Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет273/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   596
ДЖОРДЖ ГЕРБЕРТ МИД
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Granger, NY
C. All rights reserved.


364
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ДЖОРДЖ ГЕРБЕРТ МИД
негізделеді. Ойлау басымдығынан бөлек, адамдар жануарлардан басқа да ар-
тық шылығымен ерекшеленеді. Адамдардың жануарларға қарағанда заттарды 
оңтайлы және ыңғайлы қолдануға мүмкіндік беретін қолдары бар (бас бар-
мақтары бар). Мидтің пікірінше, манипуляция кезеңі өзіне маңызды уақытша 
кідірісті қамтиды, ол жауап беру бірден байқалмас үшін жасалынады. Аш адам 
саңырауқұлақты көреді, бірақ оны жемес бұрын, алдымен жұлып алып, зерттеп, 
оның жеуге жарамдылығын анықтамадан қарауы мүмкін. Затты зерттеп алу-
ға жұмсалатын кідіріс адамдарға түрлі нұсқаларды ойластырып қарауға мүм-
кіндік береді. Осы ой-толғаулардың негізінде актор саңырауқұлақты жейтінін 
(немесе жемейтінін) шешеді және де бұл іс-әрекеттің ақырғы фазасы тұтыну-
ды, яғни алғашқы импульсті қанағаттандыратын әрекетті орындауды құрайды. 
Адамдармен қатар, төменгі сана сатысындағы жануарлар да саңырауқұлақты 
жеуі мүмкін, алайда адамның саңырауқұлаққа қатысты күрделі қимылдарды 
жасау және онымен қоректенудің салдары туралы ойлау (оқу) қабілетіне ие бо-
луының арқасында оның зиянды саңырауқұлақты жеуі екіталай.
Қарапайым түрде түсіндіру мақсатында әрекеттің төрт кезеңі жүйелі түрде 
верситетінде оқытушылық қызмет ұсынылады. Ең қызықтысы, Мид жоғары оқу орнын бітіргені 
туралы дипломдарын алмаған. 1894 жылы Джон Дьюидің шақыруымен Чикаго университетіне 
көшіп, өмірінің соңына дейін сонда қалады.
Мид өзінің хатындағы келесі үзіндісінде Дьюидің орасан зор ықпалын атап өтті: «Дьюи мырза – 
бірегейлік пен терең ойдың үлгісін білдіретін тұлға ғана емес, сонымен қатар өмірімде кездес-
тірген ғибраты мол ойшыл. Одан алғанымды өмірімде кездестірген адамдардың бірінен де алған 
емеспін» (cited in G. Cook, 1993:32). Бұл әсіресе Мидтің Чикагода атқарған бастапқы жұмысына 
байланысты айтқан сөздері, ол Дьюидің соңынан білім беру теориясына бола ерген болатын 
(Дьюи Чикагодан 1904 жылы кетті). Алайда Мидтің ой-тұжырымы Дьюиден тез ажырап, өзінің 
«
сана, өзіндік мән және қоғам» атты әлеуметтік-психологиялық теорияларына әкеп тіреді. Ол 
1900 жылдан бастап әлеуметтік психология бойынша дәріс оқи бастады. 1916–1917 жылдары 
іргелі дәріске айналды (1928 жылғы дәрістердің стенографиялық студенттік жазбалары «Сана, өз-
дік мән және қоғамның» негізіне айналды). Кейін осы дәрістердің жалғасы ретінде 1919 жылдан 
кейін әлеуметтану бөлімінің қызметкері Эллсуорт Фарис әлеуметтік психология негізі бойынша 
дәріс жүргізді. Мид осы дәріс арқылы әлеуметтану (сонымен қатар психология және педагогика) 
бөлімдерінің студенттеріне зор ықпал етті.
Өзінің ғылыми қызығушылықтарымен қатар, Мид әлеуметтік реформаға да ат салысты. Оның 
ғылымды әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдануға болатынына сенімі мол болды. Мысалы, ол 
Джейн Аддамс пен Халл Хаус екеуінің бастамасымен құрылған Чикаго университеті жанындағы елді 
мекендер қоғамдық қорының жетекшісі және қаржы жинаушы болып қызмет істеді. Бұл жұмыстың 
университет жүргізген әлеуметтік зерттеулерде ең маңызды рөл атқаруы да әбден мүмкін.
1928 жылы, зейнетке шығатын уақыты жақындаса да, университеттің өтінішімен оқытушы-
лық қызметін жалғастыра берді, ал 1930 жылдың жазында Философия бөлімінің профессоры 
болды. Өкінішке орай, ол университет президенті мен департамент арасындағы жанжалдың 
ортасында қалды. Ақыры, осы лаңның кесірінен, 1931 жылдың басында Мид ауруханада жа-
тып жұмыстан өз еркіммен кетемін деп арыз жазуға мәжбүр болды. Ол сәуір айының соңына 
қарай ауруханадан шықты, ал келесі күні жүрек талмасынан көз жұмды. Джон Дьюи ол туралы 
былай деген болатын: «Ол Америка философиясындағы соңғы буынының ішіндегі біртума 
ойшыл еді» (G. Cook, 1993:194).


365
9-тарау

Символикалық интеракционизм
өзара ажыратылғанымен, Мид олардың арасында диалектикалық байланыстың 
бар екенін байқады. Джон С. Болдуин бұл идеяны былайша көрсетеді: «Әрекет-
тің төрт элементі кейбір кезде өзара бір желіде байланысты болып көрінгенімен
шын мәнісінде олар бірімен-бірі үйлесіп, біртұтас табиғи процесс қалыптасты-
рады: әрекеттің басынан бастап аяғына дейін әрбір элементтің қырлары көрініс 
тауып, бір-біріне әсер етіп отырады» (1986:55–56). Осылайша әрекеттің кейінгі 
кезеңдері оның алдыңғы кезеңдерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мысалы, 
адамның тамаққа деген көзқарасы онда аштықтың немесе аштық сезімінің, со-
нымен қатар бұл сезімді қанағаттандыра алатын қоректің қолжетімді екенін 
білдіретін импульстерді қалыптастыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет