Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Мемлекет тілдері
Бір мемлекеттің қол астына қарап тұрған неше түрлі халықтар мұқ-
таж болып, бек қатты керек қылады, бір-бірін біліп танымақтарын. Со-
ның үшін олардың әр қайсысына тиісті бірнеше түрлі тілдерді білмектік. 
Бірақ мұның бәрін білу бек қиын һәм мекен-жайы сонан болса да әрбір 
мемлекеттерде мүмкін қатары жаһұт етіп білуге тырысады, қарап тұрған 
жайттарының  тілдерін  үйреніп  білмектеріне,  керекті  мақсатына  қарай. 
Еліне мұндай болмаған мезгілінде қиын болмай, жеңіл болса керек.
Біздің  уақытымызда  шыққан  машина  арқылы  жүретұғын  нәрселер-
дің себебіменен қандай үлкен дүниенің жүзін ойыншық секілді қылып, 
адамдардың  жүріп-тұруларына  жақын  қып  қойғандарының  себебінен 
әрбір  жұрттардың  бір-біріне  араласып,  қатынасулары  көбейіп  кеткен-
нен кейін, бүткіл халық араларына керекті тілдерді үйреніп білмектеріне 
керектігінің  барлығы  білініп  қалды.  Соның  үшін  ең  белгілі  халықтар-
дың бір-біріменен көнісіп уағда қылғандары баршаға керекті тіл болсын 
француз тілі деп.
Осылай болған мезгілде әрбір адам тәлім қылып, уақыты бола қал-
ған кезде оған керекті білмектік ең жоқ дегенде үш түрлі тілді. Тұрмыс 
уақытында  қиыншылық  көрмей  біреудің  болыспағын  сұрап,  оған  тәу-
елді  болғанша.  Әуел  білмек  керек  өз  тіліңді.  Онан  кейін  қарап  тұрған 
мемлекетінің тілін және мүмкін қатары француз тілінде. Бұл тілді барша 
халықтар  үйреніп,  жатыр,  орыстар,  арабтар,  немістер,  қытайлар  һәм 
басқалары да.
Тұрмыс мемлекетінің тілін білмектік әр қайсысына пайда һәм қарап 
тұрған мемлекетінің өзіне де пайдасы бар. Қолдарындағы халықтары тіл-
дерін  біліп  төзімдеріменен  мекеме  бұйрықтарын  ұғып  тұрғаннан  кейін 
оларды жақсы қылып сақтап ұстамақтарына. Соның үшін әр бір мемле-
кет  жайлары  жаһұт  қылады,  қол  астына  қарағыштары  мүмкін  қатары 
білсе екен деп, тұрмыс жағының тілдерін.
Және неміс ұлтының мемлекеті жаһұт етіп қалайды, қол астарына 
қараған  Россия  халқыменен  поляк  халықтары  неміс  тілдерін  үйреніп 
білсе  екен  деп.  Және  Россия  халықтары  жаһұт  етеді,  өзіне  қараған 
халықтары орысша ұғып, тілдерін білсе екен деп. Соның үшін міндет-
тілі қылып қойған баршаларына тілді үйретпектерін һәм бүкіл медре-
селерде  де  оқытып  білдірмектерін  һәм  бүкіл  медреселерде  табиғи 
қаратып қойған ең үлкен ғылым мекемесіне әрбір тексеруші жайларда 
және  мемлекетке  қараған  мекеме  жайларында  басқа  тіл  болмасын, 
жалғыз қарап тұрған мемлекет тілінен болады деп.

13
Ғылым, оқудың қажет екенінің баяны
Біздің қыр даласындағы қызметтегі қазақтарға орысша тіл білмектің 
қажет екені, мұның баршаға бірдей пайдалы екені төмендегі жазуда баян 
етіледі.
1891-інші  жылы  25-інші  мартта  патша  хазіретінің  әмірі  бойынша 
бекіліп шығарылған Дала уалаятына тиесілі низам бойынша қыр дала-
сындағы бес облыстағы халықтың сайланған билеріне әділетпен билік 
қылмақ үшін ықтияр берілген еді. Би басына қылған бітімдерін жаза-
тұғын книгалар берілді. Закон книгадан билер өздеріне қандай ықтияр, 
қандай міндет тиесілі екенін қарап білсе керек. Билік книгаларына дау 
жұмыс-тар  турасынан  қылған  кесімдерін  жазғанда  олай-бұлай  қисық 
қылмай  әділеттік  жөніменен  жазар  деп  ойлаған  едік  Енді  мұның  бір 
қапалығы  бар,  сайланған  халық  билері  орысша  түгіл,  қазақша  жазу 
білмейтұғын  адамдардан  болады.  Мәзкөр  книгалар  қолдарына  тиген 
соң қалайша бітім жазуларын білмей қапа болады. Орысша жазуменен 
тіл білмектің мұқ-таж екендігі бек қатты батып тұрады.
Осы  уақытта  біздердің  арамызда  шатақ  болып  тұрады.  Халық  ара-
сындағы ұлықтардың қылған істеріне адамның ақылы жетіп болмайды. 
Халықтың  пайдасын  ойлаған  адамдар  аз.  Қазақ  арасында  бекер  ай-
тылмайды мына мақал: «болыс бөлтірік, би қарға» деген. Қасқыр мешкей 
болған  соң  малдарға  шабатұғын,  қарға  ақымақ  болған  соң  бет  алдына 
қарқылдай  беретұғыны  кімдерге  мағлұм  емес.  Бұл  себептен  болыс 
нашарларды сыпырады, билер ақымақ болған соң жұмысын қалай болса 
солай тиянақсыз қылады.
Болыс  пенен  билер,  сіздерге  жаман  атақтан  құтылуға  уақыт  жетті 
ғой.  Бұл  атақтан  сіздерді  жамандаған  адамдарды  жаза  штраф  салып 
құтыламыз  дегендерің  бекер  болса  керек.  Мұндай  амал  қылғандарың-
мен оңдай алмассындар. Өздеріңді жақсы көріндірейін десеңдер өзге бір 
түрлі дұрыс, анық амал бар, ғылым, оқу оқып ақылды, әдепті болсаңдар 
керек,  орысша  тіл  үйреніңдер,  орысша  оқу  үйреніңдер.  Орысша  кітап 
оқысаңдар  ақыл  табарсыңдар,  білімдерің  артар,  тастай  болып  қатып 
қалған жүректеріңе дән беріп жібітер, қараңғылықтан көздеріңді ашар. 
Сіздерге  бұл  қажет  болса  керек.  Мұнан  кейін  жақсыны  жаманнан 
айырасыңдар, біреудікінің обал екенін білерсіңдер. Мұнан кейін сіздер 
бөтендікіне  құрмет  етіп,  жақсылық  өздеріңдікін  қорғарсыңдар.  Сіздер 
мұнан  соң  дұшпандарыңның  қылған  жамандық  залымдығын  законный 
құрметі  бойынша  һәм  таза  амалменен  тоқтатарсыңдар  һәм  қас  қылған 
адамдардың  өсегінен  құтыласыңдар.  «Білегі  жуан  біреуді  жығады, 
білімді мыңды жығады» деген мақалды өздерің де білесіңдер, ғой. Оқуды 
үйреніп  қуаттанып,  орысша  тілді  үйренсең  ғұмырыңда  аштан  өліп, 
көштен қалмас едің. Балаларымызды орысша школдан оқытсақ қымбат 

14
емес қой, мұнан оқып шыққан балалар өзіміздің халқымызға көп пайда 
келтірер  еді.  Оқу  оқып,  орысша  тілді  үйренген  соң  біздің  арамыздағы 
ретсіздікті  жоғалтқаннан  басқа  хал-ахуал  шаруамыз  да  ілгері  басып, 
көтерілер  еді.  Біздің  төмендегі  бара  жатқан  шаруамызды  көтеретұғын 
үйренген  жай  өнеріміз  де  һәм  оқуменен  білген  өнеріміз  де  жоқ.  Осы 
уақытқа шейін шаруаны реттеп жайғастыруда да жөндеп біз білмейміз. 
Осы  кезде  өзге  халықтар  жыл  сайын  ілгері  басып,  әр  түрлі  шаруа 
өнерлерін  асырып  кетіп  бара  жатыр.  Біздің  байлығымыздың  тиянағы 
мал  шаруамыз  дегеннен  күннен  күнге  нашарланып  барады.  Біздің  өлі 
малдарымызбен  тірі  малдарымыздың  жақсысы  қандарымызды  сүлікше 
сорған ноғай, сотқар адамдар, сарттардың қолына кетіп барады. Мұның 
барша себебі надандықтан һәм орысша тіл білмегендіктен. Бізге орысша 
тіл мен орыстың кітабы қажет. Кітаптан жай білім білгеннен басқа жан-
жақтағы дүниеде не хабар, не керемет болып жатқандарын білеміз. Мұнан 
кейін көк өгіз жерді көтеріп тұр деп айтқан ертегі сөздерге иланбас едік. 
Мұнан соң ноғайлардың айтқан жалған сөздеріне де иланбас едіңдер, біз 
бұлардан гөрі оқымысты, өнерпаз болар едік. Неге десеңіз, біздің арамызда 
ондай-мұндай жалған сөздерге иланатұғындарымыз ноғайлықтардан гөрі 
аз болса керек.
Орыстың тілі мен оқуын білуге бір-бірлеп қадам басқан сайын қажет 
болып  келеді.  Қалаға  келгенде  переводчик  таба  алмай  әуре  боламыз. 
Бұған жалынып сөзімізді жеткіз деп арыз жазып, малымызды сатысып 
бергеніне көп ақша төлейміз.
Солай  біз  бұрынғы  өткен  заманнан  қалған  жаман  әдетке  сеніп 
надандықтың  ішінде  қалғанымызға  бек  қайғыланамыз.  Орыстар 
біздің  қамымызды  ойлап  неше  жүз  жылдан  бермен  қарай  ұйықтаған 
ұйқымыздан оятып жаһұт қылады. Орыс біз үшін шаруа школын ашты. 
Біздің балаларымызға оқу оқуға әрбір школ-медресеге бостандық беріп 
тұрады. Мысалы, Омбы шаһарындағы әр түрлі школ-медреселерде біздің 
балаларымыз оқып жатады.
Бірақ  өкінеміз  біздің  надандығымызбен  теңестіре  қарағанда  оқыған 
қазақтардың  көптігі  теңізден  тамған  тамшыдай  ғана  болып  көрінеді. 
Сонда да біздер бұларды қуат қылып қырдың ішінде жатып қашан олар 
қайтып  келіп  өздерінің  өніп-өскен  туған  халқына  орыстың  школынан 
алған өнерлерін көрсетер екен деп күтіп тұрамыз.
Қорабай Жапанұлы
Оны-мұны
Әскери уәзіріне табиқ Каспий облысына қараған жерлерде әр жеріне 
Каспий  облысынын  ниеттері  бар  Россия  һәм  мұсылман  білімінше 

15
оқылатұғын  медресе  ашпаққа  ілгері  Түркістан  уалаятында  болған 
медреселерге ұқсаған. Сол медреселерде оқытылса керек Россия тілі, бір 
жерінде түрік тілі, оған парсы тілі. Мұның қақында қоспақка іле көрдік, 
төменде  Түркістан  газетінің  жиырма  екінші  нөмерінде  жазылмыш 
сөзінен.  Жазушысы  мағлұм  емес,  біреу  Піскент  шаһарында  Россияның 
жерлік медресесін көргені туралы жазған сөзі мынау:
–  Осы  июннің  3-інші  күнінде  Сырдария  жағындағы  медреселерді 
қарап тұрушы Смирнов деген бастық пенен Піскентке барып едім. Піскент 
көп адам тұратын үлкен шаһар болса да, ондағы орыс медресесінде он 
шақты ғана мұсылман баласы оқиды екен. Кім орыс ұлықтары мұсылман 
балаларын  орыс  тіліне  уақытында  үйретіп,  оларды  солдаттыққа  алады 
деген бірнеше ақымақ адамдардың сөздеріне бағзы мұсылмандар сенеді 
деп. Бұ тәрізді мектептердің үстінен қарайтын бастықтары дұрыс жауап 
береді. Орыстардың ұлықтары жұмысында бұ тәрізді ой ойлау лайық емес. 
Елге ұлықтар мұсылман пақырларға һәм олардың балаларына жақсылық 
қана ойлайды және орыс ұлықтары әрбір бұйрықтарын жасырын қылмай 
әшкере қылады. Өзінің күш-қуатына сенбеген адамдар ғана айла қылып, 
өз ойлаған нәрселерін жасырып тұтынады. Орыс жұрты – үлкен қуатты 
жұрт. Қуатын арттырмақ үшін жылында екі жүз мыңнан көбірек кіші-жас 
солдат жиып алады. Оны әр уақытта барша халық біледі. Басқа жұрттар 
да біледі. Бұл хақында газеталарға да басып тұрады. Егерде орыс ұлығы 
мұсылман балаларын солдатқа алмақты қаласа, бұл туралы да халыққа 
мағлұм  етіп,  газеталарға  бастырар  еді.  Мұнан  басқа  орыс  әскерінің 
ішінде жас солдаттар бар, хат білмейтін, қуаты жоқ. Оларды қарастылы 
қылмақ  үшін  солдат  болған  соң  оқытады.  Орыс  ұлықтары  өз  көңіліне 
алған  мақсаттарын  қылмаққа  күші  жетіп  тұрып  айла  қылмақ  не  керек. 
Орыс ұлықтарына бұ тәрізді бағуда бір мағына жерді халық ортасында 
надан, жаман ниетті адамдар жаяды, олардың сөздеріне құлақ салу керек 
емес. Мұсылман іштеріне мектеп ашпақ, мұсылман балаларын оқытпақ, 
мұсылмандардың пайдасы үшін-жүр. Орыс тілін білген граматлы адамдар 
басқа білмегенге қарағанда ізгі артық тұр. Басқа оларға пайда келтіргені 
сол емес не, неше уақыт өткен соң мұсылмандар өздері фаһимлап өтінеді 
екен.  Жаһұт  етерлері  орыс  тілін  білуге  һәм  өкінер  оқымағандар,  бекер 
оқымай уақытты босқа өткізгендеріне.
Біз  өзімізден  бұл  сөзді  қосамыз,  орыс  тілін  білген  солдаттыққа 
алынады  деген  бекер  сөз.  Бізге  бұрыннан  мағлұм-дүр.  Бұл  турада  осы 
газетте  бірнеше  мәрте  басылған  еді.  Бұ  тәрізді  бекер  ой  Піскенттегі 
мұсылмандар арасында осы уақытқа шейін бар екеніне қайран боламыз 
Осындай лайықсыз сөз, надан, бұзғыш адамдардың сөзіне әлі күнге ер-
мек – артық ұят. Мұсылмандарға әр уақытта жақсылық қалағыш ұлық-
тарға айналмақ керек еді.

«АйҚАП»  журнАЛЫ
(1911–1915)
1911  жылы  10  қаңтарда  Тройцкіде  қазақ  халқының  тарихында-
ғы  тұңғыш  «Айқап»  ұлттық  журналының  бірінші  нөмірі  шықты. 
Ұйымдастырушы  және  редакторы  –  М.Сералин.  «Айқап»  журналы 
1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына 
бір рет, 1912 жылдан соң айына екі рет, 12-24 бет көлемінде шығып 
тұрды. Барлығы 89 нөмірі жарық көрді, таралымы 1000 данаға дейін 
жетті. 
Троицкіде шығаруға рұқсат беру туралы 1910 жылы 18 қаңтарда 
берілген  куәлікте  басылымды  төмендегі  бағдарламамен  басу  көрсе-
тілген:
1.Бас мақала. 2. Шет ел хабарлары. 3. Мұсылман өмірінен мәселелер. 
4. Хроника. 5. Фельетондар мен өлеңдер. 6. Библиография және ғылыми 
мақалалар. 7. Әртүрлі хабарлар мен редакцияға хат. 
«Айқаптың»  бірінші  бетінде  елдегі  жаңалықтар,  ресми  хабарлар, 
екінші және үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман 
хаттары  басылып  тұрды.  Төртінші,  бесінші,  алтыншы  беттерінде 
проблемалық  мақалалар  берілді.  «Фельетон»,  «Хабарлар»  айдарлары 
журналдың орта тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма 
ескертулері мен рецензиялар соңғы жағынан  орын алды. 
М.Сералинмен  қатар  Б.Қаратаев,  Ж.Сейдалин,  С.Торайғыров 
журналдың  рухани  жетекшілеріне  айналды.  1911–1912  жылдары 
Ә.Ғалымов, 1913–1914 жылдары С.Торайғыров журналдың жауапты 
хатшысы  болды.  Басылым  бетінде  М.Жолдыбаев,  Т.Жомартбаев, 
М.Кашимов,  Қ.Кемеңгеров,  М.Ж.Көпеев,  А.Мұсағалиев,  Б.Сыртанов, 
С.Лапин, Н.Манаев, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Көбеев, Ж.Сейдалин, 
Б.Бекжанов  сынды  тұрақты  авторлардың  мақалалары  жарияланып 
тұрды.

17
Бірге қозғалалық
«Айқап»  журналы  жарыққа  шыққаннан  бері  қарай  онда  бірталай 
сөз,  бірталай  ой  жазыла  келді.  Бірақ  ондағы  ой,  іс  сөздердің  көбі 
шаруашылық  жайында  болды.  Оқу,  оқыту  турасында  бүгінгіше  (құдай 
біледі) сөз шыққан жоқ шығар. Сондықтан мен ойлаушы едім, бұл турада 
қазақ білімділері неге кеңеспейді? Әлде осы татарлардың бастапқы төрт 
жылғы  жаңа  мектептерінің  барлық  программаларын  қабыл  қылып,  тек 
сол жөніндегі кітаптардай қазақ тілінде мектеп кітаптарын шығарар ма 
екен? – деп. Көп кешіккен де жоқ нақ сол ойлағанымша татар әліппелері 
жолынша қазақ тілінде әліппе, басқа кітаптар майданға да шыға бастады. 
Бұл кітаптар майданға кеңессіз кесіп келіп жатқаны да ескерусіз жатқан 
оқу турасында «Айқаптың» № 4 санында «А.Б» -ның қолыменен «жазу 
тәртібінің  аталуы  бір  жазу  көрінеді.  («А.Б»  Ахмет  Байтұрсыновтың 
псевдонимы С.Д.).
Бірақ  ол  мырзаның  ойы  біздің  ойымызға  жақындамастай  басқа 
көрінеді.  Шонки  ол  манағы  жазуында  орысша  аз  болғанда  8-10  жыл 
оқымай, өзіңе керекті білім алып болмауын айтады да қазақша оқығанда 
екі жылда жазып, жеткендей оқып болуды сөйлеп: «Қазақша оқу дегенде 
мен  осы  күнгі  оқып  жүрген  мұсылманша  оқуды  айтпаймын.  Бұ  күні 
мұсылманша  оқудың  бұлғалақ-шырғалағы  көп.  Онымен  жүріп  орысша 
білуге кеткен уақыттан аз уақыт кетпейді» – деп өзінің молласы алдында... 
отырған қызғанышты замандарын еске түсіреді. Бұ мырзаның қарауында 
мұсылманша оқу әлі бұлғалақ-шырғалақ. Ары кетсе үш айда балаларды 
оқып, жазуға түсіндіретін татар айтуынша «Осүл жәдит» – қазақша төте 
оқу», оған мағұлым емес.
Мен  А.Б.  мырзаны  бұлайша  хабарсыз  деп  ойлағым  келмейді.  Тек 
түркі оқуды жөнге салушы құрметті Ысмағұлбек Гаспринский бір татар 
болған  соң  татарлардың  ұстаздығын  қабыл  еткісі  келмейтін  шығар 
деймін.  Шонки  ол  араб  қаріптерімен  бірге  сіңгендіктен  амалсыз  ғана 
алуға зорланғанын аңдатады. Бірақ не қылмақ керек, өзің қисық болсаң, 
айнаға  өкпелеп  болмайды.  Жалғыз  татар  менен  қазақ  қана  емес,  ол 
қадірлі Ысмағұл бабаның салған төте жолы Үндістанға да барып қабыл 
қылынды.  Менің  қарауымда  тілесе  қандай  жұрт  болсын,  өзіне  қарай 
бір артықтығы бар. Бұ күнде оқу жөнінің артықтығы татарларда болған 
сықылды, қазақтарда шын түріктіктің ғадеті, тілі уа басқа қымбаттары 
сақталып келгендігіне ешкім қарсы келмейді. 
Татардағы  әліппелер  соның  ішінен  Россиядағы  бытырап  жатқан 
мұсылман-түріктердің  мектептерінің  көбіне  қабыл  қылғанын  Ахмет-
һәди Махсұдтың «Мұғалім алауыл» деген әліппесі, сол татар әліппелері 
жөніменен тәртіп қылынған Уфа медресесі Ғалиясындағы қазақ шәкірт-
терінің төте оқу ... бәрі де татарда я қазақта А.Б. мырзаның айтқанындай 

18
24 дыбыс бар делінбей, 28 дыбыспенен майданға таралды. Бұған қарсы 
келген  жан  жоқ,  шонки  барлық  түрік  баласы  ойлаған  ойын  сол  28 
дыбыспен жазып, басқаларға өз керегін түсіндіре алады. Ол 28 дыбыс: 
і, б, п, т, ж, ч, х, р, з, ж, е, ш, ц, ғ, ф, к, к, г, н, л, м, н, о, у, һ, и. Бірақ А.Б. 
мырзаның айтқанынша бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты 
дауысты емес. Бәлки 28-і де жарты дауысты. Шонки араб қаріптері керек 
түрік сөзі, керек араб сөзі болсын ешқайсысының басында орыстардың 
дауыссыз  дыбыстары  сықылды  б,  с,  р  болып  оқылмайды.  Бәлки  сөз 
басында келгенде барлығы да үстіне кішкентай (уау белгісі) қойылып 
б, т, о, ш суретінде оқылады. Орыстардың «Степан» деген атын қазақша 
Стіпан  деп  жазып  көрсетілсе,  әр  жазу  таныған  қазақ  алдына  бір  «і» 
дыбыстың керек екенін сөйлейді. Міне, сол жарты дауысты 28 дыбыс-
тың  ішіне  екінші  бір  дыбысқа  қосылып,  дауыстыға  айналатындары 
төртеу  болады.  Үшеуі  толық  дауысты,  біреуі  қысқа.  Толық  дауысты 
дыбыстың  бірісі  «А»  болады.  Мұны  «А»  дыбысы  сырттан  қарағанда 
көп  кісі  жалғыз  дыбыс  деп  түсінеді.  Әммә  ол  асылында  «ЫА»  деген 
екі дыбыстан жасалған. Яғни бір «Ы» дыбысына екінші «А» дыбысы 
қосылып  дауысты  болған.  Бұл  сыр  араб  қаріптеріне  таныс  адамдарға 
жасырын болмаса керек. Өңге дыбыстар да «а» сықылды «ба, та, жа, 
ға» деп дауысты қылады. Бұл қаріп әр уақыт дыбыстарды үстілі қылып 
қысқаша ғана созады: бе, же, іе, ре ... сықылды. Сондықтан орыстардың 
кеңірдектен келетұғын «э» дыбысын э, а, у дыбысын о, ы, и, і деп жеті 
түрде жазуының һәммәда ие дыбысын, е дыбысын е, я, ю, ь деп төрт 
түрде  жазуын  ауырсынбаушылар  үшін  біздегі  екі  түрлі  и,  ы  менен 
төрт  түрлі  бұғаз  дыбыстарының  a,  і,  һ  болып  жазылуларында  ешбір 
қиыншылық болмаса керек. Шонки, мұндайға ғана өзгелік орыстардың 
бас һәм орта қаріптерінде де бар. 
А.Б. 28 дыбысты былайша санайды: А, а, п, т, ж, ч, д, з, р, с, ғ, қ, к, г, 
л, м, н, о, ы, и, ие, о, Әммә (т, ц, ү, ж, ф) дыбыстарын бұлар араб-парсы уа 
басқа түріктерге керек болса да біздің қазаққа тіпті керегі жоқ деп етек-
жеңін  түріп  қашады.  Арабтардың  өңге  дыбыстарын  қабыл  алғанда  өз 
тілімізде сөйленетұғын (т, ц, ч, ф) менен шет тілден араласқан (журнал) 
сықылды жаңа сөздерді жазу үшін парсынын, ж қарпінен қалай қашуға 
керек?  Өңге  тілдерде  бір  дыбыс  бес-алты  түрде  жазылған  шақта  бізде 
бір дыбыстың екеу яки үш түрде жазылуын қиын көріп, еркін түріктің 
майданынан шығып, біз түрік емес, қазақпыз деп өз-өзіңді қысудан қанша 
пайда  шығар?!  Бұл  А.Б-ның  қабылдамаған  дыбыстары  қазақ  сөзінде 
бәрі де бар. Алайық: шаңырақ бар және жібек матаның бір түріне чай» 
деп айтылады. Міне, «чай» деген сөзді «шей» деп жазу қандай келіссіз 
болса, «чаңрақ» деп жазу ұнамсыз. Және де «сөз», соз, со, сыз, сын, тік, 
тыз, тын, тон деген қазаша сөздерде шек жоқ, өз дыбысымен жазу керек 
болады.  Ал  енді  дыбысының  қазақ  тілінде  ашық  айтылатыны  есепсіз 

19
көп болғандықтан, оған мен ұқсасын келтіріп те тұрмаймын. Енді бұлай 
болғанда бір дыбыс екі түрлі жазылып екі дыбысқа есептелсе де А.Б-ның 
(Ахмет  Байтұрсынов  С.Д.)  жіңішкерту  дәйектісі  ешуақытта  қиындық 
келтірмейді. Ойлап қарайық, дәйекті қағида болсын, бірақ еш қағидасыз 
қойылған  дәйекшіден не  мағына  шығар? Дәйекті  қойылған  уақытта  да 
оның  үстіне  қарағанда  қалыңдық,  жіңішкелікті  өздігінен  түсіндіріп 
тұрғандай бір белгі болуға керек. Бұлай болмаған дәйекті, дәйекті емес, 
таяқша болмақ... 
Әлі  оның  бір  қызық  сөзі  және  бар:  «Менің  бұл  сөздеріме  қарсы 
түскен адам болса, сөзін сәріф, нахумен ажбат етсін!» – деп қорқытып 
қояды. Апырмау, жаңа ғана шығып жерді жасырып жатқан бидайшықтан 
«маған осы егіннен нан пісіріп бер» деп біреуге айту қандай күлкі болса, 
сөз болып ұйытпаған дыбыстардың қалай болуын сәріф, нахумен ажбат 
етілуін  сұрау  сонша  күлкі  емес  пе?!  Жаман,  жақсы  болса  да  қазақша 
майданда  бірнеше  кітап  жазғандар  бар,  оларға  мойын  бұрмау  орынды 
болмас.  Бастап  сол  майдандағы  кітаптарды  көзден  өткізіп,  кімдікі 
болса да көрсету керек. Оларды елемей, сөз сөйлеуші адамның сөзі ол 
кітаптар жағындағы адамдар қасында еленбес. Міне, соның үшін бірге 
қимылдалық, бірге қозғалалық!
Ж. Шияшов
жазу тәртібі
«Айқаптың»  4-5  нөмірлерінде  А.Б.  (Ахмет  Байтұрсынов)  қазақша 
жазуға тәртіп көрсетіп, оқушылардың сынына салған, көпшілік ұнатса, 
сол  тәртіппен  әліппе  бастырмақшы  екен.  Жазуды  тәртіпке  салу  деген 
оңай  емес.  «Оқушылар  сынасын»  дегенде  әркім  басына  келгенін 
жазатұғын  болса,  еш  уақытта  ойды  бір  жерге  қорытып  болмайды,  бұл 
туралы сынаушылар да байқап жазарға керек. Әркімнің ізіне түсіп қуған, 
үйренген бір ісі болады. Сол ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер 
оқу  оқытуды  машықтап,  ол  оқытудың  һәм  оқытқан  нәрселерінің,  асыл 
тәртібін,  түп  негізін  анық  білетін  кісілер  жазу  хақында  өз  пікірлерін 
түсінікті  етіп  жазса,  сынаушы  деп  соларға  айтуға  жарайды.  Құр  шала-
шарпы  естіген  яки  өзінің  көзі  үйренгеннен  басқаның  бәрі  де  теріс  деп 
білушілер сынайтын болса, біреу түгіл, тоқсан тоғыз тәртіпке де табан 
тоқтату қиын.
«Айқаптың»  №6  нөмірінде  Ш.Жияшов  деген  кісі  (А.Б.)  Ахмет 
Байтұрсыновтың  жазу  тәртібін  тіпті  басқаша  түсінген,  дұрыс  айтқанда 
түсінбеген.  Ол  кісінің,  жазғаны  №7  тамам  болмаса  да  сондағы  жаз-
ғандарынан-ақ  бұл  мәселеге  нешік  қарауы  байқалды.  Бұл  кісі  Ахмет 
Байтұрсыновтың  жазу  тәртібінің  дұрыс,  терісін  өз  алдына  тексеруден 

20
бұрын  ноғайлардың  әліппе  жазушыларынан  басқа  жол  іздегені  үшін 
қатты  ренжіген.  Ахмет  Байтұрсыновтың  ноғай  жазушыларын  жатыр-
қағандықтан емес, қазақ тілінде қанша дыбыс болса, сонша белгі көрсетіп, 
артық қаріптерді кеміткен. Соныменен қазақша жазу-оқуды оңайлатқан. 
Сынаушы да осы арасын көздерге керек еді. Ахмет Байтұрсыновтың бұл 
көрсеткенінде  жаңа  тәртіп,  ноғайлардын,  «үсұл  жәдит»  ...  жаңа  тәртіп 
деген сөз, екеуінің де көздеген мақсаты бір. Қазақтың оқығандары қазақ 
балаларын өз тілінде үйрету үшін жеңілдікті басқа ретпенен тапса, ноғай 
жазушылары өкпелер ме екен?!
Жияшовтың бұл күнгі қолданып тұрған ноғай әліппелерінің, кемші-
лігі  жоқ,  соның  үшін  оған  қарсы  келген  жан  жоқ  дейді  де  хатта  «үсұл 
жәдит» яғни звуковой метод пенен оқыту ноғайлар арасына кіргеніне көп 
заман өткен жоқ. 
Наху  Сәріф  кітаптары  соңғы  бір-екі  жылдың,  ішінде  ғана  көріне 
бастады, ноғай сөздерінде де бағызы дыбыстардың өзіне арнаған белгілері 
жоқ екені мағұлым. Біз өз ісімізді басқаралық. Қазіргі әліппелерін, оқу 
кітаптарын  тәртіпсіз  көшірушілер  ноғайлардың  өз  арасында  жоқ  емес, 
бар.  Мысалы,  Қазанда  учитель  Әбуәлханов  шығарған  «Үсұл  жәдитке» 
қарсы бірінші алдым деген рсәләләр (әңгіме С.Д.) секілді Жияшов Ахмет 
Байтұрсыновтың қаріптерді дауысты, дауыссызға бөлуін де қатеге санап, 
28 қаріптің бәрін де жарты дауысты дейді. Бұл еш уақытта естілмеген 
жаңа  хабар.  Керек  мұсылманша,  керек  орысша  оқығандарды  құрметті 
Жияшов сол қаріптердің бәрі де жарты дауысты, арасында дауысты һәм 
дауыссыздары жоқ екендігіне сендіріп болғанша мен өзім сенбей тұрам. 
Ахмет  Байтұрсыновтың  тәртібінше  қазақ  тіліндегі  әрбір  дыбыстың 
өзіне арнаған қарпі бар. Ол қаріптерменен не айтылса, соны жазуға, не 
жазылса  соны  оқуға  болады.  Орыс  жазуында  менен  е-нің  дыбысы  бір, 
жазылатын  орындары  басқа  болғандықтан  жалғыз  қаріп  үшін  емтихан 
уақытында  қанша  балалар  азап  шегеді!  Бір  қаріптің  орынсыз  артық 
жүргендігінен мұндай қиыншылық болғанда 14 қаріп артық жүрген қазақ 
жазуында қалайша шатақ болмасын. 
Жияшовтың: «Бірге қозғалалық ... түрік балалары ... һәди махсудының 
әліппесі Гаспринскийдің төте жолын Үндістан мұсылмандары да қабыл 
қылды...»  деген  сөзінен  («Айқаптың»  №7  қалған  сөзінің  ақырын  оқып 
көрсем де) біздің қазақтарда түрік балаларының осы күнгі қолданып келе 
жатқан  жазу  тәртібінше  болуын  мәслихат  көретіндігін  түсінемін.  Бұл 
секілді пікірлер менен бұрын да азырақ таныстығым бар. Дұрыс, түрік 
баласы  екеніміз  рас,  береке-бірлікте  екені  де  рас.  Бірақ  жеңілдік  үшін 
әліппенің бірнеше қарпін өзгертумен түрік қауымынан шығып қаламыз 
ба? Онан дін, дүниеге қарасымыз өзгере ме? Қайта, қалың түрік тұқымы-
ның  бір  тарауы  болған  қазақ  жұрты  өзінің  тұқымдастарынан  кейін 
қалмасқа  тырысып,  оларменен  аяғын  тең  басуға  тағы  да  төтерек  жол 

21
тауып,  ілгері  ұмтылғаны  қуаныш  емес  пе?  Бұрынғыдай  кемшілігімізді 
көрмей,  қатемізді  түземей,  құр  «біз  де  түрік  баласымыз»  деп  атаның 
әруағына  сүйенумен  қазіргі  өнер-білімнің  қызу  заманында  бәйгеге 
қосыла аламыз ба? Егер жазу тәртібі Ахмет Байтұрсыновтың көрсетуін-
ше болса, түрік, татар, араб, парсы жазуларын оқуға болмай ма? Әбтейі 
мектепте шет тілдері өзі де оқылмайды. Қазақша әбтейі мектепті бітірген 
шәкірт  ноғайлардың  орта  мектептеріне  түспекші  яки  арабша,  парсыша 
оқымақшы  болса,  қазақ  әліппесіндегі  жоқ  5-10  қаріпті  екі-үш  сабақта 
үйреніп білуге болады. Және де 3-4 жылдай белгілі тәртіпте қазақша оқып, 
жазып үйренген соң, әлгі соңынан таныс болған қаріптерді қазақ тіліндегі 
сөздерге  бұрынғыдай  қатынастырмайды.  Ахмет  Байтұрсыновтың  жазу 
тәртібін ұнатқанымнан басқа қосарым мынау: «Қазақ әліппесіне ф, х-да 
кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болмаса да қазақ тіліне кірген араб, 
парсы сөздерінде һәм: «Ахмет, Мұхамеджан, Фазыл...» деген секілді қазақ 
аттарында бұл екі қаріп көп ұшырайды. Ф мен х әліппеге кіргенменен 
жазу  тәртібіне  қиыншылық  келтірмейді.  Естілуінде  де,  жазылуында 
да бұлардан айыра алмастай ұйқас қаріптер жоқ. Жазу тәртібі хақында 
оқығандар (әсіресе мұғалімдер) шабандамай тезірек пікірлерін білдірсе 
екен. Ұнатпағандары себебін көрсетіп, ұнатқандары қосары болмаса да 
ашық хатпенен ұнатқандығын білдірсе, «Айқап» олардың кімдер екенін 
басып тұрар еді.
Азамат Алашұлы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет