Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Түрікшелер құрылтайы
Түрікшелердің  1-нші  құрылтайы  февральдың  26-нда  басталып, 
марттың  6-да  жабылды.  Түрік  нәсілді  жұрттардың  өкілін  жібермегені 
аз болар. Қалмақтар да адамын жіберген. Бір шеті Стамбул, екінші шеті 
Қиыр Күншығыстағы Жақыт – сол екі арадағы түрік нәсілді жұрттардың 
көбінің-ақ өкілдері болды. Бұрын қағаз жүзінде білісу болмаса, көрісуі 
жоқ түрік жұрттары бірін-бірі жүзбе-жүз көріп танысты. 
Түрікше ілімдерден академия мүшелері: Бартольд, Олденбург, Крым-
ский,  толып  жатқан  жана  тағы  профессорлар  болды.  Бөтен  мемлекет-
терден неміс профессоры Менсель, мажар профессоры Майсереш, ана-
тол түрік профессоры Көпірлі-зада мен Құсайын-зада болды.
Құрылтай қарауына арналған 14 бапты мәселе еді. Соның әрбірінен 
4-5,  қатта  8-9  баяндамалар  жасалды.  Бірақ  мәселе  көп  болғанмен, 
құрылтай  шақырушылардың  көбінесе  көздегені  латын  қарпы  екендігі 
құрылтайды  ашушылардың  да,  үкімет  тарапынан  құттықтаушылардың 
да сөзінен көрініп тұрды. 
Солай  болған  соң  қарыпқа  қатысы  бар  мәселелерге  көбірек  зер 
салынып, солар көбірек талқыға түсіп, басқалары ат үстінен айта өткен 
сияқты болды. 
Құрылтай програмындағы мәселелер мыналар еді:
1) Түрік жұрттарының тариқын тану жүзіндегі істердің кәзіргі күй мен 

313
келешектегісі.  Баяндамашылар:  Бартольд,  Баруздин  деген  профессор, 
татар тариқшысы Убайдуллин Әзиз.
2)  Түрік  жұрттарының  мәдениетін  зерттеу  ісінің  кәзіргі  күйі  мен 
келешектегісі.  Баяндамашылар:  Руденко,  Майсереш,  Миллер  профес-
сорлар мен Шурсен деген.
3) Түрік тілдерінің өзара жана мұғал (монғол), тунгуз, пин угор, жапон 
тілдерімен тұқымдастығы. Баяндамашылар: Шобан-зада мен Кинко деген 
профессорлар.
4) Түрік тілдерін тану жүзіндегі істің кәзіргі күйі мен келешектегісі: 
Баяндамашылар: Самойлович, Малов, Ашмарин деген прфессорлар.
5)  Емле  [нің]  жалпы  негізі.  Баяндамашы:  Щерба  профессор.  Түрік 
емлелері. Баяндамашылар: татар қалам қайраткері Ибрайым ұлы Әлім-
жан, әзірбайжандық Аға-зада деген. 
6) Пән сөздерінің жүйесі туралы. Баяндамашылар: Шобан-зада про-
фессор  мен  Зиенат  деген.  Түрік  тілінің  пән  сөздері  туралы.  Баяндама-
шылар: Зайналы, Одабаш, Байтұрсынұлы.
7)  Әліп-би  сыны  пән  жағынан,  әліп-би  сыны  іс  жағынан.  Баян-
дамашылар:  Яковлев,  пен  Жирков  профессорлар.  Түрік  әліп-билері 
туралы.  Бандамашылар:  Мамет-зада,  Шарапұлы  Әлімжан,  Алпарұлы, 
Төреқұлұлы, Бердіұлы, Омарұлы.
8)  Ана  тілін  үйрету  әдісіндегі  жаңа  ағымдар  туралы  баяндамашы 
Щерба профессор. Түрік тілін оқыту әдістері туралы баяндамашы Епен-
ді-зада.
9) Түрік әдебиет тілдерінің жетілуі туралы. Баяндамашы: Көпірлі-зада 
профессор мен Әкімұлы Нығымет.
10)  Түрік  әдебиет  тілдерін  тану  жүзіндегі  істің  кәзіргісі,  алдағысы. 
Баяндамашылар: Көпірлі-зада, Менсель профессор, Сағадиұлы Абдырақман.
11)  Түрікші  мекемелердің  қәзіргі  құрылған  түрлерімен  жақында 
істейтін істері туралы.
12) Өлке тану ісінің әдістері. Баяндамашы: Ольденбург.
13)  Түрік  жұрттарының  мәдениет  жүзінде  соңғы  кездегі  жетілісі. 
Баяндамашы: Павлович.
14) Ұйымдасу мәселесі.
Осыншама толып жатқан мәселелер туралы толып жатқан баяндама-
лар қайсысы қай түрде жасалып, қалай қаралып, өткенін бейнелеп айтуға 
орын  тар  болғандықтан  жана  да  құрылтайда  не  болып,  не  қойғаны 
турасындағы  барша  мағлұматтар  түгелімен  бәрі  басылып  шығатын 
болғандықтан, құрылтай қабарын түгел сөйлеймін демей, оқуға қатысы 
көбірек мәселелер ғана турасынан азырақ айтып өтпекпін.
Ол мәселелер: 1) емле; 2) пән сөз; 3) әліп-би; 4) ана тілін оқыту әдісі 
турасындағылары.

314
Бұл мәселелер туралы әуелі орыс ілімдерінің пән пәтуасы түріндегі 
баяндамалары  болып,  сонан  кейін  басқалардың  баяндамалары  болып 
отырды. 
Емле  туралы  пән  пәтуасын  сөйлеген  Щерба  профессоррдың  сөзі 
қысқалап айтқанда мынау болды.
Төрт  жүйелі  емле  бар:  1)  дыбыс  жүйелі;  2)  туыс  жүйелі;  3)  тариқ 
жүйелі; 4) таңба жүйелі;
Дыбыс  жүйелі  емле  –  сөзді  айтылуынша  жазу  (қазақ  пен  қырғыз 
емлесі дыбыс жүйелі болады). Туыс жүйелі емле – сөздің тек айтылуына 
қарамай, тегіне де қарай жазу (орыстікі туыс жүйелі емле). Тариқ жүйелі 
емле  –  қашаннан  жазып  келе  жатқан  қалыпша  жазу  (арабтікі,  араб 
емлесін  өзгертпей  қолданушылардікі,  ағылшын,  француз,  немістердікі 
тариқ жүйелі емле болады). Таңба жүйелі емле – сөз орнына таңба салу 
(қытай  жазуы,  бұрынғы  екі  сулықта  болған  аққаттардың,  шумерлердің 
сүйір жазулары).
Бұл емлелердің ең жақсысы – дыбыс жүйелісі; үйткені бұ жүйелі емле 
үйренуге жеңіл. Емле жеңіл болуы тәрбиешілік жағынан да, бұқарашылық 
жағынан да артық. Жақсы емленің қасиеті үйренуге жеңілдігі мен ойды 
дұрыс ұқтыруы.
Онан соңғы жақсы емле – туыс жүйелісі. Ең қиыны тариқ жүйелісі 
мен таңба жүйелісі деді.
Ибрайымұлы  Әлімжан  жасаған  баяндамасында  емле  жеңілдету 
жүзінде түрік жұрттарында не істелгенін, қайсысының емлесі қай күйде 
тұрғанын, емле қай түрде болуы керектігінайтып өтті. Емле түзету жү-
зінде түрік жұрттарының алдағысы қазақ, арттағысы әзірбайжан, анатоли 
түркі  болып  шықты.  Басқалары  соның  екі  аралығында  болды.  Құрыл-
тай  дыбыс  жүйелі  емлені,  керегіне  қарай  туыс  жүйесімен  үйлестіріп 
алуды қабыл етті. Әзірбайжандықтар араб қарпымен дыбыс жүйелі емле 
жасауға болмайды деп ойлайтын көрінеді. Сондықтан олар дыбыс жүйелі 
болған соң, латын қарпысыз болмайды деп, дыбыс жүйелі, латын негізді 
деген  сөзді  керек  емес  десек  те  болмайды,  көпшілік  қолында  болған 
соң қыстырып өткізді. Ол жерде пікіріміз айырылатынын мәлім еттік те 
қойдық.
Пән  сөздері  туралы  баяндаманың  бірі  менікі  болғандықтан,  өз 
баяндамамның  да  мазмұнын  қысқасынан  айта  өтейін.  Баяндамамдағы 
айтқаным:  пән  сөздері  жағынан  да  басынан-ақ  қазақ  басқалардан 
бөлек жол тұтынды, басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен 
шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән сөзіне 
лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала бергендіктен, түпкі 
ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып 
жіберу даражаға жеткен.

315
Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. 
Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін – қайсысына да 
болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін, 
жат  сөздерді  амалсыз  болған  жерде  ғана  алатын  тәртіп  қолданды.  Ол 
тәртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тобында қабылданғаны айтылды. 
Сол жол басқа түріктер қолдануына да теріс болмас делінді.
Құрылтай  қарары  да  осы  негізді  болды.  Бірақ  жалғыз  қазақ  емес, 
басқалар  да  қолданатын  болғандықтан,  біздің  қолданған  тәртібімізге 
қосқандары  мынау  болды:  түрік  жұрттары  тілдерінің  жақындығына 
қарай топталып бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ 
түрде алынсын.
1-інші басқыштағы мектептерде қолданатын пән сөздер әр жұрттың 
өз  тілінен  алынуы  абзал;  2-нші  басқыштағы  мектептерде  қолданатын 
топқа  ортақтастырып  алған  пән  сөздер  болсын.  Жоғары  мектептерде 
әлемге жайылған Европа пән сөздері қолдансын делінді. 
Латын қарпын қолдаушы 7 баяндаманың екеуін ілім пәтуасы түрінде 
екі профессор жасады. Яковлев профессор әліп-би қандай қасиеттері-
мен  жақсы  болатынын,  не  үшін  латын  қарпын  қолдайтынын  айтты. 
Оның айтуынша, жақсы әліп-би тіл дыбысына түгел жету керек, қарып 
белгісі  аз  болу  керек.  Бұл  екі  қасиет  –  қазақ  әліп-биінен  табылатын 
қасиет.  Қазақтан  басқа  да  ондай  әліп-би  бар  деп  айтпады.  Дәйекші 
қойып қарып белгісін азайту – бұл табылған ақыл деп. Латын қарпын 
жақтайтыны  латын  қарпы  –  жайылып  келе  жатқан  қарып,  арабтікі 
тоқталып қалған қарып деді. Онан басқа латын қарпының араб қарпынан 
пәлендей артықшылығы бар деп айтқан жоқ. 
Жирков  профессор  араб  қарпының  сұлулығын,  бірақ  баспа  істері 
жағынан қолайсыз жағын, қәзіргі жеңілдетуге жасап жатқан өзгертулер 
араб қарпының сұлулығын бұзатындығын сөйледі. Мұның сөзінше бас-
паға жеңілдету мақсатпен араб қарпының сұлулығын бұзудан да өзінен 
безу артық деген пікір ұғылды. Латын қарпымен араб қарпын салыстыр-
ған жерінде арабтың ескі қарыптарын алып салыстырғандықтан, айтқан 
сөздері дәлелді бола алмай шықты. 
Бұлардан кейін баяндама жасаған латыншыл бес кісінің бесеуі латын 
қарпы  мен  араб  қарпын  салыстырғанда  (тістеріне  жұмсағырақ  болған 
соң) арабтың ескі қарпын алып салыстырумен болды. Көбі түк дәлелсіз 
болды. Араб әліп-биінің кемшілігі деп көрсетуге алған нәрселері біздің 
мұнан  15-16  жыл  бұрын  басын  ауыртқан  араб  емлесінің  кемшіліктері 
болып шықты.
Біздің  10-шы  жылдарда  шығарып  ескі  ұсқы  қоймасына  тастаған 
нәрселерімізді  кейбіреулер  26-ншы  жылдарға  дейін  тұтынып  келіп 
отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кіргенін өздерінше бір артықша 

316
жаңашылдық деп біліп, өздерін әлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. 
Тариқ  жүйелі  араб  емлесінің  тас  талқанын  шығарып  бұзып-жарып, 
араб  қарпымен-ақ  дыбысжүйелі  қазақ  емлесін  жасап  алғанымыздан 
қабарсыз  екен.  Олар  арабтың  емлесін  бұзудан  қарпын  тастау  оңай; 
қарпын  тастамай,  емлесін  бұзуға  болмайды  деп  ойлайды  екен.  Араб 
қарпынан  латын  қарпына  көшеміз  деуінің  ең  негізгі  себебі  осы  екен. 
Қазақ, қырғыз, башқұрт, татар араб емлесін бұзғаннан араб қарыптары 
қираған жоқ, қайта түзеліп жақсы бола бермекші. Бұл басқаларға мүмкін 
емес нәрсе сияқты көрінеді. Мәселен арабтың «
ﺩﺑﺨ
» деген сөзін арабтың  
бес қарпымен «
ﺩﺇﺎﺠ
» деп жазуға болмайды. Латынның ғана бес қарпымен 
жазуға болады. 
Араб қарпын қолдаушы екі баяндама болды. Оның да бірі, мәселен, 
Алпар  ұлының  баяндамасы,  араб  пен  латын  қарыптарының  жақсы-
жамандығын  сөз  қылмай,  араб  қарыптарына  баспа  жағынан  жеңілдету 
мақсатпен  жасалып  жатқан  өзгерістер  туралы.  Ол  өзгерістермен 
жасалған  тәжірибелер  араб  қарыптарын  түбінен  қопармай-ақ  түрін 
азырақ  өзгертумен  да  баспа  жағының  кемшілігі  жоғалып,  басқалардан 
артық болмаса, кем болмайтынын айтып, қандай өзгеріс жасалғандарын 
көрсетті.  Өзгерткен  қарыптардың  ірілері  осы  күнде  қолданылып, 
ұсақтары құйылып жатқандығын мәлім етті.
Араб пен латын қарыптарын таразыға тартқандай салыстырып, артық-
кем жақтарын ыспаттап көрсетіп, арабтікін тастап, латындікін алуда түк 
мағына  жоқтығын  айтып  сөйлеген  баяндама  асылында  жалғыз  Шарап 
ұлы Әлімжандікі болды. Латынға қарсы баяндама, сөйтіп, біреу-ақ десек 
те болады. Бірақ бір де болса, бірегей болды. 2 сағаттан астам айтылған 
баяндаманың мұнда жүзден бірін сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан тек 
ұшығын ғана көрсетіп өтемін. 
Баяндамашы  мәселені  асылынан  алып,  алшысынан  қойып  бастады. 
Ол  айтты:  біздер  сөз  қылып  отырғанымыз  –  «әліп-би  қалау»  мәселесі 
емес, «әліп-би алмастыру» мәселесі, «әліп-би қалау» деген мен «әліп-би 
алмастыру» деген – екеуі бір емес. Түрік жұрттары әліп-биі жоқ жұрттар 
болса, алдына салған әліп-билерді қарап-қарап, ұнатқан біреуін алар еді. 
Түрік жұрттары – тұтынып отырған әліп-биі бар жұрттар. Көбінің әліп-
бимен  байласқан  әдебиеті,  мәдениеті  бар.  Тұтынып  отырған  әліп-биді 
тастап,  бөтен  әліп-биге  көшкенде,  қанша  сауатты  адамдар  сауатсызға 
айналмақшы,  қанша  мұғалімдер  қайтадан  қат  үйренбекші,  қанша  бас-
пақаналардың  қарыптары  жаңадан  жасалып,  жаңадан  құйылмақшы, 
қанша қарып тізушілер қайтадан үйренбекші, қанша қаржы шықпақшы, 
қанша еңбек сарп етілмекші. Осыншама құрбандықтың бәрін өтегендей 
алмастырып алатын әліп-биде бұрынғымыздан анағұрлым артықшылық 
болу керек. Сондай артықтық алатын әліп-биде бар ма екен деп алып, екі 
әліп-биді түрлі жағынан салыстыруға түсті. 

317
Екі  әліп-бидің  де  артық-кем  жерлерін  әншейін  сөйлемей,  әр  түрлі 
ілім  тәжірибелерімен  ыспаттап,  даусыз  дәлелдер  келтіріп  баяндады. 
Ақтығында  латын  әліп-биінде  көп  құрбандықты  өтерлік  аса  артықтық 
болмақ  түгіл,  араб  әліп-биінен  де  көрі  кемшіліктері  көбірек  болып 
шықты, бірақ құрылтай дүкені жасаушылардың қолында болғандықтан, 
күн  бұрын  қолайлап  бәрін  икемдеп  қойғандықтан,  қазанның  құлағы 
қазаншының қалаған жерінен шықты: «Латын әліп-биінің артықтығына 
құрылтайдың  көзі  жетті.  Енді  алу-алмау  әр  жұрттың,  әр  мемлекеттің 
ықтиярында» деген қарар көпшілікпен өтті. 
Қанша  ыспат,  дәлелдер  болғанын  түбінде  құрылтай  жұмысының 
мағлұматтары басылып шыққанда, әркім өзі көре жатар. Қарып мәселесі 
турасында қазақ тарабынан айтқанымыз мынау болды: біздер мәдениет 
жүзінде  кейін  қалған  жұрт  болғандықтан,  мәдениет  қуатымыз  да,  мал 
қуатымыз  да  шағын,  сол  шағын  қуатымызды  қазірде  өте-мөте  керек 
нәрселерге  ғана  жұмсап  жатырмыз.  Қәзіргі  бізге  өте-мөте  керек  нәрсе 
–  оқу  кітаптары.  Бар  күшімізді  соған  салып  жатырмыз.  Басқа  керек 
нәрселер де толып жатыр; оларды қоя тұрып, өте керегін істеп жатырмыз. 
Қарып  жағынан  өте-мөте  керек  болып  қысып  тұрған  мұқтаждық  жоқ. 
Осы  құрылтайда  айтылған  пән  пәтуаларынша  ең  жақсы  емле  де,  ең 
жақсы  әліп-би  де  біздікі  болып  шықты.  Емле  мен  әліп-би  жағына 
келгенде, біз орыстан да, немістен де, француздан да, ағылшындардан да 
алда тұрғанымыз мәлім болды. Азғана күшімзді озған үстіне озамыз деп, 
озып тұрған жерімізге жұмсауымыз керек. Бізге жаны ашитындар қарып 
тауып  береміз  демей,  мектептерімізді  бұзау  мен  қозы  алатын  үйлерде 
пысынатпай, соларға үй салып берсе екен делінді. 
Қарыптан соңғы жасалған баяндамалар талқыға түсіп сөз болмастан 
комиссияға жіберіле берді. Ана тілін оқыту әдісі ғана сөз болыңқырады, 
басқалары тіпті айтыс ашылмастан комиссияға кетіп отырды. Ана тілін 
оқыту  әдісі  туралы  баяндама  жасаған  Щерба  профессордың  айтқан 
сөзінің  қысқаша  мазмұны  мынау  болды:  осы  кезде  ана  тілін  оқытуға 
қолданатын әдіс мынау: дыбыс негізді әдіс, тұтас тұлғалы әдіс (америка 
әдісі дейтін). Қай әдісті қолдану қолайлы болуы емле жүйесіне қарай: 
дыбыс  жүйелі  емлені  қолданушыларға  дыбыс  негізді  әдіспен  оқыту 
оңай,  тариқ  жүйелі  емлені  қолданушыларға  тұтас  тұлғалы  әддеспен 
оқыту  оңай.  Тұтас  тұлғалы  әдіс  –  ағылшын  емлесінің  ауырлығынан 
туған  әдіс,  Ағылшын  емлесі  тариқ  жүйелі.  Дыбыс  негізді  әдіспен 
ағылшын  емлесін  үйрену  азап,  қатта  мүмкін  де  емес.  Дыбыс  негізді 
әдіс дыбыс жүйелі емлеге өте қолайлы. Емлесі дыбыс негізді құрттар 
қолданған жерде үйретуге ең жеңіл, жемісі тез пісетін дыбыс негізді әдіс 
екені ақиқат.
Тұтас  тұлғалы  әдістің  өзін  оңаша  алып,  дыбыс  негізді  әдіспен 
салыстырғанда, түк артықтығы жоқ. Жазылуы мен айтылуы – екеуі екі 

318
басқа, ағылшын емлесіне дегенде ғана тұтас тұлғалы әдістің артықтығы 
бар.  Біздің  орыс  әдісшілерінің  тұтас  тұлғалы  әдіске  әуестенетіндері 
дыбыс  негізді  әдістен  көрі  оны  көрнекірек  дейді.  Асылында,  дыбыс 
негізді  әдіс  тариқ  жүйелі  ағылшын  емлесіне  қандай  қолайсыз  болса, 
тұтас тұлғалы әдіс дыбыс жүйелі емлесі бар жұрттардың қолданылуына 
да сондай қолайсыз болады деді. 
Құрылтай  түрік  жұрттары  үшін  дыбыс  жүйелі  емлені  қабыл  алған 
соң, оған қолайлысы дыбыс негізді әдіс болған соң, осы әдісті қабылдап 
қарар шығарды.
Ана тілін оқыту турасынан шығарған қарарға тағы да кірген баптар 
болды. Оның өте-мөте ескерерлігі мынау болды: 
1)  Ана  тілін  үйрену  жағын  жақсылау  үшін  түрік  жұрттарының  әр 
тілі  анық  танылуы  керек.  Тіл  іліміне  жетік  білімпаздар  шығару  үшін 
оқытушы даярлайтын орта мектеп пен жоғарғы мектептерде тіл сабақтары 
мектептерде тіл сабақтары елеулі орын алу керек.
2)  Бірінші  басқыштағы  мектептерде  тіл  сабағы  жүзінде  қалық 
әдебпеті басым боларға керек.
3)  Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім түрінде өз 
алдына оқытыларға керек.
4)  Әдебиет  2-нші  басқышта  әлеумет  тану  ілімімен  бірге  кез  келген 
түрде  де,  жүйеленіп  әдебиет  тариқы  түрде  де  оқытылу  керек.  Тариқ 
түрінде оқытылғанда ана тілінің әдебиетінен басқа ағайын жұрттардың 
әдебиеттерімен таныстыру керек.
5)  Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағана, 
қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағана жағын тануға 
керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Оқуға қатысты көбірек осы төрт мәселе сөзімен құрылтай әңгімесін 
тоқтатамын.
Ахмет Байтұрсынов
А.Байтұрсынов  Тіл  тағылымы  (қазақ  тілі  мен  оқу-ағартуға  қатысты  еңбектері). 
Алматы: «Ана тілі», 1992, 411-416 б.
ұлт һәм туған тіл
(Патшалық һәм бостандық заманында)
Россияда  залым  патшалар  дәурен  сүріп  тұрған  шағында  жалғыз 
славян ұлтын, оның ішінде байлары ғана өзінің барлығын білдіріп жасай 
алды. Байлардан шыққан жетіктер Россияда болған түрлі тілден сөйлеуші 
жүзден  аса  халықтың  әрқайсысының  да  айырым  ұлты,  ұлтына  қарай 

319
тұрмысы, білім, өнері барлығын баяндап тек керек мағлұматты ... ғамалға 
құйылған уағында іс бүтіндей мұның керісінше болып шығып тұрды. 
Патша  үкіметінің  ұлттар  тұрмысын  көріп,  оларды  көгертіп,  көр-
кейтумен ісі болмайды: ол әрдайымда халыққа көтере алмастай оларды 
өзінің  мейірімсіз  тырнағында  тілегенінше  жаншумен  болды.  Һәм  мил-
лиондаған  халықты,  әсіресе  шет  ұлттарды,  қалайша  қараңғылықпен 
аңсыз  аюандықта  өз  пайдаларын  білместей  меңіреу,  керектерін  сұрай 
алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданады. 
Бұдан  шығатын  белгілі  мағына  әркімге  де  күндей  анық  көрініп  тұр. 
Патша  үкіметі  шет  ұлттарды  аздап  болса  да  ағарту,  олардың  ғылым, 
өнерде артта қалғандарын алға бастыру тіпті де қам жеген жоқ. Ол һәр-
дайымда ұлттарды бір-біріне айдап салып, өшіктіріп, араларында қанды 
соғыстар  ашып,  әлсізін  күштісіне  талатумен  болды.  Бұл  ұлттардың 
мекенін аударып аяғынан тоздырып жібереді, ескі үкіметтің басқа да шет 
ұлттардың білім, өнерін сендіріп, өздеріне қас болған ғұрпы-ғадеттерін 
қалдырып,  діндерін  жойып,  бүтіндей,  орыстыққа  айналдыру  сықылды 
ең нашар ғамалдары да болды. Шет ұлттар бейнетқорларының жазымын 
сатып, славян ұлтының жұмыскер қарашекпендері үшін бейне айырым 
бір  мүлік  жиған  сияқты  көрініп  жалған  саясаттар  жүргізді.  Іс  жүзінде, 
әрине,  бұнан  дұрысында  сондай  бір  мақсат  жарыққа  шыққан  емес.  Ол 
қара  славяншылдықты  өршітсе  де,  бейне  тек  қана  славян  байларының 
шат тұрмыспен дәурен сүрулері ыңғайына қарап іс етті. Бүтін Россияда 
болған, Россия халқының бірігуі миссионерлер қамы һәм басқалар сияқты 
зор ұйымдардың бары да қызметтерін осы бағытқа ғана сіңірді. Һәм олар 
мемлекет бюджетінде зор шығындар жұмсалатын орындардан саналды, 
жалғыз ғана патша қазіретінің өзіне мәлім болған бұл шығындардың бәрі 
де жұмыскер қарашекпендер мен ұлттардың мойындарына келіп артулы 
еді. 
Патшалық  тәртібі  гулеп  тұрған  замандағы  іс  басқарулар  жоғарыда 
айтылған  сияқты  жырақта  жатқан  шет  ұлттардың  қараңғы  таптарына 
білім өнер сәулесін түсірмектен бетер, олардың ішкі, тысқы бүтін тобы 
ұлттық сақтауын жоққа шығарды. «Ұлт» сөзі құрғақ қана болып қалды. 
Бір халықтың өз тілінде білім-өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзы-
лып  өзгереді  һәм  көршілес  күшті  халықтың  тілімен  әсірелеп,  ...соған 
қол  болады,  оның  ішінде  жаңалықтар  көбейеді.  Ол  кішкене  ұлттарды 
жаңартып,  жандандырылмаған  ескі  тілі  өзінің  барлық  маңызын  жояды 
һәм жылдам ұмытылады. Мұның мысалын тарих бетінде бек көп ұшыра-
тамыз, бұрын да бірнеше халықтар болған, қазір біз олардың бірін де көре 
алмаймыз, һәм олар жоқ. Міне бұлар – сол тілдері жойылып кеткендер. 
Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған 
ұлт болады. 

320
Патшалық  заманында  көп  ұлттар  осындай  халдерге  душар  болды. 
Мінекей,  залым  патша  үкіметі  қолында  айырма  уақ  ұлттар  осылайша 
ойыншық болып жүрді. Ұлы өзгерістің қуатты күшімен патша үкіметі-
нің негізсіз ұясы быт-шыт болып таралды. Ол өзгеріс бізге сөз бен дінге 
үлкен  бостандық  берді.  Һәм  бүтін  ұлттарға  бірдей  құрдастық,  тегістік 
жолын  ашты.  Міне,  қазір  бізге  айнала  кеңшілік,  қай  жағымызда  да 
тоқталыс  беретін  кедергі  жоқ.  Ұлтымыздың  білім,  өнерін,  әсіресе,  ана 
тілімізді қалайша һәм өсірсек те жолымыз ашық. 
Өнер,  әдебиетімізді  көркейту,  шаруашылық  жағымызды  ілгері  бас-
тыруға  еріктіміз.  Осы  айтылған  мақсаттарды  жарыққа  шығарғанның 
соңында  бізде  де  күшті  ұлттармен  қатар,  ұлы  өзгерістің  үстімізге 
жүктеткен зор міндеттерін атқарған боламыз. 
Жалпы  өнер-білімнің  ішіне  ана  тілі  болуы  да  кіреді  һәм  мұның 
керісінше  ана  тілі  болудан  ұлттың  білім-өнері  табылады.  Ана  тілін 
білмей тұрып, ешбір білім-өнерді таратуға мүмкін емес. Ең әуелі ана тілі 
қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана 
тілін білмей тұрып ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда 
әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де 
өршімейді. 
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тисі. Біз тілімізді қанша 
сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз. 
Біз  қазіргіде  сөз  һәм  ұлт  бостандығы  беріліп  тұрған  заманда  ұлы 
мақсатты  жарыққа  шығару  үшін  еркін  бостандық  өзін  өзі  басқаратын 
ұлттар  мен  мемлекет  бірігіп  «Халық  союзын»  құруға  борыштармыз. 
Сонда ғана біздің қазаққа ұқсаған уақ ұлттардың жәбіріне жықпайтын, 
бар күшін бүтін халыққа бірдей пайда табылатын орындарға жұмсайтын 
үкімет құрылып, жалпы жұрттың басқарылу құрылысының түп мақсаты 
табылмақшы.  Бүтін  халық  һәрқайсысы  өзі  тілегенінше  ұлтының  білім-
өнерін жалпы халық союзының шығарған жолы бойынша орыс халқы-
мен қолға ұстасып өршіте алмақшы. Осы Ұлы Россияны сонда ғана өзінің 
шын тұрған жері етіп таппақшы. 
Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған 
ана тілімізді білсек қана осы мақсаттаршға жетпекпіз.
Егер ұлттың ешбір білім-өнері болмаса, оның кәсіп-харакеті де нашар 
болады. Мұның соңында ол күшті ұлттың қолтығына түседі, һәм солай-
ша біраз уақыт өткен соң ол ұлт бүтіндей жоқ болып кетеді. Осы айтыл-
ғандардың бәрі де білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне дәлел. 
Яғни ұлтшылдықтың нағыз белгісі болып табылады. Тіл мұнан басқа 
айырмаларда ұлттардың бәрі де бірдей. Тіл ешбір уақытта өзге нәрселер-
ге  бас  имеске  тиіс.  Біз  оны  бегірек  те  сүюге  һәм  түрлі  жұқпалы  шет 
тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл – айна, оның ішіне бүтін халықтың 
тұрмысы түсіп тұрады. 

321
Бала  анасының  құрсағында-ақ,  өз  ұлтының  тілімен  ауызданады, 
бүтін  денесі  сонымен  азықтанады.  Өскеннен  соң  бала  тілді  жарыққа 
шығарушыға, өршітуге борышты. 
Қазақ халқының келешектегі ұрпағының жазымы да осыған тіреулі. 
Біз  ана  тілімізді  оқып  білсек,  соның  арқасында  ұлтымыздың  білім-
өнерін алға жібереміз, өршітеміз. Білімі ілгері болған жақта тұрмыстың 
тірегі болған кәсіпөнер жолының кең болатындығы шексіз мәлім, онда 
шаруашылық жағы да орасан күшті әм өте сенімді болады.
Осы айтылған істерді орнына келтіргенде ғана өз ұлтымызға айырым 
басқалықтар даулай аламыз.
Ғұмар Қараш
Ғ.Қараш Замана. Алматы: «Ғылым», 1994, 221-223 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет