Басқарма атынан Мұхтар Әуезов
7-АЙМАҚТЫҚ ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
(Басы өткен санда)
Партия құрылысы хақында жолдас Эпштейн баяндамасы
(Партия ісін түзеу, партия ісін жүргізу)
Эпштейн: жолдастар, партия құрылысы һәм партияның ішкі істері хақында бұрын екі рет
кеңес болып өткендіктен мен өзімнің баяндамамды қысқартып, сол екі кеңесте қаралып
өткен мәселелердің қорытындысы туралы ғана сөйлеп отырмын.
Бұрынғы партия конференцияларында яки, партия съездерінде сөйлеген сөздер
шығарылған қарарлар, істелуге тиісті. Белгіленген істерге тіпті сан жетпейді, өте көп
бірақ, Түркістан коммунистер партиясының істеген қатесінің ең зоры - сол қарарлар
кезектегі істерін жарыққа шығармағандығы еді.
Жергілікті шарттарға, істің ыңғайына қарамай, Түркістан коммунистер партиясы тіпті
түсінбестен, барлық Россия коммунистер партиясының жүргізіп жатқан істерін түгел
көшіруден бүтін түк істемеген.
Кейбіреулер, кей партия мүшесі болып партия ішінде жүрсе де, сырт кісісі, партияға тіпті
қатысы жоқ кісі сияқты, партия ісінен, партия хәл жайынан хабарсыз еді.
Алтыншы партия конференциясы шығарған қарарларының бір жерінде Ұлыстық партия
ұйымдарын күшейту керек депті.
Облыстық, уездік партия ұйымдарының істері жөнделмей, ұлыстық партия ұйымдарын
күшейту туралы шығарған қарар, қағаз бетінде ғана қалатыны анық. Шынында партия
ұйымдары қарарларының көбі солай болған.
Енді бұдан бұлай партияның күш қуатына қарай ілгері шығарылған қарарлардың ішінен
тіршілікке ең үйлесетіндерін ғана алып, жүзеге шығарудың жолында болуы керек.
Соңғы партия конференциясында істелген баяндамаға қарағанда, партия сұрыптауынан
кейін Түркістан коммунистер партиясында, 33,5 мың кісі болуға тиіс. Февраль-август
арасында партия мүшелерінің есебі алынды. Сол есептен соң Түркістан партиясында
17000-ақ кісі қалыпты. Әлі есебі алынбаған тағы 2-3 мың кісі бар шығар деп есеп еткенде
де, Түркістан коммунистер партиясының 13 мың мүшесінің орны жоқ.
53
Ол 13 мың партия мүшелері қайда жүр? 13 мың партия мүшелері жаңа шаруа саясатына
азғырылып, партияны өздері тастап кетсе керек.
Әуелгі партия сұрыптауда 10 мыңдай партия мүшелері партиядан шығып қалса, соңғы
февраль-август арасында болған партия есебінің тұсында, 13,5 мың партия мүшелерінің
есебі алынбаған.
Сөйтіп, бір жылдың ішінде Түркістанда 20 мыңдай партия мүшелері партиядан шығып
қалды. Сондықтан, Түркістанда партия ұйымдарының да түрі өзгерілді. Өйткені,
бұрынғыдай пәлен қыстаққа пәлендей партия ұйымы бар, оның пәлендей мүшелері дейтін
құрғақ сөздер енді іске аспайды. Ондай дейтіндер болып партияның қазіргі хәлін
білмегендікке келіп тоқтайды.
Енді қолға алып, кезектегі істердің алдына салатын жұмыссыз партия ісін түзеу, партияны
жинастыру һәм ауыл, қыстақтардан бастап партия мүшелерінің есебін алып партияны
ұйымдастыру мәселесі.
Енді бұдан бұлай қарай ауыл һәм ұлыстық партия ұйымшалары тарқатылып, барлық күш-
қайратты уез, һәм облыстық партия ұйымдарын күшейту жолына сарп ету қажет.
Кіндік комитеттің аудандық, һәм болыстық партия ұйымдарын тарқату керек деген
пікіріне, қарсы кісілер бар сияқты көрінеді. Сондықтан, осы тақырыпты бір, екі ауыз сөз
айтып өтейін.
Кейбір уездерде партия ісі өте нашар. Өйткені, партия басында отырған кісілер партия ісін
істеп үйренбеген. Мағлұматы аз болғандықтан көп қаталатады. Уезден партия
ұйымдарында істеуге кісі таба алмай, табылғандары істей алмай жүргенде, аудандық,
ұлыстық партия ұйымдарында істеу үшін кісілерді қайдан табамыз?
Кіндік кеңселерінде істеп жүрген төрт, бес жолдастарды шетке жібере алмаймыз.
Сондықтан, ілгергідей ауыл ұлыстарында, партия ұйымшалары болсын деген пікір тіпті
орынсыз әңгіме. Ұлыс, һәм аудандық партия ұйымдары бітіріліп, оның орнына мықты уез,
облыстық партия коммунистерін күшейту керек. Енді бұдан былай қарай, партия
ұйымшаларын бір біріне шағыстырып, санын азайтып, маңызын молайту керек. һәм
бірнеше партия ұйымшаларының ісін басқару үшін партия үгіттеушілері ұйымдарын
ашып, солар арқылы партия хәлі тақырыпты мағлұмат алып, партия ісін түзетуге мүмкін.
Бірақ, бұл оңай әңгіме емес. Бұны жүзеге шығару үшін кісі керек. Әзір басы бос кісі жоқ,
бірақ партия құрылысы керекті ісіміздің ең зоры болғандықтан, шаруа ісінде жүрген
жергілікті жолдастардың кейбіреулерін осы жұмысқа қатыстыру қажет. Партия ісін
түзетпей, кеңестер кеңселерінің жұмысы, шаруа хәлі тіпті өзгермейтінін өткен
тәжірибелерден көріп отырмыз.
Екінші назар салатын ісіміз - партия мүшелерінің тәрбие жағы. Партия мүшелері есебін
алғанда жиналған мағлұматқа қарағанда партия мүшелерінің көбі 40-жастан жоғарғы хат
танымайтындар, 44 процент дені жолда жүргендер екен. Сондықтан, бізге керекті ісіміздің
ең зоры - партия мүшелерінің тәрбие жағын көтеру. Бірақ Түркістанда партия мүшелерін
тәрбиелеу тақырыпта ресми жолдар қолданса, мақсат орындамайтындай көрінеді.
Сондықтан, жергілікті жұрттарға қарай партия молайту үшін, жаңа өспірім жастарды
тәрбиелеу ісін көбейту керек.
54
Түркістанда 120 сауатсыздықты жоятын, 45-тей орта дәрежелі мектептер бар деп жолдас
Паскуцкий баяндамасында айтып өтті. Халық ағарту ісі өте нашар екені де сөйленді.
Бірақ, халық ағарту ісі дұрыс жолға салу хақында партия ұйымдары не істеді екен?
Түк істеген жоқ деп, айтсам қате деушілер де болмас. Түркістанда шаруа жұмысын білім
жағынан жөндіктіру, һәм қыстақтарда партияны ұйымдастыру туралы кезекте тұрған
талай істер бар. Оған біз әлі бір, екі жылсыз кірісе алатын емеспіз. Өйткені, оны орындау
үшін кісі керек. Оны орындайтын кісілер тәрбие, һәм халық ағарту ісін күшейтумен
даярланады. Халық ағарту ісін күшейту үшін дүние керек. Дүние біздің қолымызда қазір
жоқ. Сонда да болса, ішкі Россияда ағарту істері тақырыпты жүргізіліп жатқан кейбір
жолдарды қолданып, Түркістанда, ауыл қыстақтарда ағарту жағын күшейту ісіне
кірісуіміз керек.
Түркістанда партия мүшелері, жоғарғы партия ұйымдарының бұйрық - жарлықтарын
айтпай орындап тұруды әдет алмаған. Партия мүшелері арасында жоғарғы партия
ұйымдарына мойынсұнып, солардың бағыты назарын ғана қолданып жүргендер өте аз.
Партия мүшелері мұндай мінездерді тастап, жоғарғы партия ұйымдарының айтқандарын
тегіс қабыл алып, сөзсіз орындап тұрулары керек. Жаңадан партия мүшелері арасында,
сондай сезімдерді тудыру қажет.
Түркістан коммунистер партиясы ішінде топшылдық сияқты жаман мінездерде бар.
Партияның ыңғайламайтын партия мүшелері арасындағы сондай жаман мінездерді
қалдыру жолында болу керек. Ондай мінездер қалдырылуы үшін партия мүшелерінің
бетін шаруа істерін түзету жағына аударып, партия мүшелерін әңгіме сөзден қашық ұстау
қажет.
Осы сияқты жолдар қолданылса, партия мүшелері арасында топшылдық мінездерде бітуі
мүмкін деп жолдас Эпштейн сөзін бітірді.
Қалада һәм ауыл қыстақтарда істелуге тиіс кезекті шаруа істері хақында жолдас
Паскуцкийдің баяндамасы
Паскуцкий: Жолдастар! Мен ауыл, һәм қыстақтардағы шаруа істері хақында сөйлеп,
қандай жолдармен шаруашылықты көтеру тақырыпты да айтып өтемін.
Бұрынғы біздің қатеміздің ең үлкені шығарылған қаулылардың көбісі жүзеге шықпай
қалғандығы еді.
Әзіргі жиылуымыздың мақсаты, Кіндікте һәм жер-жерлерде қандай істер істеліп
жатқандығын тексеру ғана емес, өйткені, ол біздің әрқайсымызға белгілі іс.
Біздің алдымызда тұрған мәселе - келешекте қай жол, қандай тәртіппен кеңес кеңселерінің
жұмыстарын, әсіресе шаруашылық істерін жөндеу мәселесі.
Өткен конференцияларда қаралған мәселелердің ішінде мынадай мәселелер бар еді: 1)
Аяқты мал шаруасы; 2) Халық - ағарту жұмысы; 3) Диқаншылық ісі.
Осы айтылған үш түрлі мәселелердің қайсысы болса да, сауда жұмысы жалпы
шаруашылық ісі жөнделмей, жүзеге тіпті шықпайды. Жаңада, осы мәселелердің
шешілуіне қарай, диқаншылық жұмысы тіріліп, Кеңес хүкіметінің ішкі һәм сыртқы
саудасы күшейіп, тұрмысын түзеу жолға түседі.
55
Аяқты мал шаруасы һәм су жұмысы туралы жолдас Асфендияров толық мағлұмат
бермекші. Сондықтан, бұл мәселелерді мен қысқа ғана қағып өтпекшімін.
Шаруа ісі хақында өткен жылы біздің шығарған қаулыларымыз жалпы бітіміміздің дұрыс
екенін көрсетті. Бірақ, ол қаулылар жарыққа шыққан жоқ.
Қолдан су шығару жұмысы хақында съездерде сөйленген сөздерден басқа көзге көрінген
іс істелген жоқ. Өйткені біз құрғақ сөзге ғана қанағаттанып, су жұмыстарын ретке салу
хақында белгілі бір тәжірибеге таянып, күшімізді есептеп, ақша мәселесін бір тәртіпке
салып, іске кіріспегендігіміз болды.
Өткен жылы қолдан су шығару ісіне арналған ақшадан 13%- ақ жұмсалған.
Әрине, бұл қалыппен іс жөнделеді деуге болмайды.
Әзіргі біздің міндетіміз, ақша мәселесін жөндеп, жұмыскерлер тауып қолдан су шығару
ісін көркейту болуға тиіс.
Бір қолдан су шығару туралы - өте керекті ғана жерлер мемлекет қолында қалып,
қалғандары жер-жерлердің ықтиярына берілуі керек көрінеді. Солай болғанда,
мемлекеттің қолында 15-ке жақын қолдан су шығарылатын үлкен орындар қалады. һәр
облыс, уездерде керекті саналған жер жерлерде, қолдан су шығару жұмысы өз бетінше
істелуі тиіс. Су жүретін жолдарды тазалау, суды болу істері дихандардың өз қолдарына
берілуі керек. Өйткені, ол іс сол дихандардың қатысымен ғана түзелетін ісін, бұдан бұлай
біздің жұмысымыз. Осы тәртіппен жүрілсе, қолдан су шығару жұмысы көркейіп, бұрынғы
жылдарда суғарылатын 2.400.000 десятина жерге тағы су жеткізу мүмкін. Бірақ,
кімдермен бірігіп істеп, кімдер бізге сүйеніш бола алады. Мінекей, алдымызда тұрған
мәселенің үлкені осы.
Партия ісіне ішімізден тәжірибесі мол, қайратты жолдастарды шығаратынымыз сияқты,
қолдан су шығару ісіне де қолынан іс келетін жігерлі азаматтарды жегу керек. Сөйтіп, бір
жағынан бюджет (мемлекеттің шығысы һәм кірісі) ісі жөнделіп, екінші жағынан айтылған
жолдар іс жүзінде қолданылса, қолдан су шығару жұмысы көңілдегідей болатыны анық.
Жер комисариатының алдында тұрған үлкен міндетті істерінің бірі, жер пайдалану ісін
тәртіпті, мәдени жолға қою болуға тиіс. Бұл туралы істелетін жұмыстың зоры - тұқым
даярлау ісі. Астық жетпей, жер пайдалану ісі тәртіпті жолға қойылмай тұрғандықтан зор
себебі тұқымның аздығы. Сондықтан тұқым даярлау ісіне қатты кірісу қажет.
Ендігі мәселелердің ең зоры - диқаншылыққа керекті асбап - құралды даярлау.
Осы айтқан істерді жарыққа шығару үшін ұсақ қол кәсіпшілеріне әртүрлі жолдармен
жәрдем беру керек. Өйткені диқаншылыққа керекті асбап - құралдарды даярлайтындар
ұсақ қол кәсібінде жүрушілер болады.
Диқаншылыққа керекті көлік, тұқым, түрлі асбап - құралдар туралы ең әуелі Ферғанаға
жәрдем беруіміз тиіс. Осы күнде Ферғана үшін даярланған 1200 бас өгіз бар. Бұдан бұлай
оның санын көбейтуге тырысу керек.
Диқаншылық туралы алдымызда тұрған мәселелердің ең зоры - тұқым даярлау,
диқаншылық үшін керекті асбап - құралдарды табу. Егінге зиян келтіретін заттарменен
56
күресу жұмыстары осы айтқан істерді тіршілік жүзінде жүргізу үшін диқаншылық
жұмысын жақсы білетін агрономдарды іске салу керек.
Енді осы жұмыстарды жарыққа шығару үшін ақша керек. Жаңа да дихандарға жәрдем ету
ісін белгілі бір жолға салып, еңбекшілердің тері болса кетпейтін жағын қарастыру қажет.
Шаруашылық хақында енді қалған мәселенің үлкені майда қол өнерін түзету ісі
Түркістанда кәсіп орындарын мықты ұстап, көп пайда келтіретін жағын қарастыру, халық
шаруашылық кеңесі зор міндеттерінің бірі. Сөйткенде ғана, кәсіпорындарынан жер
байлығынан он триллионға жақын пайда түседі.
Өткен жылы шаруасы жөндікпеді, хүкімет пайдасын бір жаққа тастап, өз пайдасын көздеп
кетті. Сондықтан, ең әуелі шаруа орындарында ұйымдар басында тұрған адамдарды
сұрыптап, Кеңес хүкіметіне пайдасыздарын шығарып тастау керек.
Біздің екпінді жұмыстарымыз - қарқынды тау байлықтарын пайдалану ісін тәртіпті жолға
салу еді. Ол туралы алғы зияннан басқа іс жүзінде түк істелген жоқ.
Ендігі қалған мәселелердің ішінде ең күштісі - халық ағарту ісі. Халық ағарту
комисариатының қарамағанда қалдырылған мектептер, оқу орындары үшін хүкіметтің
беріп тұрған жәрдемі аз. Ол жәрдеммен қолымыздағы мектептер, оқу орындарын сақтап
қалу қиын. Ел ағарту комиссариятына қазіргі күнде (22 - жылдың ақшасымен) 70 млн
ақша керек. Ел ағарту комиссариаты ол ақшаның 2/3-ақ алатын болып отыр. Бұдан былай
халық ағарту комиссариятына назар салып зор жәрдем берілмесе, 42 мың бала, 6800
оқытушы тарқалатын көрінеді. Сөйтіп ел ағарту ісі тіпті бітетін сияқты.
Сондықтан, қалай болса да, ел ағарту комиссариятына ақша, дүние жағынан іс жүзінде
жәрдем етуіміз өте керек. Бюджет мәселесін шешіп ақша табу, шаруа ұйымдарының ісін
жөндіктіру тақырыпты сөйлеп отыруда керек көрінеді. Бюджет тақырыпты біздің
жұмысымыз азырақ дұрысталған сияқты. Бюджет мәселесінде бірінші орында тұрған
астық салығы еді. Барлық бюджеттің 65% астық салығына түседі.
14-сентябрьге шейін біздің қолымызға бір пұт та астық түскен жоқ еді. Бірінші октябрьге
шейін бидай есебіменен 3 млн. 800 мың пұт астық түсті.
Салықты түгел жинау туралы алдыңғы қатарда тұрған Самарқанд, екінші Түрікпен
облысы. Самарқанд облысы барлық салықтың 50% төледі.
Біздің алдымызда тұрған қарқынды жұмыстардың ендігі қалған 90% астық салығын түгел
жинау мәселесі.
Ақша мәселесі туралы хәліміз өте нашар. Түркістан хүкіметінің барлық кірісі 3 млр,
шығысы 6 млр-тан артығырақ (барлығы да 22-жылғы ақша есебімен). Сондықтан, қандай
жолдармен болса да ақша табу реттерін қарастыруымыз өте қажет.
Құлақты түре тыңдайтын әңгіменің бірі - Кеңестер құрылысы. Өйткені ағарту
шаруашылық, кәсіп істерінің кеңестер құрылысыменен байланысы мол.
Бұрынғы конференцияларда Түркістанның жалпы жиылыстарында кеңес құрылысы
хақында көп сөйленіп еді. Бірақ, шығарылған қарарлар жарыққа шыққан жоқ. Кеңес
кеңселерінде осы күнге шейін ісі бір қалыпта келеді. Бұрынғыдай мекемелер жұмыссыз
қаңғырып жүрген, керексіз кісілер тіпті көп. Әртүрлі залымдар, бұзақылар да жеткілікті.
57
Олар кеңес хүкіметінің шаруашылығы күйзелгендігіне, тұрмыстың ауырлығына
қарамастан өз білгендерін істеп жатыр. Анық іске беріліп, белсеніп қызмет ететін ақжүрек
қызметкерлер аз.
Сондықтан, Кеңес кеңселеріндегі шенеуніктердің 50% шығарып тастау қажет. Қазіргі
қызметтегі 14 мың кісінің 7 мыңы қалып, басқалары шығарылса да, іс тіпті тоқтамайды.
Сөйтіп, Кеңес кеңселерінде қызмет етушілерді сұрыптап, тазаларын ғана қалдыру керек.
Жоғарыда айтылған істерді жарыққа шығару үшін барлық күш қуатты жұмсау қажет.
Әйтпесе, шығарылған қарарлар қағаз бетінде ғана қалады деп, - жолдас Паскуцкий сөзін
бітірді.
Жолдас Асфендияров баяндамасы
Жолдастар! Мен, сіздерге жолдас Паскуцкий баяндамасында қозғалған жер пайдалану,
аяқты мал шаруасы, қолдан су шығару мәселелері тақырыпты толығырақ сөйлеп
өтпекшімін.
Жер реформасы хақында толық сөйленіп өтуді лайық көремін.
Жер реформасы ең әуелі көшпелі, жарым көшпелі жұрттардың отырған жерлерінде
жүрілуі тиіс еді. Бірақ, 20-21-жылдары жүрілген жер реформасы шаруа жағынан әлі
мықталған жоқ. Қазіргі біздің алдымызда тұрған мәселелердің үлкені - жер реформасы.
Жүрілген жерлердің шаруа жағына назар салып, жаңа шыққан еңбек мөлшері менен
пайдалану заңының түпкі мақсатын халыққа аңлату.
Еңбегі менен жер пайдалану туралы, бүкіл Россиялық Кіндік комитетінің шығарған заңы
жергілікті халықтың жұмыскер дихандарына тиімді һәм пайдалы.
Жаңа жер заңына қарағанда, еңбек мүшелері менен жер пайдаланған диханға ешкім
зорлық-зомбылық істей алмайды. Сондықтан, жұмыскер дихандар өз қолындағы
жерлеріне өздері ерікті, һәм бөтендердің араластығы болмайды.
Бүкіл Россиялық Кіндік комитеті шығарған жер пайдалану туралы заңды жүзеге шығару
ретінде, Түркістанда мынадай үш түрлі тіршілігі бар халықтар мен істес болуымыз
мүмкін: Жатақ жұрттар (өзбектер), көшпелі, һәм жарты көшпелі елдер (қырғыз-қазақ), бұл
үш түрлі тіршілігі бар жұрттардың жер пайдалануы түрлі-түрлі болса керек.
Көшпелі тұрмыстан жатақтыққа өткен елдерге қыстақ салу үшін жер берілу тиіс. Жарты
көшпелі елдерге қыстақ салу үшін жер беріліп, оның үстіне жаз жайлау берілу керек. Таза
көшпелі елдерге жаз жайлау, қыс қыстау һәм егістік берілгенде ғана тіршіліктері түзеледі.
Тіршілік жүзінде осы істерді орындайтын Жер-су комисариаты еді.
Жер-су комисариаты өз міндеттерін атқару үшін ол істерге 22-жылдан бастап кірісті.
Қағаз жүзінде барлығы істеліп бітті. Енді жарыққа шығаруы тиіс.
Жер пайдалану, жерге орнықтыру ісі Қарақол уезінде біткен сияқты. Бірақ, Ақсу
ауданында, қалалар айнасында, Сырдария облысының ескі уезінде, жаңада Жалалабад, үш
уездерінде жерге орналастыру ісі, енді басталмақшы. Жерге орналастыру ісіменен қатар,
16-жылы жерден айрылған қазақ-қырғыздардың жерін, өзіне қайтарып беру ісіне кірісу
керек.
Осы жұмыстарды жарыққа шығару үшін кісі керек, ақша керек.
58
Енді қалған мәселелердің зоры - қолдан су шығару жұмысы. Қолдан су шығару
жұмысының хәлі өте нашар. Өйткені, өткен жылы көп жерлерді су басып, су жүргізілетін
жолдар үлкен апатқа ұшырады. Бұдан былай да, су жұмысының хәлі осындай болуы
мүмкін. Бірақ, осындай апаттардан құтылып, егістерді суғаратын жолдарды арық-
атыздарды сақтап қалу үшін, көп ақша керек.
Біздің, биылғы жылы сұраған ақшамыздан 13% берілді. Бірақ, сұраған ақшадан 13%-ақ
берілген соң әрине жұмыстың алға басуы қиын.
Қолдан су шығару туралы - жергілікті атқару комитеттеріне, ауыл кеңестеріне кең құқық
беріліп, өздерінің һәм дихандардың тәжірибесіне сүйеніп іс жүргізілуі керек.
Жерге орналастыру, һәм қолдан суғару істерін тәртіпті жолға салу, екпінді
жұмыстарымыздың қарқындысы болғандықтан, біздің барлық күш қуатымыз осыларды
жарыққа шығару үшін жұмсалуы қажет. «Тұқым даярлау ескеретін іс» деп, жолдас
Паскуцкий өз баяндамасында айтып өтті. Оның керек іс екені рас. Бірақ жиналатын
тұқымның таза болуы да ескерілетін іс. Өйткені егіннің нашар болуының үлкен себебі,
тұқым нашар болғандықтан. Диқаншылыққа керекті асбап - құралдарды даярлау жұмысы
да, үлкен міндетіміздің бірі.
Жер-су комиссариатының осы уақытқа шейін барлық облыстарға үлестіргені 1639 соқа,
143 шалғы. Ол, асбап - құралдар дарияға талқан болмайды. Бірақ қазіргі шарттарға
қарағанда, диқаншылыққа керек асбап - құралдарды шеттен іздемей-ақ, өз ішімізде
даярлау қамына кірісуіміз пайдалы көрінеді.
Айтылған жұмыстардың жарыққа шығуы үшін ауыл кеңестері, аудандық һәм уез атқару
комитеттері белсеніп іске кірісуі керек.
Тұқым сақтау, қолдан су шығару, арық-атыздарды тазарту сияқты майда істерді, жер-
жерлердегі атқару комитеттеріне тапсырмай іс түзелмейді.
Шаруашылық кооперациясы һәм несие ақша беретін ұйымдар туралы да, бір, екі ауыз сөз
айтып өту керек көрінеді.
Өткен жылы, 1400 несие ақша беретін ұйымдар бар еді. Олардың көбісі жергілікті халық
арасында еді. Осы несие ақша беретін майда ұйымдар, шаруашылық кооперациясын
жөндіктіру туралы негізгі мақсатымыз болуға тиіс.
Жоғарыда айтылған жұмыстардың жүзеге шығуы үшін партия ұйымдары, Кеңес хүкіметі,
іске салқын қарамай, барлық күш қуатын сарп етіп, жұмсауы керек деп жолдас
Асфендияров баяндамасын бітірді.
7-аймақтың партия конференциясында қаралған мәселелер, істелген баяндамалар
хақында сөйлеушілер көп болса да, олардың сөздері басылған жоқ. Өйткені сөйлеуші
азаматтардың сөздері конференцияда шығарылған қарарлар мен істелген баяндамаларға
келіп тоқтады.
Түркістан Коммунистер партиясы барлық мүшелеріне арнап жазылған ашық хаттың
жобасы (1 - санда басылып шықты) оқылып, қабылданғаннан соң, 7- аймақтың партия
конференциясы 21 - октябрьде кешкі сағат 10 - да жабылды.
59
Коммунист партиясының һәм Кеңес хүкіметінің Түркістандағы кезекті мәселелері
туралы қаулы
Англия жиһангерлеріне іздегенге сұрағандай, Түркістан һәм Орта Азияның ешкімге
қосылмай жеке болуы тақырыпты баспашылардың айқайлап жүрген саяси орындары, қара
бұқара қалың халықпен қосталмағандығын баспашыны жоғалту жұмысының жүрісі
көрсетіп отырғанмен де, жалпы әскери-саяси тәртіп Орта Азияда бұрынғы күйде қалды.
Баспашыларды қолдап һәм бастап, жұртты бүліншілікке салып, шаруашылық бүліншілігін
зорайтып, өте-мөте Самарқанд пен Ферғанада Англия адамдары жұртты бүлдіру жұмысын
жүргізіп отыр.
Сол себепті біздің алдымызда баспашыны құрту мәселесімен қатар ұзыны мен көлденеңі
бірдей болып Түркістанның шаруашылық орнату мәселесі тұр.
Қазы һәм би орнату мұсылмандарға уақыф жерлерін қайтару, қара бұқараны баспашымен
күреске қатынастыру һәм осы секілді неше түрлі саяси әдістер бірден қара бұқараның
назарын біздің жаққа аударды. һәм қара бұқара, баспашылардың қалдығы мен сөзсіз
күреске белсеніп шықты.
Россия коммунист партиясы Кіндік комитетінің Орта Азия бюросының, һәм Түркістан
коммунист партиясы Кіндік комитетінің көрсеткен жолдары бойынша шыққан нәтижені
бекіту үшін һәм Түркістан байлығын бұдан былай қарай қоздыру ойымен Рудзовтың
жолдастық баяндамасын тыңдап болған соң, Түркістан коммунист партиясының 7 -
аймақтық конференциясы қаулы шығарды:
1) Баспашыны тас-талқан қылып, таза бітіргенше соғысты тоқтатпай соза беру, халықтың
тыныштығын, һәм татулығын көздейтін жалғыз ғана Кеңес хүкіметі екендігін халыққа
сендіру керек. Бұдан былай қарай халыққа қаһарлы болып, һәм өтірік хабарлар
таратқызбау үшін Кеңес хүкіметінің күші жоқ. Біздің жазаландыруға деген секілді
баспашылардың бастықтарын аямай, жазаландыратын қатаң жоба шығару қажет.
Соңғы айлардағы баспашылардың жеңілуі тұтынған саяси әдістерінің тұрмысқа
қолайлылығын көрсетеді. Баспашылармен күрестегі жергілікті милициялардың
қайраттарын ескертіп, конференция бұл күреске еңбекқор халықтың көбірегі кіріп, һәм
татулыққа тезірек жетуге тырысу ретінде қызыл әскермен бірге қосылып кетуі мүмкін деп
санады.
Олай дегенмен де, өте қарау керек. Жергілікті халықтардан бөлген әскер шаруашылығы
бөлінген, дихан халықтың күшіне тиіп кетпеуін, сол себепті әскердің шамасы өте белгілі
болу керек. Сол әскер тұратын аймақтың һәм уақыттың анық соғыс тұрмысына қарай,
милиция әскерлерінің тәрбие һәм саяси қолдануларын күшейтуге конференция партия
ұйымдары міндеттендірді. Қызыл әскердің қимылы туралы таралатын өтірік хабарлар мен
күресудің қажеттігі туралы Россия коммунист партиясы Кіндік комитеті жобасының
бабына партия ұйымдары өте айрықша назар салуы керек. Қызыл әскер адамдарының
тыныш отырған халыққа тиген жәбірлері хақында естілген әрбір хабарларды анықтап,
біліп отыруға барлық ұйымдардың бәріне де қатты міндет етіледі. Өтірік һәм өсіріп хабар
бергендердің барлығы да жауапқа тартылуға тиіс. Бір ғана партия тәртібімен емес, һәм сот
тәртібімен де, олардың қызмет тәртібіне қарамастан.
60
Қызыл әскердегі саяси жұмыскерлердің, бәрінің назарына салады. Конференция еңбекшіл
халықтың дүниесін сақтау, һәм тұрмысының бөлектіктеріне өте сақтықпен жақындасу
жағына тәрбиелеумен күшеюдің қажеттігін.
2) Партия һәм Кеңес жұмыскерлеріне білу керек, әскери еңбектер дұрысталып орнығуға
мүмкін. Егер бұзылған шаруашылықтар сонымен қатар көңілдегідей орнатылған болса,
әсіресе алдымен ауыл шаруашылығы.
Апат тигендей болып шегерілген себептің ауданын ұлғайтуға барлық күшін салу керек.
Осы ниеттермен жер бейнетқорларын көшіруді һәм бір жерден, бір жерге қондыруды
қысқарту қажет. Саяси реттермен, я болмаса жаза ретінде қолға алынып жатқан, егер
мемлекетке закон бойынша міндетін атқарса, еткен еңбегінің жемістерінде ешкімнің
делосы жоқтығын сендіретін дихан мен қара шекпенге шарт жасау керек. Осы үйлермен
ескі орындарына қайта орнауға тырысқан талаптарына бас көтертпеу керек. һәм
дихандардың шаруашылығына бөлінген, я болмаса баспашыға ұрынғанға жәрдем беру өте
қажет.
3) Бұл ниеттерді, тығыз жүзеге шығару Кеңес мекемелерінің жайына қарай болатын
мәселе. Кеңес мекемелерінің істеген істеріне көз айырмай қарап отыру керек. Әсіресе,
орындарда хүкімет адамдарының әрбір қимылы халыққа соқтығып отыратын жерлерде.
Кеңес мекемелерінен аямай қылмыстыларды һәм қылмыстыларға пана болып жүргендерді
қуып шығу керек. Жаңа ешнәрсе істемейтіндерді міндетті жұмысына һәм халықтың мұң
мұқтажына қалай болса, лас ұры қалайтындарды да қуып шығу керек. Осы көзқараспен
барлық Кеңес мекемелерінің қатарын қарап өту қажет. Болыстан, һәм уезден бастап
хүкімет орындарының тазарғандығы, еңбекшіл қара бұқараның өздерінің ұмтылуларына
мүмкіндік беріп, һәм оларды мемлекет құрылысына қатынастырғандай қылып соғыс
шарттарына қарай жүзеге шығаруға болатын жерлерде дұрыс Кеңес сайлауларына
шығуды қажет деп тану керек.
4) Мұның бәрі де Түркістан Коммунист париясының қатарында қатысты бірлікті сақтауды
талап етеді.
Қатаң партия тәртібін орнату қажет. Һәм кішкене болса да тәртіпті бұзғандардың
барлығын бұлтартпастан партия жолымен жауапқа тарту керек. Партияның һәм Кеңес
хүкіметінің жары болып саналмақшы. Кімде-кім жалпы партия мақсатын жеке топтардың
мақсатына бағындырғысы келсе, кімде-кім партия ішінде топ күресін ашса.
Партия жұмысын күшейту қажет. Алдымен жергілікті партия ұйымдарында, партияға қол
емес қатардан кіргендерді тазалау жолымен, һәм өзінің уақытында партия тәрбиелеу
жұмысын күшейтіп отаршылық бейімі барлардың қалғандарын партиядан айдап шығу
керек. Жаңа ұлтшылдық мінездеріне көнуге жол бермеу керек.
Тату қызметпен, бірлескен партия майданымен құшақтасып қатты тәртіппен һәм, ішкі
біріккендікпен коммунист партиясы жоғарғы белгіленіп өткен тәжірибелі мәселелерді
орындауға кірісуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |