгі әулеттер сол та-
рихи кезеңді жасампаздықтың белсенді үлгісі ретінде бағалайды. 
Өйткені, оның саяси құрылымы, философиясы мен мәдениеті 
болашақ ұрпаққа үлкен әсерін тигізді.
Қытайдың императоры мен үкіметіне негізделген билік 
жүйесі адамзат қауымдастығы тарихындағы ең бір тұрақты сая-
си жүйе болды. Б.д.д. 221 жылы пайда болған империя үкіметі са-
яси жауапкершілік пен қоғамның берік қалыптасқан әлеуметтік 
құрылымына негізделген билік ретінде дамыды. Бұл адамдар 
арасындағы қатынастың әлеуметтік құрылымдағы алатын орнымен 
байланыстылығын көрсетті. Бірегей билік тұжырымдамасы діни 
түсініктерде, философия және билік иелерінің күнделікті дүнияуи 
әрекеттерінде қолданыс тапты. Тарихи уақыт өзгерістерімен билік 
құрылымдары, әртүрлі әлеуметтік топ ерекшеліктері өзгерсе де, 
төменгілердің жоғарғыларға абсолюттік бағыныштылығы өзгеріссіз 
қалды.
Хань әулеті, шын мәнінде, барлық жағынан құдіретті мемлекет бол-
ды. Алайда, ежелгі мемлекеттік құрылым дамуының табыстары әділетті 
көрсетілгенімен, мәдениет дамуында алдыңғы тарихи дәуірлерден айта 
қоярлықтай айырмашылығы болған жоқ. Қарастырылып отырған 
уақыттың рухани өмірінің құрамдас бөліктері баяу өзгерді, ол тек 
соңғы Чжоу дәуірі мәдениетінің жетістіктерін жалғастырды. 
Зерттеушілер еңбектерінде Хань дәуірінде портреттік 
кескіндеме өнерінің ерекше дамығаны көрсетіледі. Осы жанрдың 
қазіргі кездегі айтарлықтай танымал шығармасы қатарына 1957 
жылы Лоянға жақын жердегі Хань дәуірі қабірінен табылған фреска-
лар кіреді. Мұнда б.д.д. ІІІ ғасыр соңында орын алған өзара шайқас 
оқиғасы бейнеленген. Хань әулеті билігінің негізін қалаушының 
қарсыластары құрған қақпанға түскені және өзінің серіктестерінің 
тапқырлығы арқасында аман қалғаны бейнеленген. 
Белгісіз суретші тойға қатысқан адамдардың өзіндік кескінін
түр ерекшеліктерін шебер берген. Осылардың біреуіне байланысты 
«Тарих және жылнамалар» авторы: «Жасаған әрекетіне байланысты 


197
мен оның түрін ұзын бойлы, ер тұлғалы болуы керек деп ойладым. 
Бейнесін көрген уақытта менің көз алдымда қандай адам тұрды? 
Сыртқы түрі, бет пішіні бойынша ол бір сүйкімді әйелге ұқсас еді...» 
Хань дәуірі сарайының қабырғалары портреттік фрескалар-
мен безендірілу салтының болғаны туралы деректер береді. Мұнда 
өз заманының кейбір танымал суретшілері туралы мәліметтер 
сақталған. Осылардың бірінің кескіндеме өнерін жетік меңгергені 
сонша, адамның тек бет ажары ғана емес, оның жас ерекшеліктерін 
де көрсете алғаны айтылады. 
Бірде император суретшіге өзінің гареміндегі кәнизак әйелдердің 
суретін салуға бұйрық беріп, тек суретші қаламынан көркем шыққан 
әйелдермен ғана көңіл көтереді. Көптеген әйел суретшіге ақша 
беріп, оған өздерін әдемі көрсетуге талап қояды. Тек жалғандыққа 
бармаған Чжао-цзюньді ғана император көрмейді. Сюнну шаньюіне 
қалыңдық берер кезде, император оған Чжао-цзюньді жіберуге 
шешім қабылдайды. Кетер алдында қызды қабылдаған император 
оның гаремдегі ең сұлу жан екеніне көзін жеткізеді. Ашуланған им-
ператор қарабайырды әсірелеп, шынайы сұлулықты көлеңкелеген 
суретшіні өлім жазасына кеседі. 
Хань империясының ресми мәдениеті философиялық мектеп-
тер көлемінде жете зерттелген ежелгі діни дәстүрлер, әлеуметтік-
саяси ғылымдардан қалыптасты. Әдеби сөз және бейнелеу өнерлері 
олардың ежелгі түрлерінен туындады. Осы айтылғандар Хань 
дәуірін ежелгі Қытай мәдениетінің соңғы сатысы деп анықтауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет