Алеуметтану тероиясы indb


Рационалды-легитимді билік



Pdf көрінісі
бет122/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Рационалды-легитимді билік. Рационалды-легитимді билік әртүрлі құры- 
лымдық нысандарды қабылдай алады, бірақ Веберді қызықтырған «заңды өкі-
леттіктерді іске асырудың ең таза түрі» деп санаған бюрократия болды ([1921] 
1978:220).
Идеал типтер бюрократиясы. Вебер бюрократияны идеалды типтер түрінде 
бейнеледі:
«Техникалық тұрғыдан алғанда, бюрократия тиімділіктің ең жоғары дең-
гейіне жетуге қабілетті және осы мағынада формалды түрде адамға би-
лікті жүзеге асырудың ең рационалды, танымал құралы. Ол дәлдікпен, 
тұрақтылықпен, тәртіптің қатаңдығымен және сенімділікпен би ліктің 
кез келген басқа формасын басып озады. Осылайша ол ұйым бас шыла-
ры мен оған қатысты әрекет етушілердің нәтижелерді жоғары деңгейде 
есептеуіне барынша қолайлы жағдай жасайды. Оны, ең алдымен, қарқын-
ды тиімділікте, сондай-ақ кең ауқымды қызмет аясында және формалды 
түрде әкімшілік міндеттердің барлық түрлерінде қолдануға болады».
(Weber, [1921] 1978:223)
Бюрократияның жағымды сипаттарын талдауына қарамастан, осы жер де 
және оның басқа да жұмыстарында бюрократияға деген көзқарасы екі жақты 


141
4-тарау

Макс Вебер
екені сезіледі. Ол өзінің артықшылықтарын үстемелей отырып, мәселелердің 
мәнін де жақсы білді. Вебер бюрократиялық ұйымдар туралы түрлі ескертулер 
айтты. Мысалы, ол бюрократиямен жиі тартысқа түсетін «қызыл таспа» тура-
лы хабардар болды. Алайда оның негізгі қорқынышы – бюрократиялық өмір-
дің барлық аспектілеріне басымдық беретін рационалдандыру жеке еркіндікке 
қауіп төндіреді деп ойлауы. Вебердің ойынша:
«Дүниеде ешқандай техника осы адамдар аппараты сияқты қызмет ет-
пейді, дәлірек айтқанда, соншалықты арзан... Рационалды есептеу... әр 
қызметкерді бюрократиялық машинада бұрандаға дейін кішірейтеді 
және өзін осы жағдайда көрген ол үлкенірек бұрандаға айналуды қалай-
ды... Бюрократияға деген құмарлық бізді үмітсіздікке жетелейді».
(Weber, [1921] 1978:liii)
Вебер бюрократияның және, жалпы алғанда, бюрократия құрамдас бір бөлі-
гі болып табылатын әлемді рационалдандырудың салдарына қатты алаңдады, 
бірақ ол бұдан шығудың ешқандай жолдарын көре алмады. Ол бюрократияны 
«сенімді дәлелдер», «іс жүзінде шырқы бұзылмас» деп сипаттады және бюро - 
кратия орныққан кезінде ең күрделі институттар да жойылуы мүмкін екенін айт-
ты. Сонымен қатар жеке бюрократтар бюрократияға «араласқан» кезде өздері 
одан жалтара алмайды деп санады (бюрократизацияға қатысты салыстырмалы 
түрдегі бәсең көзқарасты [Klagge, 1997] еңбектерінен көре аласыз). Вебер «бо-
лашақ бюрократияға мойынсұнады» деген тұжырымға келді ([1921], 1978:1401) 
және уақыт өте келе оның болжамы дұрыс болып шықты.
Вебердің пікірінше, бюрократияның артықшылықтарын сипаттауы оның 
жұмыс істеуінің идеалды тип бейнесі еді. Идеалды типтегі бюрократия – бұл 
бюрократияның рационалды сипаттамаларын мақсатты түрде арттыру. Мұн- 
дай шамадан тыс арттыру моделі эвристикалық мақсаттарға және нақты әлем-
дегі ұйымдарды зерттеуге пайдалы, бірақ оны бюрократияның іс жүзінде жұ-
мыс жасайтын нақты көрінісі деп қателеспеу керек.
Вебер идеалды типтегі бюрократиядан идеалды типтегі бюрократтарды бө-
ліп қарастырды. Ол бюрократияға – құрылымдар және бюрократтарға осы құ-
рылымдардағы лауазымдар деген теңеу ойлап тапты. Вебердің әрекеттерге бағ-
дарлануы сын көтермеді, өйткені ол ұйымдардың немесе осы бюрократия шең-
беріндегі адамдардың (қазіргі заманғы символикалық интеракционизм өкілдері 
болуы мүмкін) әлеуметтік психологиясын ұсынбады.
Идеалды типтегі бюрократия – ұйымның түрі. Оның негізгі бөлімшелері – 
иерархиялық тәртіптегі ережелермен, функциялармен, жазбаша құжаттармен 
және мәжбүрлеу құралдарымен жұмыс істейтін кеңселер. Мұның бәрі – әр-
түрлі деңгейде Вебердің ойлау өрісін көрсететін кең ауқымды құрылымдар. 
Ақыр аяғында, ол бюрократиядағы жеке адамдардың ойлары мен іс-әрекет те-
ріне бағытталған идеалды типтегі бюрократияны құра алатын еді. Мұндай бю-
рократияның ұйым дар ды зерттеуге, бюрократияның құрылымына емес, дәл 
осы деңгейге шоғыр ландырылған арнаулы біртұтас жалпы білім беру мектебі 
бар (Blankenship, 1977).
Төменде бюрократияның идеалды типтегі негізгі сипаттамалары көрсетілген:
1. Ол ережелермен байланысты формалды функцияларды (кеңселерді) үз-
діксіз ұйымдастырудан тұрады.


142
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
2. Әрбір кеңседе белгілі бір құзыреттілік бар. Кеңсе түрлі функция ларды жү-
зеге асыратын міндеттер жиынтығына, осы функцияларды орындау өкі-
леттігіне және жұмысқа қажетті мәжбүрлеу құралдарына ие.
3. Кеңселер иерархиялық жүйеде ұйымдастырылған.
4. Кеңселер қатысушыларға талап етілетін тиісті оқуларды меңгеруін қамта-
масыз ететін техникалық біліктілікке ие болуы мүмкін.
5. Осы кеңселердегі ұжым онымен байланысты өндіріс құралдарына ие емес, 
бес қызметкерге жұмысқа пайдаланатын қажетті заттар беріледі.
6. Жұмыс берушіге қызметтегі лауазымды тағайындауға рұқсат етілмейді, ол 
әрқашан ұйымның бір бөлігі болып қалады.
7. Әкімшілік актілер, шешімдер мен ережелер жазбаша түрде ресімделеді.
Қандай да бір балама бар ма? Бюрократия – бұл қазіргі қоғамда үнемі жоға-
рылау рөлін ойнайтын ра цио налды құрылымдардың бірі, бірақ бюрократиялық 
құрылымға қандай да бір балама бар ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Вебердің 
нақты және бірден-бір жауабы балама нұсқалардың жоқтығында болды: «Жап-
пай басқарудың қажеттілігі бүгінде толықтай іске аспайтыны белгілі. Таңдау 
тек басқару сала сындағы бюрократия мен дилетантизм арасында ғана» ([1921] 
1978:223). 
Бюрократияның заманауи капитализмнің ажырамас бөлшегі екенін мойын-
дауымызға қарамастан, бізде социалистік қоғамның өзгеше болуы мүмкін бе
деген сұрақ туындайды. Бюрократия мен бюрократтарсыз социалистік қо ғам 
құру мүмкін бе? Вебер былай түйіндейді: «Бюрократиялық бақылауға ұшы-
рағандар қолданыстағы бюрократиялық аппараттың ықпалынан құтылуға ты-
рысады, бұл әдетте бюрократия процесіне тең дәрежеде бағынатын жеке ұйым 
құру арқылы ғана мүмкін болады» ([1921] 1978:224). Шындығында, Вебер со-
циализм жағдайында біз бюрократияның төмендеуін емес, өсуін көреміз деп 
сенді. Егер социализм капитализммен салыстырылатын тиімділік деңгейіне 
жету керек болса, «бұл кәсіби бюрократтар маңыздылығының айтарлықтай ұл-
ғаюын білдіретін еді» (Weber, [1921] 1978:224). Капитализмде, қалай дегенмен
іс басындағылар бюрократтар емес, сондықтан бюрократтардың бетін қайтара 
алады, бірақ социализмде тіпті жоғарғы деңгейдегі көшбасшылар да бюрократ 
болады. Вебер осылайша өзіндік қиындықтарына қарамастан, «капитализм бю-
ро кратиялық әлемде жеке еркіндікті және шығармашылық көшбасшылықты 
сақ тауға жақсы мүмкіндік береді» деп сенді (Mommsen, 1974:хv). Біз Вебердің 
еңбегіндегі тағы да бір маңызды тақырыпқа жақындадық: оның шын мәнінде 
жақсы әлемге үміт жоқ екені туралы ойлары. Социалистер, Вебердің пікірінше, 
қоғамдағы бюрократияның дәрежесін көтере отырып, жағдайды нашарлата ала-
ды. Вебердің ойынша: «Қай топ жеңімпаз болатынына қарамастан, алдымызда 
жаздың гүлденуі емес, қатыгездіктің полярлық қараңғы түні күтіп тұр» (cited in 
Gerth and Mills, 1958:128).
Үміт бар ма? Вебердің жұмысындағы кішігірім үміттің нұры – бұл бюрократия-
лық жүйеден тыс мамандардың құрылымды белгілі бір дәрежеде басқара алуы. 
Осы санаттың құрамына Вебер кәсіби саясаткерлерді, ғалымдарды, интеллек-
туал дарды (Sadri, 1992), тіпті капиталистерді, сондай-ақ бюрократияның жоға ры 


143
4-тарау

Макс Вебер
басшыларын жатқызды. Мысалы, Вебердің пайымдауынша, саясаткерлер «бю-
ро кратиялық үстем дікке қарсы тұратын күш болуы керек» ([1921] 1978:1417). 
Оның танымал еңбегі Politics as a Vocation («Саясат – борыш ретінде») – не гі зінен, 
бюрократия мен бюрократтардың билігіне қарсы үндеу арқылы саяси көшбасшы-
ларды жаңа биікке көтерілуге шақырады. Бірақ соңында оларға артқан үміт өте
әлсіз болып көрінеді. Шын мәнінде, бұл мамандар – «рационалдандыру үдері-
сінің тағы бір аспектісі және олардың дамуы тек осы үдерісті жеделдету үшін 
ғана қызмет етеді» деген жақсы қорытынды жасауға болады (Nass, 1986; Ritzer, 
1975c; Ritzer and Walczak, 1988).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет