«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

ТЕМІРЛАН ТЕМІРБАЙ
Аңдатпа:
Балауса балалық шақ... алғашқы махаббат... сол 
алғашқы махаббаттағы алмадай тәтті қыз… күзгі 
бақ... – осы ойлардың түйісуінен туған өлең еді.
Аннотация:
Беззаботное детство… первая любовь… муза 
моей первой любви. осенний пейзаж…- виновники 
моего вдохновения.
Abstract:
Carefree childhood ... first love ... muse of my first 
love. Autumn landscape ... are the culprits of my 
inspiration.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!» 
Мағжан Жұмабай

* * *
Кешсем де, тағдыр, талай мұңыңды,
Рухым бар – асқақ ұрандай!
Арқалап ұшқан арайлы Күнді,
Көк туымдағы қырандай!
Жаза бер, елім, арқаңды бірден,
Бес елі деймін маңдай бақ:
Түз ұлы сынды тарпаңды мінген,
Тектілігім тұр қанда ойнап!
Көктегі Күндей шаңырағым да,
Азатпын бүгін, халқым, мен!
Айтарым менің – әнұранымда,
Жазылып тұрған алтынмен!
Еңсемді басқан тарқамас қайғым,
Өткенде қалды... жырақтай!
Үмітім – жастар, алға бастайтын,
Елтаңбамдағы пырақтай!
Мейірім, рахым, шапағатпенен,
Оларда бар ғой ізгі арман!
«Қазағым!», – десе махаббатпенен,
Келешек күтер бізді алдан!
Іздейді олар – жоғымды аңғарса,
Қамымды жейді күні-түн!
Инша-Аллах, бәрі оңынан болса,
Ақталар сөзсіз үмітім!

* * *
Қарамай-ақ бұл күннің ызғарына,
Барсам ба екен дәл қазір күз бағына?
Үсік шалып қоймасын үзгенше мен,
Соңғы алманы, сыйлайтын қызға бұла!
Өткен күн боп көрінсе маған сағым,
Көз алдыма келеді балаң шағым.
Ерке қызға алма үзіп беретұғын,
Ерке шақты-ай еске алып тағы аңсадым!
Балалықтай бал шақта барма уайым?..
Сүйіп өстік ауылдың таңғы арайын.
Бірге ойнаған еліктей бір қыз бар-тын,
Ақша бетін айтсаңшы, алмадайын!
Елемей-ақ даланың күзгі желін,
Елеңдеуші ем көрсем деп қызды керім.
Әсем сұлу жүзіне іңкәр болып,
Әр сәт сайын аңсаймын, үздігемін!


146
147
Жазирадай жайнаған күн себелеп,
Көңілімді көркем қыз білсе керек...
Ұяңдықпен қарайтын балғын жүзі,
Қызараңдап шығатын күлсе бөлек!
Таңдап іздеп тапқандай жұрт ішінен,
Таңдай еді ол тұп-тұнық күлкісімен.
Бүлдіргендей балбырап тұратұғын,
Үлбіреген еріні үр түсімен!
Оны ойласам тылсымнан бақ құшамын,
Көкіректе бір сезім жақты шамын.
...Тәтті қызға тамсанып өтіп жатты,
Толып піскен жүзімдей тәтті шағым!
Беу, қайран сол бал шақтар, нұрлы едің сен!
Ай да едің сен мен үшін, Күн де едің сен!
Ара-тұра еске алып мұңаямын,
Елес беріп қапыда бір көрінсең...
Алыс кетіп, менен қол үзді арманым,
Қазір қайда, қайда әлгі «қызғалдағым»?.
...Үзілердей құлазып көңілім тұр,
Ең соңғысы тәрізді күзгі алманың...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет