Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет266/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   596
Марксизмнен соң
Бұл бөлімде талқылауға болатын көптеген постмарксистік бағыттар бар 
(Beilharz, 2005d), бірақ біз аса экстремалды бағыттардың біріне назар ауда-
румен әңгімемізді аяқтаймыз.
Рональд Аронсонның After Marxism («Марксизмнен соң») атты кітабы 
(1995) тарихтың біршама деңгейін қамтиды. Жанкешті марксист Аронсон 
марксизмнің аяқталғанын, марксистік теорияшылар қазіргі уақытта әлеу-


351
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
меттік әлеммен және оның мәселелерімен өз беттерінше күресіп жатқанын 
дәлелдейді. Бұл «марксистік жоба» ұстанымы теория мен тәжірибенің ин-
теграциясын қосу идеясына негізделген. Кейбір марксистер марксистік тео-
рияны бөлшектеп сатып алуды жалғастыра берсе де, капитализмнен социа-
лизмге өзгертілген марксистік жобаның ғұмыры қысқа болды, себебі ол өзі-
нің мақсаттарын айқын түрде орындай алмады. Маркс жобасының сәтсіздік-
ке ұшырағанын дәлелдеген – Аронсон емес, тарих. Мәселен, сол теорияны 
сатып алуды жалғастырушы марксистер марксистік жобаны құраушы тео-
рия мен тәжірибенің диалектикалық тұтастығын бұзады. Бұл бөліну апатқа 
апарып тірейді, өйткені марксизмнің сарқылмас қуат-күші осы «біртұтас ке-
лісілген теориялық және тәжірибелік жобадан» тұрады (Aronson, 1995:52).
Бірақ капитализм бұрыннан бар және бұдан әрі де өмір сүруін жалғасты-
ра беретін болса, коммунизмнің жойылуымен, марксистік жобаның аяқта-
луы мүмкін бе? Шындығында, Аронсон марксизм идеясының әлі де өзекті 
екені жайлы көптеген уәждер бар екенін мойындайды. Мысалы, ол бүкіл 
әлемдегі жұрт шылықтың көпшілігі бүгінгі күнгі капитализмнің бұрынғысы-
нан гөрі нашар екенін және бірқатар өзгерістерге қарамастан, капитализм-
нің іргелі қанаушылық құрылымының өзгермейтінін мойындайды дейді. 
Мұндай шындыққа қа рамастан, Аронсон түрлі өзгерістер бізді марксистік 
теорияның шешуші аспектілері ескірген деген тұжырымға алып келеді деп 
пайымдайды:
– жұмысшы тап одан әрі кедейлене түспеді;
– таптық құрылым екі полярлық тапқа (буржуазия мен пролетариат) 
ғана бөлінген жоқ;
– өнеркәсіптік үдерістердің өзгеруіне байланысты өнеркәсіптік жұмыс-
шылар саны азайып, жұмысшылар табы фрагменттік бола бастады және 
олардың өз жағдайлары жайлы таптық санасы әлсіреген;
– жұмысшы табының жалпы жағдайының төмендеуі, оның күшінің әлсі-
реуіне, таптық сана-сезіміне және таптық күреске араласуына әкелді;
– жұмысшылардың өздерін жұмысшы ретінде тану мүмкіндігі біртіндеп 
азая бастады, оларда бірнеше және бәсекелестік сәйкестік бар, сондық-
тан жұмысшы болу – енді көптеген жеке тұлғалардың бірі болу деген 
сөз.
Аронсон бізді марксизмнің бар екеніне сендірді және оның атымен жасал-
ған (тіпті сталинизм) қателіктеріне қарамастан, өкінбеуіміз керек деп тұжы-
рымдады: 
«Марксизм үміт берді, ол әлемді түсінді, көптеген және сансыз өмірлер-
ге бағыт пен мән берді. ХХ ғасырдың сұрапыл қару-жарақтарына қарсы 
миллиондаған адамды табанды күресуге рухтандырды, адамдардың өз 
тағдырлары өз қолдарында екеніне сенуге қанаттандырады».
(Aronson, 1995:85)


352
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Марксизмнің нақты әлемдегі сәтсіздіктеріне қоса, Аронсон марксистік 
теорияның өз ішінде туындаған мәселелерге де көңіл аударған. Ол бұл мәсе-
лелердің түйінін Маркстің түпнұсқа теориясының қазіргі заманның алғаш-
қы кезеңінде пайда болуымен байланыстырады, оның құрамында модерндік 
және одан бұрынғы идеялардың ыңғайсыз қоспасы бар екенін атап айтады. 
Бұл – марксистік теорияның ізінен өмір бойы қалмай келе жатқан мәселе. 
Мысалы, эмансипацияға қатысты көрегендік көзқарас ғылымға деген зама-
науи сеніммен және фактілерді іздеумен қатар түйісіп отырады: «Ғылыми 
бүркемеленген мұндай догматикалық көрегендік біздің бақылауымызға ба-
ғынбайтын құдіретті күшпен қол жеткізілген әлемнің діни көзқарастарымен 
терең әрі тікелей бай ланысын ашады» (Aronson, 1995:97). Өзге бір мысалды 
қабылдау үшін марк сизм объективті процестерге баса назар аударып, субъек-
тивті процестерді на зардан тыс қалдыруға тырысты.
Аронсон келесі тарауды мынадай арандатушы үзіндімен бастайды: «Феми-
низм марксизмді жойды» (1995:124). Ол феминизмнің бұл ерлікті өз бетімен 
орындамағанын түсіндіреді. Дегенмен феминизм марксизмді жоюға өз үлесін 
қосты, ол «әйелдердің әйел ретінде қаналуына» негізделген теорияны талап 
еткен (Aronson, 1995:126). Бұл фокус марксистік теорияны айқын бұрмалады, 
себебі ол барлық адамдарға ортақ қолданылатын теорияны ұсынған. Сонымен 
қатар феминизм теориялары адамзаттың әмбебап мәселелеріне емес, олардың 
нақты жағдайына назар аударуға бағытталып, басқа топтардың дамуына негіз 
болған.
Аронсон, аналитикалық марксизм секілді, марксизмсіз марксизм ретінде 
бұрын талқылаған марксистік теорияларды сипаттайды. Демек, олар таза тео-
риялар болып табылады, тәжірибеден айырылған, сондықтан оның ойынша 
марксизм деп аталмауы керек:
«Олар аналитикалық марксизм секілді атын талап етуі мүмкін, бірақ 
көптеген марксизм секілді марксизмсіз әрекет етеді. Олар соншалықты 
бұрмаланған, соншалықты шектелген, теориялық ауқымы соншалықты 
тар болғандықтан, олардың сөздері мен міндеттемелері шындыққа сай 
десек те, тек марксизмнің аурасын қамтуға шамасы келеді. Алайда бұл 
идеялардың шынайы өмірді бейнелеуі күмәнді». 
(Aronson, 1995:149) 
Мұндай марксистік теориялар аман қалады, бірақ олар әлемдегі ең бол-
машы елеусіз орындардың бірін алады. Олар осындай дауыстардың шалқар 
теңізінде бір ғана теориялық дауысты бейнелей алады.
Осының бәрін ескере отырып, Аронсон қазіргі әлемнің сыни сарапшылары 
өздігінен марксистік жобаны қолдана алмайды деген қорытындыға келген. Бі-
рақ мұның игілікті жағы да бар. Марксистік жобаның өте мықты жақтары бол-
ғанымен, сыни талдаушылар үшін үлкен қиындығы да бар. Бұрынғы марксистер 
жаңа Марксті іздеу керек пе? Немесе жаңа марксистік жобаны іздей ме? Қо-
ғамдағы оқиғалар мен теориялық тұрғыдан алғанда, Аронсон бұл сұрақтардың 
жауабы жоқ деп есептейді, өйткені біз «марксизмнің тұтастығы, интеграциясы, 
келісім ділігі мен сенімінің мүмкіндігінен» әлдеқайда асып кеткенбіз (1995:168). 
Мысалы, бір радикалды қозғалыстың орнына бүгін біз топтар мен идеялардың 
түбегейлі коалициясын іздеуге тиіспіз. Мұндай коалицияның мақсаты – бүгінгі 


353
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
уақыттағы ішкі шиеленіс жарылысынан және әртүрлі қанау түрлерінен қазіргі 
заманды құтқару.
Мұндай жаңа радикалды қозғалыстың алдынан шығатын қиындық – бо-
ла шақты құр қиялмен болжап болмайтыны. Дегенмен оны бірге қолдап, алға 
жылжыту үшін эмоциялық негіз болу керек. Қозғалыстың моральдық негізі 
болуы тиіс, дұрыс және бұрыс нәрселер туралы білімі болу қажет. Сондай-
ақ ол марксизм жобасын сипаттайтын үміттен әлдеқайда қарапайым үмітке 
ие болуы тиіс. Қарапайымдығына қарамастан, мұндай үміт, өзінің әлеуметтік 
мақсаттарына қол жеткізе алмаған жағдайда, марксистік жобаға тән терең тү-
ңілуге алып келуі ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет