Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет92/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113
І мыңжылдықтағы 
финикия әріптері; 
5-бағана этрустік 
алфавит әріптері [110]


251
керек десе, адамнан да құрбандық шалу орын алған. Кезінде 
Финикияның отары болған Карфагенде қолын жайған Молохтың 
мыс мүсіні тұрған. Құрбандық берілген кезде оның аяқ жағына от 
жағылған, ата-анасы алып келген баласын тас мүсін қолының үстіне 
қойған, оған ең жағымды құрбандық осы деп есептелген. Бұдан 
басқа, финикиялықтардың құрметіне бөленген келесі құдай – сауда 
мен теңізде жүзудің қамқоршысы, желеп-жебеушісі ретінде таныла-
тын Малькарт немесе Тирскип Геркулес. Тир қаласында оған арнап 
керемет ғибадатхана тұрғызылған. Жыл сайын басқа қалалардан 
оған арнап абыздар неше түрлі тарту-сыйлар әкелген. 
Финикия қалаларының байлығы басқа елдердің, сол тари-
хи дәуірдегі Мысыр, Ассирия тәрізді күшті мемлекеттердің үлкен 
қызығушылығын тудырған. Інжілде ассириялық Салманасар патша 
шапқыншылығының аса қатерлі болғаны айтылады. Сосын Финики-
яны вавилондық патша Навуходоносор бағындырған, осыдан кейін 
Тир тұралап қалған. Кир патша кезінде Финикия парсыларға тәуелді 
болған. Тирді жаулап алған Александр Македонский қаланы жер-
мен-жексен етіп құртып жіберген. Финикиялықтар сауда-саттығы 
басқа жерге, негізінен мысырлық Александрияға ауысқан. Сөйтіп, 
кедейленген Финикия бірте-бірте иесіз қалады. 
Финикиялықтардың б.д.д. ІХ ғасырда тұрғызған ірі қаласы –
Карфаген. Қала финикиялықтардың орталығы Тир қаласына 
Суретте: Карфагеннің сақталған бөлігі, б.д.д. ІХ-ІІ ғғ. аралығы [111]


252
бағынышты болғанымен, салыстырмалы түрде, өз дербестігін 
сақтайды. Соның арқасында, Солтүстік Африкада бірнеше қалалар 
мен көптеген ливиялық тайпаларды бағындырған ол, үлкен жер 
көлеміне ие болады. 
Б.д.д. ІХ ғ. Тирді Мутон, немесе Метен патша билеген. Оның 
Пигмалион деген ұлы және Элиса атты қызы болған (арнайы 
әдебиеттерде римдіктер Карфагеннің негізін Дидона қалаған деп 
көрсетсе, б.д.д. ІІІ ғ. өмір сүрген грек тарихшысы Тимей қала 
іргетасын қалаушының финикиялық екенін айтады). Аңыз бой-
ынша, патша қызын бас абыз Ахеребқа күйеуге береді. Ахереб өте 
бай болады. Әкесі бақилық болғаннан кейін, патша болған Пиг-
малион жездесінің байлығын тартып алуды ойластырып, ақыры 
оны өлтіріп тынады. Інісінің зұлымдығынан, қудалауынан қашқан 
Элиса, жақтастарымен бірге кемемен ұзақ жүзіп, Солтүстік Африка 
жағалауына келеді. 
Элиса кезінде, аттың шүйде сүйегі табылған жерден қала 
тұрғызатыны жайлы аян-түс көрген еді. Африка жағалауымен жүзіп, 
одан құрлыққа шығып ат басының шүйде сүйегін іздеген қашқындар 
ақыры сүйекті тауып, сол жерде тұрақтауға шешім қабылдайды. 
Бірақ, жат жердің патшасы көшіп келушілерді қабылдамай, 
олардың кемеден түсіп, орнығуына қарсылық көрсетеді. Сонда Эли-
са патшадан бұқа терісінің көлеміндей ғана жер сатуын сұрайды. 
Бұқа терісі көлеміндей жерге осыншама адамның қалай сиятыны са-
насына симаған патша, оның өтінішін күлкіге айналдырады. Түнде 
Элисаның бұйрығымен, финикиялықтар бұқа терісін жұп-жұқа ғып 
тіліп, иірілген жіптей жіңішке терімен аумағы үлкен жерді қоршап 
алады. Таңертең бұған қайран қалған Ливия патшасы сол аймақты 
Элисаға беруге мәжбүр болады. Осы жерде тұрғызылған қала, 
Жаңа қала деп атала бастайды. Финикия тілінде бұл Картхадашт 
дегенді білдіреді. Элиса патша тұқымынан болғандықтан осы, жаңа 
тұрғызылған қаланың патшасы болады. 
Африкалықтар, жергілікті тұрғындар Дидона деп атаған Эли-
са Карфагенде бірнеше жыл билік құрады. Қала тез өсіп, өркендей 
береді. Осы кезде Элисаға ынтық болған патша Гиарб, одан күйеуге 
шығуын талап етеді. Өз күштерінің аздығын мойындаған және пат-
ша кәрінен қорыққан кеңесшілер, оның талабымен келісіп, күйеуге 
шыққанды дұрыс деп ұйғарады. 


253
Элисаның ливиялыққа күйеуге шыққысы келмейді. Уақыт 
ұту үшін тойға дайындалған түр көрсетеді. Ал расында өлуге бел 
буып, үлкен етіп от жағуға бұйрық береді. Бұл жайлы кейбіреулер 
патшайымның отқа түсіп, азаппен өлгенін айтса, екіншілері, ал-
дын-ала өзін жарып өлтіргенін, сосын отқа тасталғанын жеткізеді 
[112]. 
Б.д.д. IX ғасыр соңында Карфагенде монархиялық билік жүйесі 
қалыптасқан, өйткені оның негізін қалаушы Элиса «патшайым» 
деп аталады. Дегенмен, мемлекет құл иеленуші олигархиялық 
республика ретінде көзге түскен. Егін шаруашылығына қолайлы 
үлкен жер иелігінде көптеген құлдар жұмыс істеген. Карфагеннің 
егін шаруашылығының басқа елдерге, соның ішінде Сицилия мен 
Италияға үлкен әсері тигені әдебиеттерден мәлім.
Б.д.д. VI ғасыр мен V ғасыр аралықтарында құл иеленуші 
Карфагенде егін шаруашылығының теоретигі, сол тарихи дәуірде 
еңбегі елге кеңінен танымал болған жазушы Магон өмір сүреді. 
Б.д.д. ІІ ғасырда Карфагенді қоршауға алған Рим әскерлеріне оның 
еңбегін сақтап қалуға бұйрық беріледі. Арнайы әдебиеттер римдік 
сенат үкімімен Магон еңбегінің финикия тілінен латын тіліне 
аударылғанын, сосын Римнің ауыл шаруашылығы жұмыстарын 
жүргізуде кең көлемді пайдаланылғанын жеткізеді.
Финикия туралы басты дереккөзді ежелгі грек географы Стра-
бон еңбектері береді. Сонымен қатар, мәліметтер Ескі Наным (Інжіл) 
кітаптарында кездеседі. Соңғы уақытта Финикия тарихы туралы де-
ректер Ассирияның сына жазулары мен Мысырдың иероглиф жазу-
ларынан да табылды. 
Б.д.д. ІІІ ғасыры шамасында мақсат-мүддесі қайшылықты кел-
ген Карфаген мен Рим империясы арасындағы соғыс 100 жылға со-
зылып, Карфагеннің толық жеңілісімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет