Алеуметтану тероиясы indb


Редукционизм мен әлеуметтанудың арасында



Pdf көрінісі
бет271/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   596
Редукционизм мен әлеуметтанудың арасында
1937 жылы Блумер символикалық интеракционизм ұғымын енгізіп, оның ғылы ми 
ортаға орнығып, дамуы үшін бірнеше мақала жазды (Morrione, 2007). Мид жа-
рыққа енді шыққан символикалық интеракционизм мен бихевиоризмнің айырма-
шылығын көрсеткісі келсе, Блумер символикалық интеракционизм екі жаққа да 
бірдей қызмет ететінін алға тартты. Мид алғашқы редукционистік бихевиоризм 
бағытын жақтырмады. Оған тағы алпауыт әлеуметтану теориялары, әсіресе құры-
лымдық функционализм тарапынан үлкен қауіп төніп тұрды. Блумердің ойынша, 
бихевиоризм де, құрылымдық функционализм де адамның іс-әрекетіне әсер ете-
тін факторларға (мысалы, сыртқы стимулдар мен нормалар) назар аударуға бейім 
болып келді. Блумердің пікірінше, екі теория да маңызды процеске тиісті көңіл 
бөлмеді, өйткені соның арқасында әрекет етуші субъектілер өздеріне ықпал етуші 
күштер мен өздерінің іс-әрекетіне ғана мән береді (Morrione, 1988).
Блумердің ойынша, бихевиористер адамның іс-әрекетіне деген сыртқы 
стимулдар ықпалының басымдығын білдіре отырып, психологиялық редук-
ционистер қатарын толықтырды. Блумерді бихевиоризмнен бөлек, психо-
логиялық редукционимзнің басқа да түрлері алаңдатты. Мысалы, ол «ұста-
нымдар» тұ 
ғыр 
намасының жалпыға ортақ түсініктеріне сүйеніп, адамның 
іс-әрекетін түсін 
діруге тырысатындарды сынады (Blumer, [1955] 1969:94). 
Оның ойынша, аталмыш тұғырнаманы пайдаланушылардың басым көпшілі-
гі ұстанымды актордың «әлдеқашан ұйымдастырылып қойған беталысы» ре-
тінде түсінеді, олар ұс танымдарды әрекеттердің қозғаушы күші деп есептейді. 
Осы орайда Блумер мұны тым қарабайыр механикалық түсінік деп ұйғара-
ды; мұнда интенсивті үрдіс сипатындағы қатынас емес, «актордың қандай да 
бір қарым-қатынасты орнатудағы әрекетін анықтаушы процесс» деп түсінеді


361
9-тарау

Символикалық интеракционизм
(Blumer, [1955] 1969:97). Сонымен қатар Блумер саналы және бейсаналы мотив-
терді қарасты ратындарды сынға алды. Ол әсіресе «акторларға бақыланбайтын
бағынуға көнбейтін тәуелсіз ойлау импульстері әсер етеді» деген тұжырымды 
қолдамады. Акторлардың «ол» немесе «либидо» сияқты күштерге бағынуын 
қарастыратын Фрейд теориясы Блумердің жоққа шығарған психологиялық 
теорияларының мысалы болды. Ол акторлардың мән қалыптастырушы проце-
сіне, яғни олардың тұлға ретінде өзіндік болмысы болатынын және өздерімен
өзара қатынаста болатынын назарға алмайтын психологиялық теорияның кез 
келгеніне қарсы шықты.
Cондай-ақ Блумер «адамның іс-әрекеті ірі ауқымды сыртқы күштермен 
анықталады» деген әлеуметтану теорияларын (әсіресе құрылымдық функцио-
нализмді) сынға алды. Бұл категорияның қатарына ол «әлеуметтік жүйе, әлеу-
меттік құрылым, мәдениет, мәртебелік ұстаным, әлеуметтік рөл, салт, инсти-
тут, ұжымдық түсінік, әлеуметтік жағдай, әлеуметтік норма мен құндылықтар» 
сияқты әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени факторларға негіз-
делетін теорияларды қосты (Blumer, [1962] 1969:83). Әлеуметтану мен психо-
логия теориялары да шынайылықтың мәні мен әлеуметтік құрылымының ма-
ңыздылығын есепке алмай отыр:
«Заттарға берілетін психологиялық және әлеуметтану түсініктеріне не 
көңіл бөлінбейді, немесе олар адамның іс-әрекетін түсіндіру үшін қолда-
нылатын факторлардың үстемдігінен басылып қалады. Егер кімде-кім іс-
әрекеттің осы түрлері оларды қалыптастырушы факторлардың нәтижесі 
деп айтатын болса, онда адамның, бағдарланып әрекет ететін объектілер-
дің мәнін зерттеудің қажеті жоқ».
(Blumer, 1969b:3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет