Қалам қайраткерлерінің жайынан
Орынборға шақырған қазақ қайраткерлерінің съезі адам аз кел-
гендіктен съезд есебінде болмай, кішкентай ғана кеңес түрінде болып
өткені озған номерлерінде жазылды. Орынборда отырғандар, о жақ, бұ
жақтан кез келгендер болмаса, съезге елден адам келіп жарытпады: үш-ақ
кісі келді. Съезге атын атап шақырған адамдар да келмеді.
Келмеу себептерін түрлі жоруға болады.
Келмеулеріне бір жағынан, жол қаражатына қаржы жоқтығы себеп
болған шығар; екінші жағынан, Жүсіпбек жолдас сияқты керексіз съезд
деушілік те себеп болған шығар; үшінші жағынан, қазақ қайраткерлері-
нің Орынбор қаласынан қараңғы үйден жаман қашатындығы да себеп
болған шығар; төртінші жағынан, өзгеріс уақытында қайрат жолы өзгеріп,
қарқын беті қайтқаны себеп болған шығар. Бұл көп «шығардың» ішінде
көбінен себеп болатын соңғы екі «шығар».
Съезге келуге ынталы адамдар болса қаржы да табылады, керексіз
съезд деп те айтпайды. Мұның бұлай болуы келуге ынталы адамдар
болмағандықтан, Орынборды көруге табиғаты шаппағандықтан болып
отырған хал. Бұрын Орынбор қазақтың пікір құбылысындай болған
заманда, съез түгіл жайда Орынборға келіп, бас қосып, қазақтың қамын
ойласып, қайғысына дауа қарастырып қайтатын ел азаматтары енді
еріншектік етіп келмей отыр деуге болмайды. Мұның мәнісін әрірек,
тереңіректен іздеу керек.
Қазақ қалам қайраткерлері қайдан туған, қашан шыққан деп сұрау
қойылса, жауап қиын емес.
1) Қазақ қалам қайраткерлері орыстың қорлық көрген, таяқ жеген,
орыс табанында езілген жұрттан туған.
304
2) Қазақ қалам қайраткерлері қазақ басына қиын-қыстау зар заман
түсіп, үстін торлап, қайғы бұлты қаптаған шақта шыққан.
Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп оты-
рып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауы-
рын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан
туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған
қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын,
халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа
тағы мүмкін емес. Олай болмаған болмаса, онда табиғат заңынан тысқары,
адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сияқты болып шығады.
Қазақ баласын ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған
қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері октябрь өзгерісі болғанда
бірден интернационал (бибауырмал) болып өзгере алмады, өзгелердей
«алымсақтан бері» коммунист, интернационалист елім деп айтуға аузы
бара алмады. Сондықтан бибауырмалдық жолға қызмет қылып, басшы-
лық қыла алмады. Бауырмалдық жолында қаламмен қайрат етуін
бибауырмалдық жолындағы үкімет хош көрмейтін болды. Сөйтіп, қазақ
қалам қайраткерлерінің халінде дағдарыс болып, өзгерістен бұрынғы
қарқындары қайтып, тартыңқырап қалды. Сол қайтқан қарқын әлі
күнге қайта келіп жеткен жоқ. Бұрынғы қалам қайраткерлерінің бәрі де
өзгерістен кейін қалам қайратына әлі белсеніп онша кіріскен жоқ.
Бұл айтылған себептің үстіне жамалған екінші себеп болды. Ол
Қазақстанға ұлық болған адамдардың лағу-төңкеріс болса істің бәрі өзінен
өзі істеліп, өзінен өзі өзгеріп кететіндей көруі. Қалыпты өзгертететін
адамның ісі, яғни жұмсайтын күші, қайраты, ісі, білімі екендігін ойламады.
Төңкеріс болды, патша үкіметінің орнына совет үкіметі орнықты: қазақты
билеген, патшаның оң қолы болған чиновниктер қалып, олардың орнына
совет үкіметінің оң қолы болып коммунистер қазақты билейтін болды.
Елдің төбесі өзгерді, төресі өзгерді. Онан былайғысын өзгертуге көп күш,
көп іс, түрлі еңбек, қайрат керек, яғни істей білетін түрлі адамдар керек.
Қазақтың оқығаны аз, оның ішінде халық ісіне қатысып, жұрт үшін
жұмыс қылған адамдар аз. Бірақ аз да болса, қазақта қызмет қылып
ысылған, төселген адамдар, қазақтың ісіне қатыспақ түгіл қарасын
көрмеген, атын есітпеген жат жұрттың адамдарынан гөрі, қазаққа көбірек
пайда келтіретіні шексіз.
Ескі үкімет тұсында, қазақтың басына қаптаған қара бұлттай қалың
пәле торлаған заманда, жұрт үшін, ұлт үшін қызмет қылған, қиналған
адамдарға «жұртшыл», «ұлтшыл» деген таңба басылып, олар қораға
жолатпайтын қотыр мал сияқты шетке шығарылып, әлеумет жұмысынан
аулақ ұсталды. Қазаққа жаны ашып, қазақ сөзін сөйлеген адам болса, оны
ұлтшыл деп әдепсіздік еткен сиырдай қылатын болды.
305
Төбелеске шығатын адам сияқты, төсін ұрып, тұлданып «Жасасын
бибауырмалдық!» - деген қазақ болса, қошемет айтып, қол шапалақтап,
төбесіне көтеретін болды. Қазақтың көрген қорлығын, зорлығын айтатын
адам болса, ауызға қағып сөйлетпейтін болды. Қазақ өзгеріс үшін құрбан
болса, несі құрайды деуші болса, арқаға қағып, дұрыс пікір осы дейді.
Солай болып тұрғанда қазақтың жұртшыл, ұлтшыл, бауырмал қалам
қайраткерлері қалайша белсеніп, қалам қайратына кіріспек? Қалайша
қаламды қолға алуға көңілі шауып, ықыласы түспек?
Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін
бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам қайраткерлері, я
бояумен түсін өзгертіп, я түленмен түгін өзгертіп бибауырмал болмаса,
нақ ішін өзгертіп бибауырмал бола алмайды. Жалғыз қалам қайраткерлері
емес, қазаққа жаны ашитын, басқа азаматтар да қазақтың басқалардан
көрген кемшілігін айтпай тұра алмайды. Оны айтып отырса, бауырмал
деген сөзден құтыла алмайды. Солай болған соң, я бауырмал деген сөзден
қашып, бибауырмал үкіметтің ыңғайымен болып, қазақты басқалар пісіріп
жесін, шикі жесін үндемей қарап отыруы керек: не бауырмал деген сөзді
басқалар ауыр мағынада айтса да, қазақ азаматтары ауырламай, қазақтың
сөзін қаймықпай сөйлеуі керек. Енді осыған жеттік.
Қазақ деп ауызға алмай, не болса о болсын, қараға қостық, не көрсе
көппен бірге көрер деп отыруға болар еді, егер қазақ мәдениеті қасындағы
халықтармен бірдей болса. Қазақ қасындағы халықтар: орыс, неміс,
ноғай, жәуіт, ғайлар.
Бұлардың бәрінің де мәдениеті қазақ мәдениетінен жоғары. Мәдениеті
жоғары халық – мәдениеті төмен халықты аз-көбіне қарамай жем қы-
латыны айдан анық, күндей жарық ақиқат. 200 миллион үнді халқын 50
миллион ағылшын жем қылып отырғаны, 500 миллион Қытайды өзінен
он есе аз жұрттар әжуалап отырғаны – адам баласының теңдігі-кемдігі
мәдениетіне қарай екендігін ыспаттайды.
Қазақ мәдениеті жәуіт, неміс, орыс, хатта ноғай мәдениетіндей болса
да, «қазақ» деп айыра сөйлеп, ауыз ауыртып, әуре болмай-ақ, көппен
бірдей көрер деп қояр едік. Қазақ айрықша сөз болатын халі айырықша
болатындықтан.
Қазақ мәдениеті қасындағы жұрттан кем екенін біле тұра, мәдениеті
кем халық мәдениеті зор халыққа жем екенін біле тұра, қазақты жемтік
есебінде жей бер деп қазақ азаматтары тастай ала ма? Оны қазақ
азаматтары істей алмайды. Оны істей алмаса, бауырмал деген сөзден
құтыла алмайды. Олай болса, бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшыл
десін, оған құлақ ауыртып ауырламасқа керек.
Қазақ қасындағы жұрттардың қатарына жетіп теңелуіне керек ісімізді
қолға алып, қанаттамасақ, қазақ күнін қараң қылатын бибауырмалдық
306
адам арасына жік салады, бауыр керек емес, «жасасын бибауырмалдық!»
деп айқайлағанмен, адам баласының арасындағы құр айқаймен жоғала-
тын көрінбейді. Мәдениет жігін жоғалтпай өз жігін жоғалту оңай жұмыс
емес. Бұл айқайдың қолынан келмейтін іс екендігіне көз жетті.
Алдымен бауырмалдық жігін жоғалту керек деп адасқандар адаса
берсін, қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы жұмысқа күшін,
ісін сарп ету керек. Басқалармен мәдениеті теңеліп, жарыса, жармаса
күнелтуге қазақ жеткен күні, қазақты қасындағылар қыңсылатуын қояды,
қазақ азаматтарының қазақ үшін айырықша қайғыруы, қаны қызуы
жоғалады, бауырмалдық өзінен өзі жоғалады.
Мәдениет алға басуы тірнек ісі шеберленуімен, сана-саңылау күше-
юімен болады. Тірнек ісінен шыққан шеберлікті өнер дейміз, сана-саңы-
лау күшінен шыққан білімді ғылым дейміз. Бұл екеуі де іштен адаммен
бірге туатын нәрсе емес, үйренумен табылатын нәрсе. Үйрену дегеніміз
– оқу. Сөйтіп, мәдениет жүзінде халықтың алға басуы, алдағы жұрт пен
арттағы жұрт арасындағы мәдениет жігі жоғалуы оқуға келіп тіреледі.
Қазақта оқу ісі қалам қайраткерліріне қарап тұрғаны, олар не істеуге
керектігі өткен номерлерде басылған съезге арналған мәселелерде айтыл-
ды. Мұнда айтайын дегеніміз: қалам қайраткерлерінің бас қосып бақыр-
шылығын сөйлесуі. Қалам қайраткерлерін июнь съезіне «топалаң уақы-
тындағы той» емес, топалаң келмеуіне амал қарастырайық деген ой еді.
Съезд июньде болмады деп қою керек емес, июньнен басқа да айлар,
күндер көп, әлі де болса бас қосып сөйлесу, қалам қайраткерлерінің
ұйымын жасау керек. Жазушыларымыз бытыранды болмай, ұйымдасып,
бірлесіп іс істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар. Өзгеріс
болғанымен өзгермей тұрған қазақта қалып көп, қашаннан бері қазақ
ішіне сіңіп, орнығып қалған қалыпты өзгерту оңай нәрсе емес. Бас
өзгерді, бастық өзгерді, төре өзгерді, басқасы әлі қарап тұр. Қазақ көрген
қорлық пен зорлық көбеймесе, кеміген жоқ. Жеуге жеңіл тұрғанды
жеу – табиғи іс. Тіске жұмсақ болған соң, қай уақытта да жеуге қазақ
жеңіл болып тұратыны мағлұм. Қазақты бұрын жегендері әлі жеп отыр,
бұрын зорлық қылғандары әлі де зорлық қылып отыр. Өзгеріс кімге
жағымды, кімге жағымсыз болып шыққаны көзі бар адамдар көрерлік,
есі бар адамдар білерлік болды. Өзгерістің негізі тартыс, талас болған
соң тіршілікке қайым біткен қайраттыларға, күн көруге ептілерге, дүние
жиюға құмар адамдарға жағымды болғанымен, момындарға, ақ көңіл,
анайы, аңқауларға жағымсыз болғаны шексіз.
Ақкөңілдік, анайылық, аңқаулық табиғаттан да болады, тәрбиеден
де болады, яғни мәдениет жоғары-төмендігінен де болады. Көбінесе
мәдениеті төмен жоғары жұрт ақ көңіл, анайы, аңқау келеді. Сондықтан
да мәдениеті жоғары жұртпен араласқан жерде алдауына, арбауына
307
түсіп жем болады. Қазақ жеріндегі халық көбінесе қазақ пен орыс. Қазақ
мәдениеті орыстан кем болған соң жем болатыны шексіз. Ол жем болудан
мәдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет
қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады.
Үкімет тарапынан қазақтың қазіргі күтетін көмегі – мәдениеті
жетілгенше басқалардың зорлығынан қорғау, мәдениеті көтерілуіне
қолдан келген жәрдемін аямау. Солай болған соң қазақ үкіметі құр
декретін көбейтумен бола бермей, қазақтың мәдениетін күшейту жағына
көз салып, көбірек күшін жұмсау керек.
Мәдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім күшейеді оқумен.
Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды
күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін-бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп,
бірін-бірі сүйрейді. Оқусыз әдебиеттің күні жоқ, әдебиетсіз оқудың күні
жоқ, қазақта оқу да, әдебиет те жаңа ғана көктеп көзге ілінген күйде
тұр. Оның өсіп, үлкейіп, гүлденуі үшін көп іс, көп күш керек. Сол көп
істі қолынан келгенше істейтін, сол көп күш шамасынан келгенше сарп
ететін қазақ қалам қайраткерлері.
Ол қалам қайраткерлері бұл күнде өз жұмысында емес, өзге жұмыста
жүр. Оларды өзге жұмыстан алып, өз жұмысына салу қазақ үкіметінің
міндеті: қалам қайраткерлерінің жұмысы – әдебиет, әдебиетсіз оқу
қуаттану жоқ, оқусыз мәдениет қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазақ
қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ. Орыстан қазақтың көріп отырған
отаршылығы, омыраулығы қазақ мәдениеті орыс мәдениетінен төмен
болғандықтан. Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі
оқу мен әдебиетте.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлттың ұлы ұстазы (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы
Ахмет Байтұрсыновқа арналады). Құраст.: В.Қ.Күзембаева. Алматы: «Комплекс», 2001,
75-81б.
Қазақша сөз жазушыларға
Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған
сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз
оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін
ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз
жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде
түрлі нәрселер себеп болып, өзгертілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я
асып өзгерілген, ел бұтақтап ескен сайын, тіл де бұтақтаған. Біздің түрік
тілі әуелде бір тіл болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-
308
тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел
болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілдің басқалануына себеп
болған – әртүрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан.
Түріктің балалары өсіп, алды-алдына тарап әртүрлі халықпен сыбайлас
болған, араласқан түрлі жұрттың түрлі тілінің түрік тіліне жат сөздер,
жат дыбыстар кірісіп, тіл арасының бірте-бірте жігі ұлғайған, мақсұт –
сол жікті бітеп жалғау болса, оған түзуді қисық деп, дұрысты қате деп
қыңыр жолмен кірмей, тура жолмаен келу керек. Шөнки дұрыс пен
қатені, қисық пен түзуді айыруға жаратқан көкіректе көз бар. Қате қайда,
дұрыс қайда – қаралық. Дұрыс емле менен қате емлені айруға менің
ойымша бұлай қарау керек шығар дейім: тіл табиғатына қарай емлені
ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын,
емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе.
Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау
керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай
қатындарының аяғы болып шығады. Түрік тілінің бәріне хомуми емле
болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған тұнық тіл, түзу емле
болса, соны аларға керек. Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті.
Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа
араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың
ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған
түрік баласы – қазақ.
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кемітіп, өз
тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе,
жазу шалығы тимесе, кәсібі, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді
деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ
болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғаты-
на хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан
бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші,
биеші емлесі деген қазақта жоқ нәрсе. Тоқсандағы шалының, тоғыздағы
баласының – бәрінің емлесі біреу-ақ, ол емлесі дұрыс па, қисық па,
қаралық.
Ең әуелгі біздің қисық көрінетін емлеміз «лер» орнына «дер»,
«тар», «лар» (жіңішке сөздерде «дер», «тер», «лер») деп жазғанымыз.
«Үш түрін жазғанмен, «лар» деп бір-ақ түрін жазса болмай ма?» деген.
Бұл дұрыс болар еді, егер де сөздің бәрінің аяғы дауысты дыбыспен
біте берсе. Сөздің аяғы дауыссыз дыбыспен де бітетін жері болады,
һәм сондай жерде қазақта «лар» орнына «дар» я «тар» жазылады.
Дауыссыз дыбыстан соң да «лар» жазсақ, болмай ма деген сөз, мәселен,
«қараймын», «сөйлеймін» деп жазған соң, «бараймын», «бираймын»
деп жазсақ болмай ма деген сықылды, я болмаса «малдай», «малда» деп
жазған соң «малындай», «малында» деп жазбай – «малыдай», «малыда»
309
деп жазсақ болмай ма? деген сықылды. Сондай-ақ «балалар», «аналар»,
«аталар» деген сөздер «лар» мен жазылады деп «маллар», «нанлар»,
«атлар» деп жазу керек деген сөз «бараймын», «бираймын», «малыдай»,
«малыда» деп жазу керек дегенмен бірдей. Сөздің ұшығы бірде дауысты
дыбысқа тіркеледі, бірінде дауыссыз дыбысқа тіркеледі. Дауысты,
дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгеріледі. Қазақ
бұл екі орнын да айырады. Тіл табиғатынан қарағанда қазақтың солай
істеуі дұрыс: «мал» – «малдай» дегенде («н») жоқ; «малды» – «малындай»
дегенде «н» неге қосылады? Әрине, «малы» деген сөздің аяғы дауысты
дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен шыққан ұшықтар-
ды «мал» дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу керек десек, тіл
табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», «ата» һәм «мал»,
«нан», «ат» деген сөздердің бәріне де «лар» бірдей болу керек деген емес.
Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген;
сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін
аздырған. Мәселен, «малдар» деп айтып көріңіз, «маллар» деп айтып
көріңіз. «Малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады.
«Маллар» дегенде тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып
алуымыз қиын. Бұл орынсыз жерде тұрған «л»-дың айтуға кемшілігі,
естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірілмей,
тиіп кәнә өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың
қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі
бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы
дыбыс ажарсыз шығады. Дұрыстыққа салып тура көз бен қарағанда, тіл
турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық
дыбыстары [н] көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстары [н] ажарсыз
дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа
түріктер. Даусты дыбыстардың ашық я көмескі болмағы – ауыздың көп
я аз ашылуынан болады. Ауыз көп ашылғанда шыққан дыбыс ашық
болады, ауыз тарылғанда шыққан дыбыс тұйықтау болады. Ауыз еркін
ашылғанда шыққан дыбыс «а» барша дыбыстан ашық; сонан соң ауыздың
тарылуына қарай екінші дәрежедегі дыбыстар шығады: жәй тарылса (Э),
дөңгелектеніп тарылса, «
و
» (о), онан әрі тарылғанда, үшінші дәрежедегі
дыбыстар шығады: жәй тарылса; «
ى
» (и), дөңгелектеніп тарылса, «
ۋ
» (у)
дыбыстың ашықтығы қай дәрежеде болса, көркемдігі де сол дәрежеде
болады. Сондықтан 1-дәрежедегі я 2-дәрежедегі дыбыстарды үшінші
дәрежедегі дыбстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол дәреже төмен
түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі төмендейді; жоғары
дәрежедегі дыбысты төмен дәрежедегі дыбыстарға алмасытырп тілді
аздырған кемшілік татар тілінде көп. Мәселен: «
ﺍ
» (а) дыбысын «
ه
» (э),
«
ﻱ
» (и)-ге алмастырған: «
و
» (о) дыбысын «
ۋ
» (у)-ға алмастырған орындар
көп. «
ﺍ
» (а)-ны «и»-ге алмасырған жерлері: «алмай» (алмай) деген сөзді
310
«алмій» (алмай) деп, (э)-ні «
ﻱ
» (и)-ге алмастырған жерлері: «кет» (кет)-
ті «
ﺖﻲ
» (кит), айт (эйт) «
ﺕﯿﺍ
» (ит) деп, «
و
» (о)-ны (у)-ға алмастырған
орындары:
ﻞﻮﻘ
(қол)-ды
ﻞۋﻘ
(кул),
ﺕﻮﺍ
(от)
ﺖﯟﺍ
(ут) деп.
Бұлайша тілді бұзуға себеп болған нәрсе – жазу. Араб әліппесіндегі
харіптер түрік тіліндегі кей дыбыстарға тура келмеген. Ол дыбыстарды
жазуға басқа дыбстардың харіптері жұмсалған. Түрік тілінде «
و
» (о)
дыбысы бар, араб әліппесінде оған харіп жоқ; түрік тілінде «
ﮦ
» (э) дыбыс
бар, оған тура келетін арабта харіп жоқ. Сондықтан «о» дыбысын «у»-
мен жазған, «э» дыбысын «и»-мен жазған. Бұл дыбыстар айтылуынша
оқылмай, жазылуынша оқылған. «А» дыбысы «и» дыбысына алмасуына
себеп болып, түрік сөздерін де араб емлесімен жазамыз деген, мәселен:
қарамай – қарами.
Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта. Дұрыс
емес деген «дің», «ды»-ларды һәм дұрыс деген «ның», «ны»-ларды алып
қаралық. Мен айтамын: «ның», «ны» дұрыс емес, «дың», «ды» дұрыс
деп. Неге десең: тіл табиғатына қарағанда «ны» келерге керек дауысты
дыбстардан соң, қазақта солай «ның», «ны» дауысты дыбстардан соң
келеді. Аяғы дауысты дыбыспен біткен һәм аяғы дауыссыз не жарты
дауысты дыбспен біткен сөздерді алып қарасақ, солай екендігі көрініп
тұр. Мәселен:
мал – жарты малдан – жартыдан
малдың – жартының малдай – жартыдай
малды – дартыны малда – жартыда
Дауысты дыбыстардан дауыссыз дыбыстар көп. Қағида азына қарап
емес, көбіне қарап жасаларға керек. Қазақша дауыссыз дыбыстан соң
бәрінде «д» кіріп тұр; дауысты дабыстан соң екі-ақ жерде «н» кіріп тұр,
үш орында «д» кіріп тұр. Қағиданы аздан шығармай, көбінен шығаратын
болсақ, дауысты дыбыстан дауыссыз дыбыстар көп; «н» келетін орыннан
«д» келетін орын көп, қалайша қазақ тіліндегі «дың», «ды» дұрыс емес,
«ның», «ны» дұрыс деп айтамыз.
Онан әрі: «нан» дұрыс емес, «ндан» дұрыс деген – о да даулы сөз,
табиғатқа салғанда екеуі де дұрыс, жолға салғанда екеуі де дұрыс емес,
мәселен:
жол бойынша боларға керек: табиғат қалауынша:
атасыға
атасына
атыға
атына
қолыға
қолына
Сондай-ақ қазақтың «нан» етіп айтуға»: табиғат қадауынша: қазақ-
тың табиғат тартуынша: жол бойынша:
311
атасы
атасындан
атасынан
аты
атындан
атынан
қолы
қолындан
қолынан
деп айтылады. Табиғатына қарамай, жолға түсіру керек болса: «атасына»
демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» демей, «атасындан» деп
жазу керек. «Атасыға» деп жазған татарларды көрмеген соң, біз де
«атасынан» деп жазып жүрміз. Бұлардан басқа пысық көрінетін: «ма»,
«ме» орнына «ба», «бе» жазғанымыз; «ш» орнына «с» жазғанымыз.
Бұларды қазақ айтады: солай айтылатын боған соң, солай һәм дейміз.
Османылар «бін» дейді, біз «мен» дейміз, османылар «уар» дейді, біз
«бар» дейміз; османылар «дағ» дейді, біз «тау» дейміз. Осы сөздердің
қайсысы дұрыс? Османыларға сендердің «бін», «уар», «дағ» дегендердің
дұрыс емес, «мен», «бар», «тау» деп жазу керек дейміз, жөн бе? Сол
сықылды ба, бе дұрыс емес, ма, ме дұрыс деп айтудың жөні жоқ. Солай:
ма, ме, яки ш жазсада түсінер; ол бірақ қазақша болмас. Татарлар неге
«атасыға», «атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасындан»,
«атасындай» деп жазады? Атасыға – атасындан – атасыдай деп жазса,
түсінбес бе? Әрине, түсінеді, бірақ солай жазбайды. Олай жазса татарша
болмайды. Қазақ та солай: ның, ны, лар, лық, лы орынсыз жерлерде
келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша
әрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға
қойса, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң,
оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады. Қазақ тілін өзгертіп, татар тіліне
қосу болса, онда солай деп ашып айтарға керек. Емлесін қата десек, тастап
бізге келер деген ой – қата: ол жақсы мен жаманды, қисық пен түзуді
айырарлық қазақта көз жоқ дегендік болады. Егер де Гаспринскийдің
сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық
тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған
асыл тілден емле шығарып соған қарап басқа емлелерді түзету керек.
Ақтығында айтатыным: бұл күнде жазылып жатқан кітаптарда,
газеттерде, журналдарда қазақ тілінде болсын, татартілінде болсын
анықталған қағидалы еміле жоқ. Қағида жоқ болған соң, қисық, түзу емле
деп айтуға да жол жоқ. Тұтынып жүрген емлеміз сап түзеген солдаттар-
дай болғанша, мұндай сөзді қозғау түзелуімізге себеп болады. Сондықтан
бұл сөзді қозғаған Хасан Ғали әфендіге алғыс айтамыз.
«Қырық мысал», «Маса» тұрасында айтатыным: олар халық үшін
жазылған нәрсе, халық айтуынша жазылған. Өз тілімізден шығарып емле
түзегенше, халықтың айту ауанынан шықпаймыз. Басқаларда даяр емле
бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз.
Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің көркін
бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрыл-
312
ған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанымызды мақұл көр-
мейміз. «Уақыт» пен «Шора»-ны оқығанда, қолымызға лұғат кітабын
алып отырып оқимыз. Ойлаймын, арабша оқымағандардың бәрі де солай
оқитын шығар деп.
«Уақыт» пен «Шорада» бастан аяғына шейін арабша сөз аз ба? Солар-
ды лұғатдан іздеп отырып оқығанда, бастан-аяқ оқып шығуға қанша
уақыт керек. Егер де нағыз түркі тілімен жазылса, арабша оқымаған
адамдарға да лұғатсыз оқуға болар еді, оқығанда уақыты да көп кетпес
еді.
Біздің қазақтың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісі. Қазақ
я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы
ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл
турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген
мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас.
А.Байтұрсынов
А.Байтұрсынов Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері).
Алматы: «Ана тілі», 1992, 395-399 б.
Достарыңызбен бөлісу: |