«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет57/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

ЖІБЕК ТЕҢІЗБАЕВА
Аңдатпа:
Ақынның құнды қасиеті – ішінен жас сәбидей жа-
рып шыққан туындысын халық жүрегіне қондыра 
жеткізу. Басты ойым:сара сөздің саңлағы,майда 
сөздің мақпалы болған,өжетті,рухты ата-бабала-
рымыздың салған сара жолымен мүдірмей өтіп,-
жастарымыз алмас қылыштай өткір,үлгі тұтарлық-
тай тұлға болсын деген ниеттің нәтижесінде жүрек 
түкпірінен бүр жарып шықты.
Аннотация:
Ценное качество поэта – донести до самого серд-
ца приносить кусочек молодых существ в сердца 
людей. Моя главная мысль заключается в том, что 
сердце сердца – это сердце слова, и это сердце 
сердца, которое разбило сердце наших предков.
Abstract:
The holiness of the poet is to bring his work to the 
hearts of people. I hope my sincere words born of the 
intention to convey them to young people have taken 
their places in their hearts.
Жастар жарқын болашақтың ертеңі!
Өлең деген сарқыраған ақбұлақ, 
Алтын сөзім таңдайға кел жарқырап. 
Жас жүрегім түбін түсір өлеңнің, 
Құмарым бір қанғанынша арқырап.
Жарқын нұры болашақтың кемелі, 
Халқым бізге арқа сүйеп сенеді. 
Түп-тамыры етек жайып қазақтың, 
Гүлденеді, көркейеді, өнеді. 
Бүгінгі ұрпақ келешектің беделі!
Жалындаған жастарға жыр жазайын, 
Тақырыптың мән-мазмұнын ашайын, 


148
149
Кешегі мен бүгінгінің жасына, 
Құнарлы ой, мимен меңзеп қазайын.
Қан майданда 20-ақ жаста Әлия, 
Рухы мұның, өжеттігі дария, 
21-де сескенбеген ажалдан, 
Қайрат ұлың бар қазаққа жария.
Бүгінгі ұрпақ алау сынды жанатын, 
Кеңге жайып азаттықтың қанатын, 
Жастық жалын, қуаты мол кезең бұл, 
Қайнар көзден бар бақытты табатын.
Жылуы нұр жастық шағың жайдарлы, 
Жүрегіміз бір Аллаға байлаулы, 
Кешегі өткен Мағжан ақын сенімі, 
Қазіргінің ұранына айланды.
Мен жастарға сенім артам, көбірек. 
Құлшынысым қайратым бар жөндірек, 
Бүгінгінің ақындары бабалар, 
Өсиетіңді жырмен жалғап өндірмек.
Қара сөздің бұза алмаймыз қаймағын, 
Жаным толы ғажайыпқа аймағым, 
Сөз қадірін қазақ исін аңқытып, 
Талай жастар тер төккенін сайрадым, 
Жастар барда төмендемес байрағым!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет