І Дарийдің Бехистун жазбалары
І бағана:
1-3 жолдары. Мен – Дарий, ұлы патша, патшалардың патша-
сы, парсылардың патшасы, елдің патшасы, Виштаспаның ұлы,
Аршаманың немересі, Ахеменидпін.
3-6 жолдары. І Дарий патша айтады: менің әкем – Виштаспа,
Виштаспаның әкесі – Аршама, Аршаманың әкесі – Ариарамна,
Ариарамнаның әкесі – Чишпиш, Чишпиштің әкесі – Ахемен.
6-8. Дарий патша айтады: Сондықтан біз Ахеменидтер деп ата-
ламыз. Атам заманнан бері біздің даңқымыз шыққан. Атам заманнан
бері біздің әулет – патшалық.
8-11. Дарий патша айтады: Менің әулетімнен бұрын сегіз адам
патша болған. Мен тоғызыншымын. Біз тоғызымыз бұрыннан бері
патшалармыз.
11-12. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданың рахымымен мен
патшамын. Ахура-Мазда маған патшалық берді.
12-17. Дарий патша айтады: Міне, маған Ахура-Мазданың рахы-
мымен тиген елдер, мен бұларға патша болдым: Парсы елі, Элам,
Вавилон, Ассирия, Аравия, Мысыр, теңізге жақын орналасқан елдер,
Лидия, Иония, Мидия, Армения, Каппадокия, Парфия, Дрангиана,
236
Арейя, Хорезм, Бактрия, Согдиана, Гандхара, Сақтар елі, Саттаги-
дия, Арахосия, Мака – барлығы 23 ел.
17-20. Дарий патша айтады: Бұл елдер Ахура-Мазданың
мәртебесімен тиді, олар маған тәуелді. Олар менің әмірім бойынша,
күн демей, түн демей, маған салық әкеліп отырады.
20-24. Дарий патша айтады: Бұл елдерде маған беріліп қызмет
еткен адамды марапаттадым, ал билікке бағынғысы келмегендерді
жазалап отырдым. Ахура-Мазданың рақымымен, бұл елдер менің
заңыма бағынды. Мен не айтсам, олар соны істеді.
24-26. Дарий патша айтады: Ахура-Мазда маған бұл патшалықты
берді. Ахура-Мазда маған осы патшалықты игеруіме көмектесті.
Ахура-Мазданың рақымымен, мен бұл патшалыққа ие болдым.
26-35. Дарий патша айтады: Міне, мен патша болғаннан кейін
не істелді. Біздің әулеттен Кирдің ұлы Камбиз осында патша болды.
Бұл Камбиздің бұрын бір әке, бір шешеден туған Бардия деген ағасы
болған. Камбиз Бардияны өлтірді. Бірақ, халық Камбиздің өлтіргенін
білмеді. Бұдан кейін Камбиз Мысырға аттанды, халық бүлікшіл боп,
Персияда, Мидияда және т.б. елдерде өтірік-өсек орын алды.
35-43. Дарий патша айтады: Гаумата есімді бір сиқыршы кісі
Пайшияувада, Аракадриш тауларында көтеріліс жасады. Ол ви-
яхна айында 14 күнге созылды. Халықты ол: «Мен – Кирдің ұлы,
Камбиздің ағасы Бардиямын», – деп алдады. Содан кейін халық
бүлікшіл болды да, Персия мен Мидия және т.б. елдер Камбизден
сиқыршы Гауматаға өтті. Гарманада айының 9-шы (1 шілде) күні ол
патшалықты басып алды. Осыдан кейін Камбиз өз ажалымен өлді.
Дарий патша айтады: сиқыршы Гаумата Камбизден тартып алған
бұл патшалық атам заманнан бері біздің әулеттікі болған. Сиқыршы
Гаумата Камбизден Персияны, Мидияны және т.б. елдерді тартып
алып, оны өзінің меншігіне айналдырды да, өзі патша болды.
48-61. Дарий патша айтады: Парсылардың ішінде де, мидиялардың
ішінде де біздің әулеттен, сиқыршы Гауматадан бұл патшалықты
тартып алатын бір де-бір адам болған жоқ. Бұрын Бардияны жақсы
білетін халық одан көп адамды өлтіре ме деп, өте қорықты. Ол өзінің
Кирдің ұлы Бардия емес екенін жасыру үшін адамдарды өлтіруден
тайынбайтын. Сондықтан мен келгенше сиқыршы Гауматаға қарсы
сөз айтуға ешкім батпады. Мен Ахура-Маздаға тәуіп еттім. Аху-
ра-Мазда маған көмектесті. Багаядиш айының 10-шы күнінде (29
237
қыркүйек, б.д.д. 522 ж.) мен аздаған адаммен сиқыршы Гауматаны
және оны қолдаушыларды өлтірдім. Нисайя аумағындағы Сикаява-
тиш бекінісінде, Мидияда мен оны өлтірдім. Мен одан патшалықты
тартып алдым. Ахура-Мазданың рахымымен мен патша болдым.
Ахура-Мазда маған патшалық берді.
61-71. Дарий патша айтады: біздің әулеттен тартып алынған
патшалықты мен толығымен бұрынғы өз орнына келтірдім. Мен
халыққа сиқыршы Гаумата тартып алған дүниесін, мал-мүлкін,
құлдарын үйлерімен бірге қайтардым. Мен бұны Ахура-Мазданың
рахымымен істедім. Мен біздің үйді бұрынғы орнына қайта
тұрғызуға қол жеткіздім. Мен Ахура-Мазданың мәртебесімен,
сиқыршы Гауматаның біздің үйді басып алуына жол бермедім.
71-72. Дарий патша айтады: Мен патша болғаннан кейін не
істедім.
72-81. Дарий патша айтады: Мен сиқыршы Гауматаны
өлтіргеннен кейін, Ударманың ұлы, Ассина есімді адам Эламда
көтеріліске шықты. Ол халыққа: «Мен Эламда патша болдым», –
деді. Эламиттер көтерілісші болды да, Ассиннаның қол астына
өтті. Ол Эламда патша болды. Айнайраның ұлы Нидинту-Бел деген
тағы бір вавилондық Вавивилонда көтеріліске шықты. Ол халықты:
«Мен – Набониданың ұлы Навуходоносормын», – деп алдады. Кейін
бүкіл Вавилон халқы Нидинту-Белдің қол астына өтті. Нидинту-Бел
көтерілісші болды да, ол Вавилондағы патшалықты басып алды.
81-83. Дарий патша айтады: Мен (шабарманымды) Эламға
жібердім. Ол Ассинаны байлап-матап маған алып келді, мен оны
өлтірдім.
83-90. Дарий патша айтады: Бұдан кейін мен өзін Навуходо-
носормын деп атаған Нидинту-Белге аттандым. Нидинту-Белдің
әскерлері Тигр өзенінің жағалауында орналасқан болатын. Өзен
кеме жүре алмайтындай еді. Мен әскерімнің жартысын сүйретпеге,
қалғандарын түйелерге және аттарға мінгіздім. Ахура-Мазда маған
көмек көрсетті. Біз Ахура-Мазданың рахымымен Тигрден өттік. Мен
Нидинту-Белдің сол жердегі әскерін қырып салдым. Біз ассидия
айының 26-күні (13 желтоқсан, б.д.д. 522 ж.) шайқастық.
90-96. Дарий патша айтады: Кейін мен Вавилонға бет алдым.
Мен Вавилонға жетпестен, өзін Навуходоносормын деп атаған
Нидинту-Бел менің әскерімді талқандау үшін Евфрат өзенінің
238
жағасындағы Зазан қаласына келді. Сөйтіп, осы жерде шайқас ба-
сталды. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахы-
мымен мен Нидинту-Белдің әскерін талқандадым. Оның әскерінің
бір бөлігін суға ағызып жібердік. Біз анамака айының екінші күнінде
(18 желтоқсан, б.д.д. 522 ж.) шайқастық.
Достарыңызбен бөлісу: |