370
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
насқа түсу керек. Ұжымдық ойындардың кезеңін көрсете отырып, Мид өзінің
бейсбол ойынынан келтірген мысалымен бөліседі (немесе, оның атауы бойын-
ша, «доппен тоғыздық жасау»):
«Бірнеше адам қатысатын ойында қандай да бір рөлді қабылдайтын бала
әрбір баланың рөлін қабылдауға дайын болуы тиіс. Егер ол доппен то-
ғыздық ойнаса, онда ол әрбір тараптың жауапты әрекеттерін өзінің әре-
кетімен байланыстыра білуі керек. Ұтылмай дұрыс ойнау үшін ол әрбір
ойыншының не істейін деп жатқанын білуі тиіс. Ол осы аталған барлық
рөлдерді қабылдап шығуы керек. Олардың барлығы бірден санада тұруы
міндетті емес, бірақ белгілі бір сәттерде оның жеке ұстанымдық әрекетін-
де үш немесе төрт индивид болуы тиіс. Мысалы, доп лақтырайын деп жат-
қан, оны қағып алайын деп жатқан және т.б. Бұл жауапты әрекеттер белгі-
лі бір шамада оның жеке қалпында көрініс табуы тиіс. Сонымен, аталмыш
ойында басқалардың да жауапты әрекеттерінің кешені орын алады. Олар
біреуінің ұстанымы екіншісінің тиісті ұстанымдарын қалыптастырады де-
ген тізбекте ұйымдастырылады».
(Mead, [1934] 1962:151)
Рөлдік ойындар кезеңінде бала ұйымдасқан түрде біртұтас бола алмайды,
өйткені ол жеке рөлдердің кешенімен ғана ойнайды. Нәтижесінде, Мидтің
ойынша, оның тұлғалық қасиеті қалыптаспайды. Тек ұжымдық ойындар кезе-
ңінде
5
осындай ұйымдасу қалыптасып, тұлға пайда болады. Балалар ұйымдас-
қан топта әрекет етуді үйреніп, белгілі бір топ шеңберінде өздерінің болашақ
әрекеттерін анықтай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: