Алеуметтану тероиясы indb


Француз әлеуметтануының дамуы



Pdf көрінісі
бет35/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   596
Француз әлеуметтануының дамуы
Енді біз әлеуметтанудың жеке пән ретінде қалыптасуына, әсіресе төрт фран-
цуз ойшылдарының шығармашылық ерекшеліктеріне назар аударамыз: 
Алексис де Токвиль, Клод Сен-Симон, Огюст Конт және, ең бастысы, Эмиль 
Дюркгейм.
Алексис де Токвиль (1805–1859)
Алексис де Токвильдің жасы Сен-Симон мен Конттан кіші болса да, біз сөз ді осы 
тұлғадан бастаймыз. Себебі өзі Ағартушылық дәуірінің өкілі болғандықтан, ең-
бегі де толық осы дәуірдің шығармалары деуге болады (ол тікелей Монтескьенің 
ықпалында болған [B. Singer, 2005b], әсіресе оның The Spirit of the Lavs («Заңдар 
рухы») атты туындысы [1748]), сондай-ақ оның еңбегі француз әлеуметтік тео-
риясында Сен-Симон мен Конттан бастап Дюркгеймге дейінгі еркін даму жо-
лының бір бөлігі болған жоқ. Токвиль ұзақ уақыт бойы әлеуметтанушы емес, 
саясаттанушы ретінде қарастырылды, оған қоса, көбі оның еңбегінде әлеуметтік 
теорияның бар екенін байқамады (e.g., Seidman, 1983:306). Алайда оның еңбегінде 
әлеуметтік теория бар, сонымен қатар тек Францияда ғана емес, әлемнің басқа 
бөліктеріндегі әлеу меттік теория тарихында әлдеқайда елеулі орынға лайықты.
Токвиль өзінің аңызға айналған және өте ықпалды Democracy in America 
(«Америкадағы демокра тия») ([1835–1840] 1969) еңбегімен аса танымал. Әсі-
ресе ерте америкалық демократиялық жүйені сипаттаған және саяси ғылымның 
дамуындағы алғашқы қадам деп танылған бұл еңбектің бірінші томын ерекше 
атап өту қажет. Алайда осы еңбектің соңғы томдарында, сондай-ақ кейін шық-
қан өзге жұмыстарында Токвиль әлеуметтік теория канондарынан орын алуға 
лайықты әлеуметтік теорияны ашық түрде дамытады.
Токвиль теориясының негізінде өзара байланысқан үш мәселе жатыр. Ол – 
ағартушылықтың көрінісі ретінде, бірінші кезекте еркіндіктің атақты жақтау-
шысы және қорғаушысы. Дегенмен теңдікке анағұрлым сыни көзбен қараған, 
өйт кені, оның ойынша, теңдік бұрынғы, әлдеқайда эгалитарлық емес заман-
ның аристократтарымен (ол өзі аристократ болған) байланысты сапалы, үздік 
нәтижелерге қарағанда нышансыздық (mediocrity) үрдісіне қарай құлдырай-
ды. Теңдік пен нышансыздық Токвильді қатты алаңдатқан орталық танды-
румен (әсіресе үкіметтегі) және орталықтанған үкіметтің еркіндікке тигізе-
тін қаупімен тікелей байланысты. Оның пікірінше, өткен ғасырдың теңсіздігі 
аристократтардың күшімен мемлекеттің орталықтандыруын бақылауда ұстап 
тұрды. Алайда аристократтардың жойылуы мен теңдікке деген ұмтылыстың 
өсуіне қарамастан, үнемі орталықтандыруға ұмтылатын үрдіске қарсы тұра 
ала тын топтар да қалыптаспады. Бұл – үрдіске қарсы тұру үшін, негізінен, 
тең адамдардан қалыптасқан «құлдық» тобыры еді. Токвиль теңдікті индиви-
дуализммен байланыстырады (өзі «ойлап шығарған» және содан туындаған


17
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
маңызды тұжырымдама), нәтижесінде индивидуалистер өздерінің алдында өт-
кен аристократтарға қарағанда аса үлкен «қоғамдастықтың» әл-ауқатына жете 
назар аудармады.
Нақ осы себепке байланысты Токвиль демократияны, әсіресе социализмді 
сынға алады. Демократияның еркіндікке деген ұмтылысына және орталықтан-
дырылған үкіметке қатысты үрдісі қауіп әкеледі. Әрине, Токвильдің көзқарасы 
бойынша, социализм кезінде жағдай анағұрлым мүшкіл болады, өйткені тең-
дікке деген ұмтылыс пен биліктің орталықтандырылуы секілді сипатты белгі-
лері еркіндік үшін мейлінше қауіпті. Социализм үшін және социализмнің туы 
астында әрекет еткен Кеңес Одағы мен басқа қоғамдарда орын алған жағдайды 
ескеретін болсақ, соңғы пікір әбден орынды болып шығады.
Осылайша, Токвиль теориясының күшті жақтары – бұл еркіндік, теңдік 
әсіресе орталықтандыру туралы өзара өзектес идеялар. Оның орталықтанды-
рылған үкіметтерді бақылауды күшейту туралы «үлкен әңгімесі» өзге теория-
ларды, соның ішінде Вебердің бюрократия жөніндегі еңбегін және Мишель 
Фуко жаз ған «басқару жүйесі» мен оның біртіндеп таралуы жайлы заманауи 
жұмысын, бақыланатын адамдардың «жанына» кіру шеберлігі мен бейімділігін 
арттыра отырып басып озды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет