Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет121/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   596
Билік құрылымдары
Вебердің билік құрылымдарына әлеуметтану тұрғысынан қызығушылық та-
нытуына ішінара өзінің саяси мүдделері негіз болды (Eliaeson, 2000). Вебер 
саяси радикал болмаған, негізінде, Маркс пен Вебердің интеллектуалды қызы - 
ғушылықтарының ұқсастықтарын, сондай-ақ олардың әртүрлі саяси бағдар ла-
рын көрсету үшін Веберді үнемі «буржуазиялық Маркс» деп атаған еді. Вебер 
Маркс сияқты заманауи капитализмді сынағанымен, революцияны қолдамады. 
Ол төңкеріс жасап, қоғамды күйретуді емес, керісінше, оны бірте-бірте өзгертуді 
қалады. Оның көпшіліктің «жақсы» қоғам құру қабілетіне деген сенімі аз болды. 
Бірақ Веберді орта тап мәселесі азырақ қызықтырды, оның ойынша, орта тапқа 
болашағын ойламайтын бюрократтар үстемдік етті. 
Вебер Бисмарк сияқты авторитарлық саяси көшбасшыларды сынға алды. Де-
генмен ол тобырлар мен бюрократтарға емес, ұлы саяси көшбасшыларға сенім 
артып, солардан аз да болса үміт күтті. Саяси көшбасшыларға деген сенімімен 
қатар, оның ұлтшылдығы да артты. Ол ұлтты ең бірінші орынға қойды: «Ұлт-
тың өмірлік мүдделері демократия мен парламентаризмнен де жоғары тұрады» 
(Weber, [1921] 1978:1383). Вебердің демократияны саяси форма ретінде қалауы 
оның көпшілікке деген сенімінен туындаған жоқ, ол: «демократия саяси көшбас-
шылардың көптеп пайда болуы үшін керек, өйткені оны барынша белсенділік 


140
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
пен таңдаулы орта қалыптастырады деп» ойлады (Mommsen, 1974). Вебер бе-
делді құрылымдар әр әлеуметтік институтта бар екенін және оның саяси көзқа-
растары осы құрылымдарды барлық жағдайларда талдауымен байланысты еке-
нін атап өтті. Әрине, олар оның мемлекеттік құрылымға қатысты көзқарастары 
үшін аса маңызды болды.
Вебер өзінің беделді билік құрылымдарын талдауын іс-әрекеттер сипаты ту-
ралы болжамдарына сәйкес келетін жолмен бастады. Ол үстемдік түсінігін бы-
лай анықтады: «Кейбір нақты топтардың (немесе барлық топтардың) белгілі бір 
адамдар тобына бағыну ықтималдығы» (Weber, [1921] 1978:212). Үстемдік әр-
түрлі негіздерге, заңды және заңсыз, сүйенуі мүмкін, бірақ Веберді қызықтарға-
ны үстемдіктің заңды нысандары немесе бедел деп аталған түрі болды (Leggewie, 
2005). Рационалды, дәстүрлі және харизматикалық заңдылыққа негізделген 
басты үш түрі Вебер әлеуметтануында басты рөл атқарды. Осы үш түрді анық-
тау барысында Вебер жеке әрекеттер туралы өзінің идеяларына сүйенді, бірақ 
ол кең ауқымды билік құрылымдарына тез ауысып кетті.
Рационалды негізде бекітілген уәкілеттік «қабылданған ережелердің заң дылы-
ғына және өкілеттік берілгендердің осы ережелерге сәйкес өкім шығару құқығына 
деген сенімге» негізделеді (Weber, [1921] 1978:215). Дәстүрлі негізде заңды түрде 
бекітілген билік «ежелгі дәстүрлердің қасиеттілігіне деген сенім мен соларға сәй-
кес билікті жүзеге асырушылардың заңды әрекетіне бағытталған» (Weber, [1921] 
1978:215). Ақыр соңында харизмамен заңдастырылған бедел көшбасшылардың 
әулиелігіне, үлгілік сипатына, қаһармандығына немесе ерекше күшіне (мысалы, 
ғажайып жасау қабілетіне), сондай-ақ олар орнатқан тәртіп жүйесіне деген ізба-
сарлардың адалдығына сүйенеді. Заңдастырушы биліктің барлық осы тәсілдері 
жеке субъектілерді, ойлау үдерістерін (ілімдерді) және іс-әрекеттерді анық көрсе-
теді. Бірақ осы сәттен бастап Вебер бедел туралы ойлай отырып, легитимділіктің 
осы түрлерінің негізінде орныққан билік құрылымдарын талқылау кезінде көре-
тініміздей, жеке әрекет ету негізінен өте алшақ кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет