Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2-баб 
 
Жерді еңбек мөлшеріменен пайдалану жолы. 
 
12)  Законда  көрсетілген  жолдардан  басқа  ретпен  пайдаланушының  жерін  қайтып  алуға 
болмайды.  Жалғыз-ақ,  жер  пайдалануды  жалпы  тәртіпке  келтіру  жұмысы  болып  яки, 
болмаса  ортақшылық  жолдарыменен  пайдаланып  отырған  көпшіліктерде  жерді  қайта 
бөлетін  ретте  болса  ғана  жер  ауданының  орнын,  аймағын  һәм  шекарасын  өзгерту  үшін 
басқа ретпен алыну мүмкін. 
 
13) Жер пайдаланушы жер пайдаландыру шартынан мынандай реттерде ғана айырылады: 

45 
 
 
а) Үй ішінің барлығы түгелімен өз ықтиярларыменен пайдаланудан кешсе; 
 
б) Үйдің өз алдына егін егуі түгел тоқталса; 
 
в) Үй іші өліп бітсе; 
 
г) Бір жерден екінші жерге өтіп, ескі орында өз алдына шаруашылық жүргізуі тоқталса; 
 
д) Закон бойынша жаза тартып, сот арқылы жер пайдалану құқынан айрылса
 
е) Жол салу, яки болмаса, кен қазу сияқты мемлекеттің һәм көпшіліктің керегі үшін жер 
алынса; 
 
14)  Үй  ішінің  кейбіреуі  әскерлікке  алынып  яки,  болмаса  сайланып  көпшілік  жұмысында 
кеңес хүкіметінің ісінде жүрсе, ондайлардың тиісті сыбағалы жері өзі босағанша өз үйінің 
қолында болады. Сыртқа кетіп жұмсаушылардың жері екі ораққа шейін өз үйінің қолында 
болады.  Бірақ,  екі  орақтан  кейін  келгендерге  артық  жерден  беріліп,  артық  жер  жоқ 
жерменен жаңадан бөлінген көпшіліктің басқа мүшелеріменен қатар жер беріледі; 
 
15) 13-бөлімшеде айтылғандай жерді көпшіліктен яки болмаса мемлекет керегі үшін жері 
алынған  кісілерге,  бөтен  жердей  жер  беріліп  барлық  зиялы  тиісті  жолдарменен 
түгелденеді; 
 
16) Орынсыз дәлелдер менен жерін істетпей тастап яки болмаса, 3-бапта айтылған законға 
қарсы келетін жолдарменен жердің майын сатқан жер иесі, жер дауларын шешу тәртіптері 
бойынша бір жылға шейін ол жерден пайдаланудан айырылады
 
17) Пайдаланудан босанған  жергілікті  артық жатқан жерлерге қосылып сол  диқаншылық 
ұйымның жерге мұқтаждарына беріледі; 
 
18)  Жерді  сату,  һәм  сатып  алу,  алып  сату,  беру,  өткізуге  қою  тіпті  болмайды.  Жоғарыда 
айтылған  реттерменен  жердің  бір  қолдан  бір  қолға  өтуі  законға  қарсы  болып  табылады. 
Жерді қолдан қолға өткізушілер жаза тартып һәм қолындағы жерінен де айырылады. 
 
3-баб 
 
Жер жолдары туралы 
 
(Еңбек мөлшеріменен жер пайдаланудың құқықтарын уақытша басқаға беру) 
 
19) Егін бітпегендіктен, өрттен, жұттан, көлік кемдігінен, қолдың аздығынан яки болмаса, 
(сол  сияқты  апаттардан  істеу  үшін  шетке  кетіп,  әскер  қызметіне  шақырылып,  сайлау 
менен  әлеумет  яки,  Кеңес  қызметінде  жүріп)  уақытша  нашарлаған  дихандарға,  барлық 
жерін  яки  болмаса,  бір  бөлігін  басқаға  жалдауға  ықтияр  беріледі.  Жерді  жалдаушылар 
арасында  жасалатын  шарттар  бойынша,  жерді  жалдау  ақына  ақша,  түрлі  бұйымдар  яки, 
ұйымның бір бөлімін беруге де болады. Бірақ төмендегі шарттарды қолдану тиіс. 
 
20)  Жер  жалдаудың  уақыты  бір  орақтан  артық  болмайды.  Бұл  орақтың  мерзімі  белгісіз 
жерлерде 3 жылдан артық болмасын. 
 

46 
 
21) Кейбір дәлелді себептері бар жерлерде жалдаудың уақыты екі ораққа яки болмаса, үш 
жылдың  орнына  алты  жылға  созылуы  мүмкін.  Көрсетілген  жердің  жалдау  уақыты 
өткеннен кейін  жер  иесі  өз  қуатыменен  жерін  қайтарып  алып,  еге  алмайтын  болса,  жері 
жергілікті  диқаншылық  қолына  өтіп,  сол  ұйымның  жерге  мұқтаж  басқа  дихандарына 
беріледі. 
 
22)  Жалғыз-ақ,  өз  қуатыменен  еге  алатын  шамада  ғана,  өз  жеріне  қосымша  қылып 
басқадан жер жалдауға ықтияр беріледі. 
 
23) Жалданған жердің шамасы майын берушінің барлық жерінің үштен бірінен ары болса, 
жергілікті ауыл кеңесіне беріледі. 
 
Төрттен  үшінен  артық  болса,  Ауылисполкомда  қатталған  соң,  жер  майын  алушының 
арасында жасалған шартта міндетті саналады. 
 
24)  Жер  майын  беріп  алудың  шарттары  ауызекі  болмаса,  қағаз  бетінде  жасалуы  мүмкін. 
Ауызекі  жасалған шарт Ауылисполкомның яки болмаса, ауыл кеңесі  мүшесінің қасында 
айтылып шарттар үшін арналған кітапқа жазылып қойылады. 
 
25)  Көпшіліктен  шығып  басқа  жерге  кетпекші  яки,  диқаншылықты  қойып  басқа  кәсіпке 
кіріспекші адамға жерін біреуге жалдауға ықтияр берілмейді. 
 
26)  Жер  жалдаушы  жер  иесі  сияқты  жалдап  алған  жерін  жақсылап  егуге  міндетті.  һәм 
майын алған жерін, басқаға бере алмайды. 
 
27)  Жер  беруші  диханға  түсетін  түрлі  салық  алымдарды  алған  жерінің  шамасына  қарай 
жер  жалдаушы  төлеуге  тиіс.  26-бөлімшедегі  міндетті  істерді  жер  жалдаушы  орындамай, 
жер  жалдаушылар  арасындағы  істелген  шарт  бұзылуы  мүмкін.  Шарттың  бұзылуы,  һәм 
одан шығатын алыс-беріс нәтижелері жер дауларын қарау тәртіптерімен шешіледі. 
 
28)  Жалдаған  срогы  біткеннен  кейін  жер  иесіне  қайтып  беріледі.  Жерден  ажырамайтын 
һәм ажыратқанда жерді егу, зиянды болатын жерді үлгірту үшін істелген жаңалықтар ескі 
жер иесіне өтеді. 
 
4-баб 
 
Еңбекшіл дихандар шаруаларына жәрдем үшін керекті жалшылар қолдану туралы. 
 
29) Аспап  - құралдарының жетпестігіне яки, күш кемдігіне мезгілінде егін істерін бітіре 
алмайтын  дихандарға  жәрдем  үшін,  жалшылар  жалдауға  ықтияр  беріледі.  Бірақ, 
жалдаушылар үйіндегі  барлық  іске жарайтын кісілері  жалшы қатарында  өз диқаншылық 
жұмыстарын істейтін болу керек. 
 
30)  Жері  аз  болып,  һәм  шаруасы  нашарлағандықтан  жерін  жалдауға  ықтияр  берілген 
дихандарға өзі диқаншылық жұмыстарына кіріспесе де, барлық жерін жалшы күшіменен 
істеуге  ықтияр  беріледі.  Диқаншылықта  орақ  яки,  айдау  сияқты  уақытта  мезгілді 
жұмыстар  үшін  жалшы  жалдау  басқа  дихандарға  да  болады.  Жері  көп  аудандарда  яки, 
жерге  жаңадан  орналасып  жатқан  уақытта,  барлық  егістікті  қалдырмай,  тездікпен 
пайдалану үшін керегіне қарай жалшылар жалдауға болады. 
 

47 
 
31)  Бейнет  бақылау  һәм  жалшылардың  ақысын  дұрыс  беру  тақырыпты  шыққан 
қарарларды,  һәм  заңдарды  орнына  келтіріп  тұру  шартыменен  жалшы  жалдауға  ықтияр 
беріледі. 
 
5-баб 
 
Еңбекшіл мөлшеріменен жер пайдаланудың һәм жерге орналастырудың нығайтылу реті. 
 
32)  Еңбек  мөлшеріменен  жер  пайдаланудың  түрін  белгілеу,  нығайту  үшін  съездер 
қаулысы  мен  яки,  жер  бөлімдерінің  тиісті  тәртіптері  мен  берілген  отырықшы 
болыстардың,  ауылдардың  һәм  басқа  диқаншылық  ұйымдарының  қолындағы  осы  күнде 
пайдаланып  отырған  жерлері,  осы  қарар  шыққан  күннен  бастап  олардың  еңбек 
мөлшеріменен түпкілікті пайдалануында қалады. 
 
Қосымша: Екі диқаншылық ұйымының арасындағы шекарасы белгісіз даулы жерлер жер 
даулары ретінде қаралып, екі жақтың халқының санына һәм жерінің аздық көптігіне қарай 
шешіледі. 
 
33)  Отырықшы  шаруасы  бар  болыс  һәм  ауыл  араларында  бұдан  былай  жер  теңгерілу 
жұмыстары  тоқтатылады.  Дихандар  арасында  жердің  бөліншектігін,  һәм  қашықтығын 
жойып,  жер  пайдалануын  ыңғайластыру  үшін  өз  араларында  жер  орналастыру  жұмысы 
жүргізіле беру мүмкін. 
 
Қосымша:  Жер  бөлімінде  қабыл  етіліп,  жүргізіліп  жатқан  жер  орналастыру  істері 
бұрынғы шыққан заңдар бойынша аяғына жетіп, бітіп тоқтатылды. 
 
34) Жер, су комиссариаты, ғылым, оның бөлімдері мемлекет қаражатымен жұртты жерге 
жөндеп жайластыру жұмысына мынау реттерде ғана кірісуі міндет: 
 
а)  Болыс,  һәм  ауылдар  арасындағы  қиынсыз  жер  араластық  ыңғайсыз  бөлінектерді  жою 
үшін; б) басы артық бос жатқан жерлерді тауып, анықтау үшін; в) бұрын көшпелі болған 
жергілікті жұртты, жер иелендіріп өз жеріне тегіс орнаттыру үшін, басқа реттерде жалпы 
міндетті.  Жер орналастыру жұмысы тоқтатылады. Бірақ,  халықтың өзі  сұрауы бойынша, 
өз  арасындағы  жер  орналастыру  жұмыстары  қаражатын  халық  өзі  көтеріп  жүргізіле 
беріледі. 
 
35) Түркістанның мал  шаруасы бар көшпелі аудандарында жер менен пайдаланудың һәм 
жерге  орналастырудың  тәртіп  жолдарын,  Түркістан  жер  комиссарлығының  әдеті,  сол 
аудандарға  арнап  жасап,  жер  құрама  комитеті  барлық  Россиялық  Кіндік  Атқару 
комитетіне кіргізіп бекітілген жобамен белгіленеді. 
 
36) Араларында жер дау - шатағы жоқ қыстақтарда, һәм диқаншылық басқа ұйымдарында, 
халықтың  пайдаланып  отырған  жерлерінің  шамасы,  шекарасы  белгіленіп,  жердің  есепке 
алыну  жолыменен  жер  иесіне  ресми  қағаз  беріліп,  жер  иесінің  қолындағы  пайдаланып 
отырған жері өзінікі болып бекітіледі. 
 
Соңғы қаулы 
 
37)  Түркістан  жер,  су  комиссариаты  Кіндік  жер  құрама  комитетіменен  келісіп,  осы 
заңдарды жергілікті жер бөлімдену туралы нұсқаулар шығарып тәртіптер беру тиіс. 
 
Барлық Россиялық Кіндік комитетінің бастығы: 

48 
 
Калинин 
хатшысы: Энукидзе 
 
 
 
АЗАТТЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ОСЫ 
 
Россия  тарихи  колонияны  молайту  әңгімесінен  жасалған  деп  профессор  Клушевский 
айтқан  сияқты,  баяғыдан  бері  патшашыл  Россияда  үлкен  мәселелердің  ең  зоры  -  жер 
мәселесі. һәм Россия ішіндегі зауыт-фабрикаларға керек шеге заттарды шет аймақтардан 
алу жолдары еді. 
 
Біреулердің  үстемдігі  жүріп,  ел  билеуіне,  біреулердің  қол  беріп  құлдар  хәліне  түсіп, 
жауыздық көруіне себеп болған осы екі мәселе. 
 
Аяқты  мал  шаруасынан  өтетін  шеге  заттар  Россия  зауыт-фабрикаларына  керек 
болғандықтан  қазақ-қырғызды  орыс  халқы  билеген.  Ішкі  Россияда,  жер  мәселесі  дұрыс 
шешілмегендіктен,  Түркістан,  Қазақстан  сияқты  шет  аймақтарға  келімсектер  келіп, 
отаршылық саясаты жүргізілген. 
 
XX  ғасырда  күнбатыс  Россияда  халықтың  саны  өте  өсіп,  диқаншылық  үлгілі  жолға 
құрылған  соң  жерге  мұқтаждық,  туған  жері  жоқ  кедейлер  талай  бөліншектер  жасаған. 
Жерсіздерге жер тауып беру үлкен мәселе болған. Оларды орналастыру үшін патшашыл 
хүкімет  жер  іздеген.  Орталық  Россияда  ең  жақсы  жерлер  помещик  ақсүйектер  қолында 
болғандықтан,  жерсіз  кедейлерді  орталық  Россияға  көшіруден  патшашыл  хүкімет 
тартынған.  Сондықтан  күнбатыс  һәм  орталық  Россиядағы  алғы  жерсіз  кедейлерді 
патшашыл  хүкімет  Россия  колониясы  болған  Түркістан,  Қазақстан  сияқты  аймақтарға 
тығып, Қазақстан, Түркістанды келімсектерге толтырып еді. 
 
Ішкі  Россиядағы  алты  тентірегендерді  Түркістанға  көшіруде  ескі  хүкіметтің  көздеген 
мақсаты  екі  түрлі:  1)  жергілікті  жұрттың  жерін  іштегі  жерсіздерге  беріп,  бүліншілікті 
тоқтату. 2) келімсектерге сүйеніп, жергілікті жұрттарды өз дегеніне көндіру еді. 
 
Ескі  хүкіметтің  көздеген  мақсаттары  орындалмай  қалған  жоқ.  Патшашыл  хүкіметтің 
тұсында  Түркістанға  жүздеп,  мыңдап  келімсектер  келді.  Келген  келімсектер  алғы  ғана 
қазақ-қырғыздарды  айналдыра  қоршалай,  қазақ-қырғыздың  көшіп,  қонып  жүрген  ең 
жақсы жерлеріне, тау арасындағы орларға орналасты. 
 
Баяғыдан  бері  күн  көріп,  тіршілік  құрып  келе  жатқан  ата-мекенінен  қазақ-қырғыз 
жұртының іргесі көтеріліп, ел бір көшірілгенде екі-үш көшіріліп, сөзсіз шөл биік таудың 
басына  шығарылды.  Қазақ-қырғыз  шаруасының  түп  қазығы  аяқты  мал  шаруасы, 
диқаншылық болса, ол екеуінің де көкеюі - жер, су еді. 
 
Қазақ-қырғыздың  өзінің  жылдан-жылға  саны  өсіп  (әр  жүз  кісіге  бір  жылда  екі  кісі 
қосылмақ,  яки  елу  жылдың  ішінде  жүз  кісі  екі  жүз  болмақ).  Оның  үстіне,  іштен  сансыз 
келімсектер келген соң, Түркістан жұрттары өзгеріле бастады. 
 
Түркістанда  жалпы  шаруа  шарттарының  өзгерісі  ең  әуелі  қазақ-қырғыз  шаруасын 
күйзелтті. Жаз жайлау, қыс қыстау, өрісі тарылып, көшіп қонатын жолы байланып, қазақ-
қырғыз  су  ішетін  суатынан  да  айрылды.  Қазақ-қырғыздың  аяғы  қысқарды.  Аяқты  мал 
шаруасы төмендей бастады. Біздің қазақ-қырғыз шаруалары малға қолдан шөп беріп әдет 
алған жоқ. Аяқты мал шаруасы аяғынан жүріп күнелтіп келеді. Өрісі тарылған соң аяқты 

49 
 
мал  шаруасы  талай  індеттерге  ұшырап  бітуге  айналды.  Төмендеген  шаруаны  әсіресе 
жүдеткен  іштен  келген  бұйымдар,  түрлі  аспап  құралдар,  кездемелер  өте  қымбат  болып, 
аяқты  малдан  өнетін  шикізаттардың  (тері,  жүн,  жабағы)  арзан  саналғандығы  еді. 
Сондықтан, қазақ-қырғыз қаражаты аяқты малдан өнетін өніміне жетпейтін болды. Аяқты 
малдың  өзінің  саны  жылдан-жылға  азая  бастады.  Аяқты  мал  арқылы  күн  көріп  тіршілік 
құру  қиындыққа  айналғандықтан,  қазақ-қырғыз  халықтарының  бірсыпырасы  жатақ 
болып, диқаншылық кәсібін қолданды. Жер иелену жолына түсті. Бірақ, диқаншылық та 
қазақ-қырғызға  жұғымды  болмады.  Түркістанда  диқаншылық  суменен  байланысқан. 
Сусыз жерде диқаншылық қылғанменен еңбек қайтпайды. Қазақ-қырғыздың арасындағы 
сулы,  ең  маңызды  жерлер  іштен  келген  келімсектерге  берілген.  Қалған  жерлердің 
жақсысын  өз  арамыздағы  «белгілі  атаның  балалары»  алған.  Келімсектерден  жер 
артылмай, қырғыз-қазақ келімсектеріне жер жетпей, тау басына сусыз шөлге еккенменен 
егін  бітпей,  қазақ-қырғыз  кедейлерінің  диқаншылығы  да  алға  баспады.  Сонда  да  болса, 
қазақ-қырғыз  тіршілігіне  назар  салмай,  шикізаттарды  Россияға  арттырумен  отаршылық 
саясатын  жүргізуден  қолы  босамай  хүкімет  жергілікті  жұрттың  тіршілік  тілегін,  мұң 
қайғысын ескере алмады. 
 
Біздің,  қазақ-қырғыз  жұртының  бұрын  көрген  жауыздықтарының  ең  үлкені, 
отаршылдықтың  ең  зоры  -  шаруа  шарттарының  Россияға  пайдалы,  қазақ-қырғызға 
жағымсыз болғандығынан басталып еді. 
 
Енді  тіршілік  құрып  халық  қатарына  енуіне  де  зор  себептердің  зоры,  осы  аяқты  мал 
шаруасы  менен  диқаншылықты  аяқтандыру.  Жерге  иелену  де  қалды.  Алдымыздағы  он 
бірінші  Түркістан  съезінде  де,  әңгіменің  үлкені  осы  болды.  Шаруаны  көркейту, 
тақырыпты  сөзден  іске  көшу  қамына  кірісудің  жолдары  қарастырылады.  Өйткені, 
коммунистер  партиясы  кеңестер  хүкіметінің  қолға  алып,  керекті  істердің  алдына  салып, 
қарқынды  істердің  ең  қарқындысы  санап  отырған  ісі  ішкі  һәм  сыртқы  соғыстың  кезінде 
күйзелген шаруаны көтеру, байлықты молайту. 
 
Енді  кімнің  болса  да  істеген  ісі  осы  жағына  қарай  саналып,  қайсы  жұрттың  болса  да 
революциядан  алған  жемістері  жұғымды  болып  орнықты.  Жолға  қойылуы  шаруаны 
көркейту, жаңа шаруашылық саясатын жүргізу хақында ұсталығына келіп тоқтамақ. 
 
50-60 жылдан бері қарай Түркістан тағдыры, қазақ-қырғыз тарихы Россиямен байланысып 
келеді.  Кеңестер  хүкіметі  құрылғаннан  кейін  Россия  мен  Түркістан  арасында  жақындық 
күшейді. Бірақ, қай дәуірде болса да, Россияда жүріліп жатқан саясат, істеліп жатқан істің 
бағыты  Түркістанда,  қазақ-қырғыз  ішінде  істің  жөнін  өзгертпей  қалған  жоқ.  Тіршілікке 
Түркістан қарсы бола алмайды. Әзіргі шаруа сақтығы да Түркістанды өз жолына салады. 
Сондықтан,  салтымызға  тәртіп  шабан  қимылдап  шаруа  сақтығына  жеміс  болмай,  шалт 
қимылдап,  шаруа  майданында  «озған  алды»  болып  жатқан  дәуірде,  қазақ-қырғыз  өз 
сыбағасына ие болмаса, келешегі қауіпті. Бірақ, кеңестер хүкіметі тұсында болмаса, қазақ-
қырғыз кедейлерінің тілегі алғы орындалмай келді. Сонда да болса «иманға үш дауыста» 
деген. 
 
Өткен жылы Еділ бойында аштық басталғанда Кіндік газета - журналдарында мақалалар 
жазылды. Түркістанда астық тегінінің аз-ақ алдында, бос жатқан жер тіпті көп екен деген 
дәлелсіз сөздер айтылды. 
 
Соған  істеніп  Түркістанға  іштен  өте  көп  келімсектер  келді.  Кеңестер  хүкіметі  тұсында 
Түркістанның  еркі  өзінде  тұрғанда  келген  келімсектер  өте  қауіпті  болмаса  да  қатері 
болады. 
 

50 
 
Күнбатыс Россияда халықтың төрттен үш есесі патшашыл хүкіметтің тұсында Қазақстан, 
Түркістанға келген. Сондықтан қазір он да жер көп, халық аз. 
 
Орталық  Россияда  Октябрь  революциясынан  кейін  помещик  -  ақсүйектер,  һәм  шіркеу 
пайдасындағы жерлер бос қалған. Сондықтан, бүкіл Россияда тұқым асбапқа мұқтаждық 
болмаса, шіркеу мұқтаж кедей жоқ. 
 
Россияға Түркістан, Қазақстаннан көшірілетін халық болмаса, Қазақстан мен Түркістанға 
ішкі  Россиядан  келетін  халық  жоқ.  Сонда  да  болса,  барлық  Россияның  Кіндік  комитеті 
жанындағы  құрама  жер  комитеті,  Түркістанда  бос  жатқан  жер  көп  деп  түсінеді.  Реті 
табылып  келушілер  болса,  ішкі  Россиядан  Түркістанға  келімсектер  келтіру  әңгімесін  де 
қозғағысы келеді. Бұл сөздің қозғалуының тіпті орны жоқ. Қозғала қалса «ауру қалса, әдет 
қалмайды» деген осы болады. Аурудың алдын алу керек. 
 
Қазақ-қырғыз  ішінде  табан  ет,  маңдай  тері  арқасында  күн  көріп  тіршілік  құрып  келген 
жерсіз,  сусыз  қарақасқа  кедейлер,  жер  берілмеген  жалшылар  аз  емес.  (Ілгергі  санға 
қарағанда  20  -  30  проценттей  келетін  еді).  Еңбек  мөлшері  менен  жер  беріп,  әуелгі  істің 
алдыменен соларды орналастыру қажет. Диқаншылық үшін керекті аспап құралдар тауып 
беріп,  солардың  шаруа  шарттарын  орнықты  жолға  құру  керек.  Еңбек  мөлшеріменен 
үйлестірілгенде  қырғыз-қазақ  кедейлерінен  жер  артылып  қалып,  ішкі  Россияда  жерге 
мұқтаждар  көп  болса,  әрине,  іштен  келімсектер  келуіне  қарсылық  болуы  жөнсіз.  Бірақ, 
біздің  қолымыздағы  мағлұматқа  қарағанда,  Түркістанда  артық  жер  жоқ.  һәм  іштен  өз 
еркіменен келетін келімсектер де жоқ. 
 
Түркістанда  байлық  мол,  әсіресе,  қазақ-қырғыз  арасында,  қырғыз-қазақтың  өзі 
қадірлемейтін заттар  - байлық  тіпті  көп.  Патша  хүкіметі  тұсындағыдай  ол  байлықтарды, 
шикізаттарды  аяқасты  қылып  қадірін  түсіре  бермей,  орныменен  жұмсап,  оның  орнына 
бұйымдар  жер  үлгертетін  асбаптар,  құралдар  алу  керек.  Тіпті,  Түркістанның  өзінде  де 
зауыт-фабрикалар ашып, шикізаттарды үлгерту мүмкін. 
 
Шикізаттарды мұнан Россияға артып барып  онда үлгертіп, Түркістанға қайта келтіруден 
гөрі  Түркістанның  өзінде  зауыт-фабрикалар  ашып,  осы  жердің  өзінде  шикізаттарды 
үлгерту  пайдалы  болатыны  анық.  Түркістанда  зауыт-фабрикалар  ашылса,  қырғыз-қазақ 
кедейлері  де  зауыт-фабрикаларда  қызмет  етіп,  ұйымдастырып  кеңестер  хүкіметіне 
сүйеніш болатыны да ашық. 
 
Ескі хүкімет тұсында шаруа күйсіз, жайсыз тіршілік шарттары қырғыз-қазаққа өте тиімсіз 
болды.  Қырғыз-қазақ  ең  әуелі  байлығынан  айырылды.  Сондықтан,  саясат  жағынан  да 
ақсады. Салақтық қылса, сол хәлге қырғыз-қазақ кедейлері тағы түседі. 
 
Саяси  азаттық  жерге  иелену,  мал  шаруасын  аяқтандыру,  өнімді  молайту  майданында 
бәйге алуда қалды. Азаттықтың жолы енді осы. 
 
Тіршілікті орнықты жолға құрмай алған саяси азаттықтың жұғымы аз болады. 
 
ҚАЗАҚТАҒЫ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ 
 
(Ашық хат) 
 
Әдебиеттің  бір  сүйенетін  діңгегі  газет-журнал  екенін  бұл  күнде  жұрттың  бәрі  де  ұққан. 
Даусыз  хақиқат  екенін  бәріміз  де  мойындаймыз.  Газет-журнал  жалпы  әдебиетпен 

51 
 
қосылған жерде елдің қисығын түзейтін, тез - терісін көрсететін айна, ойы менен көңілін 
білім жарығына қарай айдайтын айдаушы екенін де тегіс ұғамыз. 
 
Бірақ,  қазақта  баспа  сөз  шыға  бастағанына  бір  талай  заман  болса  да  дәл  әлгі  айтылған 
тәрбиешінің  міндетін  атқарып,  елдің  бетімен  рухын  өзі  ұғып,  өзінің  бетімен  рухын  елге 
үнемі ұғымды қылып, түзу жолмен аумай жүріп отырған газет-журнал көп болды деп айта 
алмаймыз.  Бұл  санды  көтеретін  толымды  жалғыз  газет  «Қазақ»  еді.  Оның  өмірі  ұзын 
болған  жоқ.  Одан  кейінгі  шыққан  газет-журнал  болса,  көбінесе  бір  қалыпта  тұра  алған 
жоқ.  Не  басындағы  адамы  ауысыды,  не  заманы  ауысады,  көбінің  өмірі  тіпті  болымсыз, 
қысқа болады. Сонымен, тәуір сөздің қадірін ұғып, құлағын түріп қалған қазақ бәрінен де 
қана жұта алмай, әдебиеттің тәуір бұйымдарын көксеп отыр. 
 
Бұл  айтылған  сөз,  біздің  баспасөздің  ұйқын-тұйқын  болып,  жөндеп,  шыға  алмай  жүрген 
бір дәуіріне тиісті болса, осы соңғы бір екі жылдың ішінде, тағы бір дәуір туып отыр. Бұл 
баспасөздің  басылуы,  күшейген  уақыт  деуге  болады.  Бірақ,  қалың  қазақтың  тілегіне 
келгенде  бұл  саны  бар,  сапасы  жоқ  сөздерге  ұқсайды.  Өте  көп,  өте  қиын  жаңа  сөздер 
сөйленіп жатыр. Солардың әдебиет арқылы бірде-бірі қазақтың миына іріп, рухына сіңді 
ме?  Сіңген  жоқ.  Себебі,  бұл  сөздер  суықтық  қылып  отыр.  Елдің  қышулы  жерін  тауып, 
өзінің керек боларлық орнын білмегендіктен оқушыны таба алмай отыр. 
 
Сондықтан біздің осы күнгі баспасөзімізден арзан сөз жоқ. Бұл арада, ел біржолата баспа 
сөзді оқи білмейді. Надан сөз қадірін әлі ұққан жоқ деп елді орынсыз кінәлаудың қисыны 
жоқ. 
 
Ежелден жазу заңы - әрбір жазушы өзіне лайықты оқушы табу керек. Әрбір әдебиет ретті 
әдебиет  болар  десе,  сол  оқушының  ауданын  үлкейту  керек.  Сондықтан,  жазушының 
міндеті:  ел  неге  қызығады,  нені  көксейді,  қандай  рухы  бар,  соны  ұғып  алу,  һәм  соған 
лайықтап сөзін жазу. 
 
Біздің осы күнгі газеттерімізді алсақ, кейбірі бұл шарттардан біржолата таза болып аман 
тұр. Кейбірінің кім екені белгісіз. Көбі әрі-бері сандалуда. Сондықтан газеттерден қазіргі 
уақытта  жұрттың  көбі  жамандау  бөлімін  ғана  оқиды.  Ол  неден?  Себебі,  жамандау  қазақ 
мінезінде өсекшілдіктің салдары. Бұл жерде газет те ел рухына жақындайды. Сондықтан 
ол бөлімнің оқушысы бар. 
 
Оның  үстіне,  өзгешелікті  қоя  тұрғанда,  қазіргі  кейбір  баспасөздерде  көбіне  қазақтың 
мақтаншақтығы  шығатын  болды.  Бұл  әдет  оқушы  жиюдың  орнына  көп  жұртты  баспа 
сөзден  жирентіп  барады.  Осы  айтқанның  бәрі  де  әдебиеттің  елге  тәрбие  бере  алмай,  я 
рухына жақындай алмай, ол міндетін атқара алмай жүргендігінің белгісі. 
 
Бірақ,  осымен  қатар  елдің  қазіргі  тілегіне,  әдебиеттен  іздейтін  бөліміне  (спросына) 
қарасақ, ол белгілі: ашық, дұрыс, бірақ тілек болып отыр. Қазірде қаладағы оқыған тобын 
былай  қойып,  қырдың  көпшілігін  алсақ  та,  солардың  осы  күнгі  іздейтін  таза  әдебиеттің 
бұйымдары екені даусыз. 
 
Ертеден  айтылып  жүретін  бір  сөз  бар:  қазақ  жаратылысында  беллетрист  деген.  Бұл 
қазақтың  қай  заманына  болса  да  қисынды  сөз,  осы  күндерде  мұның  шындығын  көріп 
отырмыз. Таза әдебиетке өсіп келе жатқан қазіргі құмарлық осының салдары. 
 
Сондықтан,  шығып  жатқан  газеттердің  бұндай  істерге  жамандау  мен  мақтанудан  қолы 
тимейтін болса, оларға бетіңнен жарылқасын деп әдебиет бөлімі бар. Журналдарда елдің 
әлгі тілегін де еске алып, таза әдебиет ауданындағы сөздерді жазуы, жас жазушылардың 

52 
 
міндеті. Бұл айтылғандардан басқа екінші бір мәселе - қазақ әдебиетінің неше түрлі үлгісі 
болса да, әлі қалыпқа түсіп, бір тәртіпке салынған жоқ. Соған хәркімнің пікірін біліп, таза 
әдебиетке  бір  жол  салу  бет  түзеуде,  бүгінгі  күннің  қарызы  сияқты.  Бұл  жерде  көмекші 
болу тағы да біздің жазушылардың міндеті. 
 
«Шолпанның» бетінде, осы айтылған сөздерді іске асырамыз ба? деген үмітпен басқарма, 
журналдың  ілімі  һәм  әдебиет  бөлімдеріне  лайықты  мақалаларды  жіберіп  тұруын  қазақ 
жазушыларынан сұрайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет