Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет118/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   596
Субстантивті әлеуметтану
Енді біз Вебердің субстантивті әлеуметтануына көшеміз. Вебердің өзінің мону-
менталдық Economy and Society («Экономика және қоғам») еңбегінде қарастыр-
ған іс-әрекеттер мен өзара әрекеттесу деңгейлерінен бастаймыз, бірақ көп ұзамай 
оның жұмысындағы негізгі парадокспен бетпе-бет келеміз: кішігірім үрдістер-
дің әлеуметтануына деген ұмтылысына қарамастан, оның жұмысы, негізінен, ең
алдымен әлеуметтік әлемнің ауқымды деңгейлерінде болды (көптеген вебе-
риандықтар Вебердің жұмысындағы осы парадокспен келіспейді). Мысалы, 
Калберг [1994] Вебер толығымен интеграцияланған микро-макро немесе агент-
тік-құрылым теорияларын ұсынады деп пайымдайды.
Әлеуметтану деген не? 
Әлеуметтану туралы көзқарасын білдіре отырып, Вебер көп ауқымды эволю-
циялық әлеуметтану идеяларына жиі қарсы тұрды. Мысалы, Вебер: «Мен 
ұжым дық ұғымдарға соққы берушілердің (әлеуметтанушылардың) бірі болдым. 
Басқа сөзбен айтқанда, әлеуметтануды да тек бір немесе бірнеше, аз немесе көп 
адамның әрекеттерінен, яғни жеке индивидуализм әдісін қолдану арқылы ғана 
жүзеге асыруға болады» (G. Roth, 1976:306). Өзінің «индивидуалистік» әдісін 
ұстанғанына қарамастан, Вебер әлеуметтанудан ұжымдық идеяларды мүлдем 
жою мүмкін емес екенін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ ол ұжымдық ұғым-
дардың маңыздылығын мойындаған кезде, оларды жеке адамның индивидуалды 
әрекетінің құрылымдары мен заңдылықтарына бұрып жіберді: «Әлеуметтануда 
әрекетті субъективті түсіндіру үшін бұл ұжымдар тек жеке тұлғалардың нақты 
әрекеттерінің нәтижесі мен оларды ұйымдастыру тәсілі ретінде зерттелуі керек
өйткені оларды субъективті түсінік бойынша әрекет ететін агенттер ретінде ғана 
қарастыруға болады» ([1921] 1978:13).
Өз кезегінде Вебер мағына мен оның қалай қалыптасатынына назар аудар-
ды. Вебердің микроәлеуметтануды қабылдауға және оған сенуге ниеттенгеніне 
еш күмән жоқ. Бірақ шын мәнісінде ол не істеді? Мэри Фулбрук Вебердің еңбе-
гіндегі үзіліске тікелей жауап береді:


136
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
«Вебердің әлеуметтік әрекетті себеп-салдарлық түсіндірудегі (жеке) ма-
ғына мен мотивтердің маңыздылығына баса назар аударуы оның әлемдік 
діндердің тарихи-салыстырмалы зерттеулерінде қолданатын шынайы 
түсіндіру әдісімен сәйкес келмейді. Керісінше, Вебердің негізгі жұмыс-
тарындағы түпкілікті деңгей – мағына мен мотивацияның белгілі форма-
ларының тарихи маңыздылығына қол жеткізе алатын әлеуметтік-құры-
лымдық жағдайлар деңгейі». 
(Fulbrook, 1978:71)
Ларс Удейн (1981) Вебердің әдіснамасы мен оның зерттеу нысанына ай-
налған негізгі мәсе лелерді бөліп қарайды, олардың арасында конфликт немесе 
кереғарлық бар екенін мойындай отырып, өз талдауында осы мәселеге назар 
аударды. Удейннің (1981) пікірінше, Вебер «индивидуалистік және субъекти-
вистік әдіснаманы» пайдаланады (1981:131). Соңғысы бойынша, Вебер адам-
ның не істеп жатқанына және неге олай жасауға мүдделі екеніне қызығушы-
лық танытады (олардың субъективті себептері). Біріншісінде, Вебердің жеке 
тұлғалардың әрекеттеріне қатысты ұжымдық әрекеттерді қысқартуға мүд де-
лі екені көрінеді. Дегенмен өзінің негізгі әлеуметтануында (көріп отыр ғаны-
мыздай) Вебер үлкен ауқымдағы құрылымға (бюрократия немесе капи тализм 
секілді) назар аударады және адамдар не істейтіндеріне немесе неліктен олай 
жасайтындарына көңіл аудармайды. Мұндай құрылымдар, Вебердің тұжыры-
мы бойынша, жеке тұлғалардың іс-әрекеттеріне қайшы келеді. Ал құрылым 
ішіндегілердің іс-әрекеттері олардың өз мотивтеріне емес, құрылымдарына 
қарай анықталады. Вебердің жұмысында үлкен қайшылық бар екеніне біз кү-
мәнданбаймыз, бұл бізді осы тараудың көп бөлігімен байланыстырады. 
Осыған байланысты Вебердің әлеуметтану анықтамасын келтірейік: «Әлеу-
меттану – әлеуметтік әрекетті интерпретациялық түсіндірумен және оның сал-
дары мен себептерін түсіндірумен айналысатын ғылым» ([1921] 1978:4). Бұрын 
талқыланған тақырыптардың ішінде осы анықтамада айтылған немесе тұжы-
рымдалған тақырыптар:
«Әлеуметтану ғылым болуы керек».
«Әлеуметтану тарихи байланыстарға қатысты (бұл жерде, мүмкін, Вебер 
әлеуметтану мен тарихты біріктіреді)».
«Әлеуметтану интерпретациялық түсіндіруде (verstehen) қолданылуы керек.
Біз енді Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттер түсінігі арқылы нені білдіретінін 
ұғамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет