Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет306/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   596
10.1-КЕСТЕ 

 Tic-tac-toe ойынындағы ереже бұзушылық
ДЕРЕККӨЗ: Michael Lynch, 1991. «Pictures of Nothing? Visual Constructs in Social Theory». Sociological Theory 9:15.
Гарфинкельді қызықтырғаны – отбасы мүшелерінің осындай қалыптан тыс 
жағдайлдарға төзудің парасатты жолдарын қалай іздегені. Олар студенттерден 
өздерінің мінез-құлқына түсініктеме беруді талап етті. Өз сұрақтарында олар 
жиі аберранттық мінез-құлықтың түсіндірмесін тұспалдады:
«Сен жұмыстан шығып кеттің бе?».
«Сен ауырып жүрсің бе?».
«Сен есіңнен адастың ба әлде шынымен ақымақсың ба?».
(Garfinkel, 1967:47)
Отбасы мүшелері мұндай мінез-құлықты өздеріне бұрыннан мәлім мотив-
тер тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Мысалы, студент тым көп жұмыс істе ген-
нен немесе болашақ күйеуімен жанжалдасып жүргендіктен, оғаш әрекет етеді 
деп ойлады. Мұндай түсініктемелер отбасының басқа мүшелері үшін маңызды, 
өйткені бұл жағдайда түсініктемелер оларға өзара әрекеттесу әдет тегідей дами-
тынын сезінуге көмектеседі.


415
10-тарау

Этноәдіснама
Егер студент осындай түсініктемелерді мойындамаса, отбасы мүшелері кі-
нәлі адамнан оқшаулануға, оны айыптауға немесе одан кек алуға тырысады. 
Күрделі эмоциялар студент өз кінәсін мойындамай, тәртіпті қалпына келті-
ру әрекетінен бас тартқан жағдайда пайда болды. Отбасының басқа мүшелері
тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін қарқынды мәлімдемелер мен әрекеттер қа-
жет деп санады:
«Оған бола күйзелме, оның ылғи осылай істейтін әдеті емес пе?!».
«Сен неге осы біздің отбасымыздың берекесін кетіріп, ылғи алауыздық 
тудырасың?».
«Мен сенің осы қылығыңнан әбден мезі болып біттім, егер анаңа лайықты 
қарай алмасаң, онда кеткенің дұрыс!».
(Garfinkel, 1967:48)
Соңында студенттер эксперименттің мән-жайын өз отбасыларына түсіндір-
ді, сөйтіп бұрынғы үйлесімді қарым-қатынас қайта қалпына келді. Алайда кей-
бір жағдайда көңіл кірбіңі сақталып қалды.
Қалыптан тыс эксперименттер адамдардың күнделікті өмірін қалай рет-
тейтінін суреттеу үшін жүргізіледі. Бұл эксперименттер әлеуметтік шындық-
тың тұрақтылығын көрсетеді, өйткені субъектілер (немесе жәбірленушілер) 
бұзылған процесті қалыпқа келтіру үшін жылдам әрекет етеді, яғни жағдай-
ды әдеттегі көзқараспен түсіндіруге тырысады. Адамдардың осындай әдет-
тен тыс жағдайлардағы қиындықтарды шешу жолдары олардың күнделікті 
өмірдегі мәселелерді қалай шешетінінен көп сыр аңғартады (Handel, 1982). 
Бұл эксперименттер жеткілікті түрде зиянсыз болып көрінгенмен, олардың 
жиі жоғары эмоциялы реакциялар тудыратыны анық. Бұл экстремалды реак-
циялар адамдарға күнделікті, парасатты істермен айналысу қаншалықты 
маңызды екенін көрсетеді. Қалыптан тыс жағдайға деген реакцияның кейде 
өте төтенше болғаны соншалықты – Хью Меган мен Хьюстон Вуд олардың 
қолданылуы туралы былай ескерткен: «Мүдделі тұлғаларға қалыптан тыс 
жағдайларға қатысты ешқандай жаңа зерттеулер жүргізбеуге қатаң ескерту 
жасалынады» (1975:113).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет