Алаш қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы Алаш қозғалысы


 Мемлекетте қазақ тілі, мәдениеті, діні, ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үстем болуға тиісті



бет2/4
Дата24.03.2023
өлшемі0,82 Mb.
#76028
1   2   3   4
Байланысты:
Алаш қозғалысы (wecompress.com)

Мемлекетте қазақ тілі, мәдениеті, діні, ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үстем болуға тиісті;

 Ұлттық мемлекет ғылымға, басқа мемлекеттер жетістігіне, ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделуі керек;

  • 1917 жылдың жазында (21-26 шілде аралығында), Орынборда ұлттық саяси «Алаш» партиясының құрылғанын жариялады: Бірінші жалпықазақ съезі
  • Семей, Торғай, Акмола, Орал, Сырдария, Жетісу облыстарынан, Бөкей Ордасынан және Ферғана, Бұхара, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан делегаттар қатысты: Орынбордағы бірінші Бүкілқазақ съезіне
  • Толық емес деректер бойынша «Алаш» партиясының құрамына тіркелген: 5 мыңға жуық адам
  • Бірінші Бүкілқазақ съезіндегі қаралған күн тәртібінде 14 мәселе: Мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство; халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақ облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру туралы
  • Мәселелердің ішіндегі ең маңыздылары: Ұлттық автономия мен жер мәселесі
  • «Алаш» ұлттық партиясы құрылып, оның атқару комитеті сайланды және оның бағдарламалық мақсаты анықталды: Орынбордағы бірінші Бүкілқазақ съезіне
  • «Алаш» партиясының көшбасшылары: Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы және т.б. халық өкілдері
  • «Алаш» партиясының баспасөз органы болып бекітілді: «Қазақ» газеті
  • Газет немесе журнал: Баспасөз органы
  • Партия бағдарламасының мәтінін дайындады: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ғ.Жүндібаев, Е.Ғұмаров
  • «Алаш» партиясының бағдарламасы тұрған: 10 бөлімнен
  • 1917 жылы 21 қарашада жалпыұлттық «Қазақ» газетінде жарияланды: «Алаш» партиясының бағдарламасы
  • Негізгі мақсаты Ресей демократиялық федеративтік республикасы құрамындағы қазақ автономиясын құру болған: «Алаш» партиясы
  • «Үкімет басында Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу. ол министрлер Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты болу», - деп атап көрсеткен: «Алаш» партиясы бағдарламасының авторлары
  • «Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету» бағдарламасынын төңірегіне топтасты: «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері
  • Қазақ халқының нағыз ұлттық, либералды-демократиялық партиясы: «Алаш»
  • Мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын және Ресейде конституция қабылдау үшін 1907 жылы қарашада құрылған: Учредительное собрание
  • Дербес мемлекеттердің біртұтас болып өзара біріккенінен құрылған мемлекет: Федеративтік республика
  • Белгілі бір қоғамның таңдаулы, интеллектуалдық белсенділігі жоғары өкілдері: Элита (бетке ұстарлар)
  • «Алаш» партиясы бағдарламасының авторлары ұсынды: Демократиялық сайлау жүйесін
  • «Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей туралы тұжырымына өз адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыртуға - еркіншілік» делінген: «Алаш» партиясы бағдарламасы
  • «Алаш» партиясының қойған міндеттері: Алаш» партиясы өз әскерін құру; кедей тұрғындарға көмек көрсету; білім беруді жан-жақты дамыту; аграрлық-қоныстандыру мәселесін шешу; жерді сатудан мүлдем бас тарту; билер сотын сақтау мен өкілеттілер сотын пайдалану; қазақ милициясын құру; салық саласында «ауқатты көп, кедей аз төлесін»
  • 1917 жылдың қарашасындағы Құрылтай жиналысында өткен сайлауда көпшілік дауысқа ие болып 43 депутаттық орынды иеленген: «Алаш» партиясы
  • M. Тынышбаев, М. Жұмабаев, ШI. Құдайбердіұлы, Ғ.Қарашев, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, С. Торайғыров, Ж. Досмұхамедов секілді көптеген қоғам қайраткерлері енді: «Алаш» партиясының құрамына
  • «Тірі болсақ, алдымызда үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар»,-деген: Ә.Бөкейхан
  • Алаш партиясы мен қозғалысының негізін қалаушылар арасында болған белгілі орыс ғалымы және ағартушысы: Г.Н. Потанин
  • Дала тұрғындары «жан дүниесі таза ақсақал» атаған орыс ғалымы: Г.Н. Потанин
  • «Алаш» партиясының бөлімшесі құрылған: Қырғыз жерінде(Пішпекте)
  • Ы.Жайнақов, А.Садықов, И.Арабаев, Н.Айдарбеков, В.Сооромбаев белсене қатысты: Қырғыз жеріндегі «Алаш» партиясының бөлімшесінің жұмысына
  • 1917 жылдың соңында құрылған ұлттық демократиялық партиясы: «Үш жүз»
  • Өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады: «Үш жүз» партиясының мүшелері
  • «Үш жүз» партиясының орталық комитетінің орналасатын жері: Омбы қаласы
  • «Үш жүз» партиясының төрағасы: М. Әйтпенов
  • М. Әйтпеновтің орынбасары болды: К.Тоғысов
  • Кейіннен «Үш жүз» партиясының төрағасы болып сайланды: К.Тоғысов
  • 1917-1918 жылдары Петропавл қаласында шығып тұрған баспасөз органы: «Үш жүз» газеті
  • Қазақ халқын отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылыққа айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға көмектесу, өлкеде оқу-білім тарату мәселелері қаралды: «Үш жүз» партиясының бағдарламасында
  • Большевиктерді қолдап, кеңестік билікті орнатуға көмектесті: «Үш жүз» партиясы
  • 1918 жылы таратылды: Үш жүз» партиясы
  • Кейіннен Кеңес өкіметі қуғын-сүргінге ұшыратты: Алаш өкілдерін
  • Азамат соғысы жылдары ақтар жағында күрескен: Алаш қайраткерлері
  • Өз жақтарына тарту үшін РКФСР БОАК 1919 жылдың наурызында кешірім жариялады: Алашордаға
  • А. Байтұрсынұлы жетекшілік еткен алашордалықтардың торғайлық бөлігі қосылды: Большевиктерге
  • 1920 жылы құрылған: Қырғыз (Қазақ) АКСР-і
  • 1920 жылғы 5 наурызда Алашорданың батыс бөлімін жойды: Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитет
  • 1920, 1930 жылдары қуғынға ұшырады: Алаш қайраткерлері
  • Алаш қозғалысының тарихи маңызы;
  •  1822-1824 жылдардағы саясат негізінде үзіліп қалған мыңдаған жылдық дәстүрі бар мемлекеттілікті қалпына келтіру талпыныс еді;

     Алаш идеясы қазіргі мемлекеттілігіміздің негізі;

  • «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр… Алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді. Қоғамның даму дәрежесін, дәстүрлер мен тирмыс салтын ескерудің қажеттілігі жаңғыртуды мұрат тұтқан либералдық қағидалармен астасып отырды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды»,-деген: Н.Ә. Назарбаевмемлекет басшысы
  • Президент болып келетін басқару формасы бар мемлекет. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халык сайлайды, занды билік пен аткарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады: Президенттік республика

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы

Кейбір түсініктермен қазіргі қазақ орфографиясы бойынша берілген

М. Кұл-Мұхаммед нұсқасы

І

Мемлекет қалпы

Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді).

Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет