366
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
пен қоршаған ортаны бақылауға ала отырып, қазіргі қоғам мен білімнің пайда
болуы мен дамуына зор ықпал етті» (Mead, [1934] 1962:14).
Бұл даму вокалдық ым-ишараның ерекше сипаттамасымен байланысты. Біз
физикалық ым жасағанда, мысалы бет-аузымызды тыржитқанда, не істеп тұр-
ғанымызды көре алмаймыз (айнаға қарамаған жағдайда). Керісінше, біз вокал-
дық ым жасағанда өзімізді басқалардай ести аламыз. Мұндағы нәтижелердің
бірі – вокалдық ымның сөйлеушіге де, тыңдармандарға да бірдей әсер ететіні.
Демек, біздің физикалық ымға қарағанда вокалдық ымды тоқтатуға мүмкіндігі-
міз бар. Басқаша айтқанда, біз физикалыққа қарағанда вокалдық ымды жақсы
бақылай аламыз. Өзін-өзі және өз реакцияларын бақылау қабілеті адамдардың
басқа да ерекше мүмкіндіктеріне қатысты үлкен маңызға ие болып келеді. Жал-
пы айтқанда, «адамзат қоғамындағы әлеуметтік ұйымдастырудың бірден-бір
құралы – вокалдық ым-ишара» (Mead, 1959:188).
Достарыңызбен бөлісу: