Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ


Емле кеңесінің қорытындысы



Pdf көрінісі
бет38/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Емле кеңесінің қорытындысы
Араб әліппесі кезінде емлеміз кемшіліксіз сияқты көрінетін. Ол араб 
әліппесінің кемшілігінен екен: араб әліппесі тіліміздің көп қасиеттерін 
бүркеп  байқатпайды  екен:  әсіресе,  сөздің  түбірі  жалғау-жұрнақтармен 
қалай қосылып жазылуын айыру қиын екен. Жаңа әліппге көшкен соң 
бұрынғы емлемеіздің көп кемшілігі айқындалады. 
Былтыр өткен латыншылардың тұңғыш комперенсиесінде емле әңгіме 
болды, шешуі білім ордасы мен кіндік жаңа әліп комитетіне тапсырылды. 
Былтыр  күзден  емле  жиылыс  болып,  пікір  қорытылды.  Самойлович, 
Шобанзада, Одахин сияқты түрік тілдері мамандарының пікірі алынды.
Білім кеңесі құрған комиссия пікірлерді қорытып, тезис жасап, «Б.Қ.» 
Еңбекшіл қазақ. – Ред. газетінде жариялады. 
Үйен айының 2-4 жаңасында Қызылордада емле кеңесі өтті. Қазақтың 
тіл  мамандары  басқа  кеңеске  арнап  орыстың  бірқатар  тіл  мамандары 
мен  түрікшіл  білгіштері  де  шақырылды.  Ленинградтан  Юдахин, 
Мәскеуден Поливанов, Ташкенттен Унсетнен, Шмит сықылды орыстың 
оқымыстылары келді.
Сол кеңестің қабыл алған емлесін «Жаңа мектептің» осы нөмірінде 
жариялап  отырмыз.  Емлемізде  қандай  өзгеріс  болды.  Әуелі  емлеміздің 
негізі  анықталды,  бұрын  емлеміз  дыбыс  жүйелі  дегенмен  де,  белгілер 
көп араласатын еді. Мәселен, басқа сөзбен айтқанда, дүдамал жерлерді 
жазушы  едік.  Мысал:  «Оқы-оқу»  бұған  қарай  «жаз-жазу».  Бір  дыбыс 
анық  естілсе  де,  өзгерген  күйіне  қарай  басқа  әріпті  жазушы  едік. 
Мысалы: «сап» естілсе де «саб» жазу сияқты. Осындай айнымал негіздер 
тез  сауаттануға  біраз  кедергі  болатын.  Енді  емлеміз  негізгі  тек  дыбыс 
жүйесі  болды:  сөз  қалай  естілсе,  солай  жазылады.  Бұл  тез  сауаттануға 
көп жеңілдік келтіреді. 
Онан соң қазақтың төл сөзі мен шеттен кірген және кіресек сөздерге 
бір-ақ түрлі емле ұсталды: шет сөздер де дыбыс жүйесімен қазақ тілінің 
заңына  көндіріліп  жазылатын  болды.  Бірақ  орынсыз  жерде  шетсөз 
бұзылып жазылмайды. Сөзді «төл», «шет» деп айырмағанда ғана қалың 
еңбекшілерге тез сауаттану, шет сөзді сіңіру оңай болмақшы. Орынсыз 
шет сөздің тұлғасын бұзбасақ басқа елдер тіліндегі ілім терминдерімен 

388
пайдалану жеңіл болмақ. Шет сөздер емлесі ең қиын мәселенің бірі болса 
да,  кеңес  шығыс  тауып,  жоғарғы  айтқан  негізді  қабылдады.  Кеңесте 
үлкен  тартыс  болған  да  осы  шет  сөз  емлесі.  Кейбір  жолдастар  да  шет 
сөзді  бұлжытпай  жазу  керек  деген  ойға  бейімділік  болыңқырады.  Бұл 
жолды ұстағанда қазақ сөзінің, жат сөздің емлесі деген екі емле болып, 
қалың  еңбекшілерге  қиындық  келер  еді.  Енді  бір  ағым  шет  сөзді  адам 
танымастай  өзгертіп,  орынды-орынсыз  жерде  де  «қазақыландырып» 
жазу,  мысалы  «осмысты»  «оспыс»  деп,  «космитикені»  «коспетик»  деп 
жазу сияқты. Мұндай жазуды алсақ, қазақ тілі мен шет тіл арасына көрме 
құрған болар едік; көзге перде киіп, басқа ел тілін көргіміз келмеген болар 
еді. Сондықтан бұл ойды жақтаушы Елдес ұсынысына кеңес тегіс қарсы 
болды.  Емле  негізінде  дыбыс  жүйесін  бүркеніп  туыс  жүйесін  салғысы 
келген Ақан пікірі де бүркемеде қалды, туыс жүйесін алсақ қалың өсуіне 
бөгет тұратын болды. Емленің негізі өзгерген соң, бұрынғы жауымыздың 
көп жерлері де өзгерді. Мәселен, бұрынғы «саб, қаб, отырыб» жазылады, 
бұрын түрліше «оқыту, қуу, келуу, күллеу» болып жазылмақшы. Бұрын 
тұқымын  қуалап  «баратун,  келетун»  сияқты  жазылатын  сөздер  енді 
естілуінше «баратын, келетін» жазылмақшы. 
Кеңестің тағы бір көзге көрінерлік жұмысы қазақ тілінің келешегімен 
санасады.  Қазақ  тілінде,  басқа  тілдерде  де  бірнеше  сөздер  қосарланып 
жүреді  де,  ақырында  бәрі  екпінге,  бір  дыбыс  заңына,  бір  стимилогы 
жүйесіне  көне  басайды.  Мысал:  солай  етсе-сүйтсе,  бұл  күні  –  бүгін. 
Бірақ кейбір сөздер бір мағыналы ғана болып қалса да, дыбыс заңдары 
және басқа жағынан қосылып жетпеген, әйтсе де бара-бара жымдасып 
кеитпекші,  иа  ашық  оңашаланбақшы.  Мәселен:  «еді»  қысқарып  «ді» 
болған,  бірақ  сонда  да  «еді»  түрінде  сақтаған.  Бұлардың  мұндай 
жетілмеген  күйін  көрсету  үшін  сызықшамен  көрсету  керек:  «келген-
ді,  барған-ды».  Бұл  сызықшалар  бөлекшелердің  түп  сөзге  қосылып, 
жетпегенін, әрі бас билігін жойып келе жатқанын көрсетеді. Тіл өсе келе 
бұл бөлімшелер басқалануға да, қосылуға да мүмкін. 
Жаңа емле мен емле мөздігі басылып шықпақ. Жаңа емле жайында 
орысша-қазақша кітап басылып шықпақ. 
Жиылыстың  тағы  бір  қазақ  тіліне  келтірген  пайдасы  –  дыбыс-
тарымызды  ілім  жолымен  жіктеп,  белгілі  заңдарын  көрсеткендік.  Сол 
заңдарға сүйеніп емле жасауымыз. 
Жаңа  емле  дыбыстарымыздың  күшті  заңдарына  құрылған  соң  үй-
ренуі бұрынғыдан анағұрлым оңай. Әріптермен танысқан соң аз уақыт 
ішінде дұрыс жазып-оқып кетуіне болады. Жаңа емлеміздің жұртшылық 
жағынан, мәдениеторнату жағынан маңызы осында. 
Емлеміздің  негізі  дыбыстарымыздың  еліктіру  мен  іріту  заңдарына 
құрылып  отыр.  Еліктірудің  бір  түрі  саналған  үндестік  заңы  қазақ  ті-

389
лінде бірте-бірте құрып келеді. Қазақ тілінде де, басқа түрік тілдерінің 
көбінде  де  таңдай  үндестігі  сақталып,  ерін  үндестігі  иа  мүлдем 
жойылған, не жойылып келеді. Сондықтан кеңес емле негізінде, таңдай 
үндестігін  алса  да  ерін  үндестігін  алған  жоқ.  Бұл  да  тіліміздің  өсу 
бағытын ескергендік.
Бұрын  әркім  өз  білімінше  кез-келген  жерге  «ы-і»  әріптерін  жаза 
беретін.  Баспаханадағы  «ы-і»  жетпей  шатақтар  туатын.  Аудара  қарап, 
ақтара тексерген соң кеңес: екі буын ішінде де үнді мен үнсіз дыбыстар 
арасына дауысты дыбыс салмай сыбай тұратынын ашты. Мысал: «қарт, 
ұлт, төрт» сияқты. Сондықтан анық естілмеген жерде бір буында сыбай-
лас үнді мен үнсіз арасына «ы-і» салып жазудың керегі болмай қалды. 
Бұл «ы-і» аз да болса кемуіне себеп. 
Біздің тілімізде әзір шұбарлық болмай келді. Сондықтан арасы 3000 
шақырым жердегі қазақтар бірін-бірі бір ауыл адамындай түсініп келеді. 
Емлеміз тіліміздің айқын заңдарына құрылған соң тіліміздің өткен өмірі, 
бұл күнгі күйі, келешегі толық еске алынған соң мұнан былай да әдебиет 
тіліміз  халық  тілінен  қашықтамайды  деп  сенеміз.  Тіліміз  шұбарланып 
тармақтануға, 8 диалекке бөлінуге жол ашылмайды деп білеміз. Қалың 
еңбекшілер тез сауаттануына емлеміз оңтайлы болды деп дәмеленеміз. 
Жаңа мәдениет орнатуға мұның мәні зор.
Әрине, мінсіз іс қылу қиын. Емлеміздің кемістігі де болмай қалмас. 
Оны тұрмыс көрсетер.
Күзге  шейін  жаңа  емлені  оқытушылар  курстерінде,  кәмпарансие-
лерінде  толық  үйрену  керек.  Осы  күзден  жаңа  емле  мектепте  ұсталуы 
міндетті.
Телжан Шонанұлы
Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер және мақалалар) Жур. «Жаңа 
мектеп»,  1929,  №5.  ТЕЛЖАН.  Жауапт.шығ.  М.Мырзағұл,  Б.Мырзабай.  Алматы:  «Ел 
шежіре», 2007, 265-268 б.
«Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсінік
Басқарушы мен болғандықтан оқушы жолдасқа түсінік беруді мінде-
тім  деп  ұғындым.  Біздер  «тілмашты»  жағропалықтарға  арнап  жазған-
дықтан  өте  сирек  айтылатын  сөздерді  кіргізді.  Қазақ  сөздерінің  бас-
басына  орысша  «мағына»  бердік.  Егер  қазаққа  арнап  жазатын  болсақ 
«утонуть»-тың  тұсына  батпақ,  кетпек,  ғарық  болмақ  деп  үшеуін  де 
қосақтар  едік.  Оқушы  жолдас  тегінде  батпақ  пен  кетпекті  біледі  екен, 
ғарық болмақ дегенді білмейді екен. 

390
Тізушілер  –  Бұралқы  ұлынан  басқасы,  Ақмоланың  темірқазығын-
дағы  елдердікі.  Сондықтан  Ақмоланың  жергілікті  сөздері  де  мол  кіріп 
отыр. «Тілмашқа» кірген сөздердің бірсыпырасы Радловтан, Будаговтан 
алынған. Қазақ тіліндегі ескі-жаңалы кітаптардан алынған. 
Мәскеудегі  «Кіндік  баспасөз»  Мағжанға  қаратып,  біреуге  көшіруге 
берген.  Сол  көшіруші  де  біраз  шатақ  кіргізіпті.  «Қақалған  үстіне  жұ-
дырық»  дегендей,  400-дей  сөз  баспадан  қате  кеткен:  кейбір  сөздердің 
мағынасын  жойып,  не  ауыстырып  жіберген.  «Қазақтың  баспасөзінің 
қатесін көрсе еуропа әйелдері бала тастар еді», - деп Қыр баласы айтушы 
еді. «Тілмаштағы» баспаның қатесін көріп Қыр баласына қол қойдым. Ал 
енді оқушы жолдастың пікіріне келейік:
«Оюланбақ», «шешеленбек», «әтештенбек» сөздерді керексіз табады. 
«Оюланған  мінезіңді  таста!»,  «Шешелеп  келіп  тамақ  іштім»,  «Әтеш-
тенбе!» деген сөйлемдерді еуропалықтар оқыса керексіз табар ма екен? 
Оқушы  жолдас:  «Қазақша  да  емес,  түсінікті  де  емес,  жатық  та  емес» 
деп біраз сөздерді келтірді. Қазақша дегенде қазақтың төл сөзін іздейсіз 
ғой.  Олай  болғанда  қазақтың  сөйлеп  жүрген  сөздерінің  жартысы  араб 
пен  парсінікі  деушілер  бар.  Оларға  не  дейсіз?  Орамалды  сіз  қазақтың 
төл сөзі деп ойлайсыз ба? Қазақша емес деп дауласқаннан кейін, әрине 
сізге  түсінікті  де,  жатық  та  болмайды.  Қазақ  арасында  айтылатын  сөз 
бе?  Сөз  емес  пе?  Қазақ  кітаптарында  кездесе  ме?  әңгіме  сонда  болу 
керек. «Тауқымет» Жүсіпбек пен Мұхтардың жазғандарында кездеседі. 
«Ғадауат»  Абайда  бар.  «Саранжам»  Наурызбай  батырдың  қызбен 
айтысатын қисасында бар. Қазақ жас бала өлсе «шапағатты болсын» деп 
көңіл айтады. «Соламай» – Көкшетау уезінің сөзі. 
«Тоңғармақ  –  баспа  қатесі,  дұрысы  –  «тоңқармақ»  үйді,  шөмелені 
дауыл құлатса тоңқарып кетті дейді. «Ақыланбақ»-ты екінің бірі айтады. 
Соңғы  төрт  сөздің  орысшасын  Радловтан  алғанбыз.  «Тазданбақ»  екі 
орында  айтылады:  1)  Еліріп  сөйлеген  кісіге  «тазданба»  дейді.  2)  Соры 
бетіне шыққан шақатты көргенде «тазданған екен» дейді. «Ғаріп» – түбі 
арабтікі. Төңкерістен бұрынғы қиссаларда көп кездеседі. 
Оқушы жолдас-ау! Өзіңіз білмеген сөздің бәрін керексіз қылу, қазақша 
емес,  түсінікті  емес  деу  ақылға  сия  ма?  Сыр  қазақтарының  «әрекетін» 
арқа  жағында  бәле  мағынасында  қолданады.  Арқаның  «әжептәуірін» 
бөкейліктер жаман деген мағынада жүргізеді. Осындай ретпен түсініксіз 
сөздерді, «Тілмашқа» кірмеген сөздерді, газет не журнал бетіне жария-
лап  отырса,  келешекте  шығатын  «Тілмаштың»  толық  болуына,  кемші-
ліксіз болуына себі тиеді.
Қошке Кемеңгерұлы
Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 182-183 б.

391
жат тіл оқыту әдісі
Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұ-
рыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде 
екіге бөлінеді. 
Бірінші ағымдағылар тіл үйретуді әріптен (дыбыстан)  бастап  көшу; 
одан  сөзге,  сөзден  сөйлемге  көшу  керек  дейді.  Бұлай  оқыту  үйлестіру 
(синтез) әдісі болады.
Екінші  ағымдағылар  тіл  үйретуді  байланысты  сөйлеуден  (связная 
речь)  бастау  керек,  содан  сөйлемдерді  жіктеу,  сөйлемнен  сөзді  жіктеу, 
сөзден буынды жіктеу, буыннан әріпті жіктеу керек дейді. Тіл құралын 
қолғабыс  ретінде  керекті  жерінде  ғана  қолданып  отыру  керек  дейді. 
Бұлай оқыту талдау (анализ) әдісі болады.
Талдау  әдісін  осы  күнде  жақтаушылар  көп.  Бірақ  талдау  әдісінің 
кемшілік  жері:  Тіл  құрамына  үстірт  қарағандықтан,  жат  тілді  терең 
тексерте алмайды және жат тілмен ана тілді салыстыра алмайды. Әлі де 
болса  тексерілетін  жері  бар.  Сонда  да  жат  тілді  жазу,  сөйлеу  жолымен 
үйреткенде төменгі жобаларды ұсынады:
1. Жат тілді оқытқанда, аса қиын жерлерді ғана ана тілімен түсіндіру 
керек.
2. Жат тілді оқыту әдісі ана тіліндегідей болмау керек.
3. Сыртқы тұлғасын қиын орындарда ғана жат тілден ғана тілге ау-
дару керек.
4. Ана тілден жат тілге өте сирек аудару керек.
5. Тіл құрамының ережелерін оқылатын сабақта түсіндіріп отыру керек.
6. Класта кітап оқыту сабақтың негізі болу керек.
7. Жат тілдің әдебиет тарихын толық оқытудың керегі жоқ.
8. Орта, жоғары кластарда үйден даярлап келуге сабақ беріп отыру керек.
9. Жат тілде өлең-тақпақ айтуға үйрету керек.
10. Орта, жоғары кластарда жазуға жаттықтыру керек.
Осы күнде талдау әдісінің үш түрі бар:
Бір түрі – әр елдің әдісі: тіл құралының ережелері оқылған сабақтан 
құратылып  шығарылады,  бірақ  бір  тілден  екінші  тілге  аудару  болып 
отырады.
Екінші түрі – көрнекті әдісі. Мұнда шама келгенше ана тілі қолданыл-
майды.  Күндегі  өмірде  сөйленетін  сөздерден  бастап,  дыбыстармен  та-
ныстырғаннан кейін тура әңгімеше сияқты оқуға кіріседі, тіл құрамының 
ережелері  оқылған  сабақтан  қорытылады.  Көрнекті  әдіс  Еуропада  көп 
таралған. Соңғы 15-20 жылдың ішінде Ресейге де жайылып келеді. 
Үшінші түрі – жаратылыс әдісі. Мұнда ана тілі деген, аудару деген 
болмайды. Бала жаратылысында ана тілін қалай үйренсе, мұнда да жат 
тілге солай үйрену керек дейді. Бұл әдіс Америкада көп қолданылады. 

392
Әр  ел  әдісінің  қолайсыздығы:  оқушы  аударуға  және  тіл  құрамына 
сүйеніп кетеді, сөйлесуге ора шолақ болады. 
Жаратылыс  әдісінің  қолайсыздығы:  ана  тілді,  тіл  құралын  мүлде 
керексіз табады. Жат тілді үйретуді ана тілінің жолына түсіріп, жаратылыс 
заңмен орындау еш уақытта мүмкін емес. 
Технердің ойынша, ең дұрыс, қолайлысы – көрнекті әдіс.
Мәскеудегі Центральный Гумманитарный Педагогический Институт 
жанындағы комиссия үйлестіру әдісін молырақ қолдануды дұрыс табады.
Комиссия пікірінің мазмұны: 
1. Мектепте жат тілді толық, мүлтіксіз үйрену мүмкін емес. Сондықтан 
оқушылардың жаттығу жағын қарастыру керек.
2.  Оқушылар  ең  кемі  жат  тілдегі  кітапты  оқи,  түсіне  білу  керек. 
Ауызекі сөзге түсіне білу керек.
3. Жат елдің мәдениеті, әдебиетімен біраз танысу керек.
4. Оқытушыларды жаттықтыру жолы – жат тілден үйретілген сөздердің 
мәнісіне түсіндіріп, тіл құрамының ережелерін ұғындыру.
5. Оқыту реттері: оқу, аудару, жаттығу және сөзді көбірек жаттату.
6. Ана тілдің Тіл құралындағы, сөйлем жүйесіндегі ережелермен жат 
тілдікіні салыстырып отыру.
Фриденбергтің «Еңбек мектебіндегі әдісі»:
1.  Мектепте  жат  тілді  оқытқанда  сөйлеу  жағын  ғана  мақсат  қылуға 
болмайды.
2. Жат тілді үйреткенде көз, құлақ, қозғалыс әдістерін қолдану керек
3. Оқытушы дұрыс, ашық, қатты сөйлеп оқушыларға үлгі болу керек.
4. Оқушылардың әр сөзді дұрыс айтуына назар салу керек.
5. Ана тілден жат тілге аударудың керегі жоқ.
6.  Сөзді  құрғақ  жаттау  жағын  азырақ  алып,  көбінесе  сөзді  жаттық-
тырумен есте қалдыру керек.
7. Аударғанда жеке сөздің мәнісінен түсіну қажет емес. Тек сөйлемнің 
мәнісіне түсінсе болады.
8. Тіл құрамының ережелерін оқушыларға оқылып отырған сөйлем-
дерден байқату керек.
«Кітап оқу жобасы» Ганчина мен Кестеренікі:
1. Кітап оқу белгілі жобамен болу керек.
2. Оқу екі түрлі: түсіндіре оқу, не шолып оқу.
3. Түсіндіре оқуда ережелер жағынан тексеріледі. 
Көбінесе  дұрыс,  дәл  ұғу  жағына,  сөз  мәнісіне,  әлпетіне  назар 
салынады. Түсіндіре оқуды ІІ семестрден бастауға болады. 
4. Шолып оқуда өз бетімен тексеру үшін үйлерінде де оқитын сабақ 
беру керек.
«Сөзге байыту жолы» Ганчинанікі:
1. Тексерілетін, жатталатын сөздер көпке ортақ сөздер болу керек.

393
2. Сөз  жаттағанда  әуелі  деректі  сөздерден  бастап,  содан  дерексіз 
сөздерге көшу керек.
3. Сөзге байыту үшін алғашқы кезде жеке сөздерді көбірек жаттату, 
артынан сол сөздердің басқа мағыналарын көрсетіп, қосақтап сөйлемдер 
жасату керек.
4. Құрғақ жаттаумен сөз миға қонбайды, ұмытыла береді. Олай бол-
мас үшін сөздерді қосақтап, өзгертіп сөйлемдер жасату керек.
5. Қосақтау (жіктеу) реті екі түрлі: не сыртқы тұлғасына қарай жұр-
нақ  қосқызу,  не  бір  ұғым  айналасына  кіретін  сөздерді  біріңғай  жіктеу. 
Осының екеуін де қолдану керек.
«Жазу жолы» Фридинбергтікі:
1.Тіл үйрету үшін жазу – үлкен құрал.
2. Жазу реттері мынадай болу керек:
а) Тексерілген сабақты түсініп көшіру.
б) Тіл ережелерінің жаттықтыратын сұрауларға жазып жауап беру.
п) Етістіктерге жалғау қосу.
т)  Оқып  өткеннен  кейін  кітапты  ашып  қойып,  сөздердің  тұлғасы, 
жағы, шағы сияқтыларды өзгертіп айттыру, жаздыру.
ғ) Көркем әдебиеттен аударту.
д)  Бір  тақырып  алып  сол  туралы  оқушыларды  бірлестіріп  (коллек) 
жаздырту.
е) Оқылған әңгімеше сияқтыларды қорыттырып (конспект) жаздырту.
«Алғашқы жылдарда оқыту әдісі және програм» Мамунанікі:
1. Жат тілді оқыту үшін ана тілді білу керек.
2. Сабақтың негізі күндегі ауызекі сөздер болу керек.
3.  Көз,  құлақ,  сезімдерін,  қозғалыс  орындарын  күшейту  үшін  әр 
түрлі  нәрселер,  суреттер,  ойындар,  өлеңдермен  пайдалану  керек. 
Әуелі класқа, одан кейін үйге, қораға, бақшаға, көшеге, қалаға, ауылға, 
мемлекетке, жер жүзінде тиісті нәрселер болуы керек. Суреттер сол жат 
елдің тұрмыстарын айқын көрсетерліктей болу керек. Өлеңдер ырғақты 
болғандықтан әр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Өлеңнің арқасында 
оқушының құлағы жат елдердің тіліне, дыбысына жаттығады. Әр түрлі 
ойынды ойнағанда, ойнаушылар жаңадан сөз қосады.
4.  Алғашқы  жұмаларда  жазу-оқу  болмайды.  Тек  оқытушы  үшінші 
бөлімде көрсетілген ретпен әр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Одан 
кейін оқытушы оқушыларға таныс сөздерді қара тақтаға жазып, дауыстап 
оқыттырады. Сөзді бөлмей тұтас оқыту керек. Екінші семестрде таныс 
сөздерді кітаптан оқыту керек. Оқытушылар таныс сөзді оқыса аудармай 
ұққандықтан жат тілде ойлауға үйретеді. Алғашқы жылы түсіндіре оқу 
ғана болу керек. Әуелі оқытушы өзі оқиды. Сол оқылғаннан оқушыларға 
айтқызады. Содан кейін оқытушы ережелер жағын жіктеп көрсетеді.

394
5. Оқумен қатар жазуға үйрету керек. Көшірілетін сөйлемдерді күні 
бұрын түсіндіру керек. Оқушы таныс сөйлемдерді көшіргенде дауыстап 
оқып  отыру  керек.  Жаттатқызғанда  да  осылай  болу  керек.  Одан  кейін 
суреттерге  қарап  нәрселердің  аттарын  жаздырту,  біраздан  соң  сөйлем 
құрастыру. 
6. Тіл құралы жеке оқылмайды. Тек оқытушы жат тілдің тұлғаларын 
байқауға  үйретіп  ана  тілінікімен  салыстыру  керек.  Сөйлеудің  түйіні 
етістік болу керек. Нені болса да етістікке байланыстыру керек.
«Әдебиетті оқу жолы» Мамунанікі: Қарап оқу – сабақ берудің негізі. 
Қарап  оқуда  екі  түрлі,  екі  мақсат  бар:  не  жат  елдің  тіл  құрылысымен 
таныстыру,  не  жат  елдің  мәдениетімен  таныстыру.  Оқылуға  арналған 
деректі саясат, шаруашылық, қоғам тұрмысымен байланыстырып сайлап 
алу керек. Бұл үшін әдейі арналып жазылған кітаптар, журналдар болу 
керек. Әдейі арналып жазылған кітапта көркем сөз өрнектері қарасөзбен 
де өлеңмен де болу керек. Және жат тілдің, жат елдің қара шаруалары, 
жұмысшылары  туралы  да,  төңкеріс  қозғалысы  туралы  да,  қазіргі 
шаруашылық, қоғамшылық туралы да болу керек. 
«Аударудың  керектігі»  –  Ганчинанікі.  Мәскеудегі  білім-тәрбие  инс-
титутының  програмында:  «Мектеп  жат  тілдегі  кітапты  оқуға,  ұғуға 
үйретеді», - дейді. 
Оқылғанды ұғынуға екі жол бар.: бірі – аудару, екінші – сөзге түсіну. 
Осы күнгі білім, тәрбие пәні аударусыз да жат тілді ұғуға болатындығын 
сипаттап отыр. Оқылғанды ұғу үшін тілдің, сөзді тұлғасын айыра білу 
керек.
Оқымастан  бұрын  таныс  емес  сөздердің  мәнісі,  тұлғасы  айтылады. 
Содан кейін оқытушы дауыстап оқиды. Осы ретпен жалпы мәнісі түйіс-
тіріледі. Ең артынан оқытушы ұғымсыз сөздердің мәнісін толық түсіндіріп 
екі сөздің арасындағы байланысты көрсетеді. Бұларды түсіндіргенде бұ-
рынғы таныс сөздерді мысалға алу керек. Онда да қиын жерлерді ғана 
аудару керек.
Аудару  екі  түрлі.  Бір  түрі  –  жеңіл  сөйлемдерді  аударғанда,  негізіне 
жақынырақ аудару. Екінші түрі – көркемшілік жағын көздеу. Ана тілден 
аударудан  онша  пайда  шықпайды.  Өйткені  мектепте  жат  тіл  туралы 
алатын білім ана тілден толық аударуға шамасы келмейді.
Қошке Кемеңгерұлы
Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 185-189 б.

395
Мектеп қай тілде болу керек?
(айтыс ретінде)
Оқудың негізі – ауыл мектебі. Ол мектепті көздеген мақсатқа жеткізу 
үшін үйі, құралы, сайманы, кітабы, оқытушысы сай болу керек. Қазіргі 
ауыл мектебінің төрт түлігі сай деп ешкім айта алмайды. Бірі болса, бірі 
жоқ. Осы күнде ауыл мектептерінде комплекс (жиынды) әдіспен оқыту 
прграммаға кіргендіктен мектепте алдымен керегі оқытушы болып отыр. 
Оқытушы жеткілікті біліммен комплексті қолданса, мектептің басқа кем-
кетіктерін толтырады. Балаларға керекті білім береді. Өйткені комплекске 
керек жаратылыс, шаруашылық жағдайлары ауылдан табылады. Ал енді 
ауыл  мектептеріндегі  оқытушыларды  алсақ,  комплекс  әдісін  жүргізе 
алатындары некен-саяқ. Жазғы даярлау курстерден, педтехникумдерден 
шығып жатқан оқытушылар қайда? Қой бағып жүр ме? Курстен шыққан 
толық білімді пысықшылардың көбі түрлі себептермен басқа орындарда 
қызметте жүр. Ең аяғы милиция болып жүр, не ілгері қарай оқып кетеді. 
Педтехникум бітіргендері әке десең де ауыл мектебіне бармайды. Шаһарлы 
жерлерде қалады. Сонымен ауыл мектебіндегі оқушылардың көбі басқа 
қызметтерге қолы жете алмаған, не жарай алмағандар не шалғайлар, не 
өз шаруасымен байланыстылар. Бұл соңғы реттегі оқытушылар комплекс 
әдісін  жүргізе  алмайды.  Көрнекті  әдіспен  оқытуға  оқыту  аспаптары, 
кітаптары басқа жағдайлы шарттары болмайды. Екі әдістің бірі болмаған 
соң,  шала  білімді  оқытушылар  бетімен  оқыта  береді.  Балалар  тиісті 
білімді  ала  алмайды.  Осындай  дүмбілез  біліммен  ауыл  мектебінен 
бітіргендер  шаһардағы  орта  мектептердің  даярлау  бөлімдеріне  түседі. 
Өткен  жылға  шейін  емтихан  болған  жоқ.  Сондықтан  әрбір  оқытушы 
біліміне қарамай ілгері бөлімге кіретін болды. Әуелде білім жеткісіз шала 
жансар болғандықтан орта мектепте оқу ауыр болады. Жөнді түсінбейді, 
жыл  сайын  түсінбеу  молая  береді.  Сондықтан  бұл  уақытқа  шейін  орта 
мектеп бітірді деген қағаз алушылар көп, бірақ толық білім алушылар аз. 
Және  бұл  уақытқа  шейін  ауыл  мектебін  де  бітірмей,  болар  болмас 
даярланумен  орта  мектептерге  түсіп  жүргендер  де  көп.  Енді  емтихан 
шығып  отыр.  Бұдан  былай  ауыл  мектептерін  бітіргендерге  өріс 
бұрынғыдан  тарылады.  Қағазбен  ілгерілей  беруге  болмайды.  Бұдан 
былай ауыл мектебі жоғарыдағы айтылған күйде болғанда ауыл мектебін 
бітіргендер орта мектепке түскенде ілгері бөлімге түсе алмайды. Ауыл 
мектебінде  соңғы  жылда  оқылуға  тиісті  сабақтарды  бір  жыл  қайталап 
оқиды. Олай болса ауыл мектебінің соңғы жылына шығарылған шығын 
желге кеткен шығын деп есептеу керек. Әзір ауыл мектептеріне жеткілікті 
комплекс әдісін жүргізерлік оқытушыларды таба алмайтын болсақ, ауыл 
мектебінде оқу жылдық болу керек. Осыған қарап орта мектептердің неше 
жылдық болуын шешу керек. Мұны шешпестен бұрын орта мектептерде 

396
оқу қай тілде болу керектігін шешу керек. Кейбір жолдастар орта мектеп 
орыс тілінде болсын дейді. Ондағы дәлелдері: 
1)  Қазақ  тіліндегі  орта  мектепті  бітіргендер  орыс  тіліндегі  жоғары 
мектептерге түсе алмайды.
2) Жеткілікті қазақша оқытушы жоқ. 
3) Орта мектепке жеткілікті қазақша кітап жоқ дейді. 
Әр  дәлелдің  салмағын  өлшеп  көрейік.  Бірінші  дәлелді  бетке  ұс-
тайтындар: Осы уақытқа шейін жарым-жарты қазақ тілінде болып келген 
педтехникумдерді,  институттерді  мысалға  алады.  Бұларды  бітіргендер-
дің орыс тіліндегі жоғары мектептерге түсе алмайтындықтарын көрсетеді. 
Бұл уақытқа шейін орта мектептегі қазақ оқытушыларының кемшіліктері: 
1) Әуелде жеткіліксіз біліммен секірулері. 2) Орыс тіліне шалағайлықтары. 
Бұған себеп – орыс тілінің қазақ балаларына орыстарға арналған әдіспен 
оқытылуы. Сондықтан орыс тілінде оқытылатын басқа пәндерге де қазақ 
балалары түсінбейтін. Бұл кемшіліктерді жоюға болады. Ең мықты дәлел: 
жеткілікті оқушы жоқ деген. Егер орта мектепте оқу орыс тілінде болса 
бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы шықпайды. Ұлт мектептері, ұлт 
мәдениеті болмайды. Және басқа түрік ұлттары орта мектебін өз тілінде 
жүргізіп  жатқанда  қазақтың  өз  алдына  ауа  жайылуы  қисынсыз.  Орта 
мектеп орыс тілінде жүрсе қазақ тілінде кітап басылудың қажеті болмай 
қалады. Пән кітаптары қазақ тіліне аударылмайды. Жеткілікті кітап жоқ 
деген күшті дәлел емес. Бірсыпыра кітап шығып қалды. Орта мектепте 
қолданылатын лабороторный әдіске қолайлы кітаптарды шығару бір-ақ 
жылдық жұмыс. Орта мектепте оқу қазақ тілінде болса, алдымен керегі 
жаңа түрмен орыс грамматикасын қазақшаға үйлестіру ғана «Орысша-
қазақша толық тілмаш» шығару. Осы күнде орыстарда неміс, ағылшын 
тілдері  қандай  әдіспен  оқытылса,  бізде  де  орыс  тілі  сондай  әдіспен 
оқытылу керек. Орыс тілін оқытудан бастамастан бұрын, орыс тіліндегі 
әдебиет,  пән  кітаптарын  түсініп  оқырлық  дәрежеге  жеткізу  не  болмаса 
орысша  сөйлеу,  орысша  сөз,  сөйлеммен  дұрыс  құрастыру  көбінесе 
тәжірибемен  болады.  Орта  мектепте  қазақша  тиісті  пәндерден  толық 
мағлұмат алғандар, орыс тілін толық үйренгендер орыс тіліндегі жоғары 
мектептерге  даусыз  түсе  алады.  Жалғыз-ақ  тіліндегі  пән  кітаптарының 
терминдерін бір шолып өтсе болады. Әзірге ашылып отырған, ашылатын 
орта  мектептерді  қазақ  тілімен  жүргізу  үшін  орта,  жоғары  мағлұматы 
барлардан  реттілерін  таңдап  алып  оқыту  әдісін  үйрету  үшін  үш  айлық 
курс ашып, орыстың атақты оқытушыларын шақырып отыру керек. 
Енді  бір  бес  жылда  орта  мектептерге  жеткілікті  оқытушылар  еркін 
шығады.  Оған  шейін  жеткілікті  оқытушылар  шығарғанмен  табылмай-
ды  деп,  үміт  кесетіндер  басым  болса  тәжірибе  үшін  Ташкент  пен 
Қызылордадан екі орта мектеп ашып бірыңғай өтуді қазақ тілінде жүргізу 
керек.  Орта  мектеп  қазақ  тілінде  болса,  жоғары  мектеп  те  бара-бара 

397
қазақшаға  айналады.  Орта  мектеп  қазақ  тілінде  болған  күнде  округтік 
қалада ашылатын 2-басқыш мектеп те, педтехникум де жеті жылдық болу 
керек. Екеуінің де алғашқы үш жылы даярлау болады. Даярлауышқа ауыл 
мектебін бітіргендер кіреді. Үш жылдық даярлауышта жаңа әдіспен орыс 
тілін көбірек оқыту керек. Осы даярлауышты бітіргендердің 50 процентін 
техникумдерге, рабфактарға жіберіп отыру керек. 3 жылдық даярлауышты 
жақсы  бітіргендер  техникум,  рабфакке  кіріп  орыс  тілінде  берілетін 
сабақтарды тыңдауға әбден жарайды. Әр ауданда жатақты (интернат) 5 
жылдық үлгілі мектеп болу керек. Осы күнде мұндай мектеп Өзбекстан-
да ашылғалы жатыр. Мұны бітіргендер орта мектептің негізгі бөліміне 
түсетін болсын. Енді ауыл мектептері көпшілікке отырықшылыққа қарай 
үйлес болу керек.
Қошке Кемеңгерұлы
Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 190-192 б.

398
МАЗМұнЫ
Алғы сөз  .........................................................................................................3
«Дала уалаятының газеті» .............................................................................7
 «Айқап» журналы .......................................................................................16
«Қазақ» газеті ...............................................................................................30
«Сарыарқа» газеті ........................................................................................73
«Абай» журналы...........................................................................................79
«Шолпан» журналы .....................................................................................93
«Ақ жол» газеті ..........................................................................................124
«Сана» журналы .........................................................................................209
«Таң» журналы ...........................................................................................221
«Жас Түркістан» журналы ........................................................................232
Тіл мәселесіне қатысты құжаттар ............................................................241
Алаш қайраткерлерінің жинақтарынан алынған 
тіл мәселесі туралы материалдары ...........................................................253

Редакторы МАУЫТОВ Н.К.
Корректоры ӘЛМҰХАМЕТОВА М.Қ.
Тех. редакторы АҚЫЛОВ С.Т.
«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры 
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Б.Ө.ЖАҚЫП
Қайрат САҚ
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: 
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
І1 том

Басуға 05.07.2014 ж. қол қойылды. 
Пішімі 60х90 
1
/
16
. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 25,0. 
Таралымы 2000+400 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің 
«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 
050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19
a
-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы 
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды. 
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІнІң 
ТАҚЫрЫПТЫҚ КӨПТОМДЫҒЫнЫң 
ІІ-ТОМЫ
Ғылыми жоба жетекшісі 
және жалпы редакциясын басқарған:
Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің профессоры
Құрастырушылар: 
Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері
Алтынтас Дәулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет