Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет88/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113
ІІІ бағана:
1-9. Дарий патша айтады: Кейін мен парсы әскерлерін Рагиден 
Виштаспаға жібердім. Бұл әскерлер Виштаспаға келгеннен кейін 
Парфидің Патиграбон қаласында шайқас жүргізді. Ахура-Маз-
да маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен Виштаспа 


241
көтерілісшілерді талқандады. Бұл – Гармапада айының 1-күні (12 
шілде, б.д.д. 521 ж.) болған шайқас.
9-10. Дарий патша айтады: Бұдан кейін ел менің иелігімде болды.
10-19. Дарий патша айтады: Маргиан елі көтеріліске шықты. 
Маргиандық Фрад есімді адамды олар басшы етіп қойды. Бұдан 
кейін мен Дадаршиш атты парсыға, менің құлым сатрап Бактрияға 
хабар жіберіп: «Бар да, мені мойындамайтын әскерлерді талқанда», – 
дедім. Дадаршиш әскерлерімен барып, маргиандықтарға соққы берді. 
Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен 
менің әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Ассиядия айының 
23-күні (10 желтоқсан, б.д.д. 522 ж.) шайқас болды.
19-21. Дарий патша айтады: Кейін ел менікі болды. Бактрияда 
мен не істедім?
21-28. Дарий патша айтады: Персияның Яутия өңірінің Тарав 
қаласында тұратын Вазъяздат атты бір адам Персияда екінші рет 
көтеріліс ұйымдастырып, халыққа: «Мен – Кирдің ұлы Бардиямын», –
деді. Халық бұл сөзге иланып, ядыдан келген Вазъяздат жағына 
шығып кетті. Ол Персияда патша болды.
28-40. Дарий патша айтады: Кейін мен қол астымдағы парсы мен 
мидия әскерлерін жібердім. Артавардия есімді парсы құлыма әскер 
басқарттым. Әскерлердің бір бөлігі менімен бірге Мидияға кетті. Ар-
тавардия әскерімен Персияға келген кезде өзін Бардия атаған Вазъяз-
дат өз әскерімен Персияның Раха қаласында Артавардиямен шайқасу 
үшін келді. Біздің әскерлер жеңіске жетті. Ахура-Мазда маған көмек 
көрсетті. Ахура-Мазданың рахымымен менің әскерлерім Вазъяздат 
әскерлерін талқандады. Туравахар айының 5-күні (25 мамыр, б.д.д. 
521 ж.) шайқас болды.
40-49. Дарий патша айтады: Кейін Вазъяздат аздаған атты 
әскерлерімен қашып Пайшияувадуға келді. Сол жерде қол жинап 
Артавардиямен қайтадан шайқасқа түсуге аттанды. Парга тауында 
ұрыс болды. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың 
рахымымен менің әскерлерім Вазъяздат әскерлерін талқандады. Бұл 
шайқас Гармападтың 5-айы (16 шілде, б.д.д. 521 ж.) болатын. Арта-
вардия Вазъяздатты және оның берілген адамдарын қолға түсірді.
49-52. Дарий патша айтады: Кейін мен Вазъяздатты және оған 
берілген жақтастарын Парсының Увадайчая қаласында қазыққа 
отырғыздым. 


242
52-53. Дарий патша айтады: Парсыда мен не істедім?
54-64. Дарий патша айтады: Өзін Бардиямын деп атаған Вазъ-
яздат Арахосиодағы сатрап Виван атты парсыға қарсы әскер 
жіберіп: «Оларға барыңдар да, өзін Дарийдің әскерімін дейтіндерді 
жазалаңдар», – деді. Осыдан кейін Вазъяздат әскерлері Виванмен 
шайқасуға аттанды. Капишаканиш бекінісінде ұрыс қимылдары 
болды. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың ра-
хымымен менің әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Анамака 
айының 13-күні (29 желтоқсан, б.д.д. 522 ж.) шайқас болды. 
64-69. Дарий патша айтады: Көтерілісшілер қайтадан қол жинап, 
Виванға қарсы шайқасқа аттанды. Олар Гандутава елді мекенінде 
шайқасқа түсті. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-Мазданың 
рахымымен менің әскерлерім көтерілісшілерді талқандады. Вияхна 
айының 7-күні (21 ақпан, б.д.д. 521 ж.) шайқас болды.
69-75. Дарий патша айтады: Виванға қарсы Вазъяздат жіберген 
әскер басы болған адам аздаған атты әскерімен қашып Арахостағы 
Аршад бекінісіне келді. Осыдан кейін Виван әскерімен оның ізіне 
түсіп, оның адамдарын қолға түсіріп, оларды өлтірді.
75-76. Дарий патша айтады: Бұдан кейін ел менің қол астымда 
болды. Арахосияда мен не істедім?
76-83. Дарий патша айтады: Мен Персияда және Мидияда болған 
кезімде вавилондықтар маған қарсы екінші рет көтеріліске шықты. 
Көтерілісті армиян Халдиттің ұлы Араха атты адам басқарды. 
Көтеріліс Вавилонда болды. «Мен Дубала өңіріненмін, мен – 
Набонидтің ұлы Навуходоносормын», – деп алдады. Вавилон халқы 
оған сеніп, мені тастап, соны қолдады. Ол Вавилонды жаулап алып, 
сонда патша болды. 
83-92. Дарий патша айтады: Мен әскерлерімді Вавилонға 
жібердім. Парсы ұлтынан менің Виндафарн атты құлымды әскер 
басы етіп бекітіп, оған: «Барыңдар да, мені мойындамайтын Вави-
лон әскерлерін талқандаңдар», – дедім. Виндафарн әскерлерімен 
Вавилонға келді. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-
Мазданың рахымымен менің әскерлерім Вавилон әскерлерін 
талқандады. Басшыларын маған байлап-матап әкелді. Варказан 
айының 22 күні (27 қараша, б.д.д. 521 ж.) өзін Навуходоносормын деп 
атаған Арахуды және оған жақтастарды қолға түсірді. Мен Арахуды 
Вавилонда қазыққа отырғызуды бұйырдым.


243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет