371
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Басқаша айтқанда, адам өзіндік мәнге жету үшін қауымдастықтың мүшесі
болып, жалпы қатынастарға бағдарлануы тиіс. Ойынға өзіндік мәннің тек жеке
бөліктері керек болғанымен, ол біртұтас өзіндік мәнсіз іске асырылмайды.
Ол өзіндік мән үшін маңызды жалпыланған басқаның рөлін атқарғанымен,
сонымен қатар ұйымдасқан топтық қызметтің дамуы үшін де оның маңызы зор.
Топқа керегі адамдардың өз қызметін жалпыланған басқаның қатынасына сай
бағыттауы болып табылады. Жалпыланған басқа Мидтің әлеуметтік құрамдас
бірліктерге басымдық беруге бейімдігін аңғартады, өйткені жалпыланған басқа
арқылы топ адамдардың әрекетіне әсер ете алады.
Мид өзіндік мәнге прагматикалық тұрғыдан да қарайды. Жеке деңгейде
өзіндік мән адамға үлкен қоғамның анағұрлым тиімді мүшесі болуға мүмкін-
дік береді. Адамдар нақты жағдайда өздерінен талап етілетін нәрсені жасайды.
Адамдар көбінесе топтық талаптарға сай өмір сүруге тырысатындықтан, топ
мүддесіне қайшы келетін әрекеттерден аулақ болады. Сонымен қатар өзіндік
мән қоғамды тұтастай үйлестіруге мүмкіндік береді. Адамдар талапқа сай әре-
кет ететіндіктен, топ тиімдірек жұмыс істей алады.
Алдыңғы ережелер, өзіндік мәнге қатысты жалпылама талқылау Мидтің ак-
торлары конформистер болып келетінін, жеке бастарының қасиеттері аз екенін
көрсетеді, өйткені олардың барлығы да өздерін жалпыланған басқаға сәйкес-
тендіреді. Алайда Мид әрбір өзіндік мәннің басқалардан ерекшеленетінін ай-
қын көрсеткен болатын. Өзіндік мән жалпы құрылымды иеленгенімен, әрбір
өзіндік мән бірегей биографиялық артикуляцияға ие болады. Қоғамда жалпы-
ланған басқа – біреу ғана емес, олардың саны көп, өйткені қоғамда топтар саны
шексіз. Сол себепті адамдардың бойында бірнеше жалпыланғандар, яғни тұл-
ғалар бар.
Әрбір тұлғаның бірегей жиынтығы оны басқалардан даралай түседі. Сон-
дықтан адамдар қауымдастықты бар күйінде қабылдамауы қажет. Олар заттар-
ды өзгертіп, оларды одан әрі жетілдіре түсуге тырысу керек. Біз өзіміздің ойлау
қабілетіміздің арқасында қауымдастықты өзгерте аламыз.
Мид өзіндік мәннің «мен» және «өзім» деп аталатын екі қырын немесе фаза-
сын анықтайы (for a critique of this distinction, see Athens, 1995). Мид былай жа-
зады: «Өзіндік мән – осы екі түрлі фазадан өтетін әлеуметтік процесс» ([1934]
1962:178). «Мен» және «өзім» өзіндік мәннің ана ғұрлым ауқымды әрекет шең-
беріндегі процестер екенін ескеру қажет, олар «заттар» емес.
Достарыңызбен бөлісу: