Теңіздерше жұмбақтау Алыс жақтан ұнады ана жұлдыз,
Қалай бөлек кеткен деп қарап жүрміз.
Ана жақта біреудің сырғасы бар,
Жапырақтан түскенше сырласып ал.
Себебі осы аспанды ұлы құдай,
Алып кетпек қарамай шырылыңа.
Қанша теңіз тасталды басқа жаққа,
Адам құдай қалауын басқара алмас.
Кім біледі өзге бір теңіздерді,
Құдай бізден қосты ма егіз көріп.
Ана жақта айдын көл ойланады,
Құшағыңның түбіне бойлап ағып.
Ал, сен көлде жатырсың күн қақталып,
Тісті толқын денеңді шырмап талып.
Арасында шулаған өзің де емес,
Толқындатып бересің сезімге елес.
Иен жатқан қырқада өмір барма?
Иен жатқан аспаннан көңіл жаумай.
Адам өлсе, осы жер түгел өлі,
Буға айналып кетеді түрегеліп.
Адам өлсе осылар шошынады,
Елдің жасын жөргектеп қосып ағып.
Бұл ауада не қауқар, амал да жоқ,
Біз де содан шамалы алаңдап ек.
Білесің ғой сен тұрсаң орныңнан,
Теңіз бері жүгірер, долы мұңнан.
Адам келіп өзінше рахаттанып,
Адам кетсе жатқан теңіз екен ғой азаптанып!
Бұл теңізбен қоштасып түрегеліп,
Аспанға ұшып кеттің ғой жүре беріп.
ДАНИЯ СӘТБЕКҚЫЗЫ Аңдатпа: «Көркем сөйлеуге тырыспа, түсінікті сөйле. Көпіріп
сөйлеме, ұлылық қарапайымдылықта», деген А.П.
Чехов. Бұл өлеңдегі негізгі мақсат қарапайым өлең
жолдары арқылы жастардың рухын көтеру, сенімін
арттыру. Кемшілікті түзетудің жалғыз жолы сын
айту емес екенін көрсету. Ел болашағы жастар-
ды биікке талпынсын десек, сынның астына алып
жерге қаратпай, көкке көтере отырып нағыз қазақ
жастарының бейнесін жасау.
Аннотация: «Берегись изысканного языка. Язык должен быть
прост и изящен» А.П. Чехов. Основная цель это-
го стихотворения - поднять дух молодежи через
простые стихи. Показать что, критика не единст-
венный способ исправить недостатки. Если же-
лаем чтобы наше будущее – наша молодежь раз-
вивалась, то следует не критиковать, а поощрять,
создавая настоящий образ молодежи.
Abstract: “Beware of exquisite language. The language should
be simple and elegant. ”A.P. Chekhov. The main
purpose of this poem is to raise the spirit of youth
through simple verses. To show that, criticism is not
the only way to correct deficiencies. If we want our
future - our youth is developing, then it should not be
criticized, but encouraged, creating a real image of
youth.