Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет42/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   596
Саяси экономия. Маркстің материализмі және қоғамның экономикалық сек-
торына үлкен қызығушылықпен қарайтыны, оны саяси экономистердің (Адам 
Смит, Давид Рикардо сияқтылардың) шығармашылығына ден қоюға итермеле-
ді (Howard and King, 2005). Олардың позициялары Марксті барынша қызық-
тыратын. Ал негізгі алғышарттары – еңбек барлық игіліктің көзі екенін құптай-
тын. Бұл, ақыр аяғында, Маркстің еңбек құны теориясын жасауына жәрдемдесті. 
Ол аталған теорияда капиталистердің тапқан та бысы еңбек етушілерді қанауға 
негізделгенін дәлелдеді. Капиталистер жұ мысшыларға лайықты төлем ақысы-
нан азырақ төлеп, айтарлықтай қарапайым қулық жасады, өйткені олар өзде-
рі жұмыс уақытында шын мәнінде өндірген тауарлардың құнынан аз жалақы 
алды. Осылайша қалыптасып, капиталистер арқылы қайта инвестицияланған 
қосымша құн бүкіл капиталистік жүйенің негізі болды. Капиталистік жүйе жұ-
мысшыларды қанау деңгейін (және, тиісінше, қосымша құн сомасын) біртіндеп 
көтеріп, табысты жүйені кеңейтуге жұмсау арқылы дамып отырған.
Маркске саяси экономистердің капиталистік жүйе мен еңбек етушілерді 
қанау қорқыныштарын көрсетуі әсер етті. Алайда олар капитализм тудыра-
тын жамандықтарды қанша сипаттаса да, Маркс саяси экономистерді бәрібір 
мінеген. Олардың ойынша, жамандық – капиталистік құрылыстың ажырамас 
бөлігі. Маркс капитализмнің жалпы табиғатына және оның ішінде адамдарды 
экономикалық табысқа жетуге талпындыратын тәсіліне наразылық білдірді. 
Сондай-ақ саяси экономистерді капиталистер мен жұмысшылар арасындағы 
қақтығысты көрмеу және экономикалық тәртіпті түбегейлі өзгер ту қажетті-
лігін жоққа шығарғаны үшін сынға алды. Маркс капитализмнен социализмге 
ра ди калды көшу міндетті деп санағандықтан, оған осындай кон сервативті эко-
номиканы қабылдау қиынға соқты.
Маркс және әлеуметтану. Маркс әлеуметтанушы болған емес және өзін әлеу-
меттанушы деп есептемеген. Оның шығармашылығы әлеуметтану терминімен 
белгілеу үшін тым ауқымды болса да, Маркстің еңбектерінен әлеу меттану тео-
риясын кездестіреміз. Маркстің идеялары көпшіліктің көңілінен шықты, марк-
систік әлеуметтану мәселелеріне деген қызығушылық, бірінші кезекте Еуропа-
да байқалды. Алайда ерте кездегі әлеуметтанушылардың ба сым көпшілігі оның 
шығармашылығына теріс қарады, бұл олардың өзіндік әлеуметтану жүйесін 
қалыптастыруына түрткі болды. Осы уақытқа дейін әлеуметтану теориясы, әсі-
ресе Америкадағы теория Маркс теориясына қатысты дұшпандық көзқараспен 
немесе оны жете білмеуімен сипатталды. 4-тарауда көретініміздей, уақыт өте 
келе жағдай түбегейлі өзгерді, бірақ Маркстің ең бек теріне деген негативті реак-
ция көптеген әлеуметтану теорияларының қа лыптасуындағы басты күш болды 
(Gurney, 1981).
Марксті қабылдамаудың негізгі себебі идеологиялық аспектіге байланысты. 
Көптеген ерте теорияшы-әлеуметтанушылар Ағартушылық дәуір мен Фран цуз 
революциясының салдарына қатысты консервативті реакциясының ізба сар ла-


27
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
ры еді. Маркстің радикалды идеялары және ол болжаған әрі жүзеге асырғысы 
келген радикалды әлеуметтік өзгерістер көптеген ойшылдарға үрей тудырып, 
жеккөрініш сезімін оятты. Маркске идеолог ретінде қарамады. Оны әйгілі 
әлеуметтанушы-теорияшыл емес деп сендірді. Дегенмен идеологияның өзі 
Марксті қабылдамаудың нақты себебі бола алмас еді, өйткені Конт, Дюркгейм 
және басқа консерватор-ойшылдардың еңбектері тым идеологиялық сипатта 
еді. Идеологияның болуы емес, нақ осы идеологияның мәні көп теген әлеу-
меттанушы-теорияшылардың Марксті қабылдамауының себебі болды. Олар 
әлеуметтану теориясын желеу етіп, Маркс пен ізбасарлары ұсын ған радикалды 
идеологияның орнына, консервативті идеологияны сатып алуға дайын болды 
және соған ұмтылды.
Көптеген ерте теорияшылардың Марксті қабылдамауының басқа да се беп-
тері болған. Ол әлеуметтанушыдан гөрі экономист ретінде қабылданды. Ерте 
әлеуметтанушылар экономиканың маңыздылығын мойындаса да, олар эконо-
мика әлеуметтік өмірдің бірқатар компоненттерінің бірі ғана екенін айтады.
Марксті бастапқыда қабылдамаудың өзге себебі – оның қызығу шылықта-
рының мән-жайы. Ерте әлеуметтанушылар Ағартушылық дәуіріне, Фран цуз 
революциясының хаосы мен индустриялық революциядан кейінгі тәртіпсіз-
діктерге қарсы белсене әрекет жасаса, Маркс мұндай бейберекеттікке немесе 
жалпы тәртіпсіздікке қынжылмаған. Керісінше, оны аса қатты қы зықтырған 
және алаңдатқан индустриялық революциядан кейінгі капиталистік жүйенің 
ауыртпалығы болды. Маркс осы ауыртпалықты түсіндіру арқылы бұл жүйені 
құртуға көмектесетін теорияны жасағысы келді. Марксті рефор малар мен бі-
різді өзгерістер үшін консервативті алаңдатушылыққа қарсы келетін револю-
ция еліктірді.
Айта кететін басқа да айырмашылық – Маркс теориясы мен кон сер вативті 
әлеуметтану теориясы арасындағы философиялық бастаулардың ерек шелігі. 
Консервативті теорияшылардың көпшілігі Иммануил Канттың философия-
сынан қатты әсер алды. Өз кезегінде бұл оларды себеп-салдар категориясын 
пайдаланып, бірізді ойлауға мәжбүр етті. Керісінше, біз бай қағандай, Маркс 
себеп-салдарлық терминдерге қарағанда диалектикалық түр де көбірек ойлаған 
Гегельдің ықпалына тап болды. Сонымен қатар диалектика бізді әлеуметтік 
күштердің үнемі өзара әрекеттестігіне дайындап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет