Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет34/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   596
АЛЕКСИС ДЕ ТОКВИЛЬ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
shutterstock.com


15
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
адам дардың азап шегуіне себеп болады, ал ол, өз кезегінде, әлеуметтік 
бейберекеттікке алып келеді.
6. Жалпы, үрдіс қоғамның түрлі ірі құрамдас бөлігін индивидуум 
үшін де, қоғам үшін де пайдалы деп қарастырды. Нәтижесінде бар әлеу-
меттік құрылымдар мен институттардың негативті әсер етуін анықтау 
мен бағалау мотивациясы болмады.
7. Отбасы, көршілес, діни сипат немесе жұмыс түрі бойынша қалыптасқан 
топтар секілді ұсақ компоненттер индивидуум мен қоғам үшін маңызды 
болды. Олар (осы компоненттер) адамдардың қазіргі қоғамда алаңсыз 
өмір сүруі үшін қажетті шарттылыққа айналды. 
8. Индустрияландыру, урбанизация мен бюрократтық секілді зама науи 
қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер тәртіпсіздікке алып келеді деп болжан-
ған. Оларға қорқынышпен, үреймен қараған, олардың қиратушы әсерін 
бейтараптандыру әдістерін қарастыру қажеттігін айтқан.
9. Мұндай үрейлі өзгерістер аса рационалды құрылған қоғамға алып кел-
се, сол арада консервативті оппозиция қоғам өміріндегі ирра ционалды 
факторлардың маңыздылығына жүгінген (мысалы, салт-жора лары, рә-
сімдер, Құдайға құлшылық ету).
10. Ақырында, консерваторлар қоғамның иерархиялық жүйесін қолдады. 
Қоғамда қоғамдық жағдайдың және сыйақының сараланған жүйесінің 
болуы маңызды болып есептелген.
да дүниеге келдім, бұл революция ежелгі институттардың жойылуынан кейін сақталып 
қалатын бірде-бір институтты құрмады. Мен өмірге келген кезде аристократия келмеске 
кеткен, ал демократия әлі дүниеге келмеген еді. Сондықтан да менің түйсігім екеуінің бі-
реуіне де соқыр тәуекелмен ден қойған жоқ».
(Tocqueville, cited in Nisbet, 1976–1977:61)
Нисбеттің (1976–1977) пікірінше, дәл осындай екі ұдай қатынастың себебінен, Маркстің интел-
лектуалды сенімділігінен шығатын марксизмнің дамуына қарағанда «Токвилизм атауы ешқашан 
болмады, не болмаса ешқашан болмауы ықтимал» (р. 65).
Токвиль 1848 жылғы революция мен патша өкілетін доғаруын басынан кешірді. Алайда ол Луи 
Наполеон ұйымдастырған әскери төңкеріске қарсы шықты, түрмеде бірнеше күн болып, нәти-
жесінде өзінің саяси мансабының аяқталуын көрді (ол Сыртқы істер министрі болды, бірақ Луи 
Наполеон оны жұмыстан босатты). Ол Наполеонның III диктатурасын ешқашан қабылдаған жоқ 
және Франция ұстанған саяси бағытқа қатысты аса өткір сыншыл позицияға жүгіне бастады. Өз 
заманындағы Францияны сынау үшін Токвиль 1856 жылы жарық көрген әйгілі The Old Regime and 
the Revolutions («Ескі режим және Революция») еңбегінде 1789 жылғы Француз революциясы (ол 
осы революцияны ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан өзінің өмір сүрген күндеріне дейін жал-
ғасты деп санады) жайлы жазуға бел буды. Кітап француздық деспотизмге бағытталды, бірақ Аме-
рикадағы Демократия еңбегіндегі еркіндік, теңдік және демократия арасындағы қатынастар жай-
лы мәселені жалғастырды. Америкадағы Демократияның екінші томына қарағанда Old Regime 
(«Ескі режимі») жақсы қабылданып, айтарлықтай табысты болды. Бұл – Токвильді Франциядағы 
либералды қозғалыстың «ұлы көсеміне» айналдырды.
Токвиль 1859 жылы 16 шілдеде 53 жасында қайтыс болды (Janara, 2011; Mancini, 1994; Zunz and 
Kahan, 2002). Бұл кісі мен оның көзқарастарын толығырақ түсіну үшін Алексис де Токвиль жайлы 
еске алуды/The Recollections of Alexis de Tocqueville (Tocqueville, [1893] 1959), өлгеннен кейін жа-
зылған 1848 жылғы Революцияның мемуарлары мен ондағы Токвильдің рөлін қараңыз.


16
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Ағартушылыққа консервативті реакциядан қалыптасқан бұл он пікірді – 
Франциядағы әлеуметтану теориясы дамуының тікелей интеллектуалды негізі 
деп санаған жөн. Осы идеялардың едәуірі әлеуметтік ойға, оның ерте даму ке-
зеңдерінде еніп кеткен. Сондай-ақ ағартушылықтың кейбір идеялары да (мыса-
лы, эмпирицизм) әсерін тигізді.
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет