Отаршылдықтың тұқымын құрту
Ұлт комиссариатының бөлімдеріменен жиналып жатқандар, отар-
шылдардың аталуының жайында. Олардың атағында болған қалалар,
көшелер, станциялар һәм сондайлар. Түркістан республикасы оның
атын өзгерту мақсатына баяндама істелініп жатыр. Памятнигі туралы
(отаршылдық заманының) құртуға тиісті болған. Өзінің бөтен ілгергі
қаулы-жобасымен қатар һәм ұлт комиссариатының тиісті мекемелерінің
келісуіменен жергілікті халықтың тілін университетке, институтқа
һәм бөтен школдарға белгілі бір савдағы сабақ орнына қосу мәселесін
жүзеге шығару. Осы үстіміздегі уақытта ұлт комиссариатымен жұма
күні кеңселерде қызмет болмасын, жабылсын һәм сол күнді тінту күні
қылайық. Бұл түрлі мекемелердің барлығында да болсын деген мәселе
көтерілуі.
Ұлт комиссариатының ұлт аздығы бөлімі ноябрь айының басынан
бастап өзінің ісін ашты. Оның міндетіне жанайтып ұлт жұмысын
сақтау (Түркістан аймағының ұлт аздығының) һәм халық ағарту комис-
сариатының жанындағы ұлт аздығының советіне халық ағарту жағының
тар ғана мәселесін қалдырып ноябрьдің ішінде ішкі іс комиссариатының,
әділшілік комиссариатының һәм ел бөлімінің уәкілімен бірлесіп ұлт
комиссариаты түзеп һәм қарап өтті, тұрмысқа һәм жанға тиімді жағымен,
Түркістан республикасының өлген, байға шыққан һәм туғандарды
жазатын актіні.
Терминология хақында
Мәдениет һәм халық ағарту жолында жұмыстанушы өзбектердің жу-
ық арада болашақ сиезге Халел Досмұхамедов тарапынан даярланбақ-
шы, баяндаманың тезистері. Бұл тезистер сиез шақырушы білім кеңесінің
жиылысында қабылданған:
1. Өзбек тілінде осы күнге дейін Еуропа жұртыныкіндей ұлттық білім
жоқ.
2. Халықты билеген хан, патша хүкіметтері һәм елге бас болған
надан ғұламалар өзбек жұртын надандықта ұстады. Ел арасына нағыз
ғылымның, түрлі білімдердің тарауына қарсы болды. Сондықтан өзбек
жұртының мәдениеті ілгері баспады.
3. Россияда болған төңкерістен соң қорлықта жүрген халықтар азат
болды. Өзбек халқы да өз тілін жұмсап, өз мәдениетін түзеуге ықтиярлы
болды.
4. Болашақ мәдениетті түзегенде Еуропа мәдениетін үлгіге алу керек.
156
Еуропаның мәдениетін халықтың тұрмысына, рухына келістіріп, ыңғай-
лы қылып өзгертіп алуы керек. Бір заманда Россияда, Жапонияда осын-
дай жолмен мәдениетін өзгертіп білімді, мәдениетті халықтың санына
кірді. өзбек халқы да Россия мен Жапонияның салған жолына түсуі керек.
5. Мәдениеттің үлкен үйінің бірі ұлттық білім әдебиеті болмай,
халықтың мәдениеті ілгері баспайды. Сондықтан өзбек жұртына алдымен
білім әдебиетін түзеп көркейтуге тырысу керек.
6. Білім, әдебиетін түзегенде Еуропаның білім әдебиеттерін үлгіге
алып солардың көрсеткен жоспарын өзбек халқының тұрмысына,
тіршілігіне, рухына келтіріп өзгерту тиіс.
7. Ұлттық білім әдебиетін түзегенде ең алғашқы керекті нәрсе тер-
миндерді (ғылым атауларын) дұрыстап тағып, барлық терминдерді бір
жолмен жүргізу.
8. Елді тезден Еуропа мәдениетімен, Еуропа білімдерімен таныстыру
үшін қолданған терминдердің халыққа түсінікті елдің ішіне жылдам
сіңімді келуі керек.
9. Сондықтан терминдердің бәрін қолдан келгенше нағыз өзбектің
өзінің тіліндегі сөйленіп жүрген сөздерден алуы керек.
10. Ел ішіндегі сөйленіп жүрген сөздер қолайлы келмегенде, ескі өзбек
тілінде қолданылған, бұл күнде көп айтылмайтын сөздерден терминдерге
лайық сөздерді табу керек. Ескі өлеңдерден, жырлардан, хикаялардан
терминдерге жарарлық көп қолайлы сөздер табылса керек.
11. Терминдер үшін арнап халық қолданған сөздерден туынды
сөздер шығаруға болады. Туынды сөздердің жаңалығы, туындылығы
көп ескерілмейтін болып өзбек тілінің заңымен тууы керек. Туынды
сөз шығару жолды сактықпен қолдану керек. Орынсыз-қолайсыз болып
туған сөздер тілді бұзады. Келешек әдебиетке көп кесірі тиеді.
12. Терминге керек сөзді тумалас түріктердің тілдеріндегі сөздерден
алуға болады. Қазақ-қырғыз, ноғай, түрікпен секілді басқа түріктердің
тілдерінде өзбектерге термин қылып қолданатын сөздер табылса керек.
13. Жоғарғы жолдармен іздегенде терминдер үшін қолайлы сөздер
табылмаса Еуропа білім әдебиетіндегі латын терминдерін қолдануы
керек. Бұл заманда артық мәдениет, артық білім Еуропада. Еуропадағы
халықтардың қолданған терминдері көбіне латын сөздері. Латын тілі
бүтін Еуропаға атақ ғылым тілі болып саналады. Ілгері басып мәдениетті
боламын деген халық бұл заманда латын тілінен қаша алмайды.
14. Араб, парсы, орыс тілдерінен термин үшін өзбек тіліне кірген
сөздерді ғана иә термин болып жайылған сөздерді ғана алуға болады.
Латын сөздері тілге ыңғайсыз келгенде иә болмаса латын тілінде қолайлы
терминдер болмағанда иә орыс сөздері тіршілікке пайдалы болғанда,
термин қылып орыс сөздерін қолдануға болады.
157
15. Ағылшын, француз, қытай басқа жұрттардың сөздерін орыстың
әдебиетінде қолданған орнында өзбектерге де тегін қылып қолдануы
керек.
16. Бөтен тілдерден алған сөздерді өзбек тілінің заңымен өзгерту ке-
рек. Шама келгенше бөтен сөздердін тобырын өзгертпеске тырысу керек.
17. Түзегенде сақтықпен түзеп терминдерді тек керекті орындарда
ғана қолдану керек. Дұрыстап тексерілмей қалған терминдер орынды –
орынсыз жұмсалған терминдер білім әдебиетін жолға салуға көп кедергі
болады. Білім әдебиетін түзеуге көп кесірі тиеді. Бастауыш мектептер
үшін, жалпы халық үшін жазылған оқу һәм білім кітаптарында бөтен
тілдерден алынған терминдерді жарытып қолданбасқа керек.
18. Өзбек тілі үшін керек терминдерді тергеп, тексеріп жүзеге
шығарып тұратын мекеме біреу болуы керек. Осы мекемені басқарушы
адамдардын білімі толық болып халыққа инабатты, қадырлі болуы керек.
Осындай мекеме білім кеңесінің жанындағы өзбек білім комиссиясы
болса керек.
19. Өзбек білім комиссиясының қабылдаған терминдерін бүтін өзбек
әдебиеті қолдану керек. Білім кітаптарында, оқу кітаптарында қабыл-
данған терминдерден басқа бөтен терминдер қолданбасқа керек.
20. Терминдерді сақтықпен тағып бір жолмен бірлестіріп жүргізіп
тұру үшін өзбек білім комиссиясы тексеріп шықпайынша білім һәм оқу
кітаптары өзбек тілінде басылмасқа керек.
21. Қабылданып қолданған терминдерді рас бір ыңғайсыздығы дұрыс-
талып көрінгенде болмаса өзгертпеске керек.
22. Терминдер ел арасына мектептер, білім һәм оқу кітаптары газет
журналдар арқылы тарайды. Сондықтан өзбек тілінде мектептерді, білім,
оқу кітаптарын, газет-журналдарды көп шығаруға тырысу керек.
23. Кітаптар арқылы терминдерді тарату үшін кітаптарды, әсіресе оқу
кітаптарын келісті қылып жазып, тәртіпті қылып жақсылап басуы керек.
24. Қағаздың нашарлығынан, һәріптің жетпестігінен, карикатураның
нашарлығынан басқа да себептерден Түркістанда басылған оқу кітап-
тарының кем-кетігі көп, сондықтан бұл кітаптар арқылы термин тарату
қиын. Дұрыстап басылмаған терминдер оқушыларды, оқытушыларды
шатастырады. Оқу кітаптарының Түркістанда дұрыстап басылуына амал
жасау керек.
25. Мәтбоғат терминдерді жаюшы құралдардың зоры болып санала-
ды. Сондықтан қабылданған терминдерді газет-журналдарда қолдану
міндет болсын. Жаңа шыққан терминдерді халыққа түсіндіріп тұру
мәтбоғатқа міндет болсын.
26. Терминдерді тергеп, тексеріп қабылдап тұратын мекеме болған-
дықтан өзбек білім комиссиясы білімді адамдардан, керек ақшадан
мұқтажды көрмейтін болсын.
158
27. Терминдерді жан-жағынан тергеп, дұрыстап тексеріп, ғылымға
дұрыс, тілге ыңғайлы сөздерден алу үшін өзбек білім комиссиясы түр-
лі білім мекмелерімен, түрлі данышпаңдармен аймақтық өзбек инсти-
тутындағы мұғалімдермен аймақтық өзбек газетін басқарушылармен
бірлесіп жұмыс қылуы керек.
Қазақ әдебиеті қалай дәуірлесін
Ежелден салынған тарихи жол қай ұлттық болсын мәдениетке аяқ
басуы. Әдебиеті дәуірлесе өз тілінде өнер-білім алуға мүмкіндік болса,
сонда ғана болмақ. Бұл қай ұлттың болса да тарихи ұлт атанып, ілгері
басуына, теңдік алуына, қараңғылықтан құтылуына бірінші құрал.
Өзінің көгерген, кеңіген әдебиеті болмай, өз тілінде өнер білім алуға
мүмкіндік болмай, ешбір ұлт ілгері баспақ емес. Тендікте алмақ емес.
Бұған дені дұрыс, тарихтан хабары бар, саясаттан аңғары бар ешкім
таласпаса керек. Қазірде тарихи ұлт атанып ауызға алынып, теңдік
аламыз, мәдениетке аяқ басамыз деп отырған ұлттың бәрі біздің қазақ
ұлты қазақ жұрты. Әрине қазақ жұртына да, мәдениет те, тендік те,
аспаннан салбырап түсе қалмақ емес. Бізге де тарихтың салып қойған
белгілі жолын басу керек. Тарихы нық ұлт болу үшін теңдікте мәдениет-
ке жету үшін қазақ жұртының да құрал боларлық кең, бай әдебиеті болу
керек.
Қазақ жұртына да өз тілінде өнер-білім алуға мүмкіндік болу керек.
бұлар болмай қазақ жұртына жоқ жерден бостандық келсін, «аспаннан
шұға жауса да сорлыға ұлтарақ та жоқ» дегеннің аяғын құшпақпыз.
Тарих ақтарып, тереңдеп дәлел келтіретін ешнәрсең жоқ, білген кісіге
төңкерістің төрт жылдық дәуіріне абайлап көз салса да, түсінікті-ақ болса
керек. Төңкерістен бері қазақ жұртымен араласқан кісі, қазақ жұртының
төңкерістен бергі басынан кешкен жайымен таныс кісі, ісінің жемісінен
де, көрген тәжірбиесінен де ап-анық білсе де, түсінсе де керек.
Қазақтың осы күнгі белгілі жас ақыны Мағжан айтады: қазіргі дәуір-
де қазақтың дәуірлеген әдебиеті жоқ, әдебиетіміз тумай жатып жоқ
болып, жанбай жатып жоқ болып отыр дейді. Тіпті қатесі жоқ, аталы сөзге
арсыз таласады. Қай қазақ азаматы айтар, дәл осы кезде қазақ әдебиеті
дәуірлеп, жанып келеді деп қай азамат өтірік дер, осы күнгі үніміз де,
сөзіміз де адасқан аңның ұлуына ұқсамайды деп, ешкім де айтпас, ешкім
де таласпас та.
Қазір қазақ әдебиетінің дәуірлегені сол. Бәрі жоғалып барады. Жаң-
ғаны сол, сөніп барады. Күні кеше заманның тар кезінде, шамшыл
кезінде, тілдің күрмеу-сақау кезінде жаңа туа бастаған жас әдебиетіміз
159
бар еді. Жаңадан жанып келе жатқан шырақтай, жасарып келе жатқан жас
гүлдей әдебиетіміз бар еді.
Бүгін сол әдебиетіміз сөнген сықылды. Жазушыларымыз да, ақын-
дарымыз да жоғалған сықылды.
Қазақ даласында дәл қазір аңның ұлуы сықылды дыбыстан басқа түк
таба алмасақ керек. Жандандыра білетін жыр да жоқ, еріте білетін ән де
жоқ, сөйлете білетін, білім беретін сөз де жоқ.
Бұлай болса бұған кім кінәлі?
Хүкімет пе? Жоқ, енді кім?
Басқа ешкім де емес. Кінәлі іс басындағы қазақ азаматтары. Әсіресе
қазақтың тағдырын шешемін, қолымда іс бар, күш бар, билік, ерік бар
деп отырған азаматтары. Бұрын әдебиетіміз көркейе алмаса, кеңейе
алмаса кінәні бәрі хүкіметте еді. Ол кездегі хүкіметіміздің ісі де, тілегі де
әдебиетімізді өсіру емес, өшіру еді. Қазір ол хүкімет жоқ. Қазіргі хүкімет
әдебиетіңді өсір, өз тіліңде өнер-білім үйрен, өз тіліңде ісіңді меңгер,
мәдениетке аяқ сал, тізгінің өзіңде деп отырған хүкімет.
Біз сықылды соқыр жұрт, мақау, надан жұрттың өз тілінде өнер-
білім үйренерлік болмай әдебиеті зораймай, шын мағанада теңдік ала
алмайтынына жол қойып отырған хүкімет. Бұлай болса әдебиетіміздің
гүлденетін де, көркейетін де кезі осы. Соқырдың тілегені екі көзі, өз
тілімізде білім алатын, іске үйренетін кезіміз де осы. Бірақ мұны біліп
отырған бұған баға беріп отырған әлі күнге азамат жоқ. Азаматтардың
көбі қазақ жұртының әдебиеті молықпай, өз тілінде білім аларлық болмай,
мәдениетке, тендікке жетпейтінің түсіне алмайтын сықылды. Түсінгені,
бағалағаны сол, көбі өзінің тілінде білмейді. Не хайуан болып жүр, не
басқа болып жүр. Өзінің хайуандығын, не басқа біреу болғандығын 6
милион кигіз туырлықты қазақ жұртына да жолдай ұсынатын сықылды.
Қазақ жұрты әдебиетсіз-ақ өз тілінде өнер-білім үйренбей-ақ жақсы
қаулымен, қысыр сөзбен жетіле қалады, теңдік алады. Социализм (әлеу-
метшіл) тұрмысына оқу сыпайы, тұп-тура кісі бола қалады деп ұғынатын
сықылды. Айтуға ауыз ұялады.
Мекемеде қазақ тілін жүргізу керек
Қазақ өз алдына автономиялы ел болып теңгерілгеннің бір белгісі
хүкіметті өзінікі қылу. Яғни мекемелерде (партия, хәкімшілік, сот меке-
мелері болсын) қазақ тілін қолдану керек болатын. Автономия, хүкімет
Қазақтікі болған соң Қазақтың тілі де орыс тілімен бірдей хүкімет тілі
болу керек екендігіне талас жоқ. Негізгі теңдіктің бірі екендігін ойлап
Қазақстан хүкіметі қазақ тілін қолдану туралы декретте шығарған. Қазақ
жұмысы алғы жадағай қалу болды ма, мұрша келмеді ме, яки жергілікті
160
мекемелердің салақтығынан ба әйтеуір бұл күнге шейін қазақ тілін
қолданған мекеме яки ел жоқ.
Қазақ тілін колдану керек. Қолданбаған не деген сұмдық! деп «Қазақ
тілі» газеті бұрында талай ойбайды салған. Қарауыл шақырған. Оны елең
қылған хүкімет жоқ. Өткен жаз Семей Губревкомы бір приказ шығарды.
«Биссмилла аллауһу акбар» сонымен тамам болды. Бұл жұмысқа қызу
кіріскен Ыдрыс Мұстамбаев деген азамат болды. Ол өзі барған Зайсан
үйезінде «бай-байлағанына» қарамастан, күшпен қазақ тілін жүргізіп,
болыстарына хатшы даярлатып, «тілмаштарын» қуып жіберді. Бүкіл
губернияда қазақ тілі іске аспағандықтан, бұл туралы белгілі жоба
шығып, тәртіпке қойылмағандықтан Зайсанның қазақ тілі көзге шыққан
сүйелдей іс жүзінде әр түрлі қолайсыздық көріп отыр. Екінші жалпы
қазақ сиезі қазақ тілін іске асыру керек деп тағы қаулы қылды. Мүмкін
келешек 3,4,5-ші қазақ сиездері ұялмай тағы қаулы шығарар. Одан келер
пайда шамалы. Қазақ тілінің керек екендігіне ешкімнің дауы болмаса да,
іске келгенде «оймен бәрі бітер» емес. Губерниялық мекемелердің бұл
мәселе туралы әлі ойланғаны білінбейді. Қол тимей жүр, жұмыс қабат-
тап жүр, пәлен-түген деп соза берсек, сәрсенбі, бейсенбі таусылар емес.
Әкімшілік мекемесі жоба жасауға мұршасы келмесе біз жоба ұсынбақ-
пыз. Қалай іске асыру жолын көрсетпекпіз. Сыншылар қарастырсын,
талқыға салсын, мінесін, қайтсе де қазақ тілі іске ассын. Бұл айтқанымыз
тағы желге кететін болса, жазған құлда шаршау жоқ. Тағы жазармыз,
тағы түрткілейміз, ызыңдағанды қоймаймыз деп, ұйқысын азда болса
бөлмеспе екен? Қоймастан құлағына ызыңдаса.
Біз ойлаймыз: губерниялық мекемелерде қазақ тілін жүргізу мүмкін
де, қажетте емес. Өйткені губерниядан тура болыстарға баратын қағаз,
бұйрық-жарлықтар кем. Елмен қатынасатын үйездік мекемелер бұл жал-
пы айтқанда. Бірақ Семей үйезіне көбінесе губерниялық мекемелерде
қатынасып тұрады. Елмен қатынасатын үйездік мекемелер болғандық-
тан оларда қазақ тілін жүргізу қажет. Қай түрде жүргізу керек? Мәселе
осында.
Қанша қысқартылғанмен әлі де мекеме көп. Көбінесе қазақ болыс-
тарымен жиі қатынас қылатын мекемелер: азық-түлік (продком), еңбек
(комтрод) комитеттері, милиция орындары, әкімшілік һәм оқу бөлімі,
әскер комиссиараты трамот бұлардың әр қайсысы өз бетімен қазақ
болыстарына жіберетін һәм олардан алатын қағаздары болады. Көбінесе
жарлықтар машинаға басылып таратылады. Міне қазақ тілін жүргізу
қиын деушілердің бір толық дәлелі. Қазақ тілінде басатын машина жоқ,
қолдан жазып отыруға уақыт жетпейді дейді.
Бұған жауап: бірінші ондай жарлықтар үрдіс болып отырмайды, анда-
санда шығады; оларды қолмен жазуға болады. Екінші ондай жарлықтар
161
губерниядан тарайтын болса баспаханаға қазақша бастырып алып
үйездерге таратуға болады. Баспахана бір-ақ күнде басып береді, өте
тығыз болмаса, газет арқылы жариялауға болады. Материалы табылса,
жазба сөзді басатын (гиктограф, шапограф) жасап алып басып отыруға
да мүмкін. Ендігі мәселе мекемелерде қазақ переводчигы болуда, бұл
туралы екі жол бар. Бірі, әрбір үйездік мекемелерде қазақтан переводчик,
жазушы қою. Бұның қолайлы жағы: Әр мекеме елден келген қазақша
қағазды тез қарастара алады һәм жіберілетін қағаз тез тарайды. Қолайсыз
жағы: мекеме сайын переводчик табу қиын, кісі жетпейді. Екінші жол:
мекеме басы переводчик іздемей қазақ ішіне баратын қағаздың бәрін
бір жерден, бір қолдан өткізіп отыру. Ол үшін өзгеше бір переводчиктер
кеңесін жасау. Әр мекеме қазаққа жіберетін қағазды соларға перевод
қылдырып, жіберіп отыру. Мүмкін бұл жалпы кеңсе әкімшілік бөлімінде
болуы керек. Бұл жолдың қолайлы жағы: кісі азырақ керек.
Мекемелердің бет-бетімен жазып, бірінің істегенін екіншісі білмеу
бетімен жұмыссыз елде кісі шығару-тоқталып тәртіпке түсуге, сыннан
өтуге мүмкін. Қолайсыз жағы: әр мекеме қағазын жалпы кеңсеге сүйреп
жүру. Ол кеңсе үлгере алмай, жұмыс тоқтап қалу, оған әр түрлі шатақ
шығару. Салыстырып келіп екі жолдың бірін алу керек. Өміртәжірбие
қатесіз іс қылып келеміз деп ешкімге айта алмайды. Азар болса, көп
қатенің бірі болар. Тәжірбие тағы жол көрсетер, біздіңше екінші жолды
алу керек деп ойлаймыз. Тезірек іске асуға, халыққа пайдалы болуға
осы жол қолайлырақ деп білеміз. Бұл жолды қолайлы тапса әкімшілік
бөлімі қарасытырып жоба жасауға тиіс. Үйездерде қазақ болыстарына
арналып хатшылар даярлайтын курс ашқызуға, болыстардағы орысша
білетін хатшыларды, бос жүрген азаматтарды үйезге алдыруға. Жарақ
беруге, қазақша жазылмаған жарлықтарды, қағаздарды орындатпауға,
мандаты қазақша жазылмағаңдарды елге жолатпауға әр түрлі қам істеу
керек. Губерниялық исполком бұл істі екпінді тығыз жұмыстың бірі
қылып кіріспесе, күндегі көп қағаздың біріндей көрумен іске аспайды.
Қазақстан автономиясының нышанын халық көрсін десек, қазақ тілін тіл
қылу керек. Әйтпесе бұрынғы «Иваңдарыңа» жолыға бер деп жұртқа бата
беру керек.
Ж.
Басқармадан: Бұл пікірді бізде қуаттаймыз. Оның бер жағында, Түркістанда жалғыз
қазақ-қырғыз ғана емес, өзбек бар, түрікпен бар сондықтан мұнда түрік тілі деп жүгіреміз.
Түркістанда хүкімет тілі түрік тілі деп қаулы шығарылғалы міне бесінші жыл. Түрік
тілімен жүріп жатқан істер, қағаз бетіндегі қаулыдан басқа жоқ. Елден келген кісілер бір
нәрсе жаздыру үшін әлі де болса Иванды бәселейді, болмаса оның «мүриттерін» іздейді.
Атын арытады, тонын тоздырады. Иттің жорғасындай орысша білгендер Ташкентте
жүріп «адбикеттік» қылады.
Бізде бір ауру: мұсылманша жазылған арыздан ешнәрсе өндіремін деп қазақ ойламайды.
Әлгідей шәлдірік «адикеттерге» теріс қаратып жаздырса, жауын мұқатқандай көреді.
162
Мұның бұл күнде де қалмай отырған себебі: қазақтың жұмысының көбі үйездік, облыстық
атқару комитеттерімен бітеді. Оның маңайындағылар, әлгіндей «адбикеттер». Өз
тілдеріне бұлар төмен баға бергеннен кейін ел Василий мен Иванға қылатын құлшылығын
баяғыдан да арттырып жіберді.
Өткен жыл Совнарком жанынан переводчиский отдел ашылды. «Мақсаты»: «Ақ
жолға» жіберетін Совнаркомның қаулыларын тәржіма қылдыру. Ауыл, облыс, үйездік,
облыстық комитеттер оны білмейді. Оларға орысшасын жібереді. Биыл Госиздаттың
маңынан переводчиктер бюросы ашылды. Мұнан да шыққан дәнең жоқ. Қысқасы
бұған шикі тәжірибе көрсетті: хүкімет «түрік тілін» жүргізу туралы өзін-өзі һәм
халықты алдағанмен әрбір комиссиарат, әрбір мекеме дұспан көзі қылып өздеріне бірбір
переводчиктерді тартқанмен ешбір іс шықпайтындығын.
Егер хүкімет жұртты алдамай өзінің қаулысын жүзеге шығаруға ынталы болса әрі
шәлдірік адбикеттерге жем қылмай халықтың пайдасын ойласа, бізше «Ж» ның ұсынысын
алу мақұл. Тек бұл ұсынысқа қосымша қылып, біздің арттырып айтатынымыз мынау: үйез,
облыс атқару комитет жұмыстарының көбі жергілікті халықтармен болады. Басында
отырғандар да жергілікті халықтың азаматтары үйез, облыс атқару комитеттеріне,
тіпті тиісті орында онан жоғары мекемелерге орысша жазып арыз ұсынған жергілікті
халықтарға жаза беру. Оны жазған адбикет сымақты тауып алып оған жазаны екі есе
арттыру.
Өмір тәжірбие жолында пікір, ақиқатты жүргізу үшін қас пен қабаққа қаралмайды.
Жүргізіп тәжірибе қыларлық уақыт осы дегендей бұл күнге шейін ызыңдап құлақтың етін
жеп келген мәселенің бірі де осы. Әліде қоймай отырмыз. Ендігісін хүкіметтің өзі біледі.
Мекеме тілі қазақша болсын деген қайда!
Кіндіктегі халық басшыларының мекеме тілі қазақша болсын, іс
қазақша жүргізілсін деп шығарып жатқан қаулы қарарларын газет
бетінен көріп оқып тұрамыз һәм жоғарғы хәкімдердің жіберген муафиқ
істеріңді қазақша жүргізіңдер деп біздің Қазалы үйезінің жергілікті үйез
атқару комитеті қарамағындағы милиция бастықтарына, басқа мекеме
бастықтарына бұйырып еді. Басқа үйездерде істің қазақша иә орысша
жүріп жатқанынан хабарым жоқ, қазақша жүргізер деп ойлаймын.
Біздің Қазалыда халық қазыларынан басқа мекемелердің ешқайсысы
қазақша іс жүргізіп тұрған жоқ. Істеріңді қазақша жүргіз деп бұйрық
беріп тұрған үйез аткару комитетінің өзінің мекемесінде де қазақшадан
орысшаның жүруі анағұрлым артық көрінеді. Істерінің көбі орысша,
сөздің саяси бөлімі жағына келсек қазақша жазу, сызудың тұқымы жоқ
десе де болғандай.
Ал енді үйез атқару комитеті өзіне қараған мекемелеріменен, істеген
істері, жазған жазулары мұндай болып, теріс үйреніп қалған жазуларына
кете беретін болса, істер қазақша жүргізілсін, мекеме тілі қазақша бол-
сын деп кіндіктегі бұйрық жарлықтар шығарып жатқан есіл азаматтар-
дың еңбегі еш болмаса болар еді деп қорқамын.
Л. Кенжеұлы.
163
Түркістанда
Жаңа кітаптар. «Госиздат» тарапынан жақында, төмендегі кітаптар
басылып шықты:
1) «Оқу құралы», Байтұрсыновтікі, саны 40 мың.
2) Өзбекше оқулық бірінші жылдық оқу құралы. Шығарушысы Елбек
һәм Сайфы. Саны-35 мың.
3) «Түрікпен тілі». Екінші жылдық түрікпеніде оқу құралы.
Шығарушысы – Әлиф. Саны 30 мың.
4) «Сауға» өзбек тілінде оқу құралы. Шығарушы – Шакиржан Рахим.
5) «Кәтталарға оқу», өзбек тілінде бірінші жылдық үлкендер үшін
шығарылған алқыба кітабы.
6) «Сиаси луғат» (словар) өзбек тілінде. Шығарушысы Нәзір Төреқұлов.
7) «Нахудка» өзбек тілінде. Шығарушысы Юнусов.
8) «Өлеңдер жиынтығы» өзбек тілінде. Шығарушысы Елбек.
9) «Маймыл мен көзілдірік» қазақ тілінде. Байтұрсынов тәржімасы.
Жақында басылып шығатын кітаптар.
1) «Қирағат кітабы», қазақша, шығарушы Дулатов.
2) «Тіл құралы» екінші жылдық, екінші рет басылуы. Шығарушысы
Байтұрсынов.
3) «Өзбекше оқу» кітабы, 2-нші һәм 3-нші жылдық.
4) «Жағрафия» қазақша, шығарушысы Тостыбаев Иса.
5) «Геометрия» өзбекше, шығарушысы Байбөриев.
6) «Жануарлар» кітабы (зоология) Қазақ тілінде, шығарушысы Халел
Досмұхамедов.
7) «Түрік әдебиеті һәм түрік тілінің ережелері». Шығарушысы
профессор Фалиев.
8) «Алгебра» өзбек тілінде, Шығарушысы – Байбөриев.
9) «Қазақ батырлары» жеті кітап, жиюшысы – Әбубәкір Диваев.
Достарыңызбен бөлісу: |