Алеуметтану тероиясы indb


XXI ғасырдағы әлеуметтік теория



Pdf көрінісі
бет199/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   596
XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Теориялық интеграция, модернизм мен постмодернизм аясындағы талқы-
лау өзекті болғанымен, ол нақты жүзеге асқан жоқ. ХХІ ғасырдың басында 
(B. Turner, 2009) әлеуметтік теорияны жаңарту мақсатындағы еңбектер пайда 
бола бастады. Бұл кітаптағы теориялар аса құнды әрі олардың маңыздылығы 
арта берері даусыз. Теория әрдайым тарихқа айналған талқылауларға негіз де-
леді. Бұл теорияның қай жерде екенін және қайда бағытталып бара жақтанын 
білуді талап етеді. Осы мақсатта бұл бөлімде ХХІ ғасырдың басында ерекше 
өзекті болған тұтыну, өндіріп-тұтыну, жаһандану, ғылым мен техника сияқты 
салаларды қарастырамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл салалардың әрқайсысы 
әлеуметтік теорияларды жаңа және әртүрлі бағыттарға жетелейтін теориялық 
бастама болды.
Тұтыну теориялары
Өз мәселелері мен болашағы бар өндірістің дамуы шарықтау шегіне жеткен 
кезде әлеуметтану теориясы да ұзақ уақыт бойы «өндіріске бағытталды». Бұл 
дегеніміз – теориялар да өндіріске, өндірістік ұйымдарға, еңбек пен еңбек ету-
шілерге бағытталды деген сөз. Бұл құбылыс марксистік және неомарксистік 
тео рияларда анық байқалады, сондай-ақ ол Дюркгеймнің еңбек бөлінісі тура-
лы тұжырымдамасы, Вебердің Батыстағы капитализмнің дамуы және әлемнің 
басқа бөліктерінде сәтсіздікке ұшырағаны туралы жазған еңбектері, Зиммель-
дің адамның өмір сүруіне қажетті өнімдердің күрт көбеюі салдарынан пайда 
болған мәдениет трагедиясы, Чикаго мектебінің жұмыс берушілер мен қыз-
меткерлер, басқарушылар мен қызмет етушілер арасындағы конфликт теория-
сы аясында зерттеуі сияқты көптеген теорияларда кездеседі. Әйтсе де тұтыну 
мен тұтынушы мәселесіне аз назар аударылды. Оның ішінде Торстейн Веблен-
нің ([1899] 1994) «демонстративті тұтыну», Зиммельдің ақша ([1907] 1978) 
мен сән ([1904] 1971) туралы ойлары сияқты талдаулар болуына қарамастан, 
негізінде, әлеуметтік теорияшылар өндіріске қарағанда тұтыну мәселелері ту-
ралы әлдеқайда аз зерттеді.
Постмодерндік әлеуметтік теория постмодернистік қоғамды тұтынушы 
ретінде анықтады, бұл теория бойынша тұтыну бірінші орындағы маңызды 
мәселе болып табылады. Ең атақты туындылардың бірі – Жан Бодрийярдың 
([1970] 1998) The Consumer Society («Тұтынушылар қоғамы») атты талдау ең-
бегі. Липовецкийдің ([1987] 1994) сән туралы постмодерндік еңбегі постмо-
дерндік әлеуметтік теория аясында және оның шеңберінен тыс тұтыну теория-
сына да қатысты маңызды мәселелерді қамтыды. Осы сәттен бастап әсіресе 
Батыста тұтынудың маңыздылығы арта берді, ал өндіріс төмендеді. Біз тұ-
тынуға байланысты теориялық (және эмпирикалық) еңбектердің көбейгенін 


249
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
байқаймыз (Ritzer, Goodman, and Wiedenhoft, 2001; for an overview of extant 
theories of consumption, see Slater, 1997, 2005). Бүгінгі таңда тұтұнуға қатысты 
ережелерді реттейтін теориялық негізі бар көптеген еңбектер жазыла баста-
ды. Мысалы, «Consuming places» («Тұтыну орыны») (Urry, 1995), «Enchanting 
a Disenchanted world: Continuity and Change in the Cathedrals of Consumption» 
(«Көңіл қалдырған әлемнің таң қалдыруы: тұтынудың үздіксіздігі мен өзге-
рісі») (Ritzer, 2010a) және Shelf Life: Supermarkets and the Changing Cultures of 
Consumption («Сақтау мерзімі: супермаркеттер мен тұтыну мәдениетінің өз-
геруі») (Humphery, 1998). Біз бұл шектеулерге, сондай-ақ тұтынушы, тұтыну 
тауарлары мен тұтыну процесіне арналған көптеген еңбек термен алдағы уа-
қытта танысатын боламыз. Ең жаңа бағыттардың бірі – бір уақытта өндіріп, 
сол уақытта тұтынатын просьюмерлері, әсіресе интернетте және Web 2.0 (мә-
селен, Facebook, блогтар) жайындағы жұмыс (Ritzer, 2009; Ritzer, Dean, and 
Jurgenson, 2012).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет