362
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«Біз әлеуметтік психологияда әлеуметтік топтың іс-әрекетін оны құрай-
тын жеке индивидтердің іс-әрекеті арқылы анықтамаймыз; керісінше,
біздің бастау алатын нүктеміз – әрбір индивидтің іс-әрекеті талданатын
күрделі топтық қызметтің әлеуметтік біртұтастығы. Демек, біз оның
құрамындағы индивидтердің ұйымдастырылған іс-әрекетін қарастыр-
маймыз, оның орнына әлеуметтік топтың өзінің іс-әрекетін түсіндіруге
тырысамыз. Әлеу меттік психологияда біртұтастық (қоғам) құрамдас бө-
ліктен (инди вид) жоғары тұрады және құрамдас
бөлік біртұтастық тара-
пынан түсіндіріліп отырады, керісінше болуы мүмкін емес».
(Mead, [1934] 1962:7)
Мидтің пікірінше, әлеуметтік біртұтастық логикалық тұрғыдан және уақыт
бойынша да жеке санадан бұрынырақ қалыптасқан. Сана-сезімі бар индивид,
әрі қарай көретініміздей, Мидтің теориясында әлеуметтік топтың бастапқылық
рөлінсіз өздігінен пайда бола алмайды. Алдымен әлеуметтік топ жүріп отыра-
ды, ал ол сана-сезімнің ойлау процестеріне алып келді.
Әрекет
Мид әрекетті өз теориясының «ең қарапайым бірлігі» деп есептейді (1982:27).
Мид әрекетке талдау жасау барысында бихевиористік тәсілдемеге жақын келіп,
назарын стимул мен реакцияға шоғырландырады. Дегенмен бұл жағдайда да сти-
мул адамның ойсыз автоматтық реакциясын тудыра алмайды. Мид айтқандай:
«Біз стимулды мәжбүрлеу немесе бұйрық емес, әрекетке себеп немесе мүмкін-
дік ретінде түсінеміз» (1982:28). Мид ([1938] 1972) әрекеттің төрт негізгі өзара
байланысқан сатысын көрсетті (Schmitt and Schmitt, 1996). Төменгі сатыдағы
жануарлар да,
адамдар да әрекет жасайды, Мид екеуінің арасындағы ұқсастық-
тарға, әсіресе айырмашылықтарға қызығушылық танытты.
3
Бірінші кезең –
импульс кезеңі, ол «тікелей сезімдік стимул» мен актордың
осы түрткіге деген реакциясынан, соған қатысты әрекет ету қажеттілігінен
тұра ды. Аштық – импульстің жақсы мысалы. Актор (адам немесе адам емес)
импульске ойланбастан, бірден жауап беруі мүмкін, бірақ адам тиісті реак ция
туралы ойлануы ықтимал (мысалы, қазір немесе кейінірек тамақ тану). Әрекет-
тің екінші кезеңі –
қабылдау, соның көмегімен актор импульспен,
біз дің мы-
салымызда аштықпен байланысты стимулдарды іздеп, соларға жауап қайтара-
ды, сонымен қатар оны қанағаттандырудың қолжетімді әдістерін анық тайды.
Адамдар есту, сезу, дәм сезу және т.б. арқылы стимулдарды сезіп, қа был дай
алады. Қабылдау келіп жатқан стимулдардан, сонымен қатар олар ойда қалып-
тастыратын бейнелерден тұрады. Адамдар сыртқы стимулдарға жай ғана жауап
беріп қоймай, ойлау бейнелері
арқылы оларды терең зерделеп, бағалайды. Мид
адамдарды олар қабылдайтын объектілерден ажыратуды жөн көрмейді. Объек-
тіні қабылдау актісі оны адамға тиісті объектіге айналдырып отыр, қабылдау
мен объект бір-бірінен ажырамайды (олар диалектикалық тұрғыдан өзара бай-
ланысты).
Үшінші кезең –
манипуляция. Импульс байқалып, объект қабылданғаннан
кейінгі келесі қадам – актордың объектіге қатысты күрделі қимылдар жасауы,
ал анағұрлым кең мағынасында оған қатысты белгілі
бір әрекеттер жасауына
363
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Осы кітапта талқыланған беделді теорияшылар-
дың көбі жарық көрген жұмыстары үшін үлкен
абыройға ие болды. Алайда Джордж Герберт Мид
өзінің ілі мімен де, жариялаған еңбектерімен де
даңққа бө ленді (Huebner, 2014). Оның сөздері ХХ
ғасырдың беделді әлеуметтанушылары атанған
көптеген адам дарға ықпалын тигізді. Шәкірттерінің
бірі былай айт қан болатын: «Әңгіме оның мықты
құралы болса, жазу тек солғын сәті ғана болды
(T.V. Smith, 1931:369). Оның шәкірттерінің бірі та-
нымал әлеуметтанушы Леонард Коттрелдің Мидке
ұстазы ретінде берген сипаттамасы:
«Мен үшін профессор
Мидтің оқыған дәрі-
сі бірегей және ұмытылмас тәжірибе болды...
Профессор Мид әдемі мұрты мен «ван дайк»
үлгісінде қойылған сақалы бар құрметті және
сыпайы адам еді. Ол ақырын ғана ұяңдықпен
жымиып отыратын, ал оның жанарындағы нұр
көптің алдында ойнап жүрген жасырын қал-
жыңын білдіргендей әсер ететін...».
Ол ешбір кідіріссіз дәріс оқып тұрып, қолындағы бор түйірінің қозғалысына көз алмай
қарайтын. Өзінің дәрісінде аса ерекше сәтке жеткен кезде, ол ұяла отырып жымиятын.
Ешқашан ешкімге де қарамайтын. Оның дәрісі тоқтаусыз жүретін, кейінірек біз студент-
тер тарапынан сұрақтар қойылып, ескертулер жасалмайтынын білдік. Шынымен де,
арамыздан біреу суырылып шығып, сұрақ қойғысы келген жағдайда студенттер шулай
бас тайды. Олар алтын арна болып табылатын дәрістің тоқтатылуына осылайша наразы-
лық білдіретін...
«Оның студенттерге қоятын талабы қарапайым еді. Ол мүлдем емтихан алмайтын. Әр-
бір студентке қойылатын талап – білгеніңді мүмкіндігінше жаза білу. Профессор Мид
айрықша зейін қойып, ұқыптылықпен оқып шығатын. Сондай-ақ оның мақала жөнінде
білдіретін ойы сіздің осы сабақтан алған дәрежеңізді білдіретін. Студенттер оның саба-
ғына барудың орнына, мақала жазуды үйрететін материалдарды оқиды деген болжам
жасауға да болар еді. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Студенттер әрдайым келіп оты-
ратын. Олар Мидтің дәрістеріне сусағандай құныға түсетін».
(Cottrell, 1980:49–50)
Мид жазуға қиналатын және де бұл жағдай оны қатты толғандырды. «Мен өзімнің қалаға-
нымды жаза алмайтыныма қатты қынжыламын» (cited in G. Cook, 1993:xiii). Дегенмен ұзақ
жылдар бойы Мидтің көптеген идеялары, әсіресе
Mind, Self and Society («
Сана, өзіндік мән
және қоғам») кітабында жарық көрген болатын (Мидтің дәрісін тыңдаған студенттерінің
бірі жазған жазбаларға негізделген кітап). Осы кітап пен Мидтің басқа да жұмыстары қазір-
гі
әлеуметтанудың, әсіресе символикалық интеракционизмнің дамуына ықпал етті.
1863 жылдың 27 ақпанында Массачусетс штатындағы Оңтүстік Хэдлиде дүниеге келген Мид,
негізінен, философияны және оны әлеуметтік психологияға қолдануды оқыды. Ол 1883 жылы
Оберлин колледжін тәмамдап (әкесі сол жерде профессор болды) бакалавр дәрежесін алды,
ал бірнеше жылдан соң орта мектеп мұғалімі, теміржол компанияларының инспекторы және
жеке үйретуші болып жұмыс істеді. Мид 1887 жылы Гарвардқа аспирантураға түсті. Гарвардта,
Лейпциг және Берлин қалаларында біраз оқығаннан кейін 1891 жылы Мидке Мичиган уни-
Достарыңызбен бөлісу: