Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет276/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   596
Өзіндік мән
Мидтің жалпы және ақыл-ойға қатысты көптеген тұжырымдары «өзіндік мән» 
ұғымы туралы маңызды идеяларды қамтиды (Schwalbe, 2005). Мид өзіндік мән-
ді процесс ретінде анықтайды, яғни бала өздігінен туылмайды, ол уақыт өте келе 
қалыптасады. Адамдар өздерін объект ретінде тани білгенде ғана өзіндік мәннің 
сырын түсінеді. Демек, олар өздерінің айналасындағы объектіні қаншалықты 
таныса, өздерін де соншалықты тани түседі. Сонымен, өзіндік мән субъект (әре-
кеттің қайнар көзі) ретінде әрекет етеді әрі өзін объект ретінде тани алады.
Мидтің негізгі тұжырымдамаларында айтылғандай, адам өзі қоғамнан тыс 
өмір сүре алмайтынын анық түсінуі тиіс. Дәлірек айтқанда, олар әлеуметтік 
процестердің, жекеленген жағдайда адамдар арасындағы қарым-қатынас үрді-
сінің негізгі өзегі болып табылады. Өзіндік мәнді адамның бойында өмір сү-
ретін болмыс деп түсіндіретін көптеген психологиялық теориялардан өзгеше-
лігі – Мид бұл құбылысты әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік процестерге 
енгізеді. Сонымен, Мид өзіндік мәннің бихевиористік сезімін көрсетуге тыры-
сады: «Бұл – адамның басқа біреудің сұрағына жауап беруі және де сол жауа-
бы әрекетінің бір бөлігіне айналуы, өз-өзін естіп қана қоймай, өзіне де жауап 
қайтарып, басқа адам қаншалықты дұрыс жауап берсе, өзіне де соншалықты 
дұрыс жауап беретін мінез -құлық көрінісі, сөйтіп, индивидтер өздері үшін өзде-
рі объектіге айналады» ([1934] 1962:139; italics added). Сонымен, өзіндік мән 
дегеніміз – құрамдас бөлігі адам баласы болып табылатын әлеуметтік процес-
тің бір қыры. Ол, өз кезегінде, адамның өзіндік мәні дамып жетілген кезде
адам әлеуметтік байланыссыз-ақ әрі қарай өмір сүре алады. Мысалы, Робин-
зон Крузо өркениетті жағдайда өзіндік мәнін дамытып, жалғыз өзі аралда қал-
ғанда ол қасиетін жоғалтпады. Басқаша айтқанда, ол өзін-өзі объект ретінде 
қабылдауын жалғастыра түсті.
Өзіндік мәннің дамуының жалпы тетігі – бұл рефлекстену қабілеті немесе 
өз-өзін басқаның орнына қойып, олар әрекет еткендей әрекет ету. Нәтижесінде 
адамдар өздерін зерттей алады, өйткені басқалар да оларды зерттер еді. Мид 
былай дейді:
«Рефлексия – индивидтің өз тәжірибесін өзіне қайта аудару арқылы 
іске асатын біртұтас әлеуметтік процесс, осылайша, соған қатысып 
отыр ған индивидтердің тәжірибесіне жұмылдырылады. Ол индивидке 


369
9-тарау

Символикалық интеракционизм
басқаның өзіне деген қатынасын «киіп» көруі арқылы жү зеге асырыла-
ды. Индивидтің осы процеске саналы түрде дайындала отырып, өзінің 
бейімделу деңгейіне қарай, кез келген әлеуметтік әрекетті моди фика-
циялауға мүмкіндігі бар».
(Mead, [1934] 1962:134)
Сонымен қатар өзіндік мән адамдарға басқалармен әңгіме-дүкен құруға 
мүмкіндік береді. Демек, адам не айтып отырғанын, нәтижесінде не айтылып 
жатқанын бақылап және келесіде не айтылатынын анықтай алады.
Өзіндік мәнге ие болу үшін индивидтер өзінің «мен» атты шекарасынан 
шығу керек, соның арқасында олар өздерін-өзі бағалап, өздеріне-өзі объект 
бола алады. Ол үшін адамдар әдетте өздерін басқалар орналасқан эксперимен-
талды өріске орналастыруы тиіс.
Шын мәнінде, Мидтің ең қарама-қайшылықты әрі әлеуметтану тұрғысынан 
аса маңызды өзіндік мән теориясы тұжырымдарының бірі адамның өзін-өзі ті-
келей түрде сезіп-біле алмайтынына негізделген. Олар басқалардың орнына өз-
дерін қойып және осы тұрғыдан өздерін жанама күйде қарастыра алады. Адам-
ның өзін-өзі қарастыратын көзқарас жеке индивидке немесе біртұтас топқа 
байланысты болуы мүмкін. Мидтің айтуынша, «басқалардың рөлін қабылдай 
отырып қана біз өзімізге орала аламыз» (1959:184–185). Адамдардың өздері-
нің жеке сәттерінде де басқалармен қарым-қатынастары үшін жауапты екенін 
аңғартып отыр. Өзіндік мәннің әлеуметтік сипаты тереңнен бастау алады, ол 
адамдардың кісілік келбеті мен мінезінен көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет