Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ


Қазақ республикасының мекемелерінде қазақ һәм орыс тілін



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Қазақ республикасының мекемелерінде қазақ һәм орыс тілін 
қолдану туралы низам
1.  Қазақ  республикасына  кіретін  Семей,  Ақмола,  Орынбор-Торғай, 
Орал, Бөкей губерналарының һәм Адай үйезінің мемлекет мекемелерінде 
қазақ тілі, орыс тілі қатар қолданылады.
2.  Қазақтың  кіндік  һәм  губерниялық  мекемелерінен  шыққан  келелі 
жалпыға  тиісті  декрет,  жоба,  циркуляр  міндетті  қаулы  һәм  басқа  заң 
хүкімет қағаздары қазақ тілінде, орыс тілінде қатар шығарылады. Қатар 
жарияланады.
3. Республикадағы бүкіл кіндік һәм губерниялық мекемелердің кең-
селеріндегі өз араларындағы қағаздар орыс тілінде жүргізіледі.
4.  Республикадағы  үйездный  мекемелердің  кеңселеріндегі  һәм  жо-
ғарғы (кіндік губерниялық) қатынас қағаздар орыс тілінде жүргізіледі.
5.  Үйездный  мекемелер  өз  араларында  һәм  төменгі  6-шы  статьяда 
айтылған орындармен ол орындардың кеңседегі қолданатын тілдерімен 
қатынасады.
6. Республикадағы мекемелермен қатынас қағаз һәм ауылни, посел-
ковый советтердің болысной, районный исполкомдардың, ревкомдардың 
һәм  халық  соттарының  кеңселері,  халқы  қазақ  болғанда  қазақ  тілінде, 
орыс болса орыс тілінде жүргізіледі.
7.  Чеканың  ревтрибуналдың  анықтау  һәм  тергеу  қағаздары  басы 
жұмысты болған кісілердің тілінде жүргізіледі.

144
8.  Бұл  айтылғандардан  басқа  орындарда  кеңсе  тілі  һәм  мекемелер 
арасындағы қағаз қазақша да, орысша да болуы мүмкін. Бірақ қай тілді 
қолдану әр уақытта қолайлылығына іс жүзінде пайдалырағына қаралады.
9.  Кіндік  губерналық  үйездік  мекемелердін  берілетін  мандат  удос-
товерение ашықхат қазақша да, орысша да сызылады.
Бұл декрет губерниялық газеттерде басылып жарияланғаннан былай 
күш алып қолданыла бастайды.
Қазақстан халық комиссарлар 
кеңесінің бастығы: Р.Зинкович
 Хатшы: Тисарская
Мемлекет тілі
Мұнда мемлекет тілі деп, түрік тілі алынып еді. Бірақ іске келгенде, 
жалпы тұрғын халықтарға бірдей түрік тілі дегеннің жоқ екендігі белгілі 
болды. Сонымен, ол мәселе ашық қалып тұр.
Кембағалдар қамқоршылығы мекемелерінің жұмысына
 жергілікті халықты қатыстыру мәселесі
Кембағалдар  қамқоршылығы  бөлімдерінің  жұмысын  басқарушылар 
алғы  еуропалықтар  болғандығынан,  олардың  жергілікті  Түркістан  Рес-
публикасы халқының әдет-ғұрпын білмегендігінен, кембағалдар қамқор-
шылығы халық комиссариаты кіндіктен шықан барлық тәртіптері жұмыс-
тары жергілікті халықтың тұрмыс шарттарына көбіне сәйкес келмейді.
Республиканың  жергілікті  халқын  кеңестер  құрылысының,  соның 
ішінде  қамқоршылық  жұмысына  қатыстырудың  сөзсіз  керек  екендігі 
айдан анық һәм тіршіліктін бұйыртып тұрған нәрсесі.
Мұның  керектігін  бұйыратын  Түркістан  халқының  жүзден  93-і 
мұсылман, 7-і еуропалық болғандығы.
Кембағалдар қамқоршылығы бөлімдерінің жұмысы жергілікті халық-
тың  тілінде  жүргізілмегендігі  көп  нәрсеге  кесел  болды.  Мұсылмандар 
кембағалдар  қамқоршылығы  бөлімінің  жұмысына  қатыса  алмайды. 
Әсіресе ең тиісті жергілікті халық қамқоршылық жәрдемін мемлекеттен 
дұрыстап ала алмайды.
Еуропалықтардан  шыққан  ысылған  қызметкерлердің  республика 
хүкіметінің мекемелерінде жеткілікті емес екендігі белгілі. Соның үшін 
жұмысқа облыс орталықтары шет жерлер түгіл халық комиссариатының 
өзінде де жұмыстың оңынан гөрі, теріске айналуына сөз жоқ еді.

145
Жұмысты жергілікті халық тілінде жүргізуімен мұсылмандарды қам-
қоршылық  қызметіне  қатыстырып,  жергілікті  халықтың  шын  мұқтаж-
дарын қанағаттандыруға мүмкін.
Ескі  Ташкеннің  қамқоршылық  бөлімінің  тәжірибесіне  қарағанда 
жұмысты мұсылман тілінде үлгірушілікке түсудің еш зияны тиген жоқ 
һәм жұмыста бір түрлі жұмысты болып келді.
Жоғарыда  айтылғандардан  шығатын  мағына:  қазір  еш  көрместен 
жер-жерде  қамқоршылық  мекемелерінің  ісін  мұсылман  тілінде  жүргі-
зіп жіберу. Ең алдымен болыстық, аймақтық һәм ескі қалалардың қам-
қоршылық мекемелерінен бастау керек.
Бұл  мақсатқа  Түркістан  ортақшыл  партиясының  кіндік  комитетінің 
һәм комиссарлар кеңесінін жәрдеміне сүйеніп жетуге ғана болады.
Козлов
Мемлекет тілдері
Халық  комиссарлар  кеңесінің  соңғы  күндегі  жылдарының  бірінде 
Мемлекет тілдері деп бәрі бір құқықты қазақ, өзбек, түркімен тілдерін 
тануға қаулы болған.
Жергілікті тілдер туралы шығарылған заңды жүзеге шығаруға жөн-
жоба  түзу  үшін  төмендегі  жолдастардан  айырым  комиссия  сайланды: 
Атабаев, Ахметов һәм Қожанов.
Түркістан хүкімет баспасөз істері
Төңкеріс  болып  бостандық  беріле  бастағаннан  кейін,  бұрынғы  күр-
меулі келген тіл шешенге, бұрыны бүркеулі келген тілек жүзеге шығуға 
айналып тіпті бұрынғы айтылмай келе жатқан сан алуан керектердің де 
талайы айтылып, талайы сөйленді. Бірақ сол керектердің ісіндегі де ең 
керегі оқу, оқыту, білім, өнер. Бұл белгілі бір ақиқат, мұны әр кімде біледі. 
Өйткені бұл айтылмай жүрген керек, сөйленбей, жазылмай жүрген тілек 
емес, сан айтылып, сан рет жазылған бір нәрсе.
Россия  мемлекетінде  ірілі,  ұсақты  әр  түрлі  ұлт  көп.  Сол  ұлттардың 
ішіндегі білім, өнер жағынан кенжелеп, кеш қалғаны, мектептен мақрұм, 
мәтбуғатқа  кедей  қазақ  пен  өзбек  болып  келген.  Мынау  ұлы  төңкеріс, 
кеңес хүкіметініңде көрген халі, алған ар, жан азығы шамалы. Мектептің 
саны бар, сапасы жоқ. Мұғалімнің аты бар, мазасы жоқ. Мектеп болып 
қалқиып, қаланып төрт дуал тұр, кітабы жоқ. Өзбек мәдениетті шаһарда 
тұрады. Бір жерде жиын, бәрінде жатақ бар. Қазақ көшпелі, әр таудың 

146
етегінде, әр саланың бойында, онын үстіне қазаққа қарағанда өзбектер-
дің кітап жағынан біраз ескілікті қоры бар. Қазақта дым жоқ.
Түркістанға  кеңес  хүкіметі  құрылғалы  міне  төрт  жыл,  Түркістан 
хүкіметінің  хүкімет  баспасөз  мекемесінің  құрылғанына  екі  жыл,  әлі 
ешнәрсе  жоқ.  «Қызыл  байрақ»  газетінің  87-ші  санында  өзбек  мәтбұға-
тының  халінен  зарланып  Ғазі  Жүніс  жазады.  Хүкімет  баспасөз 
мекемесінің  істеп  жатқан  істерінен  де  зарланады.  Бұл  күнде  хүкімет 
баспасөз мекеме істерінің басында отырған қазақ болғандықтан істеліп, 
шығып жатқанының бәрі де қазақтікі дейді.
Ол нәрселер шықса қайда жүр?
Үйезді  қоя  тұрайық.  Осы  Ташкенттің  өзінде  нағыз  қазақша  таза 
мектеп  төртеу,  қазақ  кітабынан  бір  дана  жоқ.  Ташкент  хүкіметтің 
астанасы. Мұндағы бірінші басқыш мұғалімдерімен елдегі мұғалімдерді 
салыстыруға  болмайды.  Хүкімет  баспасөз  мекемесі  құрылғаннан  бері 
мұндағы  мұғалімдердің  өзі  кітаптың  жоқтығынан  зарланады.  Өзбекше 
баспаса, қазақша баспағанмен, құр басып жатырмыз деген нобайы болса 
екі жылдан бері осы хүкімет баспасөз мекемесі не істеп келген болады?
– Елге шықсаң, кітапханаларға кірсең өзбек тілінде жазылған «саяси» 
уақ-түйек  кітаптардың  санына  жете  алмайсың.  Бұл  күнде  күш  хүкімет 
ұйымдарында.  Саяси  ұйымдарда  отырып  саяси  уақ-түйек  кітаптармен 
хүкімет  баспасөз  мекемесін  толтырушылар,  мектеп  құралдарының 
басылуына жол береді. Қирағат кітабы, тіл құралы, жылдық есеп құралы 
(І,  ІІ  жылдық),  биянші,  жағрафия,  Түркістан  тарихы,  табиғаттану, 
жануарлар  (зоология)  атты  кітаптардың  алдының  берілгеніне  биыл 
3  жыл,  артына  да  жыл  толып  қалды.  Біріде  басылған  жоқ.  Ардақты 
Әбубәкір  ағайдың  еңбектерінен  томдық  кітаптың  әзір  болғанына  міне 
жыл жарым, әлі басылмай жатыр. Уақ-түйек әдебиет кітаптары да даяр. 
Басылып жатқан, басылып шыққан бірі де жоқ. Мінекей хүкімет баспасөз 
мекемесінің қазаққа қылып отырған қызметі! Уақ-түйек саяси кітаптар 
қанша көп болғанымен оқымай, білмей жатып қара бұқараның барлығы 
да саясат ісіне қатысып бәрі де «политикант» болып кете алмас. Саяси 
уақ-түйек кітаптар басылды. «Нұсқа көрсетілді ғой», деп сол саяси уақ-
түйек кітаптарды бастырып отырған комиссариаттар, ел ішіне нұсқаушы 
жібермей тағы тұра алмас. Онан қайта өзбек, қазақ мұғалімдері, өзбек, 
қазақ  азаматтары  болып  халық  ағарту  комиссариатына  айту  керек. 
Үстіміздегі  осы  бір-екі  айда  әрекет  етіп  хүкімет  баспасөз  мекемесінің 
мойнына оқу құралдарының бәрінде басып беруді міндетті қыл деп. Егер 
комиссариат әрекетіне кірісіп істете қалса, ең жақсысы осы. Бірақ мұны 
істейтін комиссариат болса...
К.

147
жАңА КІТАПТАр
І
жануарлар
Осы  жақын  арада  доктор  Халел  Досмұхаммедовтың  «Жануарлар» 
(зоология) атты кітабының 1-ші бөлімі басылуға берілді. Кітап суретті. 
Шамасы  200  беттен  артығырақ,  бұл  кітапта  сүйекті  жануарлар  туралы 
ғана мағлұмат берілген. Мұнан бұрын жазда «табиғаттану» атты бір кітап 
берген еді. Ол кітабы жақын шамаларда шықса керек. Бұл екі кітапты да 
Халел ағай мектеп шәкірттеріне дәрістік етіп шығарып отыр. Сөйткенмен 
хат  танып,  оқи  білген  әрбір  қазақтың  пайдалануы  мүмкін.  Жануарлар 
кітабы бүтін сүйекті жануарларды балық, бақа, жорғалаушы құстар, сүт 
ішушілер  атымен  тапқа  бөлініп  осы  сүйекті  тапты  жануарларды  ғана 
баян  етіп  шығады.  Кітап  тіл  жағынан,  түзіліс,  термин  жағынан  кемші-
ліксіз. Бұдан бұрын қазақ тілінде бұл сияқты ғылыми кітаптар жазылған, 
шыққан емес. Оның себебі бұл сияқты ғылыми кітап жазуға көп шебер-
лік керек. Оның үстіне біздегі бір ауру тілге, терминге кедейлік еді. Мына 
кітаптарында Халел ағай тіл жағынан, термин жағынан кедейлік көрсетіп 
отырған жоқ.
Кітап  қазақ  орта  мектептерінің  шәкірттері  үшін  жазылған.  Бірақ, 
бірінші басқыш мектептерінің соңғы екі бөлімдерінен бастап қолдануға 
лайықты.  Қазақ-қырғыз  білім  комиссиясы  ашылғаннан  бері  бірте-бірте 
ғылыми  кітап  жазып,  қызмет  сіндіріп  келе  жатқан  кісінің  бірі  Халел 
мұнан былай да кейінгілерге осындай ғылыми оқу құралдарын шығарып, 
еңбегін  аямас  деген  ниетте  болып  қолға  алған  ісінің  өнімді,  жемісті 
болуына тілектеспіз.
II
Түркістан
Учитель Иса Тоқтыбаев тарапынан Түркістан аймағының жағрафия-
сы,  тарихы  баян  етілген  «Түркістан»  атты  кітап  баспаға  беріліп  отыр. 
Кітапта  100-ге  жақын  әр  түрлі  Түркістан  аймағында  жүретін  аңдар 
мен өсетін өсімдіктерінің суреті бар. Кітап орта қолда бірінші басқыш 
мектептердің  төртінші,  бесінші  бөлімдерінде  бастауыш  жағрафиядан 
кейін  қолданылу  үшін  шығарылған.  Кітапта  Түркістанның  саясаты, 
жерінің  өнімі,  халқының  саны  жақсы  ғана  баян  етілген.  Түркістан 
аймағында бүтін суарылып егілетін жер қанша, суарылмай егілетін шөл 
егістіктер  қанша,  облыс  ретімен  айтылып  бұлар  айрықша  көрсетілген. 
Түркістанның жер шарасы бір жазық шақырымдағы отырған халқының 
саны  бұларда  айтылған.  Қысқасы  Түркістан  аймағының  жағрафиясы, 

148
тарихы, жағына жақсы берілген. Хүкімет басқарма реттері де баяндалған. 
Тіл,  термин  жағынан  бұл  кітапта  кедей  емес  әр  неше  жұмыстарының 
өнімді, пайдалы болып гүлденуіне біз тілектеспіз.
У-Хан
жетісудағы қазақ-қырғыз даралмұғалымы
Жетісуда  шын  оқытушылар  жетістіру  мақсатымен  1921  жылдың  15 
октябрінде Алматы қаласында Жетісудағы қазақ-қырғыз балалары үшін 
3 жылдық педагогика мектебіне биыл 75 оқушы қабыл қылады. Бұның 
55-і қазақ-қырғыздан. 10-ы тараншыдан, 5-і дүнгеннен қалғаны орыстан, 
басқа  ұлттардан  алынады.  Жетісу  қазақ-қырғыз  педагогика  мектебінде 
оқу ана тілінен басқа сабақтардың бәрі де орыс тілінде болады. Жетісу 
қазақ-қырғыз  педагогика  мектебіне  әр  үйезден  7  бала  емтиханмен 
алынады.  Жетісу  қазақ-қырғыз  педагогика  мектебіне  кіру  шарттары 
мыналар: жасы 16 мен 25 ортасында болуы керек. Төрт амалды жақсы 
білу керек. Қазақ-қырғызша жақсы сөйлей білуінің үстіне Қазақ-қырғыз 
тілінде  жазылған  кітаптарды  мүдірместен  оқырлық  һәм  ескі  емлемен 
болса да жылдам жазарлық болуы керек. Орысша айтылған сөзге жақсы 
түсінерлік,  орысша  жаза  білерлік  һәм  баспа  орыс  кітаптарын  оқырлық 
болуы керек. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінің биыл екі әзірлік 
бөлімі  ашылады.  Лажы  болғанда  негізге  үш  бөлімнің  бірінші  бөлімі 
ашылады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне кірушілер мектепті 
бітірместен шығып кете алмайды. Мектептің әр түрлі низамына бас июге 
міндеткер.  Егер  боған  мойын  қоймаса,  бастығына  бас  имеген  солдат 
қатарында жазалы болады.
Жетісу  қазақ-қырғыз  педагогика  мектебінде  ішіп-жер,  киім  кешек, 
пәтер  шама  келгенінше  қазынадан  болады.  Бірақ  осы  уақыттағы  жоқ-
шылық жағын ескеріп оқушылардың лажы болғанда киім кешек, азық-
түлік. Төсек-жастықтарымен келулері тиіс.
Жетісу  қазақ-қырғыз  педагогика  мектебіне  жоғарыдағы  жазылған 
шарттар табылса, еркек-ұрғашы айырмасына қарамай алынады. Ұрғашы-
лардың жатақханасы бөлек болады.
Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінде оқуға тіленушілер өзіне 
ең жақын болған халық ағарту бөліміне жастарын, орысша-мұсылманша 
оқуларын, қай ұлттан екендігін білдіруі керек. Егер бір адам бөлсе әйелі-
нің бар жоғын, әйел адам болса ерінің бар жоғын көрсетіп, арыз берулері 
керек. Соңынан халық ағарту бөлімі емтихан алып жарлықтарын, қазақ-
қырғыз педагогика мектебінде оқу үшін Алматыға жібереді. Жетісу қазақ-
қырғыз  педагогика  мектебіне  келушілердің  көлікке  төлеген  қаражаты 

149
Алматыға келген соң облыстық халық ағарту бөлімі тарапынан төленеді. 
Тек жол жөнекей тіл хат, аты жөндерін туралып жазып, мөр бастырып 
жүрулері  керек.  Жетісу  қазақ-қырғыз  педагогика  мектебіне  кіру  үшін 
хат  арқылы  яки  телеграмм  арқылы  хабарлағысы  келген  адамдар  болса 
төмендегі адреспен сөйлессін. Ол адрес мынау. гор.Алматы Облотнароб 
Сарбаеву.
1921 жылы 14 сентябрь «Алматы» Жетісу облысының халық ағарту 
бөлімі бастығы: Біләл Сүлеев.
Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебі 
ұйымдастырушыларынан:
Шамағали Сарабаев, Қажым Басимов.
Арыс ортақшыл мектебі
21-ші жыл Шымкент халық ағарту бөлімінің жәрдемімен ашылмақ-
шы  болған  ортақшыл  мектебі  үй  болмағандықтан  1  тоқтап  қалған  еді. 
Сүйткенмен де Арыс болысындағы 2-3 үйден тігіп отырған байлардың 
бірлі-жарымды үйлерін алып осы жыл (15 майдан бері) ортақшыл мектеп 
ашылды, оқушылары 50-60 бар. 
15 сентябрьден кейін салқын түсе бастаған соң Тәшкент үйезі халық 
ағарту  бөлімінің  жәрдемі  мен  бізді  Темірлан  поселкесіне  көшірді. 
Бірақ  мұнда  да  жай  жеткіліксіз,  сүйткенмен  бұл  күнге  шейін  көрген 
кемшілігіміздің  бірі  мынау  болды:  мектептің  керек-жарағын  сұрап 
қағаз жазсақ, басында тұрған орыс болғандықтан орысша жазбасаңдар 
алынбайды  деп  бермейді.  Орысша  біз  жақсы  білмейміз,  хүкімет  тілі 
түрік тілі деп бұйрық шықсада мұның ел ішінде жүріп жатқаны жоқ. Ең 
болмағанда  мектеп  оқу-оқыту  істеріне  тиісті  мекеменің  мұсылмандар-
дан болуы ылайықты деймін.
Досмұхаммед Медетов 
Қазақ-қырғыз білім комиссиясы
(басы өткен санда)
Комиссия  екінші  қолға  өткеннен  кейін  бұрынғы  орнынан  көшіріліп 
қазақ-қырғыз институтына келтірілді. Бізде әскер, іс білетін азаматтар-
дың  кендігі  бүкіл  жұртқа  мәлім.  Істерлік  кісіге  келгенде  басымызға 
тартқанымыз аяғымызға, аяғымызға тартқанымыз басымызға жетпейді. 
Кісі  аз,  іс  көп.  Сондықтан  бір  ғана  істің  басын  ұстап,  бір  жұмыспен 
ғана  жүрген  азаматтар  бізде  жоқ,  қайсысы  болса  да  екі,  үш  түрлі, 
екі,  үш  жердегі  істе  жетер.  Солай  болған  соң  осындай  кемтарлықпен 

150
комиссияның көшіп-қонуы болсын, кеңсесін түзеп, құрып алуы болсын 
біразға таман сөз болыңқырады.
Қашанда болса кісінің өзі тілемесе, зорлап, айтып істетуден мәні кем 
шықпақ.  Оның  үстіне  қосымша  біздегі  бір  ауру  –  тілге  байлықта,  іске 
жалқаулық. «Пәлендей ісімді істеп, пәлендей кітабымды жазып бер», – 
деп  өтінгенмен  комиссияның  тілін  алып,  айтқанына  көнген  һәм  көніп 
отырған кісілер шамалы.
Сондықтан тап көңілдегідей болып заулап жүріп отырған комиссия-
ның ісі де аз, сөйткенмен де әзірге істеп болған һәм істеп жатқан істері-
нің түрін біраз айтып көрсетіп өтейін:
Комиссия өзінің жол-жобасын түзеді, істейтін істерінің планын құр-
ды.  Комиссия  мүшелерінің  алғашқы  кезде  бесеу  болғандығын  жазған 
едім, сол бес мүшеге лайық комиссия бес бөлімге бөлді: 1) білім бөлімі; 
2) тарих-этнография; 3) әдебиет суретшілік бөлімі; 4) үгіт-насихат бөлімі; 
5) библиография бөлімі. Әр мүше өзіне берілген мүшенің басқарушысы 
танылды. Әр бөлім өзіне тиісті істер туралы план, жоба құрды.
17-ші жылғы төңкерістен бері қазақ тілінде жаңалап шыққан халық 
оқырлық  кітап,  еш  нәрсе  болған  емес.  Бұрын  бірлі-жарым  әдебиет, 
өлең кітаптары, мектеп құралдары болса да, олар Түркістан қазақ-қыр-
ғыздарына  еркіндеп  тарай  алған  жоқ.  Сондықтан  комиссия:  1)  «Оян 
қазақ» 2) «Топ жарған» 3) «Азамат» 4) «Маса» 5) «Терме» 6) «Уақ-түйек» 
7) «Шолпан» 8) «Қырық мысал» 9) «Тұрымтай» 10) «Жиған-терген» 11) 
«Жастық  жемістері»  атты  бұрынғы  шыққан  кітаптарды  қазақ  емлесі-
мен  көшіртіп  бастыруға  берді.  Тағы  бұлардан  басқа  жаңадан  берілген 
кітаптар:
1) Балдырған (өлең кітабы) Ілияс Жансүгіровтікі;
2)  «Жиған  терген»  өлеңдер  «Қазақ»,  «Айқап»,  «Жаңа  өріс»,  «Ақ 
жолдағы»  өлеңдерді  жиып,  көшіртіп  өлеңдер  жиынтығы  ретінде  шы-
ғарылып отырған бір кітап.
3)  Әбубәкір  Диваев  тарапынан  жиналған  батырлар  хикаясы  атты 
кітаптар:  а)  Қара  қыпшақ  Қобыланды  батыр  ә)  Бекет  батыр  б)  Қамбар 
батыр в) Нәрік ұғылы Шора батыр г) Алпамыс батыр ғ) Жора батыр д) 
мырза Едіге батыр.
Енді жақында тағы да баспаға берілетін деп көшіріліп жатқан кітаптар:
1)  Денсаулық  кітабы  Жұмағали  Тілеулиндікі.  «Қазақта»  жазған  ма-
қаласынан көшіріліп, кітап қылынып берілейін деп отыр.
2) Жұқпалы аурулар – бұл да «Қазақта» жазылған әр түрлі мақала-
лардан көшіріліп кітап қылынып жатыр.
3) Мал індеті, мал тұқымын асылдандыру туралы «Қазақ» газетінде-
гі жазылған әр түрлі мақалалар, мұны да өз алдына кішкене бір кітапша 
ретінде шығармақ болып көшіртіп жатыр.

151
Бұл  күнде  ел  ішіндегі  жастар  бұрынғыдай  емес,  оянды,  ұйысты, 
ұйымдасты.  Әр  жерлерде  сауық  кештерін  қойып  халықтың  тіршілік, 
тұрмыс, мінез-кұлқын айнадай көз алдарына елестетіп көрсетіп жатыр. 
Бірақ, жастардың мұндай талаптарын ілгері бастырып тұрарлық қазақша 
жазылған ел ішінде сауык кітаптары жоқ. Болғандары қол жазба, ол да 
бірлі-жарымды кісілердің қолында жүр. Білім комиссиясына бұл туралы 
кітап  берушілерде  аз,  тек  колдағы  сауық  кітаптарды  бастыруға  лайық 
көріп, жадырып, даярлатып жатыр:
1) «Балқия» 4 перделік драмма М.Дулатовтікі 2) «Алтын сақина» 3 
перделік драмма Қ.Кемеңгеровтікі 3) «Сылаң қыз» 1 перделік комедия 
Ж.Аймауытовтікі 4) «Айлалы конақтар» 1 перделік комедия Қажымол-
ла Басимовтікі 5) «Жемір болыс» 3 перделік драмма Ж.Аймауытовтікі 
6) «Қызыл қаршар» 1 перделік М.Дулатовтікі – «Қазақ » газетінен.
Бұл күнде ел ішіндегі мектеп балалары болсын, өз тұрмысынан ха-
лық  тіршілігінен  алынып  жазылған  бір  кітап  көрген  жоқ.  Бар  көргені 
татар,  өзбек  тіліндегі  уақ-түйек  кітаптар.  Білім  комиссиясы  құрылған-
нан кейін бұл жағында ықтиярға алып әзірге ермек ете тұрулары үшін 
мынадай хикая, ертектерді көшіртіп, аудартып уақ-түйек кітапша қылып 
шығаруға  тырысып  жатыр:  1)  «Қазақ»  газетіндегі  Қырым  баласының 
«Қырым» сөзі Н.Маркстен деп жазған тәржімалары 2) «Қазақ» газетін-
дегі А.Байтұрсыновтың «Дін таласы» деп Толстой кітабынан алып жаз-
ған оқшау сөзі
3)  «Қазақ»  газетіндегі  М.Дулатовтың  «Құлдау  досты»  деп  жазған 
тәржімалары  4)  «Алтын  балық»  А.Байтұрсыновтың  өлеңінен  сөзге 
айнал-дырылды  һәм  әр  түрлі  уақ-түйек  баларға  лайықты  хикаялар. 
Мәселен: «Маймыл мен көзілдірік», «Ақылды теке» «Алтын жұмыртқа» 
сияқтылар.
Бұлардан басқа қазақ-қырғыз білім комиссиясы бірінші һәм үшінші 
басқыш  мектептер  үшін  төмендегі  кісілерге  оқу  құралдарын  жазуға 
тапсырды:
1)  Жануарлар  1-2  бөлім.  Досмұхамедовқа  (мұның  екіншісі  бітті, 
жақында баспаға берілмек);
2) Физика – Кәрім Жәленовқа;
3) Есеп құралы екінші бөлім, Кәрім Жәленовқа;
4) Педагогика – Иемберген Табынбаевқа;
5) Психология – Иемберген Табынбаевқа;
6) Есеп амалдары – Файзулла Ғылымжановқа;
7) Есеп құралы – бірінші бөлім С.Қожановқа;
8) Есеп ережелері (теория, арифметика) С.Қожановқа.
Ақыры бар.
Келден

152
Білім һәм тіршілік
Халық ағарту комиссариатының білім кеңесінде
Балалар тәрбиелеуші білім комиссиясы ұлттар, білім комиссиялары-
мен қосылып тұрғын халықтардың школдарына кітап даярлаудың жос-
парын  жасауға  кірісіп  жатыр.  Мына  түрде:  тіл  құралдар  даярлау  реті, 
алдымен өзбек тілі құралы дайындалмақ (қазақ тілі құралы бар, түрікпен 
тілі құралын даярлауға Гашкентте күш жоқ).
Түрік тұқымының тілін жақсы білетін профессор Половты һәм күн-
шығыс  тілдерінің  бір  қатарына  жетікшелеу  профессор  Полигаповты 
мұғалімдерге ана тілін оқытуды һәм оқу құралдарын қалай жазуды оңай-
латып қолқабыс беріп отыратын бір кітап жаздыру қамына кірісіп жатыр.
Бастауыш мектептерінің төрт буынында оқытуға оқу құралдарының 
түрі керек. Жоғарғы бөлімдеріне уақ әңгімелері бар кітапшалар керек.
Балалар  тәрбиелеуші  білім  комиссиясы  Түркістан  балалары  үшін 
орыс  һәм  дүниялық  әдебиет  кітаптарынан  ыңғайлы  пайдалы  кітаптар-
ды  тұрғын  тілге  аудартуға  қам  қылып  жатыр.  Кітапты  іріктеу  негізі  я 
тұрмыс жүзінде жақындыққа қаралады, я болмаса туысқандық жүзіндегі 
жақындыққа қаралады.
Қазақтың «тіл тізімі» 
(словарь) туралы
Тарихтың  көрсетуіне  қарағанда  біздің  заманымызға  шейін  дүние 
жүзінде бірнеше халықтар, бірнеше ұлттар өткен. Ол ұлттар, халықтар 
түрлі тілде сөйлегендігіне сол тарих тағы да айғақ. Ол тілдердің кейбірі 
осы  уақытқа  шейін  құрып  кетіп,  кейбіреулері  сөйленіп  келе  жатыр. 
Сөйленіп  келе  жатқан  тілдердің  ішіне  шет  ұлттардың  сөздерінен  де 
кіріп,  тіл  тілге,  сөз  сөзге  жамалып,  тіл  байымақ  та,  сөз  кеңеймек  те. 
Мұны көрсетуші әр ұлттың, ұлт тілінің «словарь». Бізше айтқанда «сөз 
тізімі» болатын шығар. Қысқасы «словарь» тілдің тарихын, тілдің сырын 
халыққа аңғартушы бір зат болып шығады.
Біздің заманымыз бәсеке заманы. Адам баласының мәдени тұрмысқа 
бәсекелесіп өршіген заманы. Мұндай заманда дүние жүзіндегі жасаушы 
ұлттардың тілі, әдебиеті сынға түспекші, сыналмақшы. Ғылыми тілдер-
дің қай жерінен, қай ұлттың тілі орын алғандығы белгіленбекші. Ұлттың 
ұлтшылығы тілінің баюы мен әдебиетінің кеңеюімен ғана танылмақшы.
Ғылым  артылған  сайын,  білім  ұлғайған  сайын  тіл  де  көркейіп 
байымақшы. Сөз де кеңейіп ғылыми сөздерден тиісті орнын ала бермек-
ші.  Бұрын  да  болса,  соңғы  мына  төңкеріс  замандарында  да  қонысы 
сыбайлас орыс ұлтының әдебиетінде де түрліше саяси, ғылыми сөздер, 

153
терминдер шығып жатыр. Оған лайықты қазақтың да тілдері шығып әр 
аудан, әркім әртүрлі сөз, термин тауып қазақ тілі ғылыми тілге жанаса 
бастағандығы  көрінеді.  Бұл  сөздер,  терминдер  әркімнің  өз  ойынан 
алынып  халыққа  жас  сөздер,  терминдер  емес  қазақтың  өзіне  белгілі 
сөзі, белгілі тілі. Бірақ бұл сөздер бұрын да халық аузында тар мағынада 
алынып  жүрсе  де  қазіргі  уақытта  саяси  ғылыми  тіршіліктерде  кең 
мағынада алынып жүр һәм осылай болуына тиіс. Кейбіреулер мына сөз 
ауыл  арасында  сөйленетін  еді,  қалайша  саяси,  ғылыми  терминдерге, 
сөздерге кірісіп қалды. Мұнысы орынсыз ғой, пәлен ғой, түген ғой деп... 
жүрген  шығар.  Оларға  біздің  айтатынымыз:  қазақ  халқы  бұрында  қой 
бағып, мал арасында, мал есебінде жүретін халық еді. Енді сол қазақтан 
оқымыстылар шығып, хүкімет істеріне қатысып, саясатқа ие болып, өз 
алдарына  бір  республика,  бір  аудан  болып  «қазақ»  ұлттығын  көрсетіп 
отыр.  Ұлт  мектептерін  ашып,  ұлт  тәрбиесін  беріп  отыр.  Орыстың  «тіл 
құрал» (грамматикаларында) сөйленіп келе жатқан «падежная клонения» 
һәм  осыған  ұқсаған  сөздері  түбін  тексергенде  қаншама  кісі  силарлық 
атадан  артық  туған  сыпайы  сөздер  еді?  Бірақ  ғылыми  сөздер  бөлініп, 
сөйленіп, әдеттеліп кеткен.
Әзір есітір құлаққа да, сөйлер сөзге де оншама өрескел емес. Сондай-
ақ біздің қазақтың ана тілінде түрлі фани кітаптар шығып, ол кітаптар-
дың  ішіндегі  терминдері,  сөздері  қазақ  сөзі,  термині  болып,  орыстың 
«словарь»  деген  сөзін  қазақшаға  аударып  «сөз  тізім»  деп  отырса, 
әуелгі кезде өте жат көрінеді, күлкі де болар, өйтседе бірте-бірте құлақ 
жаттығып, бой үйреніп қазақтың бір сыпайы сөзі болып кетер. Бәрінен де 
талаптанып, талпынып істей берген жақсы.
«Ақ  жолдың»  122-ші  санынан  бастап  «Келденнің»  «Қазақ-қырғыз 
білім комиссиясы» деген мақаласы басылып келе жатыр. Бұл мақалада 
білім комиссиясының ісі туралы халықты аңғартып отыр. Соның ішіңде 
оқу кітаптарын жазып жатқан һәм жазып тапсырған мырзалардың атта-
рын көрсетіп отыр. Әрине комиссиясының бұл ісі халықты қуантарлық 
игілік  іс.  Мұнсыз  халық  ағармақшы,  халыққа  саңлау  кірмекші  емес 
екендігі анық. Бірақ осы ғана жазылып шыққан һәм шығатын кітаптар 
халықты қанағаттандырады деп айтуға болмайды.
Жоқтан  бар  жақсы,  аздан  көп  жақсы.  Жазушылар  тағы  да  табылар, 
тағы да жазар. Бірте-бірте кітаптар түрленер, көбейер. Бұл кітаптардың 
сөз  терминдері  әуелгі  кезде  ұнамсыз  да,  бір  сөзге  неше  түрлі  мағына 
берілетін  реттері  де  болары  сөз  емес.  Көш  жүре  бара  түзелер.  Бұл 
қолайсыздықтардың  барлығы  да  қазақ  сөзі  ғылыми  сөздердің  тиісті 
жерінен орын алып белгіленбегендігінен.
Сондықтан  оқу,  оқыту  істеріне  «кітап»  қандай  керек  болса,  жазу-
шыларға термин үшін «сөз тізім» (словарьдың) керектігі онанда артық.

154
«Сөз тізім» (словарьдың) тағы керекті жері: жазушылар көп орында 
орыс  сөзіне  қазақша  сөз  таба  алмай,  қапелімде  есіне  түспей  сасатын 
кездері көп болады.
Алдында  «сөз  тізім»  (словарь)  болса  қарай  салып  жаза  салу  оңай 
болар  еді.  Екінші  орыстың  бір  сөзіне  қазақша  бірнеше  мағына  беріліп 
жүретін кездері де көп болады.
Мына «занавес» деген орыс сөзіне «шымылдық» (қазақша), «перде» 
(парсыша)  деп  мағына  беріліп  жүрсе  халықта  белгілі  бағыт  белгілі 
түсінік  болмайды.  Соның  үшін  бізге  қазақтың  сөйлеп  жүрген  сөзінің 
бәрін  тізіп  «сөз  тізім»  (словарь)  қылып  шығару  керек-ақ.  Онан  кейін 
түрлі словарьлар «сөз томдар» жасау оңай болады.
Қазақта  бұрын  жасалған  «сөз  тізім»  (словарьдан)  бары  мыналар: 
Орынбордағы  миционер  тобының  1905-ші  жылғы  жасап  шығарған 
орысша,  қазақша  словары  тағы  Есмұхамед  Бокиннің  орысша-қазақша, 
қазақша-орысша  словары  тағы  осыған  ұқсаған  уақ-түйек  словарьлар. 
Бұлардың  барлығы  да  біздің  жазушыларымызды  қанағаттандырады 
деуге болмайды. Өйткені киіз туырлықты қазақ ұлтының ілгеріден бері 
сөйленіп келе жатқан сөздерінің барлығы таңба (алқыба) ретінше тізіліп 
бұл  словарьларға  кірмеген.  Сондықтан  қазақ-қырғыз  білім  комиссиясы 
қазақтың  бүкіл  сөйленіп  жүрген  сөздерін  таңба  (алқыба)  ретінше  тізіп 
есебін  алмақты  план  етіп  отыр.  Сонан  соң  түрлі  словарьлар  жасамақ-
шы.  Бұл  туралы  Келден  мырза  өз  мақаласында  «словарьді  Садуақас 
Оспановқа  тапсырған  едік.  Оспанов  мырза  бұл  күнге  шейін  жарым 
хәріптік те еңбегін көрсеткен жоқ» деп асығып жазып отыр.
Енді  «сөз  тізім»  (словарьға)  келейік.  Білім  комиссиясы  маған  «сөз 
тізім» (словарьды) тапсырғанына бір ай болды. Одан бері мен қарап жүр-
генім жоқ. Қазақ сөздерінің барлығын таңба (алқыба) ретінше тізіп тап-
сыру менің міндетімде болғасын керекті материалдарды тексеріп жүрмін.
Менің бір айлық тәжірибеме қарағанда сөз тізу онша оңай көрінбейді. 
Қазақтың  әр  бір  аудандарындағы  сөйленіп  жүрген  сөздер  көз  алдымда 
тұруға тиіс. Көбінше: жер, адам, шөп, өсімдік түрлі аңдардың аттары һәр 
ауданда әртүрлі сөйленеді. Солардың бәрі көз алдыңда болса, сонда ғана 
қазақтың толық «сөз тізімі» болады. Орысша айтқанда полный киргизский 
словарь живых слов. Сондықтан жоғарыдағы сөйленіп келе жатқан сөздер 
халыққа сөз тізім (словарь) керек екендігін һәм ол сөз тізімнің жасалуы 
өте  қиын  екендігін  көрсетеді.  Қазақтың  40-50  мың  шамалы  сөйлеп 
жүрген сөздерін хәріп ретінше шұқылап тізіп отыру Келденге оңай болса 
да басқаға қиын шығар.... Бір айға асыққан Келденнің словары алты айда 
бітсе де жарар. Келденнің онда да халықты ағартуы кенже қалмас.
С.Оспанов

155

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет