ТӘТТІМБЕТ ТҰРАРБЕКОВ Аңдатпа: Адамның жас кезінен өніп-өркендеуіне өскен ор-
тасының әсері мол. Перзентінің дарқан боп өсуі-
не пейілдің кеңдігі мен жылы жүректер керек. Жас
шағынан жақсылықты бойына құйып өскен жас
қана болашаққа еркін қанат сермейді.
Аннотация: Общество и окружение всегда задает эталон лич-
ности. От окружения зависит, каким станет чело-
век. Если смолоду правильно направить, то и по-
лет будет высоким.
Abstract: Society and the environment always sets the standard
of personality. It depends on the environment how a
person will become. If the youth is correctly directed,
then the flight will be high.
Менің далам! Менің далам!
Сенің балаң барлығы,
Сезілмейді, пейіліңнің тарлығы,
Бөленемін мол бақытқа әр күні,
Ойша шолып, ғарыштан да арғыны.
Сағат сайын,
Мен шаттықтан тасамын,
Перзентіңді дарқан етіп жасадың,
Бұл тірлікте, керегі жоқ тасаның,
Достарыма құшағымды ашамын.
Пейіліңнен көктемдейін гүл атам,
Жүректері жылыларды ұнатам.
Қорлық көріп, жылағанды жұбатам,
Ата берсін, шуақ құйып бұла таң.
О, туған жер, топырағыңда көктедім,
Өзің болдың жастайымнан өпкенім.
Саралаймын, өмірімнің көктемін.
Бұл өмірде, армандарым көп менің!
Мен өмірді қалаймын Мен өзімді бақыттыға балаймын,
Сол үшін де мен өмірді қалаймын.
Мендегі бар байлықтарға бүгінде,
Қол жетпей жүрген жоқ па талайдың?
Өмір мені мол байлыққа бөледі,
Бақыттымын, денім сау ғой себебі.
Әкем-анам, бауырларым жанымда,
Басқа байлық бар ма, сірә, керегі?
Басқа байлық бар десеңіз керегі?
Шүкір етсең, еселеп-ақ келеді.
Қолыңдағы бағалай біл барыңды,
Өмір маған соны үйретіп келеді.
Өміріңе толмай кейде көңілің,
Қызық көріп өзге жанның өмірін,
Қиялдағы ғажайыпқа жетелеп,
«Өмір сүр!» деп апарады сені кім?
Армандама, апармайды ешкім де,
Бақытты боп жүргің келсе бес күнде.
Барлығын да бастау керек өзіңнен,
Іске кіріс, замандасым, бос жүрме!
Өзіңді сүй, өмірді сүй – тілерім,
Жақсылыққа жақын болсын жүрегің.
Мен өмірді өздігімнен қалаймын,
Қаламауға қақым да жоқ білемін.