Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет45/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#137644
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
1. Диірмен
Антектің туған жері Висла жағасындағы кыстау. Орны жазаң, оңы мен солы екі жағы да ағашты тау, ағаштың іші шуылдаған құс: бұ жерге көбінесс келетін жандар: жүмыртқа, шекілдеуік аламыз - деген егіншінің балалары.
Екі жақтағы тау: күн батарда қаладан қараған адамға, дәл күннің батқан жерінен табыспаққа, біріне қарай бірі ұмтылып жүріп келе жатқан сықылды. Қыстаудан екі жақтағы тауға қарай екі ара жап-жасыл даланың ортасынан жіңішке өзені ағып жатады. Бұл жерге каланың малы жайылады да, түн болса-ақ шулап құлағыңды сарсытатын бақаны аулап, ұзын аяқ қарабай жүреді.
Қыстаудың күнбатыс жағында тоған, оның аржағы Висла, онан әрі созылған жалаңаш шағыл ақ тасты тау.
Ақсұр сабанмен шатырлаған үй басы әр алуан жемістерін еккен бақшасы бар, жемістердің жапырақтарының арасынан қарамаймен боялған мұржалары мен өрттен қорғаушылардың сатысы көрінеді.
Бұлардың өрттен сақтана бастағаны жаңада. Бұрын егіншілер өрт құралынан көрі қарабайдың ұясы өрттен катты сақтайды — деп иланушы еді. Жақын арада бір имараттың жанып кеткеніне қатты таңырқасып: - Міне тамаша! Қайтсе де жанды: жаңа сатысы да бар еді, ескі сатының сынғанына айып та тартып еді, - деп, өзара кеңесіп, талқыға салысты.
Осындай қалада Антек туған. Үлкен ағасынан қалған ескі бесікте екі жыл жатып, Розалия деген қарындасы туғанда оған бесікті босатып, үлкендерше ұзын тақтай орындыққа жатуға шыққан. Ол жылды қарындасын тербетумен өткізіп, келесі жылы көшеге шыға бастады. Әуелі суға жығылды, екінші, аты басып кете жаздаған бір көшір қамшымен салып кетті: үшінші, ит талап, екі жұма пештің үстінде жатты. Балапан күнінде-ақ басынан аз бейнет кешірген жоқ.
Бәрінің орайына, төрт жасқа келгенде әкесі жылтыраған мыс түймесімен шұға желенін сыйлады. Шешесі қарындасын уатып көтеріп жүруді міңдет қылып жүрді де, бес жасқа шыққанда, әкесі мал баққызды. Бірак Антек малшылыққа ықыласын салған жоқ. Бар ынтасы Висланың өзенінің аржағындағы тасты таудың үстіртінен көрінген үлкен қара үйдің үстіндегі, үлкен кірешше қанатының калбаңдап, әмісе айланып тұрғанына аударды.
Ол арада жайған малы егіндікке түсіп кетіп, егінжайды таптап жей берді. Мұны шешесі көріп қойып жағадан алып қысып шартылдатқанда дымы құрып кетті. Кекшлдік сүйегінен бітпеген байқұс барынша шыңғырып; жағасын босатып, шешесінен:
- Апатай-ау, анау өзеннің аржағындағы айланып тұрған не нәрсе?- деп сұрады. Анасы көзіне қолымен көлеңке түсіріп, баланың нұсқаған жағына қарап:
- Писланың аржағында ма? Ол айланып тұрған диірмен екенін көрмейсің бе? Сен алдымен алдындағы малыңды жақсы қара, әйтпесе, мен сені кышытқы шөппен соярмын,- деді.
- Ол диірмен! Диірмен деген не?- деп баласы сұрағанда:
- Әй, ақымақ! - деді де шешесі үйге қарай жүріп кетгі. Үйінде шаруасы көп, балаға диірменді айтып ұғындыруға мұршасы жоқ.
Диірмен баланың мазасын алды. Антектің ояуында көзінен кетпейді; ұйықтаса түсінен шықпайды. Білсем-аудың өксігені соншалық: бір күні Висладан жұртты өткізіп жатқан қайыққа түсіп, аржаққа шығып, тасқа өрмелеп, дәл «бұл жерге аяқ баспа» деп жазған жерге шықты.
Бұл жерде диірменді анықтап көрді. Диірмен көзіне шіркеудің коңырау қағатын жеріндей көрінді. Бірақ, дөрекілеу, екінші коңырау қағатын орындағы терезе отыртқан жерге, мұнда үлкен крешше қылып канат отырғызыпты.
Басында бүл не нәрсе, неге бола жасалғанын біле алмады. Артынан малшылар: канатына жел соғып дәл жапырақша айналдырады. Бидайдан ұн тартатын диірменші әмісе басында тұрады. Диірменші сондайлық қу, коймадан егеуқұйрықты да қуатын айланы біледі,- деп ұғындырды.
Бұл сабақты алған соң, бастапқы ізімен қайықшының еңбегін бірнеше жұмырықпен төлеп, шешесінен әлденеше шапалақ сый жеп, үйге келді. Сөйтсе де бір талай диірменнің жөнін біліп көңілі жұбанды. Антек, аштан-аш жатып түсінде диірменді, егеуқұйрықты куған айлашыл диірменшіні көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет