Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ ЖӘНЕ ПАЛЕСТИНА



Pdf көрінісі
бет90/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113
ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ ЖӘНЕ ПАЛЕСТИНА
Інжілде Ханаан деп аталатын елдің Ливан тауларының баурайын-
да, Жерорта теңізінің шығыс жағалауын бойлай жатқаны көрсетіледі. 
Оны өзара туыс болып келетін екі халық: Ханаанның солтүстік 
бөлігін – финикиялықтар, ал оңтүстігін – еврейлер жайлаған. Бір 
жағынан, тау табиғаты бұл халықтардың бір орталыққа бағынған 
мемлекет құруына мүмкіндік бермей, кішігірім қауымдастықтардың 
еркін сауда жасауына жағдай туғызған. Екіншіден, егіншілікке 
қолайлы кең жердің болмауы, есесіне, кеме, қайықтардың тоқтауына 
қолайлы шығанақ, мүйістердің және кеме өндірісімен айналысуға 
мүмкіндік беретін ағаштардың жеткілікті болуы финикиялықтарды 
теңізшілік кәсібімен айналысуға мәжбүр еткен. Расында да, арнайы 
әдебиеттер финикиялықтардың ежелгі әлемнің мықты теңізшілері, 
саудагерлері болғанынан мәліметтер береді. 
ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ
Б.д.д. ХІ ғасыр басында Финикия мен Палестина дербес саяси 
даму мүмкіндігіне ие болады. Тарихи дәуір бұл елдерде кең көлемді 
сауда байланыстарына, қалалардың өркендеуі мен кәсіби қол өнерінің 
дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде финикиялықтардың әшекей 
бұйымдарын жасау, піл сүйегін оюлау, түрлі-түсті шыны және қара-
қошқыл түсті мата дайындау шеберлері ретінде аты шығады. Өнерлі 
теңізшілер болған олар құл сатумен, теңіз қарақшылығымен айналы-
сады. Деректер б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар арасында Финикияның Тир 
және Сидон қалалары өз дамуында үлкен жетістіктерге жеткенінен 
хабар береді. 
Финикияның әртүрлі аймағында орналасқан қалаларының өз пат-
шалары болған. Бірақ, олардың билігіне абыздар мен ең бай тұрғындар 
шектеу қойған. Кейбір қалалар қорғаныс үшін өзара одақтарға 
біріккен. Ежелгі дәуірде осындай одақта басты орынды – Сидон, кейін 
кең танымал болған Тир алса керек. Бұлардан басқа: Арвад, Триполис, 
Библос, Берит тәрізді жақсы дамыған қалалар да болған. 
Финикия патшалары ішінен тек Тирді басқарған бірнешеуінің 
ғана аты осы заманға жеткен. Мысалы: Иерусалим ғибадатханасын 
тұрғызу үшін Соломонға сәулетшілер мен құрылыс материалдарын 


247
жіберген Хирам; карфагендік Дидонаның ағасы Пигмалион және 
Навуходоносордың замандасы Этбаал. 
Финикия мәдениеті туралы мәліметтер үзік-үзік, жазба дерек-
тер, бейнелеу өнері туындылары там-тұм. Бұл туралы тек ежелгі 
грек, рим жазушылары мен тарихшыларының болар-болмас бұлдыр 
түсініктері сақталған.
Сауда-саттық мақсатын көздеген, теңіз жағалауына иелік еткен 
осы мәдениет өрісі Батыс Жерорта теңізі, Солтүстік Африка, Сарди-
ния аралы, Пиреней түбегі аймағына тарайды.
Алғашқы сауда жағалауда орналасқан көршілерді тонау-
дан, адамдарын ұстап, құлдыққа сатқан теңіз қарақшылығынан 
басталған. Уақыт өте, бұл 
кәсібін қойған финикиялықтар, 
бейбіт түрде өндірген тауарла-
рын басқа халықтармен матаға, 
металға, бағалы өсімдіктерге 
және т.б. айырбастаған. 
Ежелгі гректер халқының саны көп, қызу өмірге толы Финикия 
қалаларының дәулетін үлкен таңқалыспен мәлімдейді. Сауда-саттық 
орталықтары болған қалаларда ежелгі әлемнің әртүрлі түкпірінен 
осында әкелінген нені де болса: шарап, шыны, мата, салтанатты киім, 
зергерлік заттар, керемет өнер туындыларын да сатып алуға болатын. 
Сауда кемелері Финикияның Тир мен Сидон қалаларына күндіз-түні 
келіп-кетіп жатқан.
Тарих Финикия саудагерлерінің сауда-саттықтың өзіндік 
ерекшелігімен көзге түсетін түрін өмірге әкелгенін мәлімдейді. Өзге 
ел аумағына келген олар тауарларын жағаға шығарып, кемелеріне 
қайта оралып, лаулатып от жаққан. Түтінді көрген жергілікті халық 
жағаға келіп, жерге қойылған тауарлар ішінен өздеріне қажеттерін 
таңдап, жанына алтындарын қалдырып, үйлеріне қайтқан. 
Финикиялық саудагер ұсынылған алтын көлеміне қанағаттанса, соны 
алып еліне оралған, қанағаттанбаса, алмай, одан ары күтіп отыра 
берген. Осындай ұзаққа созылған күтулерден тұрақты елдімекендер 
пайда болып, оған халық келіп орналаса бастаған.
Финикиялықтар тек жағалауларды қоныстанған, тұрғылықты 
халықтармен жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Олардың өзге ел-
дермен байланысы тек сауда-саттық сипатын алған. 
Суретте: Финикиялық кеме [107]


248
Жақын орналасқан Кипрге жиі барып тұрған. Осы жерден мыс 
кені табылғаннан кейін, мұнда финикиялық елдімекендер пайда 
болған. Тарихи деректер белгілі бір уақыттан кейін сауда арқылы 
финикиялықтар әсерінің Жерорта теңізінің жағалаулары мен барлық 
аралдарына тарағанын көрсетеді. Испаниядан күміс кенінің мол қоры 
табылған. Аңыздардың айтуынша, олар осы жерге алғаш келгенінің 
өзінде-ақ күмісті көп өндіргені соншама, оны тек кемелеріне ғана 
тиеп қоймай, кеменің барлық жарағын, соның ішінде зәкірлерін де 
күмістен жасаған. 
Жерорта теңізінің батыл теңізшілері ретінде Атлант мұхитына, 
Гибралтар бұғазына дейін барған. Атлант мұхиты арқылы Британ 
аралдарына дейін жетіп, ол жерден қалайы алған. Балтық теңізіне 
барып, Пруссия жағалауларынан ежелгі халықтар алтыннан да 
қымбат бағалаған янтарьды өздеріне әкелген. Финикиялықтар Ги-
бралтар бұғазы арқылы Африка жағалауларын да аралағаны туралы 
мәліметтер кездеседі. 
Тарихта Мысыр перғауындарының бірі (Нехо) өзіне қызмет етіп 
жүрген финикия теңізшілеріне Африканы айналып келу жөнінде 
тапсырма бергені айтылады. Сапарға шыққан теңізшілер жылдың 
жауын-шашынды кезіне тап келіп, жағаға шығып, өздеріне баспана 
болатын үйшіктер тұрғызады; егін егіп, оны жинап алғасын, саяхат-
ты одан ары жалғастырған. Тек үшінші жылы ғана олар Мысырға 
аман-есен жеткен екен. Финикия теңіз саудагерлері басқалардың өз 
іздерімен жүріп, Гибралтар бұғазынан ары өткенін қаламаған. Сол 
үшін, әртүрлі бұрқасынды дауылдар, адамды күтіп тұратын теңіз 
құбыжықтары мен теңізде кездесетін басқа да қатерлер туралы 
үрейлі әңгімелер таратқан... 
Финикиялықтар құрлықта да сауда жұмыстарымен айналысқан. 
Керуен жолдарымен жүзеге асырылған сауда солтүстікте Арменияға 
жетіп, құлдар мен жылқыны; шығыста, Вавилоннан жібек пен ша-
рап; оңтүстікте, Аравиядан алтын мен жерлеу рәсімін өткізген кезде 
пайдаланылатын жағымды иісі бар қарамай мен шайырды әкелген. 
Финикиялық сауда, әсіресе, қола дәуірі бұйымдарының әртүрлі 
елдерге таралуына мүмкіндік берді деген жорамал жасалады. Әлі де 
болса дамудың төменгі сатысында тұрған, тас құралдарды пайдала-
натын (тас ғасыры) халықтар металл өңдеуді білмеді. Қару-жарақтар 
және үйдің керек-жарағы үшін пайдаланылған алғашқы металл, 


249
қақтауға жеңіл металл мыс болды. Алайда, мыс құралдар аса 
берік болмағандықтан, мысқа қалайы араластырған. Осы қосынды 
қола (қола дәуірі) деп аталады. Финикиялықтар қоладан көптеген 
бұйымдар жасаған. Уақыт өте келе, олар бұрынғыдан да қиын өнерді, 
темір (темір ғасыры) өндіруді, оны қақтауды жолға қояды. Әртүрлі 
өнімдер өндіру, бұйымдар жасау және қалыптасқан кең көлемді 
сауда-саттық, Финикияны ежелгі дәуірдің ең бай елі ретінде көзге 
түсіреді.
Суретте: Күміс тостаған мен қазба жұмыстары кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет