Алеуметтану тероиясы indb


Клод Анри Сен-Симон (1760–1825)



Pdf көрінісі
бет36/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   596
Клод Анри Сен-Симон (1760–1825)
Сен-Симон Огюст Конттың (келесі бөлімді қараңыз) ұстазы болған. Конт жас 
ке зін де Сен-Симонның хатшысы болып қызмет еткен, оның шәкірті болатын. 
Бұл екі ойшылдың идеялары өте ұқсас, дегенмен араларында болған даулы пі-
кірталас екеуінің бөлінуіне әкеп соқты (Pickering, 1993; Thompson, 1975).
Сен-Симон қызметінің аса қызықты аспектісі – консервативті (Конт сияқ-
ты), сондай -ақ радикалды марксистік теорияның дамуында маңызды рөл атқар-
ды. Консервативті көзқарас бойынша, Сен-Симон қоғамды өз қалпында сақтап 
қалуды қалады, алайда де Бональд пен де Местрге қарағанда ортағасырлық
өмір салтына оралу жолын іздемеді. Сонымен бірге ол позитивист болды 
(Durkheim, [1928] 1962:142). Әлеуметтік құбылыстарды зерделеу барысын-
да жараты лыстану ғылымдарында қолданылған ғылыми әдістерді пайдалану 
қажет деп есептеді. Радикалды көзқарас бойынша, Сен-Симон социалистік 
реформалардың, әсіресе экономикалық жүйенің жоспарлы түрде орталықтан-
дырылуы керек деп санады. Бірақ Сен-Симон Маркстің істегендерін жасай ал-
мады. Сен-Симон Маркс секілді капиталистер феодал ақсүйектерді ығыстыр-
ғанын көрсе де, жұмысшылар табы капиталистерді алмастыруы мүмкін емес 
деп санады. Сен-Симонның көптеген идеяларын Конттың еңбектерінен көруге 
болады, алайда Конт оларды дамытып, жүйеге келтірді (Pickering, 1997).
Огюст Конт (1798–1857)
Конт – әлеуметтану терминін алғаш қолданған адам (Pickering, 2011; J. Turner, 
2001).
4
Ол әлеуметтанудың кейінгі теорияшыларына айрықша ықпал етті (әсіресе 
Герберт Спенсер мен Эмиль Дюркгеймге). Теориялық әлеуметтанудың көптеген 
классиктері мен қазіргі заман әлеуметтанушыларының көпшілігі секілді (Lenzer, 
1975), Конт та әлеметтануды ғылыми негізде зерттеу керек деп түйді.
Конт француз қоғамындағы анархияға қатты алаңдады, Ағартушылық пен 
Француз революциясының идеяларының пайда болуына себепкер болған 


18
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Огюст Конт 1798 жылдың 19 қаңтарында Фран-
ция дағы Монпелье қаласында дүниеге келген 
(Pickering, 1993:7, Wernick, 2005a; Orenstein, 
2007). Отбасы орта таптан шыққан, әкесі салық 
жинаушының ресми жер гілікті өкілі лауазы-
мына дейін жеткен. Конт жас кезінде студент 
болса да, сол беті колледжді бітіру туралы 
дипломды алмады. Өзі де, сыныптастары да 
түгелдей бүлікші деп танылып, саяси көзқарас-
тары үшін Политехникалық институттан (Ecole 
Polythechnique) шы ғарылды. Бұл Конттың 
академиялық мансабына теріс әсер етті. 1817 
жылы өзінен 40 жас үлкен философ Клод Анри 
Сен-Симонның хатшысы болды (және «өкіл 
баласына» айналды [Manuel, 1962:251]). Бір-
неше жыл бойы олар етене жұмыс істеді. Конт 
Сен-Симонға көп қарыздар екенін мойында-
ған: «Сөзсіз, мен Сен-Симонға интеллектуалды 
түрде өте көп қа рыз дармын... мен бүгінгі күні 
өзім үшін таңдаған және өмір бойы тайсал-
май жүретін философиялық бағытта алға басуыма Сен-Симон өте қатты жәрдемдесті» 
(Durkheim, [1928] 1962:144). Бірақ 1824 жылы олардың қарым-қатынасы үзілді, өйткені, 
Конттың пікірінше, Сен-Симон мақалалардың бірінде Конттың есімін өшіріп тастағасы 
келді. Кейін Конт өзінің Сен-Симонмен қарым-қатынастарын «апаттық» деп сипаттады 
(Pickering, 1993:238) және оны «бұзылған, өтірікші» деп жазды (Durkheim, [1928] 1962:144). 
Конт 1852 жылы Сен-Симон жайлы: «Мен бұл тұлғаға ешқандай міндетті емеспін», – деді 
(Pickering, 1993:240). 
Хайлброн (1995) Контты «аласа бойлы (шамасы 5 фут, 2 дюйм), қысық көзді және сөйлесу 
барысында, әсіресе әйел адамдармен сөйлескенде өзін өте сенімсіз сезінеді» деп сурет-
теген. Сондай-ақ ол жалпы қоғамнан шеттетілген. Бұл фактілер Конттың Каролина Мас-
санмен некелесуін түсіндіруге көмектесе алады (некелері 1825 жылдан 1842 жылға дейін 
созылды). Ол әйел некесіз бала туған, кейінірек Конт оны «жезөкше» деп айыптағанмен, 
соңғы уақыттарда бұл айыптау күмән туғызады (Pickering, 1997:37). Конттың бойындағы 
сенімсіздік оның интеллектуалды қабілетіндегі аса зор сенімділікпен мүлде сыйыспайтын 
және ол пікір мынадай деректерге негізделген:
«Конттың есте сақтау қабілетінің күштілігі көпке белгілі. Оның фотографиялық 
есте сақтау қабілеті керемет еді, соның көмегімен ол кез келген бетті бір-ақ рет 
оқып, оны толықтай бастан аяқ сөзбе-сөз қайталай алатын. Оның зейін қоюы сон-
шалықты жақсы болған, ол тіпті қағазға қалам тигізбестен, бүтін бір кітапты ойша 
жазып тастай алатын. Ол дәрістерді конспектісіз оқыған. Конт кітаптарды жазуға 
кіріскенде, барлығын есте сақтағаны бойынша жазған».
(Schweber, 1991:134)
1826 жылы Конт өзінің философиялық идеяларына негізделген 72 сериялық қоғамдық 
дәріс жүргізудің (өзінің жеке пәтерінде өтетін) жолын ойластырды. Бұл курс едәуір ау-
диторияны жинады, алайда үш дәрістен кейін (жүйке ауытқушылығы болғаннан кейін) 
тоқтатылды. Ол психикалық ауытқулардан қиналып жүрді және 1827 жылы Сена өзенінен 
секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды (сәтсіз аяқталды).
Конт Политехникалық институтта тұрақты қызмет ала алмаса да, 1832 жылы сол жерде 
ассистент лауазымына қол жеткізді. 1837 жылы оған қабылдау емтихандарында емтихан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет