Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы


Қалада һәм ауылда істелетін кезекті істер тақырыпты баяндама туралы қарар



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Қалада һәм ауылда істелетін кезекті істер тақырыпты баяндама туралы қарар 
 
Бірқатар  партия  кеңестер  топтары,  конференциялары  Түркістан  республикасында  кеңес 
құрылысы, һәм шаруашылық - ұйымдастыру мәселелері тақырыпты өздерінің уақытында 

61 
 
негізгі мақсаттарын белгілеген. Россия коммунист партиясы Кіндік комитетіне жіберілген 
январдағы  хат,  һәм  соңғы  Түркістан  коммунист  партиясы  6-конференциясы,  Түркістан 
коммунист  партиясы  алдында  бүтіндей  бір  тәжірибелі  жұмыстардың  жобасын  жайып, 
жоғарғы айтылып кеткен мақсаттарды жеткілікті қылып башалады. 
 
Бірақ, шынына келіп дұрыс болған нәрсеге баға бере бастасақ, белгіленген шаруашылық 
жоспарынан һәм кеңес құрылысы мақсаттарынан іс жүзінде орындалғандары өте аз. 
 
Түркістан  еңбек  құр  қара  бұқарасының  тұрмыстарында  аз  да  болса  ілгеріленген  нәрсе 
көрінбейді.  Кіндіктегі  һәм  орындардағы  мекемелер  бой  сүйсінтетін  шебер  жұмысқа 
жарамай  отыр.  Өте  епсіз  икемі  жоқ,  һәм  қара  пейілділермен  кірленіп  қалған. 
Шаруашылық тұрмысының негізгі  бөлімдерінде бір қадамды едәуір  кейін қарай шегеріп 
салып отырмыз (тау кәсіпшілігі оқу жағынан). 
 
Ал  ендігі  кезекті  мәселе  жаңа  жобалардағы  жоспарлар  емес.  Бұрыннан  жобаланып  - 
жоспарланып қойылған керекті мәселелерден қазіргі қаражатымызға қарай шығындап, ең 
керектерін  алып,  солардың  дұрыс  орындалуына  партияның  барлық  тәуір  күштерінің, 
мемлекет орындарының һәм қауымшылдық ұйымдарының назарларын салуда. 
 
Түркістан коммунист партиясы конференциясы Түркістандағы шаруашылық жұмысының 
ең  негізгі  һәм  кіндігі  ауыл  байлығын  орнату,  мәдени  қымбат  байлықтарды  гүлдендіру, 
бәрінен бұрын мақта һәм мал бағу жұмыстарын орнату деп танып отыр. Кеңес жұмысына 
келгенде  конференция  халық  ағарту,  сот  һәм  ел  билеу  жұмыстарына  үлкен  назар  салу 
керек деп санайды. 
 
Осының  үшін  Түркістан  коммунист  партиясы  7-конференциясы  төменгі  шараларды 
белгіледі: 
 
Жерге  орналастыру  ісінде  әрбір  дихан  һәм  қара  шекпен,  көшпелі  һәм  шала  көшпелі 
отырған  жеріне  өзі  ие  екенмін  деп  сезіп  һәм  өзінің  шаруашылығының  гүлденуіне, 
ілгерілеуіне ықыласты  болғандай қылып,  ең алдымен құқықтар ажасы орнатылуы керек. 
Бұл  күннен  бастап  зорлап  бір  жерге  қондыру  һәм  көшіріп  жіберілудің  болмайтындығын 
қатты  сенімге  шығару  қажет.  Һәм  бұдан  былай  қарай  жер  жұмыстары,  еңбек  пен  жер 
пайдалану  туралы  шыққан  негізгі  заң  тәртібімен  шешілешек.  Бұл  заңның  қысқаша 
қорытындысы  һәм  пайдасы  жер  жерге  тегісімен  таратылашақ.  Осы  уақытқа  дейін 
шешілмеген  жер  тартыстары  қысқа  уақытта  шешілуі  керек.  Ал  енді  халық  Жер-су 
комиссариаты һәм оның жергілікті орындары жеткілікті ыңғайлық көрсету керек. 
 
Мұнымен  қатар  көп  сөз  байлауға  жібермей  һәм  насырға  шапқызбай,  жер  жаңалығы 
заңмен  қозғалып,  ыңғайлап  қойған  жерін  алмаған  қара  шекпендер  һәм  көшпелі  қазақтар 
бұрыннан  жерге  орналастырылуға  тағайындалып  қойылған  мемлекеттің  бос  жеріне 
орналастырылуы керек. 
 
Мал өсіру ісінде көшпелі мал өсіру шаруашылығы тұрмысы, тебіндік жермен һәм қысқа 
жетерлік  пішен  заттарымен  байланысуы  болуы  себепті  һәм  жаратылыстан, 
шаруашылықтың  бұл  түрінің  егін  салатын  аймақтардан  бөлек  айрықша  жерде 
болатындығы үшін бұл шаруашылықтың пайдасына тиісті аймақтардан жер бөліп бекітіп 
беру. Негізгі жерге орналастыру жұмысын жүргізу, аралас шаруашылықтың түрін кеңейту 
үшін жақсы шарттар туғызуға бейімделген. Һәм пішен, су мәселелерін шешу жұмысында 
жәрдем  жасау,  шаруашылығын  кеңейту  ретінде  керекті  саймандар  һәм  қаражаттар 
жеткілікті қылып беру жұмыстарын бұл күнгі кезекті мәселе деп санау керек. 
 

62 
 
Жер суару ісінде мәселені қойғанда қолдағы қазіргі барды сақтау деп қою емес. Соғыстан 
бұрынғы  суғарылып  жүрген  жерді  қайтадан  орнату  деп  қою  керек.  (2  млн  400  мың 
десятина).  Осы  оймен  өндірілуге  белгіленген  жұмысты  дұрыстап,  халық  Жер-су 
комиссариатының  Кіндік  мекемелерімен  һәм  жергілікті  шаруашылық  кеңестері  арасына 
болу керек. Белгілі жер суару түрлерін һәм бұзылғандарын түзеп, жаңадан салатындарын 
салып,  жаңа  бір  қалыпты  су  пайдаланып  тұру  жұмыстарын  алдыңғыға  қалдырып, 
жергілікті  күшпен  істеуге  беріліп,  бірақ,  шаруашылық  кеңес  қарауында  тұрған  істердің 
уақытында  орындалып  тұруын  тәптіштеп  тұруға  Түркістан  шаруашылық  кеңесі 
міндеттелінеді.  Ақша  керек  заттар  һәм  жұмыскерлерді  жеткілікті  қылып  беріп  тұру 
ретінде  орнату  жұмыстарын  қатаң  жоспар  ретінде  жүргізу  керек.  һәм  дегендей 
тағайындалған  уақыттарында,  жер  суару  жұмысына  белгілі  бір  жұмсайтын  ақша 
тағайындап  қою  керек.  Ал,  қаражаттың  өзін  мемлекет  салығымен  байластырып,  салық 
ретінде  жию  керек.  Түрікмен  облысына  су  жеткізудің  қиындалғандығы  үшін  бұл 
облыстың су жұмысын Қызылбастың кейбір аймақтарымен тезірек жарыққа шығару үшін 
Россия коммунист партиясы Орта Азиядағы бөліміне берілсе екен деп Россия коммунист 
партиясы Кіндік комитетінен сұрау керек. 
 
Жер турасында ілгерілетудің негізгі шаралары, мыналар болу керек: а) тұқым қорын ашу 
(мемлекеттің  һәм  қауымдық),  таңдаулы  тазаланған  (еленген)  һәм  азық,  мақта 
өсімдіктерінің тәуірленген тұқымын көбейту; б) ауыл шаруашылығы саймандарын сатып 
алып, бұзылғандарын жөндеткізуді ұйымдастыру; в) егін, пішенге зиян кірделермен күрес 
ашу,  мемлекет  тарапындағы  шаралармен  һәм  ауыл  шаруаларының  өздерін  кірістіру 
жолмен;  г)  жер  бөлімі  -  жәрдемі,  жер  бөлімі  -  үгіті  арқылы  қалың  қара  халықтың 
ортасында жүргізуге қиындығы жоқ жер бөлімі шараларын ұйымдастыру. 
 
Орман байлығы ісінде һәм орман өсіру жұмыстарына мүмкіндік болғанша халық Жер-су 
комиссариаты  мекемелерінің  назарын  орманды  дұрыстап  сақтап,  бір  күйде  пайдаланып 
тұруға  аудару  керек.  Жер-су  құралдарының  түзеу  жұмысы  һәм  егін,  пішен  зиян 
кірделерімен  күресу  жұмысы  уақытында  толық  болып  жүргізілуі  тиіс.  Соғыс  жұмысы 
тәртібіндей  һәм  жыл  сайын  істелген  жұмыс  туралы  кіндікке  хабар  беріп  тұру  керек. 
Конференция  жер  суару  жұмысына  һәм  ауыл  шаруашылығы  зиянкерлерімен  күресуге 
жұмсалуға қойған қаражатты басқа нәрсеге жұмсауға болмайды деп таныды. 
 
Осы  ірі  шараларға  кіріп  партия  конференциясы  тұрмысы  нашар  шаруаларға  келісті 
жәрдем  беру  қажет  деп  тапты.  Әсіресе,  жерге  орналастыру  уақиғаларында  туған  һәм 
бұдан  былайғы  шаруалар  мал  өсіру,  жер  жырту,  жер  суару,  һәм  хайуан  өсіру 
жұмыстарына бейімделген, кең жүректі ауыл шаруашылығы қарызы ретінде жасалу керек. 
Кәсіпшілік ісінде кең базарда жұмыс істейтін мемлекет кәсіпшілігі орындарының тәртібін 
бекіту  керек.  Отын  үшін  зияндығына  қарамай,  көмір  қазатын  жерлерді  һәм  мұнай 
кәсіпшіліктерін  сүйеу  керек.  һәм  бұдан  былай  қарай  барлық  назарды  мемлекет  тері-
терсек,  жүн  жұрқа  даярлайтын  орнына  салу  керек.  Түркістан  шаруашылық  кеңесін 
міндеттендіру  керек.  Соның  жолбасшылығымен  облыстық  шаруа  кеңестерімен 
ұйқастыруы бойынша қысқа уақытта бұрынғы тірестерде қалған уақ орындарды жергілікті 
шаруашылықтарға  күшейтуге  беру  керек.  Бұдан  былай  қарай  кіндіктің  назарын  аудару 
үшін нағыз мықты һәм негізгі мәселеге ықтиярлылығын кеңейту керек. 
 
Ақша саясаты ісінде мемлекеттің һәм жергілікті  кіріс-шығыс есебінің зиянына тиянақты 
бір баға алыну керек. Бір жағынан шығысымызды қысқартсақ, бір жағының кәзіргі салық 
азбұрларымыз  уақытында  жиылып  тұрса,  жоғарғы  айтқанға  жетуге  болады.  Коммунист 
партиясының күшімен жету керек. Халық сомасы комиссариаты Кіндікте һәм жер жерде 
тәуірленуіне, таза іскер азаматтарды көбейту мен һәм жұмыс Түркістан республикасы қол 

63 
 
астына бірдей жетіп тұруға ерік бергендей қылып, шеткері оңаша ауылдарына дейін салық 
түрі жеңілдей беру керек салымдардың есебін әр жолмен қысқартумен. 
 
Бүгінгі  күн  мақсаты  жалғыз  өнім  салығына  жақындауға  тіресу,  я  болмаса,  азғана  салым 
түрін  орнату.  Түркістан  коммунист  париясы  7-конференциясы  Түркістан  коммунист 
партиясы Кіндік комитетіне тапсырады. Тиісті кеңес мекемелері арқылы орындарда салық 
үстіне  жамалып  түсетін  салықтарды  құрту  керек.  һәм  салық  мекемелерін  Кіндікке 
қаратып, жаңа салықтың өзінде жіңішкеріліп мінеп, сынсыз қылып салу керек деп. 
 
Ортақ  байлық  ісінде  бұзылған  үйлерді  көтеруге  һәм  түзетуге  күшті  компания  жүргізу 
керек.  Қаланың  таза,  көңілді  болуы  үшін  әсіресе,  казармалардың,  школаларды, 
ауруханалардың,  абақтылардың  һәм  базардың  мемлекет  һәм  қауым  ақшаларын  жеке 
орындардың һәм саудагерлердің қай түрімен болса да пайдалану керек. Ақырын, ақырын 
қала байлығын ілгерілету қамына. 
 
Школа  һәм  сот  істерінде  қалың  қара  халықтың  ортасында  кеңес  хүкіметінің  қадірін 
арттырудың  бір  құралы  -  сот  һәм  школа  екендігіне  сенімін  бекіту  қажет.  һәм  сол 
халықтың  мәдениетін  арттыратын,  көзін  арттыратын  жұрттыққа  аяқ  бастыратын  сол 
школа һәм сот ісін жақсы қойып һәм қалың халықпен араласты күшейтумен, кеңес соты 
һәм  школа,  Қазы  сотының  алдында  һәм  ескі  түрімен  оқытатын  школдардың  қасында 
едәуір  даңқ  мақтау  алып,  артып  һәм  онымен  қатар  Кеңес  хүкіметінің  жайын  дұрысырақ 
қылып бекітер. 
 
Халық  оқу  комиссариатының  назарын  салу  керек.  Жергілікті  тілдерде  жеткілікті  қылып 
кітап  бастыру  жұмысын  жоғары  шығаруға  һәм  бастауыш  мектептерге  оқу  құралдарын 
жеткізіп беруге. 
 
Өте-мөте  төменгі  һәм  айрықша  школаларға  назар  салынуы  керек.  (оның  ішінде  кеңес 
партия  школасы  һәм  сауатсыздықпен  күресу  мекемесі).  Халық  оқу  комиссариатының 
кіріс-шығыс  істерінде  бұларға  дұрыс  жерлерінен  орын  берілу  керек.  Мұнымен  қатар, 
школ  һәм  мәдени-ағарту  жұмыстарына  сенімді  күш  -  қаражат  жасау  керек.  Айырықша 
жерлердің  һәм  шаруашылық  орындарының  пайдасынан  һәм  айрықша  школа  салығын 
бекітумен. 
 
Кеңес  құрылысы  ісінде  Түркістан  коммунист  партиясы  7-  конференциясы  күн  кезегіне 
мыналарды қояды: 
 
а) Кіндікте һәм орындарда кеңес мекемелерінің құрылысын жеңілдету һәм олардың бұдан 
былай  қарай  кемітілуі,  мемлекет  мекемелерін  тазарту  ретінде  бұрынғы  отырып  қалған 
біздің  азғана  пұлымызды  ұялмай  базарлайтындардан  һәм  іс  білетін  азаматтарды  аямай 
халық шаруасын орнату жұмысына салу; 
 
б) облыстық шаруашылық кеңестерінің қызметін гүлдендіріп һәм кеңейту, оларға ықтияр, 
кеңдік беріп, һәм орындардағы шаруашылық жұмыстарды тегісімен соларға бағындырып 
беру; 
 
в)  Түркістан  Кіндік  атқару  комитеті  закон  шығару  жұмысын  күшейту  һәм  халық 
комиссарлары  кеңесі  жол  басшылығын  һәм  шаруашылық  кеңесі  жол  басшылығын 
кеңейту; 
 
г) Берілген істің орындалғанына мекеме бастығының һәм жеке жұмыс бастығының жеке 
жауапты болуының түрін кіргізу; 

64 
 
 
д)  Кіндік  мекемелердің  күшін,  қоғамнан  қысқартқанның  есебіне  орындарды  күшейту 
керек.  һәм  кеңес  шаруашылық  жұмыстарын  ауырмалығын  уезге,  болысқа  һәм 
қышлақтарға салу керек; 
 
Түркістан  коммунист  партиясы  һәм  кеңестер  атқару  комитеті  фракцияларын  бір  ай  срок 
ішінде  мына  жұмысты  істеуге  міндеттендірді:  әр  облыс  үшін  көрсетілген  тәртіптер 
бойынша  жұмыстың  айқын  жоспарын  жасау  айрықша  һәм  алдыменен  Ферғана  үшін 
шаруашылық орнату ретінде мұқтаж. Облыс болғандығы үшін һәм кеңес жұмысын бекіту 
ретінде жалпы. 
 
Тәжірибелі,  қайтпайтын  жемісті  жұмыс,  қалың  қара  халықтың  кең  тұрмысын  күн  санап 
ілгерілетуі туы ретіндегі мына ұраны біздің партияның конференцияның қалың бұқараның 
ішіне алып қайтатын һәм күн мақсатының негізінде алдына қоятын. 
 
Партия құрылысы хақында істелген баяндама туралы қарар 
 
(Жақын арада партия ішінде істелетін істер) 
 
Түркістанда  бұрын  болған  партия  конференцияларында,  съездерде  белгіленген  жолдар, 
міндетті  істер  әлі  жарыққа  шықпағандығы,  Түркістан  коммунистер  партиясының  әзіргі 
нашарлығынан  білініп  отыр.  Сондықтан,  жаңа  жол-жоба  іздемей-ақ,  партияның  күш-
қуатына қарай ілгері белгіленген міндетті істерді жүзеге шығару қажет. 
 
2)  Түркістан  коммунистер  партиясы  ішінде  талай  тәртіпсіздіктер,  салақтық  бар.  Партия 
мүшелерінің тәрбиесі жоқ. Сондықтан, партияны жандандыру жұмысын әліппеден бастап 
үгіттеу, ұйымдастыру бөлімдерінің басына мықты кісілер қойып облыстың, уездік партия 
ұйымдарына хатшы болуға жарайтын кісілерді қарастыру қажет. 
 
а)  Осы  айтылған  істерді  жүзеге  шығару  үшін  шаруа  яки,  ең  биік  жұмысында  жүрген 
партия  мүшелерінен  болса  да  бұрын  төңкеріс  ағымына  араласқан  жолдастарды  тағы 
партия ісіне жегу; 
 
б)  Жергілікті  жұрттардың  арасынан  шыққандардан,  мектептер,  курстар  арқылы  партия 
іскерлерін даярлап шығару; 
 
в)  Аудандық,  болыстық  партия  ұйымдарын  тарқатып,  істен  босаған  жолдастарды 
облыстық,  һәм  уездік  партия  ұйымдарының  істеріне  салу  яки,  болмаса  партия 
ұйымдастырушылар жұмысына араластыру керек. 
 
3) Партия ісін күшейту үшін облыстық, уездік партия комитеті атқару бөлімінің мүшелері, 
жауапты хатшы мен ұйымдастыру һәм үгіттеу бөлімдерінің бастықтары болсын; 
 
4)  Қазіргі  істің  бағыты  һәм  партия  хәліне  қарағанда,  жоғары  партия  ұйымдарының 
айтқандарын өзгертпей орнына келіп тұруы керек; 
 
5)  Партияның  назарын  салатын  істерінің  ең  зоры  -  партия  мүшелерін  ағарту  һәм  тәрбие 
жағы  үгіттеу  бөлімдерінің  істеріне  жергілікті  жолдастары  көбірек  араластырып  ағарту. 
һәм тәрбие істерін күшейту үшін жергілікті күштерді жегу қажет; 
 
6)  Партия  ішінде  отаршылдар,  ұлтшылдар,  ескі  шенеуніктер  һәм  өз  басы  баюының 
қамында  жүргендер  өте  көп.  Партия  мүшелерінің  ағарту,  тәрбиені  күшейту  һәм  партия 

65 
 
жандандырып түрлі топшылдықтардан тазару үшін сондай заттардан партияның тазаруы 
керек. 
 
Шаруашылық бөлімі 
 
ТҮРКІСТАНДА МАЛ ШАРУАСЫНЫҢ 
ОСЫ КҮНГІ ЖАЙЫ ҺӘМ ОНЫҢ ІЛГЕРІ БАСУЫ 
ТУРАСЫНДА 
 
(басы бірінші санда) 
 
Мұнан басқа да мал шаруасымен тіршілік қылатын қазақ-қырғыздың, әрбір ауылдарының 
мал  жайылатұғын  көктем  жайлау,  күз  күзеу,  һәм  қыстауларында  белгілі  жерлері  болуы 
керек.  Жалғыз  жайылымнан  басқа,  пішендік  һәм  жоңышқа  шашып  шығаратын  тағы 
жерлері  болу  керек.  Міне,  осы  ретпен,  қазақ-қырғыздың  мал  шаруасын  жұттан  аман 
сақтап, ілгері қарай бастыруға болады. 
 
1922-жылы  бүкіл  Түркістан  республикасындағы  алынған  санақтың  көрсеткеніне 
қарағанда, Түркістанда мал шаруасының жайы мынадай: 
 
д)  Есеп  алатын  мекеменің  1919-1920-жылдардағы  алған  санағының  мағлұматына 
қарағанда малдың саны (мыңдап). 
 
 
 
 
Малдың түрі: 
 
Облыстар  ірі қара 
мал 
жылқы 
түйе 
есек һәм 
қашыр 
қой һәм 
ешкі 
шошқа  барлығы 
Сырдария 
һәм 
Амудария 
303 
162 
138 
16 
1679 
28 
2326 
Самарқанд  78 
34 

22 
98 

238 
Ферғана 
143 
76 


197 

426 
Жетісу 
303 
203 
85 

1814 
25 
2433 
Түрікпен 
37 
19 
37 
13 
335 

441 
Барлығы:  864 
494 
271 
59 
4123 
53 
6064 
 
Осы  күнгі  мал  шаруасының  жайын  өткен  1911  жылғы  санына  салыстырып  қарасақ, 
мынадай: 
 
1918-жылдан бастап, 1920-ншы жылға шейін малдың кемігені (мыңдап) 
 
Малдың түрі: 
 
Жылдары 
ірі қара мал 
жылқы 
Қой һәм 
ешкі 
шошқа 
барлығы 
1918 жыл 
243 
2241 
9370 
106 
11960 
1920 жыл 
8640 
494 
4323 
53 
13510 
 

66 
 
Санына қарағанда 
 
Кемігені 
1566 
1797 
15047 
53 
18463 
Жүзден қалғаны 
35,5 
21,1 
22,3 
50 
78,95 
 
1917-жылдан 1918 жылға қарағанда, Түркістан жұртының есінен кетпестей болған қанды 
тақырдың лаңынан ашыққан талай ауылдар қырылып, ойран болып кетсе, сонымен қатар, 
малдатып түбімен қырылып жоқ болып кеткен. Бұл тақырдан бұрында Түркістанда талай 
жұттар болған, ауылдың жұттарда кеткен малдарының саны аз емес. 
 
ж) Жетісу облысында жұттан қырылған малдың саны (мыңдап) 
 
Қыстар 
Түйе 
жылқы 
Ірі қара 
Қой һәм 
ешкі 
барлығы 
1904-1915 

17 

141 
169 
1902-1905 



39 
48 
1907-1908 

65 
36 
1600 
1704 
 
Сонымен Түркістанда өткен заманда да жұт болып, мал әлденеше рет қырылған. Бірақ бұл 
күндегідей малдың төрттен бірі жоғалған емес еді. Бүкіл республикада жүзден 23,6%-тей 
мал  қалып  отыр.  Егер де  біз көшпелі  аудандарға  қарасақ,  бар  байлығының  негізі  болған 
қой, ешкінің өте кемігенін көреміз. 
 
Жүзден  сексені  жұтаған.  Сонымен  мал  шаруасымен  тіршілік  қылатын  көшпелілердің 
негізгі сүйеніші қой малы, киім, тамақ һәм баспанасы қойдан шығады. Сол қойдың бітуге 
таянып  отырғаны  міне.  Енді,  отырықшы  аудандарға  келсек,  ірі  қара  мен  жылқысы 
таусылған Самарқанд облысында жұмыс қылатын малдың жүзден  отызы-ақ қалып отыр. 
Ферғанада ірі қараның жүзден отызы, жылқыдан 29 қалып отыр. Мұнда жылқының мұнша 
кемуіне  баспашылар  көп  себепкер  болды.  Мақтаның  көп  шығатын  жері  Түркістанда, 
Ферғана облысы, ол мақта Түркістанның күллі байлығы болып саналады. Сол Ферғанада 
осы  күні  жер  жыртуға  көлік  жоқтықтан  омашты  адам  сүйреп  жер  жыртып  отыр. 
Түркістанда бар халықтың жартысы оның ішінде жергілікті халықтың жүзден 75-і өзінің 
тіршілігін  мал  шаруасымен  байластырған.  һәм  диқаншылық  шаруасы  да  мал 
шаруашылығымен байланысқан. 
 
Жұттан малдың кеміген зардабы 4 облыста диқаншылықтың кемуіне себепкер болды. 
 
Мұны мынадан көреміз (мыңдап) 
 
Облыстар 
Егін  шашқан  жердің 
кемуі 
Бидай 
Мақта 
Сырдария 
600 
15,732-32 
3,380-48 
Ферғана 
637 
13,944-249 
21,599-243 
Самарқанд 
474 
15,600-312 
2,6900-38 
Түрікпен 
108 
280-55 
26,95-35 
Барлығы: 
1819 
45,556-958 
30,634-364 
 
Жұмыс малының кемуінен егін шашатын жер 1.819.000 десятина кеміп отыр. Соныменен, 
жұрттың азық қылатын бидайы 958.000 десятина кеміп отыр, һәм мақта шашатын жерден 
364.000  десятина  кеміп  отыр.  Бұл  кемігендіктен  Түркістан  45.556.000  пұт  бидайы  һәм 
30.634.000 пұт мақтаны кем алып отыр. Міне, сол есепке қарағанда, 4 облыстікі болса да, 

67 
 
жалпы  Түркістанда  осы  қалып  әзірден  бастап  жұмысқа  керек  жылқы  мен  ірі  қараны 
союдан,  һәм  Түркістан  топырағынан  шетке  шығаруды  тоқтатпаса  һәм  бұл  малдардың 
көбейтіп  ілгері  бастыруға  тығыз  шаралар  қарамаса,  Түркістан  көп  отырықшы 
аудандарында  көп  ұзамай-ақ,  малдың  орнына  адам  жегіліп  мұнан  да  гөрі  егін  шашатын 
жердің  мөлшері  кемімекші.  Азықтар  бұзылмақшы.  Мақта  кәсібі  бітпекші.  һәм  басқа  да 
Түркістанда жүріп тіршілігі жүдеушілікке қалмақшы. 
 
Өткен 20-жылға шейін Түркістанда мал шаруасын қолға алып, оны ілгері бастыру қамына 
белсеніп  кіріскен  жоқ  еді.  Ескі  заманда  да,  өзгерістің  уақытында  да  бар  негізі  болған, 
қазақ-қырғыздың  мал  шаруасына  хүкімет  көзінің  қырын  салмай  шетте  қала  берген. 
Хүкімет мал шаруасын ілгері бастырамын деп қам қылғанда көбінесе отырықшы аудандар 
мен  келімсектердің  арасында  ғана  жүргізген.  Тұқым  тарататын  орындар  ашқан,  сүт 
зауыттары,  айғыр,  бұқа  берген.  Мұндай  шаруаларды  сахарада  мал  бағып  жүрген  қазақ-
қырғыз арасында да істейміз деген талапқа Жер-су комиссариаты өткен жылы апрельден 
бастап кіріскен еді. Басында талай зор болып, жігерленіп-ақ кірісіп, әртүрлі шаруаларды 
қарап,  мал  шаруасын  сақтау,  оны  ілгері  бастырудың  турасында  республиканың  жоғарғы 
мекемелеріне түрлі жол-жоба кіргізіп қарап еді. Бұл жобалардың ішінде мал шаруасымен 
тіршілік  қылатын  аудандарда  мал  тұқымын  асылдандыратын  орындар  ашпақшы  болды. 
Төлді  сақтауға  шарттар  қарады  жұттан  аман  алып  қалу  үшін  Жетісу,  Сырдария  һәм 
Түрікпен облыстарында ілгері күнге шөп шаптырып жинатты... 
 
Бірақ «Мен ұрлық қыларда ай жарық болады»-ның кебі келіп, жаңа шаруа саясаты шығып, 
басындағы таудай талап, жігер, алған бет екінші түрге қарай айнала бастады. Жаңа шаруа 
саясатына шейін халыққа мемлекет «жәрдемін беріп, тіршілігін түзейді» деген ұран болса, 
жаңа  шаруа  саясаты  жүріп  кеткеннен  кейін  «балапан  басына,  тұрымтай  тұсына»  деген 
ұран  шықты.  Өткен  күні  хүкіметтің  заманында  бір  топ  іштен  келген  келімсектерді 
отырғызу  үшін  қазақ-қырғыздың  ата-бабасынан  бері  қарай  мал  бағып  тіршілік  қылып 
отырған  жерінің  іске  татырын  ойып  алып,  қайда  барса  да  Қорқыттың  көрі  қылып,  мал 
шаруасын  кемітіп,  көп  жерді  жоғалтып  жіберуге  себепкер  болды.  Жаңа  шаруа  саясаты 
шыққан  мұндағы  Кеңестер  хүкіметі  жергілікті  халықтың  тіршілігінің  негізі  болған  мал 
шаруасын  сүйеп  аяғынан  бастырып  жіберу  керек.  Соның  үшін  ескі  хүкіметтің  қылған 
залымдығының қиянатын түзету қажет еді. 
 
Бұл  ретте  өткен  жылғы  жүргізілген  жер  реформасы,  мал  шаруасының  орнауына  біраз 
жолдар ашты: ауыз сөз, жайлауға бет жол ашты, мұнан былай да мал шаруасымен тіршілік 
қылатын  ретте,  жер  мәселесін  шешу  қажет.  Бұл  жұмысы  екпінді  жұмыс.  Соны  Жер 
комиссариаты мықтап ойлап, халықтың пайдасын көздеп шешу жұмысына кірісуі  керек. 
«Ештен кеш жақсы»  дегендей әлі  де болса  Жетісу комиссариаты  өзінің Түркістанда мал 
шаруасын басқаратын бөлімі болмай, сол мал шаруасын өрбітетін жабдыққа кірісуі керек. 
 
Бұл ретте өткен уақыттардағы мал шаруасы отырықшы аудандарда істелген шаруалардың 
барлығы,  енді  мал  шаруасымен  тіршілік  қылатын  қазақ-қырғыз  аудандарына  қарай  орай 
керек.  Бұл  аудандарда  малдың  тұқымын  асылдандыратын  орындар  ашу  керек.  Халыққа 
бұқа, айғыр тарату керек. Қаракөл һәм жібек жүнді қойдың тұқымын тарату керек. Қазақ-
қырғыздың қолдарында өсіріп отырған малдары күн сайын, жыл сайын кері кетіп барады. 
Осы  бетімен  жүре  берсе,  бара-бара  жоғалып  кетеді  деген  кейбір  орыс  ағайындардың 
ішінде  «оқымыстылардың  аспанды  алақандай  деген  әңгімесіне  көп  мағына»  бермей,  сол 
халықтың пайдаланып отырған малдарын өз ішінде асылдандыру жолына кірісу керек. 
 
Қазақ-қырғыздың  осы  күнгі  малдары  жыл  санап  ұсақталып,  кір  кетіп  келе  жатса,  ол 
малдың  тұқымының  жамандығынан  деп  білмейміз.  Кері  кетудің  себебі  қазақ-қырғыздың 

68 
 
малдарының  көрген  күндері,  жүрген  жері  асырауының  қолайсыздығынан,  соның  үшін 
хүкімет алдымен жұтқа ұрындырмайтын, қысқа қырдырмайтын жабдығына кіру керек. 
 
Мұның  үшін  халыққа  асбап  беріп  пішен  шаптыру  керек,  ілгеріні  болған  халыққа  күн 
бұрын пішеннен қор жию керек. 
 
Қысы қатты болған жылдарда халықтың малын жұт бір қырса, қар кетіп жазға шықса ол 
малды  неше  түрлі  жұқпалы  дерт  қамайды:  жамандану,  қорасан,  қыз,  топалаң,  маңқа, 
делібе..,  міне,  хүкімет  осыларға  қарсы  күрес  ашулары  керек.  Халық  арасында,  осы 
індеттермен күресетін білім тартуы керек. 
 
Мал  шаруасын  ілгері  бастыру  үшін  түрлі  малға  түскен  хүкіметтің  салықтарын  жеңілту 
ретіне кіру керек. 
 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  айтқанда,  мал  шаруасын  өрбіту  үшін  реттегі  істелетін 
істер мыналар: 
 
1) Мал шаруасымен тіршілік қылатын аудандарда келешекте сол мал шаруасы болады деп 
түпкілікті қылып жер мәселесін шешу керек; 
 
2)  Малдың  тұқымын  асылдандыру  жұмысына  кірісу  керек.  Мұның  үшін  қазақ-қырғыз 
малына  басқа  тұқымдардан  араластырып,  жаңадан  кіргізу  керек  һәм  өз  арасында 
асылдандыру керек; 
 
3) Қазына асбап беріп, халыққа міндетті ретте халыққа пішен қорын жидыру керек; 
 
4) Мал індетімен күресу керек. Мұның үшін жергілікті халықтың жастары оқытатын школ 
ашу керек. Олар сол школдан оқып шығып малдың індетімен күресетін болсын; 
 
5) Түркістан топырағынан шетке мал шығару тоқтатылсын
 
6) Малға түсетін мемлекет салықтарын жеңілту керек. 
 
Осы  күнгі  мал-жайымызды  еске  алып  Жер-су  комиссариаты  жоғарыдағы  көрсетілген 
шаруаларды  жүзеге  шығару  жұмысына  кіріссе  де,  аз  болмас  деп  ойлаймыз.  Түркістан 
қазақ-қырғыздарына  Европада,  Швецария  мемлекетінде  һәм,  Америкада  шаруасын 
мынадай  ретпен  басқарады  деп,  бас  қатыру  да  қазір  қажет  емес.  Қол  жетпейтін  жерге 
пышақ ұрмай-ақ, әзірше осы қолдан келетінді істесек те жарар. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет